Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-111/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 21293 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 205-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. "Донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18524 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 22 сәуірде электрондық түрде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-111/2020 бұйрығына
1 - қосымша/

Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің қағидалары, өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің қағидалары, өлшемшарттары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VІ ҚРЗ Кодексі 208-бабының 7 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленді және қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің тәртібін, өлшемшарттарын белгілейді.

2-тарау. Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің қағидалары, өлшемшарттары

      2. Қан қызметі ұйымы мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде жүзеге асырған донорға төленетін төлемді, сондай-ақ қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасының мөлшерін төлеуді жүргізеді.

      3. Төлем екі әдіспен: қолма-қол және қолма-қол қаражатсыз жүзеге асырылады.

      Қолма-қол қаражатпен есеп айырысу қан және оның компоненттерін донациялау күні, қолма-қол қаражатсыз - қан және оның компоненттерінің донациялау күнінен бастап екі банктік күннің ішінде жүзеге асырылады.

      Қолма-қол қаражатсыз төлем кезінде донор екінші деңгейдегі банкілердің карталық базасында ағымдағы шот ашуды растайтын құжатты ұсынылады.

      4. Өтеулі донордың плазмасында плазманы донациялау кезінде центрифугалау әдісімен қанның формалық элементтерінен бөлгеннен кейін көзбен хилез (ылайлау, опалесцирлеуші, ақшыл түстен ақ түске дейін) анықталған кезде төлем жүзеге асырылмайды.

      5. Қан қызметі ұйымдарының қажеттілігі бойынша донорларды мынадай өлшемшарттар кезінде қан және оның компоненттерінің донациясына шақырады:

      1) қанда құжатпен расталған белглі антигендік сипаттамалардың бар болуы (АВО жүйесі бойынша әмбебап қан тобы, резус-теріс тиістілік немесе қан компоненттері дайындалатын әлеуетті реципиентпен қан антигендері бойынша ұқсастық);

      2) қанның қажетті антигендік сипаттамаларын ескере отырып, әлеуетті донорларды жқмыстан тыс уақытта (түнгі сағаттар, демалыс және мереке күндері) шұғыл түрде шақырған жағдайда;

      3) белгілі бір топтағы және резус-тиістілігі бойынша қан компоненттеріне ұзақ мерзімді және жоғары қажеттілік туындаған жағдайда.

  бұйрығына
2 - қосымша/

Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде орындайтын донорларға төленетін төлемдердің мөлшері

      Қан мен оның компоненттерін донациялауды өтеулі негізде жүзеге асыратын донорларға төленетін төлемдердің мөлшері (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштер):

      1) бір реттік қан донациясы үшін (450 миллилитр ± 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;

      2) екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік плазма донациясы үшін (550 ± 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;

      3) екі реттік плазмаферез кезінде бір реттік иммундық плазма донациясы үшін (550 ± 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;

      4) екі реттік плазмаферез кезінде 1: 64-тен төмен емес резус антиденелер титрімен изоиммундық плазманың бір реттік донациясы үшін (550 ± 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;

      5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасының бір реттік (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) донациясы үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;

      6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасының бір реттік (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) донациясы үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.

      7) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында белгіленген көлемнен аз көлемдегі донациялау кезінде төлем осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.

  бұйрығына
3 - қосымша/

Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасының мөлшері

      Қанды және (немесе) оның компоненттерін донациялауды өтеусіз негізде жүзеге асырған донорға берілетін тегін тамақтың ақшалай баламасы не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшерін құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады