"Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 933 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21313 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 4 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйегі
№ 933 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабы 4 және 6-тармақтарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.

      Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      4. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіште толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда:

      1) 15 (он бес) минут ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді және оларды қабылдағаны туралы қолхат береді;

      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның курьерлік қызметі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды береді;

      Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ құжаттардың қолданыс мерзімі өтіп кеткен жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік қызмет ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 5-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Кодексте және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік қызмет арқылы жіберіледі.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.

      5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Кедендік әкелу баждарын
төлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау
қағидаларына
1-қосымша

"Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді туралы шешім немесе кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін ұсынылады

7

Жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні, мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік корпорация:
1) осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну және Кодекстің 92-бабы 2-тармағында көрсетілген негіздемелерін растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі қоса беріледі:
төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа щұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының және оның аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік және оның аумақтық бөлімшілері бөлігіндегі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген кезде;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідірту туралы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде;
Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарының расталған көшірмелері;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе себу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелу не оларды көрсетілген ұйымдар үшін жеткізу кезінде;
ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәлігінің көшірмесі, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар.
Кодекстің 92-бабы 3-тармағында көрсетілген негіздемелерді растау үшін өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі қоса беріледі:
өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, олардың құрауыштарын мен оның қосалқы бөлшектерін әкелу кезінде:
шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ коммерциялық құжаттарын жеткізу туралы шарт (келісімшарт);
әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).
3) кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезеңінің кестесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған, немесе мерзімі өтіп кеткен құжаттар көрсетілген;
2) көрсетілетін қызметті алушының кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық рәсім қозғалуы немесе құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3) Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Кедендік әкелу баждарын
төлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
немесе тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілсе) (бұдан әрі –
аты-жөні)
____________________________
(заңды мекен-жайы)
____________________________
(нақты мекен-жайы немесе
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекен-жайы,
телефон)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешім қабылдау өтініші

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 92-бабының 6-тармағына сәйкес (бұдан әрі –Кодекс) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы шешім қабылдауды сұраймыз.

      Шарт (келісімшарт), коммерциялық құжаттар __________________________________

      __________________________________________________________________________

                        (нөмірі (ол болған кезде ) және күні)

Тауардың атауы және сипаттамасы

Тауардың саны (өлшем бірлігінің көрсетілуімен)

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН)*





      Тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді:


кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру ұсыну туралы;

кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы.

      Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту мына негіздемелер бойынша іске асырылады (тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді):


Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес;

кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе мән-жайлары салдарынан зиян келтіруі өзге еңсерілмейтін күш;

кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;

ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;

өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (кедендік әкелу баждары төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің пайыздар төлеумен).

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімі:

      __________________________________________________________________________

                                          (айдың саны)

      Төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу

      баждардың сомасы**_______________________________________________________

                                                (теңгеде)

      Бөлім кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі:

кедендік әкелу баждардың сомасы, теңгеде

кедендік әкелу баждардың төлеу мерзімі

1



2




****

Қортынды***



      Өтінішке осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп

      төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларының 1–қосымшасының

      8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын қоса береміз:

      _____________________________________________________________________

                  (нөмірі (ол болған кезде ) және күні)

      Ескертпе

      * Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді Кодекстің 92-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 92-бабының 3-тармақтарына айқындалған негіздердің болуын қатар толтырылады, бұл ретте ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың классификациясы кедендік декларациялауда дұрыстығы айқындалады.

      ** Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қатысты берілген кедендік әкелу баждарын төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.

      *** Кедендік әкелу баждардың қортынды сомасы төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасына тең болуы керек.

      **** Кедендік әкелу баждарын төлеудің соңғы мерзімі кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімнен аспауы керек.

      _________________________                               ____________

      заңды тұлғаның толық атауы                                     қолы

      немесе жеке тұлғаның аты-жөні

      (егер ол жеке басын куәландыратын

      құжатта көрсетілсе)

  Кедендік әкелу баждарын
төлеуін кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау
қағидасына
3-қосымша
  нысан
  ____________________________
(аты-жөні (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілсе) немесе көрсетілетін
қызметті алушы ұйымның
атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің осы Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес "Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік қызметін көрсету стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге, сондай-ақ қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)….

      Осы қолхат әрбір тарапқа 1 (бір-бірден), 2 (екі) данада жасалды.

      Аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ______

      Телефон __________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе қолы

      20__жыл "___"________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады