"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 111 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21282 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 28-1 тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Тұрақтандыру портфелінің ең төменгі мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларын құрайды. Егер әрбір тоқсанның қорытындылары бойынша тұрақтандыру портфелінің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болған жағдайда, толықтыру үшін қажетті мөлшердегі қаражат тиісті тоқсаннан кейінгі 1 (бір) ай ішінде жинақ портфелінен тұрақтандыру портфеліне ауыстырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың мынадай индекстерінен тұратын дамыған елдер облигацияларының композиттік индексі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфель болып табылады:

      ICE BofAML 1-10 Year US Treasury Index (G5O2) – 62,5 (алпыс екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE Q1AR Custom Index (Q1AR) – 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year UK Gilt Index (G5L0) – 10 (он) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Japan Government Index (G5Y0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Australia Government Index (G5T0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofAML 1-10 Year Canada Government Index (G5C0) – 5 (бес) пайыз.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексінде эталондық бөлуге қайтару күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Дамыған елдер облигацияларының композиттік индексіндегі бағалы қағаздардың құрамы ай сайын өзгеріп отырады.

      Ұлттық Банк кірістілік пен тәуекел көрсеткіштерін күн сайын есептейді.";

      6-1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-2-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшаcында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы Министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 111 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
6-1-қосымша

Жеке басқарушының дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары портфелін секторлық бөлуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен)

ең жоғары (пайызбен)

Ақша (ағымдағы шоттарда қалған валюта, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары

70

100

Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

30

Депозиттер (салымдар)

0

20

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

50

Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар

0

20

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы "__" _______
№ ___ қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
6-2-қосымша

Корпоративтік облигациялар портфелінің секторлық бөлінуі

Активтердің түрлері

Нарықтық құны (туынды қаржы құралдары үшін олардың негізінде жатқан қаржы құралдарының нарықтық құны пайдаланылады)

ең төменгі (пайызбен)

ең жоғары (пайызбен)

Ақша (ағымдағы шоттарда қалған валюта, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаржы активтері)

0

15

Эталондық портфельге кіретін корпоративтік бағалы қағаздар

70

100

Эталондық портфельге кірмейтін корпоративтік бағалы қағаздар

0

15

Эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері, эталондық портфельге кіретін елдердің агенттік борыштық міндеттемелер, халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері

0

15

Депозиттер (салымдар)

0

15

Туынды қаржы құралдары (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі)

0

50


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады