Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қыркүйекте № 21235 болып тіркелді

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына, "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 347 Бұйрықпен
бекітілген

Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес әзірленді, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті өнім беруші - электрондық сауда-саттық алаңында тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шартты жасауға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      2) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (бұдан әрі - БЭСА) - ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;

      3) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі - Республикалық палата) - жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым;

      4) хабарландыру - алда болатын БЭСА таңдау туралы ақпарат.

2-тарау. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібі

      3. БЭСА таңдауды жүзе асыру үшін Республикалық палата комиссия құрады.

      Комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің өкілдері және Республикалық палатасының өкілдері кіреді. Сонымен қатар, БЭСА таңдау бойынша комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.

      4. БЭСА-ға қойылатын талаптарды бекіту кезінде комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды:

      1) мүлікті сату бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің кәсіби құзыретін, олардың қаржы ресурстарының, техникалық құрал-жабдықтарының және басқа материалдық мүмкіндіктерінің, сенімділігінің, тәжірибесінің және оң беделінің, сондай-ақ БЭСА ұсыну туралы шартты орындау үшін қажетті басқа да ресурстарының болуын;

      2) атқарушылық құжаттарды орындау барысында БЭСА-ға түсетін мәліметтердің қауіпсіздігін, құпиялығын және дұрыстығын қамтамасыз етуді, оның ішінде БЭСА ақпараты мен сервистерін санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауға, БЭСА-да өткізілетін электрондық аукциондардың айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді;

      3) толық қолжетімділікті (техникалық жұмыстарды түнгі уақытта жүргізуді көздейтін кестеде қатаң шектелген регламенттік жұмыстарды жүргізу);

      4) сот орындаушысы, БЭСА операторы, электрондық аукционға қатысушылар, атқарушылық іс жүргізу тараптары және өзге тұлғалар БЭСА функционалы арқылы электрондық құжаттар нысанында жолданатын құжаттарды және мәліметтерді алмастырған кезде олардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануы;

      5) электрондық құжат айналымын, электрондық нысандағы құжаттарды күнделікті мұрағаттық сақтауды және іздестіруді қамтамасыз етуді, электрондық аукционға қатысушылардың авторландыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді және ақпараттың түрлі санаттары үшін пайдаланушылардың қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуды негізге алады;

      6) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес "электронды үкіметтің" шлюзі арқылы атқарушылық іс жүргізу органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖО ААЖ) электрондық өзара әрекеттестігі арқылы сот орындаушыларының электрондық өтініштері мен электрондық құжаттарын алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ лоттар туралы, АІЖО ААЖ электрондық аукцион өткізу тәртібі және оның нәтижелері туралы мәліметтер беру;

      7) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік қолданысқа қабылдау туралы актінің, Заңға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына, техникалық құжаттама және сараптамасына сәйкестік аттестатына және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар актінің болуы.

      5. Республикалық палата әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың, техникалық ерекшеліктердің сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін "электронды үкімет" сервисінің интеграторына әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын жолдайды.

      6. БЭСА таңдау бойынша комиссия төрағасы:

      1) комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық етеді;

      2) комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

      3) осы Қағидаларда көзделген басқа функцияларды жүзеге асырады.

      7. БЭСА таңдау бойынша комиссияның хатшысы:

      1) комиссия отырысының күн тәртібін жасайды, комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;

      2) комиссия отырыстарының ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасын, БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат туралы хаттаманы, БЭСА таңдау қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ басқа хаттамаларды ресімдейді және оларға қол қояды;

      3) ұсыныстарды ашқан сәттен БЭСА таңдау бойынша құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      8. БЭСА таңдау бойынша комиссия БЭСА-ға қойылатын талаптар бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің БЭСА таңдауға қатысу үшін ұсыныстар беруінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда Республикалық палатасының сайтында БЭСА таңдау туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды.

      9. Әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      10. БЭСА таңдауға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын БЭСА таңдауға қатысу үшін құжаттар топтамасы:

      1) ұйым басшысының БЭСА таңдауға қатысу үшін өтінішін;

      2) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңмен және "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңмен белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының (бар болған кезде) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері нотариат куәландырған қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме-үзіндіні ұсынады;

      3) әлеуетті өнім берушінің БЭСА-ға байланысты жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялардың және (немесе) куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа да құжаттардың әлеуетті өнім берушінің мөрмен расталған көшірмелерін;

      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы нотариат куәландырған көшірмесін куәліктің немесе әлеуетті өнім берушінің мөрмен расталған анықтаманың көшірмесін;

      5) әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының уәкілетті тұлғаның қолы және әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы мөрі бар анықтаманың түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) қамтиды. Анықтама конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын емес берілуі тиіс;

      6) конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген үш айдан астам (төлем мерзімі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексқа сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы тиісті мемлекеттік кіріс органының белгілеген нысандағы анықтамасың;

      7) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көрсетілген техникалық ерекшелiкті, тауарларға қызмет көрсетуге, шығыстарға, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге сапа кепiлдiгiн беруді;

      8) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес БЭСА таңдауға қатысуға өтініштерге қол қою құқығына сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) сенімхатты;

      9) БЭСА тиімді жұмыс істеуінің мүмкіндігін растайтын басқа да құжаттарды (бар болса) қамтиды.

      11. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарымен конверттерді ашуды комиссия жүргізеді.

      12. Хабарландыруда көрсетілген мерзімде берілген БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттер ашуға жатады. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.

      13. Комиссия отырысының көрсетілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтіні Республикалық палатасының сайтында жарияланады.

      14. Комиссия талаптарға сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге БЭСА таңдауға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды сәйкес келтіру құқығын береді.

      15. Әлеуетті өнім берушілердің БЭСА қойылатын талаптарға сәйкес келген және ұсыналатын құжаттар бар болған жағдайда БЭСА таңдауға қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы рәсімделмейді.

      16. Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарайды және БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде БЭСА таңдауға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуына рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      17. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң БЭСА таңдауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әр бетiне бұрыштама соғады. БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса беріледі.

      18. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссияның хатшысы:

      1) комиссия төрағасымен БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;

      2) комиссия мүшелерін БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;

      3) комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушілердің талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады.

      19. Комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын оларды қарау кезіннен комиссия хатшысына қайтарылғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

      20. Комиссия:

      1) БЭСА таңдауға қатысуына әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар құжаттар топтамасын толықтығы және тиісінше рәсімделуі нысанына қарастырады;

      2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде рәсімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;

      3) конкурсқа қатысу үшін ұсыныс берген әлеуетті өнім берушілерден қарауды, бағалауды және БЭСА таңдауда қатысуға ұсыныстарды салыстыруды жеңілдетуге байланысты материалдар мен түсіндірмелерге жазбаша нысанда сұрау салады;

      4) БЭСА таңдауға қатысуына ұсыныстары бар мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.

      Талаптарға сәйкес, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарда келтірумен баланысты сұрау салулар мен комиссияның өзге де іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      БЭСА таңдауға қатысуына ұсыныстар жасау ретінде талаптарға сәйкес, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды толықтыруға бағытталған, жетіспеген құжаттарды қатысуға өтініш беру кезінде құжаттарды ауыстыру, тиісті үлгіде рәсімделген құжаттарды түзету арқылы жүргізген комиссия іс-әрекеті түсініледі;

      5) БЭСА талаптарына сай әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және олардың қатысушыларын таниды.

      21. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық рәсіміне қатысты еместігі және (немесе) орындаушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелерінің болмауы және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмегендігі бөлігінде талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында, комиссия банкроттық рәсімдердің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында және орындаушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған ақпаратты қарайды.

      22. Әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмаған не әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары БЭСА талаптарына сәйкес келмеген жағдайда БЭСА-ны қайта таңдауды жүзеге асырылады.

      Бір әлеуетті өнім берушінің таңдауға қатысуы БЭСА-ны таңдауға кедергі келтірмейді.

      23. Комиссия отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қаралып отырған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылдайды. Комиссия отырысына қатысқан және қабылданған шешіммен келіспеген комиссия мүшелері жазбаша түрде ерекше пікірін білдіреді, ол хаттамаға тіркеліп, ол жөнінде хаттамада тиісті белгі жасалады.

      24. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысандағы БЭСА таңдау қорытындысы туралы хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы ұсыныстарды ашқан кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қол қояды.

      25. БЭСА операторы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларынан тыйым салынған мүлікті өткізген кезде БЭСА қызметін жүзеге асырғаны үшін төлем алмайды.

      26. Тиісті хаттамада ресімделген БЭСА таңдау туралы комиссияның шешімі аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушылары және БЭСА операторы арасында шарт жасасу үшін негізі болып табылады.

  Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша

Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу туралы хаттама

      __________________                               ____________________

      (Ашу орны)                                           (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау бойынша

      комиссия:________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының, хатшысының және мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда), тегі, лауазымы, ұсыныстарды ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі)

      Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстары бар

      конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер құжаттар топтамасын ұсынды:

      _________________________________________________________________________.

      (барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

      3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы

      таңдауға қатысуға ұсыныстары __________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстар берудің

      соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсыныстарды ұсынған барлық әлеуетті өнім

      берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі)

      ______________________________________________ негізінде ашылмай қайтарылды.

      4. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды берудің

      соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті

      өнім берушілердің ұсыныстары: _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсыныстарды ұсынған барлық

      әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, қатысуға ұсыныстарды берген уақыты)

      ашылды және бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға

      ұсыныстарды ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды

      қамтиды:__________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (ұсыныстағы құжаттардың тізбесі, бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға

      қатысуға ұсыныстарды кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, ұсынылған

                        құжаттардың парақ саны көрсетіледі)

      5. Ұсыныстарды ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:

      _________________________________________________________________________.

      (бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды ашқан

      кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, деректемелері,

      олардың уәкілетті өкілдерінің аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда), тегі, қолдары.

  Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауға қатысуға жіберу туралы хаттама

      __________________                               ____________________

      (Орналасқан жері)                                     (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау бойынша

      комиссия:________________________________________________________________

                  (бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау бойынша

                        комиссияның құрамын көрсету)

      ___________________________________ бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы

      таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарады.

      2. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарда

      ұсынылған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке

      сәйкестігі жөнінде қорытындылар берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.

      3. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды берудің

      соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім

      берушілердің қатысуға ұсыныстары: __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсыныстар берген барлық әлеуетті

      өнім берушілердің атауы, мекенжайы, бірыңғай электрондық сауда- саттық алаңы

      таңдауға қатысуға ұсыныстарды беру уақыты, ұсыныстағы құжаттар тізбесі, талапта

      көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, бірыңғай электрондық

      сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды кері қайтарып алу мен өзгеруі

      туралы ақпарат және басқа ақпарат көрсетіледі)

      комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.

      4. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысудан бас тартылған

      ұсыныстар:________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

                  (қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер

                  (оның деректемелері), сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)

      5. Әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы талаптарына

      сәйкес келетін ұсыныстары __________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)

      Комиссия бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды

      қарау нәтижелері бойынша былай деп ШЕШТІ:

      1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы

      таңдауға қатысуға жіберілсін: ______________________________________________.

      (таңдауға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы

      таңдауға қатысуға жіберілмесін: ______________________________________________.

      (таңдауға қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

      3. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау жөніндегі комиссияның

      отырысы _____________________________________________________ белгіленсін.

                  (комиссия отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету)

      4. Аталған хаттаманың мәтіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы

      сайтына орналастырылсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс_____ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі).

      Қарсы дауыс ______ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі).

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі, қолдары.

  Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдау қорытындылары туралы хаттама

      __________________                               ____________________

      (Орналасқан жері)                                     (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау бойынша

      комиссия: _______________________________________________________________.

                              (комиссияның құрамын көрсету)

      2. Мынадай ұсыныстар бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға

      жіберілді:

      _________________________________________________________________________.

      (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес жіберілген әлеуетті өнім берушілердің бірыңғай

      электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарын көрсету)

      3. Әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар конверттер:

      _________________________________________________________________________.

      (қарау үшін соңғы уақыт өткеннен кейін ұсынылуына байланысты қабылданбаған

      ұсыныстардың әлеуетті өнім берушілерінің атаулары көрсетіледі)

      4. Комиссия қарау үшін соңғы уақыт өткенге дейін ұсыныстарын берген

      қатысушылардың ұсыныстары: ______________________________________________

      (әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен олардың деректемелері көрсетіледі)

      ашылды және олар мыналарды қамтиды: ______________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстары бар

      конверттерді ашу кезіндегі барлық қатысушыларға жарияланған әлеуетті өнім

                        берушілер ұсынған ұсыныстар көрсетіледі)

      5. Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға қабылданбаған

      ұсыныстар: _______________________________________________________________.

      (қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері),

      сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)

      Комиссия бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдауға қатысуға ұсыныстарды

      қарау нәтижелері бойынша былай деп ШЕШТІ:

      1) _________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)

      бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдалсын немесе мына себеп бойынша

      бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы таңдау өтпеді деп танылсын

      _________________________________________________________________________ .

                              (тиісті себеп көрсетілсін)

      2) Аталған хаттаманың мәтіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы

      сайтына орналастырылсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі).

      Қарсы дауыс ___________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі).

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), тегі, қолдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады