"Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21309 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақсан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
  № 69 Министрінің бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
1-қосымша

Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары

      1. Осы Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 199-бабына сәйкес әзірленді және әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру тәртібін айқындайды.

      2. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) бекітілген нысанға сәйкес хабарламасы бар тапсырыс хатпен:

      1) Кодекстің 169-бабының 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері;

      2) Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану;

      3) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;

      4) жосықсыз бәсекелестік;

      5) мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi белгілерінің бар екені туралы монополияға қарсы органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі.

      3. Хабарлама ведомствоның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және мыналарды:

      1) оған қатысты хабарлама жасалатын нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның атауын;

      2) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, сондай-ақ нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым бұзған құқық нормаларын бұзушылық белгісінің (белгілерінің) сипаттамасын;

      3) нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгісін (белгілерін) жою үшін жасауы қажет және (немесе) оны жасаудан тартынуы қажет әрекеттерді қамтиды;

      4) хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды;

      5) хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын;

      6) ведомствоның елтаңбалы мөрін қамтиды.

      4. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімі нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ведомствоға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінеді.

      Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады.

      Ведомство өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.

      5. Хабарламаның ішінара орындалғаны туралы аралық жауапты ұсыну немесе ақпаратты беру оның орындалғаны болып табылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 69 Министрінің бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама

      (шығарылған күні)                                    (шығарылған орны)

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы

      заңнамасын бұзушылық туралы мәліметтерді талдау нәтижесі бойынша

      _________________________________________ әрекеттерінде (әрекетсіздігінде)

      (хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі)

      _____________________________________________________ анықталды.

      (анықталған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері, сондай-ақ нарық субъектіcі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым бұзған құқық нормалары сипатталады.

      Мазмұндалғанның негізінде, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, ХАБАРЛАЙМЫН:

      1.______________________________________________________________

      (нарық субъектіcі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін жою үшін жасайтын және (немесе) жасаудан тартынуы қажет әрекеттер көрсетіледі).

      2. Хабарлама орындалсын және алынған күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарламаның орындалғаны туралы ақпарат жолдансын.

      Осы Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, оны орындаудың ведомство белгілеген мерзімін бұзу нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде)Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Төраға_________________________________

      (Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)) (мөрдің орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады