Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 21241 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.05.2022 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімінің үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 қыркүйегі
№ 491 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) көлік құралы – ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым;

      2) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым;

      3) көлік құралына компонент – көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш;

      4) ауыл шаруашылығы техникасына компонент – ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш;

      5) көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру – көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерінің өндірушімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өндіру бойынша технологиялық операциялар мен талаптарды орындауды қосатын, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерінің сериялық өндірісінің жүйесі (бұдан әрі - технологиялық операциялар);

      6) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - келісім) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттері өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі - өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.

      3. Келісім осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес осындай келісімнің үлгі нысаны негізінде көлік құралына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштың әрбір түрі бойынша өндірушімен 20 жылға жасалады.

2-тарау. Келісім жасасу тәртібі мен шарттары

      4. Келісім өндірушімен оның мынадай шарттарды:

      1) көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді шығару мүмкіндігі үшін жылына кемінде 10 мың айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) сомасына өндірістік қуаттардың болуы немесе осы өндірістік қуаттарды іске қосу бойынша еркін нысанда ресімделген жоспардың болуы;

      2) технологиялық операцияларды және талаптарды орындауы кезінде жасалады.

      5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға осы бұйрықпен бекітілген келісімнің үлгілік нысанына қосымшаға сәйкес оларды ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар тарапынан өндірісті ынталандыру және инвестициялық қызметті қолдау үшін көзделген шараларды қоса алғанда талап етілетін мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін көрсете отырып, еркін нысанда жазбаша өтініш жібереді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) технологиялық операцияларды есепке ала отырып қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада;

      2) жұмыс істеп тұрған өндірістерге қатысты – өндірістерге қатысты келісім жасасу сәтінде жылына кемінде 10 мың АЕК сомаға көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді шығару мүмкіндігі үшін өндірістік қуаттардың болуы туралы мәліметтер немесе жоспарланып отырған өндіріске қатысты – өндірушінің бірінші басшысы немесе өзге де уәкілетті тұлғамен куәландырған өндірістік қуаттарды іске қосу бойынша жоспар қоса беріледі.

      6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өндірушімен көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты мемлекеттік органдарға өндірушінің жазбаша өтінішін және келісім жобасын жібереді.

      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар бес жұмыс күні ішінде өндірушінің өтініш қарайды және өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын алу үшін талаптарға (бар болса) сәйкес болған жағдайда өндірушінің өтінішін келіседі және уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылған келісу-нысанын, сондай-ақ келісімге қосымша болып табылатын, тиісті мемлекеттік органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қойған мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін (бұдан әрі - мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі) жібереді.

      Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар өндіруші мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға (бар болса) сәйкес болмаған жағдайда өндірушінің өтінішін келісуден бас тартады.

      7. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты мемлекеттік органдармен келісілген және олардың тиісті мемлекеттік органның басшысымен немесе оның міндетін атқарушы адаммен қол қойылған мемлекеттік қолдау шаралары тізбесін ұсынған жағдайда уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде жоспар-кесте жобасында мәлімделген көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына ұқсас компоненттер бойынша жасалған келісімдердің болуын, өндірістік қуаттардың жүктелуін және көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттер нарығының көлемін ескере отырып, өндіруші ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін қарайды және келісім жасасу туралы немесе осы Қағидалардың 11-тармағымен көзделген негіздерге сәйкес келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге келісім жобасын, жоспар-кестені және мемлекеттік қолдау шаралары тізбесін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жібереді.

      8. Осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін есепке ала отырып, өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің немесе өзге де уәкілетті адамның қолы қойылған келісім жобасының, жоспар-кестенінің және мемлекеттік қолдау шаралары тізбесінің даналарын не болмаса келісімді жасасудан уәжді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      9. Осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін есепке ала отырып, уәкілетті органға осы Қағидалардың 7-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады. 

      10. Қол қойылған келісімнің жобасының даналарын, жоспар-кестені және мемлекеттік қолдау шаралары тізбесін алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.

      Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      11. Өндірушіге мынадай:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;

      2) ocы Қағидалардың 4-тармағымен көзделген шарттарға сәйкес келмеуді, өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;

      3) Қазақстан Республикасы нарығының қажеттілігін толық қамтамасыз ететін көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына ұқсас компоненттің жұмыс істеп тұрған өндірісінің болған;

      4) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қолдау шаралар тізбесін келісуден бас тартқан жағдайларда келісім жасасудан бас тартады.

3-тарау. Келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздемелер

      12. Келісімге мынадай негіздер бойынша:

      1) осы Келісімнің ережелерін нашарлатуға әкелмеген жағдайда өндірушінің қызметіне қатысы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

      2) өндірушінің жағдайын жақсартатын және (немесе) мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын ұсыну көзделетін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

      3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда;

      4) келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген өзге де жағдайларда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      13. Келісім мынадай негіздер бойынша:

      1) тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды, хабарламада көрсетілген мерзімде, уәкілетті органның бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте жоймаған жағдайда;

      3) келісімде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алмаған немесе толық көлемде алмаған жағдайда өндірушінің бастамасы бойынша;

      4) келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұзылады.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Келісім бұзылған кезде тиісті Тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін екінші Тарапты хабардар етуі тиіс.

      15. Өндіруші келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде өндіруші келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе) ауыл
шаруашылығы техникасына
компоненттерді өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісім
жасасу қағидалары мен
шарттары, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу үшін
негіздемелеріне
1-қосымша

Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өндіру жөніндегі технологиялық операциялар және талаптар

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды (тобы)

Көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттің атауы

Технологиялық операциялар мен талаптар**

3926 90 970 9

Сыртқы есік тұтқалары

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) пресс-қалыпты орнату;
2) салқындату жүйесін қосу;
3) термопластавтоматты пластификациялау торабын қыздыру;
4) ыстық арна болған кезде пресс-қалыптарды қыздыру;
5) пресс-қалыптың жабылуын реттеу;
6) өнім үшін термопластавтомат параметрлерін реттеу (жылдамдық, қысым, температура);
7) шикізатты дайындау (қажет болған жағдайда қоспалар мен бояғыштарды қосу);
8) шикізатты кептіру бункеріне салу;
9) термопластавтоматты іске қосу (қозғалтқыштар мен барлық жүйелерді іске қосу);
10) реттеу режимінде құю параметрлерін реттеу;
11) бұйым сапасының талап етілетін параметрлерін алу кезінде автоматты режимге өту;
12) дайын өнімді алу үшін роботты баптау;
13) термопластавтоматтың үздіксіз жұмысын бақылау (шикізатты және роботты беру-дайындау);
14) дайын өнімнің сапасын бақылау.

4011

Шина (доңғалақ тысы)

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) шикізат пен материалдарды дайындау:
каучукты булау;
сұйық пластификаторларды (жұмсартқыштар) қыздыру
химикаттарды ұсақтау, елеу және кесу (қажет болған жағдайда);
2) резеңке қоспаларды дайындау:
резеңке араластырғыштарда араластырудың екі немесе үш сатылы тәсілі бойынша берілген рецептілер мен араластыру режимдеріне сәйкес ілмектер бойынша барлық ингредиенттерді араластыру;
үш жұп біліктерден тұратын агрегатта резеңке қоспаны өңдеу;
фестонды типті салқындатқышы бар қондырғыда резеңке қоспаны салқындату, кептіру және табандықтарға салу;
3) дайындамаларды пішіндеу:
резеңке қоспаларды бір немесе дуплексті немесе триплексті экструзиялық басы бар штифтті экструдер арқылы профильдеу;
4) тоқыма кордты және металлкордты резеңкелеу;
5) кесу сызықтарында резеңкеленген тоқыма кордты және металлкордты пішу;
6) экструдермен жарақталған борт сақинасын дайындау желісінде борт сақиналарын дайындау;
7) экструдермен жарақталған борт қанатын құрастыру желісінде борт қанаттарын дайындау. Борттық сақинаға профильді толтыру сымын салу;
8) шиналарды құрастыру станогында жазық әдіспен құрастыру;
9) автоматты режимде немесе қолмен майлау желісінде вулканизацияланбаған шинаның немесе қақпақтың ішкі бетін бояу;
10) секторлық не секторлық емес пресс-қалыптармен жарақтандырылған гидравликалық вулканизациялық престерде және гидравликалық вулканизаторларда қақпақтарды қалыптау және вулканизациялау;
11) күшті гетерогенділікті, динамикалық және статикалық теңгерімсіздікті өлшеу үшін желілердегі дайын өнімнің сапасын тексеру;
12) дайын өнімді сақтау, қоймалау, жөнелту, тасымалдау: нормативтік талаптарға сәйкес дайын өнімнің сапасын сақтауды қамтамасыз ететін дайын өнімді сақтау, қоймалау, тиеу және тасымалдау үшін регламенттелген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

4016 91 000 0

Резеңке кілемше

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) пресс-қалыпты дайындау:
шикізатты тазарту;
шикізатты түйіршіктеу;
шикізатты металл бөлшектерден тазарту;
өзге компоненттерден басқа шикізатты елеуішпен тазарту;
резеңке жастықтарды дайындаудың вулканизациялық прессі ;
жоғары температурада арнайы қалыптарда тығыздау;
дайындамаларды алу;
дайындамаларды бөлу;
дайындамаларды сумен салқындату;
дайындамаларды кесу;
бекіту элементтерін орнату бойынша механикалық қолмен жұмыс;
2) орамдардан дайындау:
дайындаманы арнайы плоттерде кесу;
арнайы тігін машинасында оверлок;
логотип пен таңбаларды кестелеу;
бекіту элементтерін орнату бойынша механикалық қолмен жұмыс.

7009 10 000 9

Сыртқы айна

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) пресс-қалыпты орнату;
2) салқындату жүйесін қосу;
3) термопластавтоматты пластификациялау торабын қыздыру;
4) ыстық арна болған кезде пресс-қалыптарды қыздыру;
5) пресс-қалыптың жабылуын реттеу;
6) өнім үшін термопластавтомат параметрлерін реттеу (жылдамдық, қысым, температура);
7) шикізатты дайындау (қажет болған жағдайда қоспалар мен бояғыштарды қосу);
8) шикізатты кептіру бункеріне салу;
9) термопластавтоматты іске қосу (қозғалтқыштар мен барлық жүйелерді іске қосу);
10) реттеу режимінде құю параметрлерін реттеу;
11) бұйым сапасының талап етілетін параметрлерін алу кезінде автоматты режимге өту;
12) дайын өнімді алу үшін роботты баптау;
13) термопластавтоматтың үздіксіз жұмысын бақылау (шикізатты және роботты беру-дайындау);
14) дайын өнімнің сапасын бақылау.

8408

Іштен жану қозғалтқышы:

1. Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап екінші жылы мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) цилиндр блоктарын өңдеу;
2) цилиндр блоктарының басын өңдеу;
3) поршеньдік топты өңдеу;
4) иінді біліктерді өңдеу.
2. Келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша келісім жасалғаннан немесе өндіріс басталған кейін сегізінші жылдан бастап иінді білік пен шатун-поршень тобын орнатуды қоса алғанда, құрастыру, бақылау сынақтарын жүргізуді жүзеге асыру

8409 99 000 9

Жүк көлік құралының қозғалтқышының цилиндр блогы және цилиндр блогының басы

1. Мынадай операцияларды өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап екінші жылы жүзеге асыру:
1) дайындау цехында шикіқұрам және қалыптау материалдарын дайындау;
2) дайындау цехында шикіқұрам және қалыптау материалдарын дайындау;құм бұрғылау роботталған өзекше машиналарда өзектерді (жартылай қалыптарды) жасау;
3) өзекше пакеттерді және немесе нысандарды конвейерде іріктеу;
4) өзекше пакетті болат өзекше жәшікке орнату;
5) құю шөміштері бар механикаландырылған құю жүйесінің көмегімен болат жәшіктерді сұйық металмен толтыру.
2. Келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 3, келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап бесінші және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 8-ін жүзеге асыру:
1) құймаларды салқындату;
2) құюды автоматты түрде роботпен кесу;
3) болат фракциясы (сыртқы беттер) бетін жару);
4) болат фракциясы (ішкі беттердің) бетін жару);
5) құймаларды жартылай автоматты тиеу және түсіру;
6) термоөңдеу үшін арнайы камералық пеште термоөңдеу;
7) құймаларды майлы эмульсиямен жабу.

8507

Электр аккумуляторлары

Мынадай операциялардың өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндірістер) және келісім жасалған сәттен немесе өндіріс басталған бастап екінші жылы кемінде 3-ін, келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары кемінде 8-ін, бесінші және одан кейінгі жылдары кемінде 14-ін жүзеге асыру:
1) гравитациялық құю;
2) жүк батареялары мен құрғақ зарядталған батареяларға арналған пластина жасау;
3) қорғасын таспаны құю;
4) қорғасын ұнтағын дайындау;
5) паста дайындау;
6) пастаны ток өткізгішке жағу;
7) электролит дайындау;
8) теріс пластинаны бөлу;
9) электрод блоктарын құрастыру;
10) электрод блоктарын дәнекерлеу;
11) корпусқа орнатуды, ұяшықтарды дәнекерлеуді, қақпақтарды дәнекерлеуді, шықпаларды дәнекерлеуді қоса алғанда, батареяларды құрастыру;
12) батареяларды электрохимиялық белсендіру-зарядтау;
13) аккумуляторлық батареяларды құрастыру үшін қажетті пластмасса жинақтауыштарды дайындау: корпусы, қақпағы, тығындары, тұтқалары, планкалары, тығындары, түрлі түсті гаммадағы газ шығару түтіктері;
14) батареяларды таңбалау.

8544 30 000 7

Сымдардың бумасы

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) Құрастыру және бақылау сынақтарын жүргізу;
2) құйылған полимерлі бөлшектерді жасау;
3) шетелдік материалдарды (шикізатты) және жиынтықтауыштарды өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін компонент бағасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде сақтау.

8707 90 900 9

8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған өзге де шанақтар (кабиналарды қоса алғанда)

Мынадай операцияларды өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәттен (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап екінші жылы жүзеге асыру:
1) бүйір қабырғаларын артқы қабырғамен дәнекерлеу;
2) бүйір қабырғаларын шанақ қақпағымен дәнекерлеу;
3) еденді дәнекерлеу;
4) жіктерді термиялық өңдеу;
5) алдыңғы жақтауды және жақтауды дәнекерлеу;
6) металл бекіткіш көмегі арқылы гидравликалық бакты орнату;
7) телескопиялық цилиндрлерді орнату;
8) қанатты орнату
9) тегістеу;
10) бояу.
2. Келісім жасалған сәттен немесе өндіріс басталған бастап жасалудағы операцияларға қосымша Келісім жасалған сәттен бесінші жылдан бастап мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) бүйір қабырғаларды, артқы және жоғарғы қақпақтарды, алдыңғы жақтауды және еденді кесу.
2.Келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап жасалудағы операцияларға қосымша келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен сегізінші жылдан бастап мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) қондырманы дайындау үшін металды ию.

8708 10 900 9

Бампер

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) пресс-қалыпты орнату;
2) салқындату жүйесін қосу;
3) термопластавтоматты пластификациялау торабын қыздыру;
4) ыстық арна болған кезде пресс-қалыптарды қыздыру;
5) пресс-қалыптың жабылуын реттеу;
6) өнім үшін термопластавтомат параметрлерін реттеу (жылдамдық, қысым, температура);
7) шикізатты дайындау (қажет болған жағдайда қоспалар мен бояғыштарды қосу);
8) шикізатты кептіру бункеріне салу;
9) термопластавтоматты іске қосу (қозғалтқыштар мен барлық жүйелерді іске қосу);
10) реттеу режимінде құю параметрлерін реттеу;
11) бұйым сапасының талап етілетін параметрлерін алу кезінде автоматты режимге өту;
12) дайын өнімді алу үшін роботты баптау;
13) термопластавтоматтың үздіксіз жұмысын бақылау (шикізатты және роботты беру-дайындау);
14) дайын өнімнің сапасын бақылау.

8708 29 900 9

Шыны

Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен кейінгі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) дайындау және бақылау сынақтарын жүргізу;
2) жабдықтарды дайындау;
3) шетелдік материалдарды (шикізатты) және жиынтықтауыштарды өндіру кезінде пайдаланылған құнның пайыздық үлесін компонент бағасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде сақтау.

8708 50 990 9

Жүк көлік құралының жетекші көпірінің басты берілісі

1.Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндірістер) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру:
1) дәл штамптау:
дайындамаларды кесу;
индукциялық қыздыру дайындамалары;
жабық үлгідегі мөртабандарда ыстықтай қалыптау.
2) механикалық өңдеу:
дөңгелек тісті конустық және цилиндрлік тісті өңдеу;
токарлық операциялар;
фрезерлік операциялар;
өсімдік операциялары;
бұрғылау тесіктері;
метрикалық және конустық бұранданы кесу;
тістегергішті фрезерлік;
тістегергішті кесу;
тістегергішті тегістеу;
шыңдалған бөлшектерді қатты қайрау;
ірі корпустық бөлшектерді өңдеу;
сыртқы беттерді тегістеу;
ішкі беттерді тегістеу;
біліктерді бұру;
бөлшектердің жеке топтарын бұру:
осьтер, тікенектер, штоктар;
сомындар;
муфталар;
фланецтер.
жуу операциялары:
корпус бөлшектері;
тістегершіктер;
ірі біліктер.
3) негізгі берілістерді құрастыру және сынау және кіретін кіші тораптарды іріктеу;
4) термиялық өңдеу:
цементтеу;
көлемді шыңдау.
гальваникалық жабын:
фосфаттау;
химиялық гальваникалық жабын;
бөлшектерді химиялық майсыздандыру.
6) зертханада өнімді сапасы бойынша тексеру:
металды спектрлік талдау (түсетін металдың сапасын тексеру);
металдың қаттылығы мен құрылымын талдау;
бөлшектер мен дайындамалардың геометриялық параметрлерін өлшеу.
2. Келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен немесе өндіріс басталған бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша мынадай операциялардың кемінде 2-ін, бесінші және одан кейінгі жылдары кемінде 5-ін жүзеге асыру:
1) дәл штамптау:
жару атып өңдеу;
суық калибрлеу;
2) механикалық өңдеу:
фланецтерді доғалық дәнекерлеу;
дифференциалды лазерлік дәнекерлеу;
ішкі шлицаларды өңдеу;
тісті жару операциялары;
шағын корпустық бөлшектерді өңдеу, өзге де бөлшектерді фрезерлеу;
тегіс беттерді тегістеу;
шлицті суық орау;
соңғы шлицтерді фрезерлеу;
алюминий бөлшектерін өңдеу;
бөлшектердің жеке топтарын бұру:
қақпақтар, стақандар;
дәлме-дәл штамптайтын тістегершіктер, сателлиттер;
айқыштар;
жуу операциялары:
кішкентай айналу денелері;
фланецтер, муфталар;
қақпақтар, стақандар;
ЖЖТ шыңдау.
3) термиялық өңдеу:
штамптарда көлемді шыңдау.
4) гальваникалық жабын:
бөлшектерді өңдеу операциялары;
бөлшектерді пассивациялау операциялары;
бөлшектерді кептіру операциялары.
5) қалдықтарды жинау және жөнелту;
6) зертханада өнімді сапасы бойынша тексеру:
термоөңдеу процестерінің сапасын талдау
жағылған жабындардың сапасын талдау.

8708 50 990 9

Жетекші көпірдің картері (арқалық)

1. Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап екінші жылы мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру:
1) дайындау цехында шикіқұрам және қалыптау материалдарын дайындау;
2) құмды бұрғылау роботталған өзекше машиналарда өзектерді және немесе қалыптарды жасау;
3) өзекше пакеттерді және (немесе) нысандарды конвейерде іріктеу;
4) Өзекше пакеттерді және (немесе) нысандарды жинау және жинақты өзекше пакеттерді сақтау аймағына беру
5) өзекше пакеттерді қорамжәшіке орнату;
6) құю шөміштері бар механикаландырылған құю жүйесінің көмегімен нысандарды немесе қорамжәшіктерді сұйық металмен толтыру;
7) құймаларды салқындату;
8) құймаларды жою үшін құймаларды сұрыптау;
9) құймаларды және пайдаларды жою;
10) құрыш бөлшектің үстіңгі бетін бытыра ағынды өңдеу;
11) құйындының оймасын тазарту;
12) құйындыны жемірілуге қарсы жабынмен жабу.
2. Келісім жасалған немесе өндіріс басталған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен немесе бөлшектерді механикалық өңдеу өндірісі басталған сәттен жүзеге асырылатын операцияларға қосымша жүзеге асыру.

      Ескертпе:

      *ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

      **Технологиялық операциялар көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді конструкциясында аталатын бөлшектер мен тораптар болған кезде қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе) ауыл
шаруашылығы техникасына
компоненттерді өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісім
жасасу қағидалары мен
шарттары, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу үшін
негіздемелеріне
2-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компонентінің атауы

көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компонентінің өндіру бойынша технологиялық операциялар мен талаптар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5










      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Уәкілетті орган
____________________

Өндіруші
_________________

____________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

___________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

      Күні 20__ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе) ауыл
шаруашылығы техникасына
компоненттерді өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісім
жасасу қағидалары мен
шарттары, сондай-ақ оны
өзгерту және бұзу үшін
негіздемелеріне
3-қосымша

Келісім жасасу кезінде өндірушіге талап етілетін қолдау шараларының тізбесінің нысан-келісімі

Шара

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты органның кепілдігі

Келісілді немесе келісуден бас тартылды

1

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасының отыз төртінші абзацына сәйкес экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) құрамдастарының өндірісін ынталандыру

Қоршаған ортаны қорғау және индустриялық даму саласындағы уәкілетті органдар


2

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу

индустриялық даму саласындағы уәкілетті органдар


3

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 6-1), 6-2) тармақшаларына сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган


4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірісті мемлекеттік қолдаудың (немесе) ынталандырудың өзге де шаралары.

Тиісті шараны ұсынуға жауапты тиісті мемлекеттік орган


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы ___________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан

      Нур-Султан қ.                                           _________________

                                                                  (күні, айы, жылы)

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы осы келісім (бұдан әрі - Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын

      ________________________ негізінде әрекет ететін _______________________ атынан

      (өкілеттігін растайтын құжат)                   (уәкілетті органның атауы)

      __________________________________________________ (бұдан әрі - Уәкілетті орган)

      (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда))

      және _________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                        (өкілеттігін растайтын құжат)

      ____________________________________ атынан _____________________________

      Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы

      _________________________________________________________________________

      бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)) (бұдан әрі – Өндіруші) арасында жасалып, мыналар:

      1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгені;

      2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты және төмендегілер туралы осы Келісімді жасасқаны назарға алынды.

1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Осы Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      2. Мемлекеттік қолдау шаралары ұсынуға жауапты мемлекеттік органдармен келісілген осы Келісімге қосымшаға сәйкес Өндірушіге беріледі.

      3. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы нашарлату жағына қарай өзгерген жағдайда келісім күшіне енген кезде қолданылатын заңнамалар нормалары қолданылады.

2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      4. Өндіруші мыналарға:

      1) көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өнеркәсіптік құрастыруды қамтамасыз етуге;

      2) Уәкілетті органға шығарылатын өнімнің көлемі және орындалған технологиялық операциялар және көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өндіру жөніндегі талаптар бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей ұсынуға;

      3) Уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;

      4) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға бір ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.

      5. Уәкілетті орган:

      1) Осы Келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкеп соқтыратын Өндірушінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбеуге;

      2) өндірушінің жағдайын жақсартатын және (немесе) өндірушіге мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын ұсынуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қосымша келісімге қол қоюға;

      3) келісімнің іске асырылуын бақылауға;

      4) мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты тиісті мемлекеттік органдар шарттар жасасу кезінде консультациялық көмек көрсетуді және жәрдемдесуді қоса алғанда, өндірушіге мемлекеттік қолдау шараларын алуға жан-жақты жәрдем көрсетуге;

      5) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.

      6. Өндіруші:

      1) осы Келісімге және мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты тиісті мемлекеттік органдар жасалған шарттарға сәйкес шығарылатын өнімнің барлық көлеміне осы Келісімге қосымшада көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылатын өнімнің барлық көлеміне мемлекеттік қолдаудың өзге шараларын алуға;

      3) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттер жасауға; ;

      4) Уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген жолмен өз құқықтарын қорғауға, оның ішінде :

      осы Келісімнің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбағаны немесе толық көлемде ұсынбағаны үшін;

      мемлекеттік билік органының заңға сәйкес келмейтін актісін шығару, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) нәтижесінде;

      Уәкілетті органның осы Келісім бойынша міндеттемелерді бұзуы нәтижесінде осы Келісімге қосымшада көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардан өзіне келтірілген шығындардың толық өтелуін талап етуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды орындауға құқылы.

      7. Уәкілетті орган:

      1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) Осы Келісімде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жылына екі реттен асырмай көшпелі тексерулерді жүзеге асыруға құқылы;

      3) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және Келісімді бұзу

      8. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      9. Өндіруші бір күнтізбелік ай ішінде ұсынылмаған шараларды, ұсынылмаған мерзімдерді және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы талаптарды көрсете отырып мемлекеттік қолдау шараларын жауапты мемлекеттік органдармен және өзге де заңды тұлғалармен Өндіруші жасасқан келісім-шарттардың және осы Келісімнің шарттарына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбағаны немесе толық көлемде ұсынбағаны туралы Уәкілетті органды жазбаша өтініш жіберу арқылы хабардар етеді.

      10. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырады.

      11. Тараптар осы Келісімді :

      1) Тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші осы Қелісімнің 10-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен Уәкілетті органның бастамасы бойынша;

      3) Келісімде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алмаған немесе толық көлемде алмаған жағдайда өндірушінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      4) Келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда тыйым салынады.

      12. Уәкілетті орган өндірушіні келісімді бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:

      1) өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;

      2) өндірушінің келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтар Уәкілетті органның осындай бұзушылықтар туралы хабарламасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайларда бұзуға құқылы.

      13. Өндіруші Келісімді бұзу күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Уәкілетті органды жазбаша ескерте отырып, мынадай жағдайларда осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:

      1) Уәкілетті органның келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

      2) 8-тармақты ескере отырып, осы Келісімде көзделген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбау немесе ішінара ұсынылған жағдайларында бұзуға құқылы.

4-тарау. Форс-мажор

      14. Егер келісім бойынша міндеттемелерді орындамау немесе орындауда кідіріс еңсерілмейтін күш (бұдан әрі - форс-мажор) жағдайында туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.

      15. Форс-мажорға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар жатады.

      16. Форс-мажорлық жағдай туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап форс-мажор туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа форс-мажордың басталу күнін және оның мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.

      17. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

5-тарау. Құпиялылық

      18. Тараптар Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.

      19. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;

      4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

6-тарау. Дауларды реттеу

      20. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      21. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      22. Осы Келісіммен тікелей реттелмеген, оның ішінде құқықтарды қорғауға, сондай-ақ міндеттемелерді бұзғаны, мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбағаны үшін жауапкершілікке қатысты кез келген ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі (Келісімнің 5-тармағы 1) тармақшасының ережелері ескеріле отырып).

      23. Осы Келісімнің бірде-бір ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қолданылатын халықаралық келісімдерге орай (Келісімнің 5-тармағы 1) тармақшасының ережелерін ескере отырып) өндірушіге қолжетімді (немесе болашақта қол жетімді болуы мүмкін) өндірушіні қорғау құқығынан бас тарту немесе құқықтық қорғау құралдарын шектеу ретінде қаралмауы тиіс. Осындай құқықтық қорғау құралдарының барлығы және кез келгені Өндірушімен қандай да бір шектеусіз толық көлемде пайдалана алынады.

      24. Осы Келісім ұзарту мүмкіндігімен 20 жылға жасалды және ___________ жылға дейін қолданылады.

      25. ______ қаласында ___ "___" ____________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган
____________________

Өндіруші
_________________

 
_____________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

_____________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарына және (немесе) ауыл
шаруашылығы техникасына
компоненттерді өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісіміне
үлгілік нысанына
қосымша

Мемлекеттік қолдау шаралары тізбесі

Шара

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға жауапты уәкілетті органның кепілдігі

1

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасының отыз төртінші абзацына сәйкес экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электрлі қозғалтқыштары бар) құрамдастарының өндірісін ынталандыру

Қоршаған ортаны қорғау және индустриялық даму саласындағы уәкілетті органдар

2

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 295-1-бабының 3-тармағына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу

индустриялық даму саласындағы уәкілетті органдар

3

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 102-бабы 2-тармағының 6-1), 6-2) тармақшаларына сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган

4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірісті мемлекеттік қолдаудың (немесе) ынталандырудың өзге де шаралары.

Тиісті шараны ұсынуға жауапты тиісті мемлекеттік орган

______________________________________________________________________ Мемлекеттік органның атауы

_____________________________
Уәкілетті тұлғаның лауазымы (қолы)

_________________________
(тег, аты-жөні (болған жағдайда))


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады