Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 21222 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және әлеуметтік даму

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 623 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары

1-бөлім. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары

1-тарау. Басшылар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

      Ескерту. 1-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Бөлім бастығы-дәрігер-облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы

      1. Лауазымдық міндеттері:

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ӘДК) қызметіне басшылық жасайды, саясатын, стратегиясын және қызметін жүзеге асыру тетігін анықтайды, ӘДК заңдылықтың сақталуын, әскери-дәрігерлік сараптама өткізудің толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының барлығына міндетті өкімдер шығарады, қабылданатын шешімдерге жауап береді;

      құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру тиімділігін, ұйымдастыру және өткізу сапасын жоғарылатуға бағытталған жаңа ұйымдастыру формаларын енгізуді және қолданыстағы жұмыс әдістерін жетілдіруді, олардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін құқық қорғау органдарында медициналық куәландыру өткізуді ұйымдастыруды және дамытуды жетілдіруге бағыттайды;

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және оны алқалы өткізуді қамтамасыз етеді;

      құқық қорғау органдарының қызметкерлері зақымдарының (жаралануының, контузиясының, жарақаттануының), ауруларының себепті байланысын анықтайды;

      ӘДК қызметін талдауды іске асырады және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде бөліністің жұмыс нысандарын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды, есептерді дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;

      ішкі істер органдарының басқа да қызметтерінің, бөліністерінің және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ӘДК мүддесін қорғайды;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ӘДК -ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану, мамандардың біліктілігін жоғарылату, олардың кәсіптік білімін дамыту бойынша іс-шаралар қабылдайды;

      ішкі еңбек тәртібі талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды және мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, ықпалын және белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераның қалыптасуына, адам өміріне және денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын, мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін (бұдан әрі - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс);

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі);

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын (бұдан әрі - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң);

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңын (бұдан әрі - "Құқықтық актілер туралы" Заң);

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін;

      қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандықтары бойынша), магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") немесе клиникалық мамандықтар (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, отоларингология, офтальмология) дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (тәжірибесі) кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

2-тарау. Мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Сырттай сараптама жөніндегі бас сарапшы-дәрігер

      Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру көлеміне және сапасына, аурулардың және физикалық жай-күйдің сараптамалық анықталуына сараптама жүргізеді;

      әскери қызметке, құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санаты туралы қабылданған сараптамалық қорытындылардың негізділігіне және зақымдардың, аурулардың қызмет өткерумен (қызмет міндеттерін орындаумен) себепті байланысының тұжырымдарына бақылау жүргізеді;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялардың құрамын келісуді қамтамасыз етеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялар мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін жоғарылатуға бақылау жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды және оларды қабылдауды жүргізеді, осы жұмыстың нәтижелерін талдайды және жинақтайды;

      азаматтардың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган бөліністерінің, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, сот және прокуратура кадр қызметтерінің өтініштері негізінде құқық қорғау органдарының кадрлар аппараттары үшін заң күші бар қорытындыларды (қаулыларды) ресімдейді;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сараптамалық-медициналық құжаттары бойынша алқалы түрде сырттай әскери-дәрігерлік сараптама өткізеді, аурулардың және оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың себепті байланысын, қызметкерлер алған зақымдардың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық дәрежесін анықтайды;

      аурулардың және оның ішінде өлімге (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың майданда болумен, басқа да әскери іс-қимылдармен, қызмет өткерумен, әскери қызмет міндеттерін орындаумен, бұрынғы қызметкерлердің және әскери қызметшілердің қызмет міндеттерін орындауымен себепті байланысын алқалы түрде анықтайды;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-әрекеттерді іске асырады;

      ауру, зақым алу себептері мен жағдайлары көрсетілген құжаттарға, қызметтік және медициналық сипаттамаларға, сараптамалық құжаттарға, әкімшілік және қызметтік тексеру, алдын ала тексеру немесе қылмыстық іс, аттестациялау материалдарына, әскери-медициналық мекемелердің, мұрағат мекемелерінің анықтамаларына сұрау салуды жүргізеді және оларды назарға алады;

      жоғары басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (бұдан әрі – ІІМ ОӘДК) бекітілуге жататын ауруы туралы куәліктерін қарайды;

      бұдан бұрын құқық қорғау органдарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі, Қарулы Күштердегі, қызметтен босатылған, ауруы бойынша мерзімдік қызметтен босатылған және құқық қорғау органдарына қабылдануына (қайта қабылдануына) байланысты төменгі әскери-дәрігерлік комиссияларда куәландырылған адамдардың медициналық сараптамалық құжаттамасын және қорытындыларын қарайды;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарияық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      5. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      6. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандықтары бойынша), магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") немесе клиникалық мамандықтар (терапия, хирургия, неврология) дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі (тәжірибесі) кемінде 3 жыл.

1-1-параграф. Сырттай сараптама жөніндегі жетекші сарапшы-дәрігер

      Ескерту. 2-тарау 1-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру көлеміне және сапасына сараптама, ауруларды және физикалық жағдайлардың ерекшеліктерін сараптамалық анықтауды өткізеді;

      ӘДК-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету және мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссиялары қызметінің соңғы нәтижелерінбағалайды;

      ӘДК қызметін талдау материалдары бойынша және көрсеткіштерді бағалау негізінде комиссиялар мамандарының жұмыс формалары мен әдістерін жақсартуға арналған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      аурулардың және зақымдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының және әскери қызметшілерінің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған аурулар мен зақымдардың (жаралану, жарақаттану, контузия) ауырлық дәрежесінің себепті байланысын анықтауға арналған сырттай әскери-дәрігерлік сараптама материалдарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      аурулардың және зақымдардың, оның ішінде өлімге әкеп соқтырған зақымдардың майданда болуымен, басқа да әскери іс-қимылдармен, қызмет өткерумен, әскери қызмет міндеттерін орындаумен, бұрынғы қызметкерлердің және әскери қызметшілердің қызмет міндеттерін орындаумен себепті байланысын анықтауға арналған құжаттарды әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      ауру, зақым алу себептері мен жағдайлары көрсетілген құжаттарға, қызметтік және медициналық сипаттамаларға, сараптамалық құжаттарға, әкімшілік және қызметтік тексеру, алдын ала тексеру немесе қылмыстық іс, аттестациялау материалдарына, әскери-медициналық мекемелердің, мұрағат мекемелерінің анықтамаларына сұрау салуды жүргізеді;

      сырттай сараптама материалдары бойынша медициналық құжаттаманы дер кезінде және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведемстволық құқықтық әктілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Сараптамалық құжаттаманың сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың техникалық пайдаланылуын, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарияық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      6-2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті,

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын,

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      6-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша), магистрдің дәрежесі/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы дәрежесінің болуы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") маманының немесе клиникалық мамандықтардың (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, отоларингология, офтальмология) бірі бойынша сертификатының (куәлігіңің) болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе сарапшылық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.

2-параграф. Бас сарапшы-дәрігер (салалық маман)

      Ескерту. 2-параграф жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Лауазымдық міндеттері:

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларына шағым түскен жағдайда азаматтарды куәландыруды және қайта куәландыруды жүргізеді;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сараптамалық-медициналық құжаттары бойынша алқалы түрде сырттай әскери-дәрігерлік сараптама өткізеді, аурулардың және оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың себепті байланысын, қызметкерлер алған зақымдардың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық дәрежесін анықтайды;

      жоғары басшы құрамдағы адамдардың ІІМ ОӘДК-де бекітілуге жататын ауруы туралы куәліктерін қарайды;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      8. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін және статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

3-параграф. Аға сарапшы-дәрігер (салалық маман)

      10. Лауазымдық міндеттері:

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларына шағым түскен жағдайда азаматтарды куәландыруды және қайта куәландыруды жүргізеді;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сараптамалық-медициналық құжаттары бойынша алқалы түрде сырттай әскери-дәрігерлік сараптама өткізеді, аурулардың және оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың себепті байланысын, қызметкерлер алған зақымдардың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық дәрежесін анықтайды;

      жоғары басшы құрамдағы адамдардың ІІМ ОӘДК-де бекітілуге жататын ауруы туралы куәліктерін қарайды;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      11. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

4- параграф. Сарапшы-дәрігер (салалық маман)

      13. Лауазымдық міндеттері:

      ӘДК сараптамалық мамандық саласы бойынша медициналық куәландыруды жүзеге асырады;

      облыс аумағында орналасқан құқық қорғау органдарының оқу және әскери оқу орындарының курсанттарын медициналық куәландыруды жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      қорытындыларға шағым түскен жағдайда азаматтарды куәландыруды және қайта куәландыруды жүргізеді;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      14. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша екінші біліктілік санатынан кем емес дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

5- параграф. Дәрігер-статистик

      16. Лауазымдық міндеттері:

      есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді, ІІМ ОӘДК статистикалық есептерін және барлық ІІО ӘДК қызметі бойынша жиынтық статистикалық есептерді жасайды;

      ІІМ ОӘДК басшылығына есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      ІІМ ОӘДК және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттері ӘДК қызметінің соңғы нәтижелерін талдауды және бағалауды жүзеге асырады;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттері ӘДК мамандарымен статистика, статистикалық есепке алу және есеп беру жай-күйін тексеруді, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады және есепті дұрыс жүргізу бойынша қажетті ұсыныстар береді;

      ІІМ ОӘДК басшылығына есепке алу және медициналық статистика жағдайындағы анықталған есептік кемшіліктер туралы баяндайды, оларды жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді, статистикалық жұмыстың формасы мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды;

      ұйымдармен, бөліністермен хат алмасу жүргізуге қатысады;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ішкі еңбек еңбек тәртібінің талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      17. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін және статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курсты бітіргені туралы куәлігіңің болуы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6- параграф. Медбике

      19. Лауазымдық міндеттері:

      тексерілетін адамдарға антропометриялық өлшеулер жүргізеді және мәліметтерін медициналық куәландыру актісіне жазады;

      бөліністі қажетті диагностикалық дәрілік заттармен, медицинаға арналған бұйымдармен, медициналық техникамен, қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың дұрыс сақталуын, есепке алуды және есептен шығаруды қамтамасыз етеді, бөліністің медициналық мүлкінің және құрал-саймандарының сақталуына, олардың уақтылы жөндеуден өткізілуіне бақылау жасайды;

      бөлініс мамандарының арасындағы гигиеналық оқытып-үйрету, санитариялық-ағарту және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарына, олардың індетке қарсы іс-шараларды, асептика және антисептиканы сақтауына бақылау жүргізеді;

      ағымдағы санитарлық қадағалауды іске асырады, індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және, үй-жайлардың санитариялық-гигиеналық жағдайына бақылау жүргізеді;

      медициналық құрал-саймандарды дер кезінде санитарлық өңдеуден және зарарсыздандырудан өткізеді;

      кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;

      қорытынды отырыстар өткізу мерзімінде әскери-дәрігерлік комиссиялардың шешімдерін тіркеуге қатысады;

      медициналық құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ӘДК басшылығының қарауына ұйымдастыру және еңбек жағдайларын жетілдіру, жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ішкі еңбек тәртібінің талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      20. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі "Медбике ісі" мамандығы бойынша арнайы медициналық білім, біліктілік деңгейі орта кез келген мамандық бойынша маман сертификатының болуы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

3-тарау. Басқа қызметшілер (техникалық орындаушылар) лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Медициналық тіркеуші

      22. Лауазымдық міндеттері:

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша комиссияға келген азаматтарды тіркеу журналына тіркейді;

      куәландырылатын адамдарға комиссиядан өту маршрутын түсіндіреді, тексеру түрлеріне жолдама және бланктер береді;

      медициналық куәландыру құжатының төлқұжат бөлігінің дұрыс толтырылуын тексереді;

      куәландырылатын адамдардың комиссиядан өту мерзіміне бақылау жасайды;

      қорытынды отырыстар өткізу мерзімінде әскери-дәрігерлік комиссиялардың шешімдерін тіркейді;

      ӘДК қорытындыларын электрондық картотекалық есепке алуды жүргізеді;

      тіркеу, есепке алу, әзірлеу, сақтау және тиісті құрылым бөліністеріне анықтамалар беру жұмысын ұйымдастырады;

      сақтауға берілетін құжаттарды және мұрағаттық материалдардың сақталуын және істерді қалыптастыруды және істерді дер кезінде мұрағатқа тапсыруды ресімдеуге жауап береді;

      қызметтік құжаттарды басып шығаруды және көбейтуді қамтамасыз етеді;

      ай сайын ұйымның медициналық статистигіне есеп береді, ӘДК жұмыс қорытындысы бойынша жылдық есеп жасауға арналған есепке алу медициналық құжаттаманы әзірлейді;

      басшылық шақыратын кеңестерді әзірлеуге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      ӘДК үшін қажетті құжаттардың бланктерін тексереді және олардың барлығына тапсырыс береді;

      медициналық құжаттарды уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      23. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс жүргізуге байланысты лауазымдардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

2-параграф. Мұрағатшы

      25. Лауазымдық міндеттері.

      бөліністе мұрағат ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      белгіленген тәртіпке сәйкес іс жүргізу аяқталған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелендіруді, мұрағаттық құжаттардың сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      оларды ыңғайлы және жылдам іздестіруді қамтамасыз етеді, келіп түскен сұру салуларға сәйкес мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды береді, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамаларды жасайды, мұрағаттың жұмысы туралы есептілікті жасау үшін деректерді дайындауды қамтамасыз етеді;

      құрылымдық бөліністердің қызметкерлеріне істерді қалыптастыру, дайындау және мұрағатқа тапсыру тәртібі туралы нұсқау береді, іс жүргізу аяқталған құжаттардың мұрағатқа уақтылы келіп түсуін бақылайды;

      істер номенклатурасын әзірлеуге қатысады, оларды мұрағатқа беру кезінде қалыптастыру мен ресімдеудің дұрыстығын тексереді;

      мұрағат құжаттарының ғылыми және практикалық құндылығын сараптау, құжаттарды тұрақты және уақытша сақтау істеріне қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады;

      тұрақты және уақытша сақтау мерзімі бірліктерінің жиынтық тізімдемесін, құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру актілерін, сақтау мерзімі өткен материалдарды есептен шығару және жою жұмысын жүргізеді;

      құжат айналымын және істер санын есепке алуды жүргізеді, белгіленген есептілікті жасайды;

      іс жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды, ережелерді әзірлеуге қатысады;

      құжаттардың жай-күйін, олардың уақтылы қалпына келтірілуін, мұрағат үй-жайларында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарттардың сақталуын қадағалайды, мұрағат үй-жайларында өртке қарсы қорғау қағидаларының сақталуын бақылайды;

      медициналық құжаттарды уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      26. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      іс қағаздары жүйесін және мұрағат ісін жүргізу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық құқықтық актілерді, құжаттарды мұрағатқа қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібін, олардың қолданыстағы классификациясын, тұрақты және уақытша сақталатын құжаттардың және құжаттарды жою туралы актілердің тізбесін жасау тәртібін, істерді ресімдеу, оларды сақтауға және пайдалануға әзірлеу тәртібін, есепке алуды және есеп беруді жүргізу тәртібін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс жүргізуге байланысты лауазымдардағы жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.

2-бөлім. Психофизиологиялық зертхана басшылары және мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Бас сарапшы-психолог-психофизиологиялық зертхана бастығы

      28. Лауазымдық міндеттері:

      ІІМ ОӘДК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссияларының ІІМ ОӘДК психофизиологиялық зертханасының (бұдан әрі - ПФЗ) қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;

      психологиялық іріктеу бөліністері қызметінің жалпы стратегиясын анықтайды;

      ІІМ ОӘДК ПФЗ жұмысын жоспарлайды;

      құқық қорғау органдарында психофизиологиялық куәландыру іс-шараларының тиімділігін талдау және зерделеу жүргізеді, жұмыстың тиімділігін, сапасын одан әрі арттыруға бағытталған зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді және қолданыстағы әдістерін жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      психофизиологиялық зерттеулер әдістемелерін қолдану мен интерпретациялауды, кәсіби іріктеуді реттейтін қолданыстағы нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды ПФЗ мамандарының сақтауын қамтамасыз етеді;

      жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін кандидаттарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін психофизиологиялық тексеруді дербес жүргізеді;

      психофизиологиялық тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығарады;

      қызметкердің кәсіби қабілеттерінің даму перспективасын ескере отырып, еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жағдайларына қатысты ұсынымдар, сондай-ақ бөлініс психологымен психологиялық сүйемелдеу бойынша ұсынымдар береді.

      зерттеулер мен қорытындылардың, оның ішінде бағынысты мамандар шығарған зерттеулердің сапасына жауап береді;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуга түсетін кандидаттарды соңғы куәландыру кезінде практикалық көмек көрсетеді;

      ПФЗ мамандары, сарапшы-дәрігер психиатр, ӘДК басшылығы және медициналық тіркеуші арасында сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманың орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      куәландырылатын адамдардың психологиялық жағдайына қатысты мәліметтердің құпиялылығы үшін жауапты болады;

      кәсіби психологиялық іріктеу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының құрылымдық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады, өз міндеттерін орындау және ПФЗ тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты алады, оның ішінде кадр аппараттарынан қызметтік және психологиялық сипаттамаларды сұратады;

      психологиялық іріктеу мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

      хаттарды, шағымдар мен өтініштерді қарайды, кәсіби психологиялық іріктеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді, осы жұмыстың нәтижелеріне талдау және жинақтау жүргізеді;

      есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      ІІМ О ӘДК ПФЗ статистикалық есептерін және ІІО барлық ӘДК ПФЗ қызметі бойынша жиынтық статистикалық есептерді жасайды және талдайды;

      ІІМ ОӘДК басшылығына есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің ӘДК -ның ОДҚ және ІІМ ОӘДК ПФЗ қызметінің соңғы нәтижелерін талдау мен бағалауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама және психологиялық іріктеу мәселелері бойынша кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды, жиындарды қарайды және әзірлейді;

      ПФЗ қызметіне байланысты мәселелер қаралатын кеңестерге, конференцияларға, съездерге қатысады;

      құрылымдық бөліністі білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, мамандардың біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      ішкі еңбек тәртібінің талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды және бағынысты мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамалары мен белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді;

      психологиялық сараптама құжаттамасының сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      29. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы";

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) психологиялық білім немесе психология бойынша дайындығы бар жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық/педагогикалық білім; медициналық психология бойынша мамандануының болуы;

      лауазымның атауына сәйкес мамандығы бойынша мемлекеттік органдардың орталық бөліністерінде кемінде 3 жыл немесе мемлекеттік органдардың аумақтық бөліністерінде клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

2-параграф. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының зертхана бастығы-сарапшы-психолог

      31. Лауазымдық міндеттері:

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың полиция департаменті ӘДК ПФЛ қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық етуді және бақылауды жүзеге асырады;

      психологиялық іріктеу бөліністері қызметінің жалпы стратегиясын анықтайды;

      ПФЗ жұмысын жоспарлайды;

      психофизиологиялық тексерудің тиімділігіне талдау және зерделеу жүргізеді, құқық қорғау органдарында психодиагностикалық және психофизиологиялық куәландыруды ұйымдастыру және жүргізу тиімділігін, сапасын одан әрі арттыруға бағытталған зерттеудің жаңа әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді;

      психофизиологиялық зерттеу әдістемелерін қолдану мен интерпретациялауды, кәсіби іріктеуді реттейтін қолданыстағы нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды ПФЗ мамандарының сақтауын қамтамасыз етеді;

      жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін кандидаттарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін психофизиологиялық тексеруді дербес жүргізеді;

      психофизиологиялық тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығарады;

      қызметкердің кәсіби қабілеттерінің даму перспективасын ескере отырып, еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жағдайларына қатысты ұсынымдар, сондай-ақ бөлініс психологымен психологиялық сүйемелдеу бойынша ұсынымдар береді.

      зерттеулер мен қорытындылардың, оның ішінде бағынысты мамандар шығарған зерттеулердің сапасына жауап береді;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына түсетін кандидаттарды соңғы куәландыру кезінде практикалық көмек көрсетеді;

      ПФЗ мамандары, сарапшы-дәрігер психиатр, ӘДК басшылығы және медициналық тіркеуші арасында сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманың орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      куәландырылатын адамдардың психологиялық жағдайына қатысты мәліметтердің құпиялылығы үшін жауапты болады;

      кәсіптік психологиялық іріктеу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының құрылымдық бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады, өз міндеттерін орындау және ПФЗ тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты алады, оның ішінде кадр аппараттарынан қызметтік және психологиялық сипаттамаларды сұратады;

      психологиялық іріктеу мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

      хаттарды, шағымдар мен өтініштерді қарайды, кәсіби психологиялық іріктеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды жүргізеді, осы жұмыстың нәтижелеріне талдау және жинау жүргізеді;

      есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың полиция департаментінің ӘДК ПФЗ статистикалық есептерін жасайды және талдайды;

      ІІМ ОӘДК және ӘДК басшылығына есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың полиция департаментінің ӘДК ПФЗ қызметінің түпкілікті нәтижелеріне талдау мен бағалауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      әскери-дәрігерлік сараптама және психологиялық іріктеу мәселелері бойынша кеңестер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жиындар материалдарын қарайды және әзірлейді;

      ПФЗ қызметіне байланысты мәселелер қаралатын кеңестер, конференциялар, съездер материалдарын қарайды және әзірлейді;

      құрылымдық бөліністі білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, мамандардың біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      ішкі еңбек тәртібінің талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды және бағынысты мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамалары мен белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыруға, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді;

      психологиялық сараптама құжаттамасының сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық режим саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      32. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) психологиялық білім немесе психология бойынша дайындығы бар жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық/педагогикалық білім; медициналық психология бойынша мамандануының болуы;

      мемлекеттік органдардың аумақтық бөліністерінде лауазымның атауына сәйкес мамандығы бойынша, клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

3-параграф. Жетекші сарапшы-психолог

      34. Лауазымдық міндеттері:

      психофизиологиялық тексеруді жүзеге асырады, қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін кандидаттарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығарады;

      қызметкердің кәсіби қабілеттерінің даму перспективасын ескере отырып, еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жағдайларына қатысты ұсыныстар, сондай-ақ бөлініс психологының психологиялық сүйемелдеуі бойынша ұсыныстар береді.

      тексеру жүргізудің және шығарылған қорытындының сапасына жауапты;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына оқуға түсетін кандидаттарды түпкілікті куәландыру кезінде практикалық көмек көрсетеді;

      ПФЗ мамандары, сарапшы-дәрігер психиатр, ӘДК басшылығы және медициналық тіркеуші арасында сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманың орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      ІІМ ПФЗ, төменгі тұрған аумақтық комиссиялары ПФЗ есептерін жасау, өңдеу және талдауға қатысады;

      куәландырылатын адамдардың психологиялық жағдайына қатысты мәліметтердің құпиялылығы үшін жауапты болады;

      сараптама құжаттарын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізеді;

      басшылыққа психодиагностика мен кәсіби психологиялық іріктеуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, өз құзыреті шеңберінде әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      психологиялық сараптама құжаттамасының сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      35. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) психологиялық білім немесе психология бойынша дайындығы бар жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық/педагогикалық білім;

      лауазымның атауына сәйкес мамандығы бойынша сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

4-параграф. Аға сарапшы-психолог

      37. Лауазымдық міндеттері:

      психофизиологиялық куәландыруды жүзеге асырады, қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін кандидаттарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін психодиагностикалық тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығарады;

      қызметкердің кәсіби қабілеттерінің даму перспективасын ескере отырып, еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жағдайларына қатысты ұсыныстар, сондай-ақ бөлінс психологының психологиялық сүйемелдеуі бойынша ұсыныстар береді.

      тексеру жүргізудің және шығарылған қорытындының сапасына жауапты;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына түсетін кандидаттарды соңғы куәландыру кезінде практикалық көмек көрсетеді;

      ПФЗ мамандары, сарапшы-дәрігер психиатр, ӘДК басшылығы және медициналық тіркеуші арасында сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманың орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      ІІМ ПФЗ, төменгі тұрған аумақтық комиссиялары ПФЗ есептерін жасау, өңдеу және талдауға қатысады;

      куәландырылатын адамдардың психологиялық жағдайына қатысты мәліметтердің құпиялылығы үшін жауапты болады;

      сараптама құжаттарын уақытылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттарын жүргізеді;

      басшылыққа психодиагностика мен кәсіби психологиялық іріктеуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды;

      психологиялық сараптама құжаттамасының сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық режим саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      38. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) психологиялық білім немесе психология бойынша дайындығы бар жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық/педагогикалық білім;

      лауазымның атауына сәйкес мамандығы бойынша сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

5-параграф. Сарапшы-психолог

      40. Лауазымдық міндеттері:

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың полиция департаментінің ӘДК психофизиологиялық тексеруді жүзеге асырады, қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін кандидаттарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығарады;

      қызметкердің кәсіби қабілеттерінің даму перспективасын ескере отырып, еңбек мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жағдайларына қатысты ұсыныстар, сондай-ақ бөлініс психологының психологиялық сүйемелдеуі бойынша ұсыныстар береді.

      тексерулердің және шығарылған қорытындылардың сапалы жүргізілуіне жауапты;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына түсетін кандидаттарды соңғы куәландыру кезінде практикалық көмек көрсетеді;

      ПФЗ мамандары, сарапшы-дәрігер психиатр, ӘДК басшылығы және медициналық тіркеуші арасында сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманың орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      куәландырылатын адамдардың психологиялық жағдайына қатысты мәліметтердің құпиялылығы үшін жауапты болады;

      психологиялық сараптама құжаттарын уақытылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың полиция департаменті ӘДК ПФЗ тоқсандық, жылдық статистикалық есептерін жасайды және талдайды;

      ІІМ ОӘДК және ӘДК ПФЗ басшылығына есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      кәсіптік психологиялық іріктеу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, өз міндеттерін орындау және ПФЗ тиімділігін арттыру үшін қажетті ақпаратты алады, оның ішінде кадр аппараттарынан қызметтік және психологиялық сипаттамаларды сұратады;

      басшылыққа психодиагностика мен кәсіби психологиялық іріктеуді жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есептілік тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      өзінің және зертхананың немесе топтың міндеттерін орындауға қажетті ақпарат алады; кеңестерге, конференцияларға, съездерге материалдар әзірлейді;

      есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      41. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      42. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) психологиялық білім немесе психология бойынша дайындығы бар жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық/педагогикалық білім;

      лауазым атауына сәйкес келетін мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

6-параграф. Психофизиологиялық зертхананың аға лаборанты

      43. Лауазымдық міндеттері:

      жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ тексерілушілерді тіркеуді, тестілеуді өткізу алдында нұсқауды, тестілеу хаттамаларының паспорттық бөлігінің толтырылуын бақылауды жүзеге асырады, қайта тексерілуші адамдардың деректерін тексереді;

      психологтың жолдамасы бойынша белгіленген зерттеу бағдарламасына және қосымша тестілеу түрлеріне сәйкес тестілеу процесін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      жүргізілетін тестілеу әдістемелерімен байланысты есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды және әдістемелік ұсынымдарға сәйкес зерттеу, өлшеу нәтижелерін ресімдейді, оларды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;

      келісім бойынша тексерілетін тұлғаларды психологтың қабылдау кезектілігі мен уақытын анықтайды;

      сарапшы-психологқа сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманы сақтауды және ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      ПФЗ бойынша статистикалық есепті жасауға қатысады;

      тестілеуді өткізу сапасына жауапты;

      психологиялық сараптама құжаттамасын, медициналық құжаттаманы уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидытын сақтайды;

      сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитариялық-эпидемиологиялық режим саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      44. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;

      жұмыс тақырыбы бойынша басшылық, нормативтік және анықтама материалдарын, негізгі және қосымша зерттеулер жүргізу әдістерін, қолданыстағы стандарттарды және зерттеулер жүргізуге қажетті пайдаланылатын жабдықтарды, техникалық есептерді орындау әдістері мен құралдарды, жұмыс қағидаларын, ПФЗ-ның статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттамасын және бастапқы құжаттардың нысандарын ресімдеу тәртібін;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      45. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      техникалық немесе кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтілі мамандығы бойынша кемінде 2 жыл.

7-параграф. Психофизиологиялық зертхана лаборанты

      46. Лауазымдық міндеттері:

      тексерілушілерді тіркеуді жүзеге асырады, тестілеуді өткізу алдында нұсқаулық өткізеді, тестілеу хаттамаларының паспорттық бөлігінің толтырылуын бақылайды;

      қайта тексеруден өтетін адамдардың деректерін тексереді;

      психологтың жолдамасы бойынша белгіленген зерттеу бағдарламасына және қосымша тестілеу түрлеріне сәйкес тестілеу жүргізеді;

      жүргізілетін тестілеу әдістемелерімен байланысты есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды және әдістемелік ұсынымдарға сәйкес зерттеу, өлшеу нәтижелерін ресімдейді, оларды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;

      келісім бойынша тексерілетін тұлғаларды психологтың қабылдау кезектілігі мен уақытын анықтайды;

      сарапшы-психологқа сараптамалық психологиялық ақпарат пен құжаттаманы сақтауды және ауыстыруды қамтамасыз етеді;

      ПФЗ бойынша статистикалық есепті жасауға қатысады;

      тестілеуді өткізу сапасына жауапты;

      психологиялық сараптама құжаттарын уақытылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды;

      сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық режим саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      47. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;

      жұмыс тақырыбы бойынша басшылық, нормативтік және анықтама материалдарын, негізгі және қосымша зерттеулер жүргізу әдістерін, қолданыстағы стандарттарды және зерттеулер жүргізуге қажетті пайдаланылатын жабдықтарды, техникалық есептерді орындау әдістері мен құралдарды, жұмыс қағидаларын, ПФЗ-ның статистикалық есепке алу және есеп беру құжаттамасын және бастапқы құжаттардың нысандарын ресімдеу тәртібін;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      48. Біліктілікке қойылатын талаптар.

      техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және іс жүргізуге байланысты лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

3-бөлім. Маман-полиграфологтар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

      Ескерту. 3-бөлім алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.04.2022 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады