"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21316 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 68 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 36 бұйрығымен
бекітілген

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімшелер – өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мен бақылауды, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;

      2) газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган – газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) баға белгілеу – тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастыру және қарау процесі;

      4) жария тыңдаулар – Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілген қызметтеріне) баға жобасын талқылау рәсімі;

      5) инвестициялық бағдарлама (жоба) – жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бағдарлама;

      6) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға;

      7) қоғамдық маңызы бар нарықтар – Кодекстің 116-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес бағалары мен тарифтерін мемлекет реттейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері);

      8) негізделген баға – осындай шығындар мен пайданың негізділігін растайтын нарық субъектісі ұсынған құжаттарға сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің негізделген шығындары мен пайдасының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосы жүргізген баға сараптамасының негізінде айқындалған баға;

      9) өзіндік құн – уәкілетті органның ведомствосы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) шекті бағасында ескеретін шығындар жиынтығы;

      10) уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) уәкілетті органның ведомствосы – қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы;

      12) шекті баға – осы Қағидаларға сәйкес өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде Субъект белгілеген және уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін оған қатысты мемлекеттік баға реттеу қолданылған баға да шекті баға болып табылады.

2-тарау. Бағаға сараптама жүргізу үшін ақпаратты және алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты электрондық нысанда ұсыну

      3. Бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты Субъект уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электрондық нысанда қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде ұсынады.

      Алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты Субъект уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын электрондық нысанда ұсынады.

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау мақсатында, сондай-ақ Кодекстің 124-8-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Субъектілердің бағаларын мониторингілеуді жүзеге асырады.

      Бағалар мониторингін жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Субъект Кодекстің 124-8-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға сәйкес бағаға сараптама жүргізеді.

      Субъект екі және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында қызметтер көрсеткен, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағындағы ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпарат уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.

      Субъект бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында қызметтер көрсеткен жағдайда бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпарат Субъектінің тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық бөлімшеге ұсынылады.

      4. Субъект уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне бағаға сараптама жүргізу үшін ақпаратты не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және шекті бағаның көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды, оның ішінде:

      1) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 404 бұйрық) бекітілген нысан бойынша бухгалтерлік балансты;

      2) № 404 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша пайда мен шығындар туралы есепті;

      3) "Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20021 болып тіркелген) 1 және 3-қосымшаларға сәйкес статистикалық нысан бойынша еңбек жөніндегі есепті (коды 251112139, индексі 1-Т, кезеңділігі жылдық, тоқсандық);

      4) "Құрылымдық статистика бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20008 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есепті (коды 271112130, индексі 1-ПФ, кезеңділігі жылдық);

      5) № 404 бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есепті;

      6) жалпы кәсіпорын және әрбір түрі бойынша жеке шығындар баптарын толық жаза отырып, бағаларды есептеу үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректерді;

      7) қолданылып отырған еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәліметтерді;

      8) шикізат пен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, жұмыскерлердің нормативтік саны туралы мәліметтерді;

      9) есепке алу саясатын (болған жағдайда);

      10) инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) (болған жағдайда);

      11) негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын;

      12) негізгі құралдар құнының ұлғаюына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған шығындардың жылдық сметасын (болған жағдайда);

      13) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген амортизациялық аударымдардың есептемелерін;

      14) тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланатын және (немесе) нақты көлемін растайтын құжаттарды – ниет хаттамаларын, шарттарды, өндіру (жеткізу) көлемінің есептемелерін, жобалық қуат және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректерді, сондай-ақ өндіру (жеткізу) көлемі төмендеген кезде Субъектілер негіздеме ұсынады;

      15) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясына шекті баға құрылымын (электр энергетикасы саласындағы субъект үшін);

      16) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын шекті бағадан жоғары көтерудің орындылығын негіздейтін түсіндірме жазбаны (шикізат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының көтерілуін растайтын жасалған шарттардың көшірмелері);

      17) қызметтің әрбір түрі бойынша жоспарланатын шекті бағаның жобасын ұсынады;

      18) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар бойынша негіздеуші материалдар ретінде Субъектінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы ниет хаттамаларымен және (немесе) есептемелерімен негізделген жоспарлы шығындар ұсынылады;

      19) бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат ұсыну не алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы ақпарат беру алдындағы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтізбелік жыл ішіндегі шығындар туралы нақты деректерді қоса бере отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпарат ұсынады.

      Субъект қызметін бір жылдан аз уақыт жүзеге асырған жағдайда қызметті жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін деректер ұсынылады.

      5. Субъект уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша Кодекстің 124-6-бабының 10) тармақшасына сәйкес бағаға сараптама жүргізу үшін ақпарат ұсынады. Субъект электрондық нысанда қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде ұсынады.

      Жүк қозғалысындағы локомотивтік тартқыш реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірістер есебінен жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметі бойынша шығыстарды субсидиялау тоқтатылған жағдайда Субъект уәкілетті орган ведомствосының сұрауы бойынша шекті бағаға сараптама жүргізу үшін Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

      6. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі ұсынылған ақпараттың негізінде бағаға сараптама жүргізеді немесе алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпаратқа шекті бағаның көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі қосымша материалдар сұратқан жағдайда бағаға сараптама жүргізу немесе алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы ақпаратты қарау мерзімдері Субъект тиісті материалдарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, шекті бағаны енгізу күні Субъект тиісті ақпаратты ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрған күндер саны ескерілген мерзімге ауыстырылады.

      7. Алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және оларды көтерудің себептері туралы ақпаратқа сараптама жүргізу немесе оны қарау қорытындылары бойынша Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны қалыптастыру осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      8. Кодекстің 124-6-бабының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізеді.

      9. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі және олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты мынадай:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптар бұзылған;

      2) Субъект осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбаған;

      3) Субъект анық емес ақпаратты ұсынған жағдайларда қараусыз қалдырады.

      10. Бағаға сараптама жүргізу немесе алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілу себептері және оларды көтеру туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Субъектіге:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаны келісу туралы хабарламаны;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданыстағы немесе жоспарланған бағаны шекті бағаның деңгейіне дейін төмендету жөніндегі дәлелді қорытындыны;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекті бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытындыны жібереді.

      Субъектіге хабарлама немесе дәлелді қорытынды жіберу кезінде осы Қағидаларға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша шығыстар сметасы Қоғамдық маңызы бар нарық субъектінің тауарына (жұмысына, көрсетілетін қызметіне) байланысты Электр энергетикасы саласындағы субъектіге – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электр энергиясына шекті бағаның құрылымы, Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектіге – осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде) қоса беріледі.

      Хабарлама немесе дәлелді қорытынды Субъектіге пошта арқылы хабарламамен жіберіледі не оның өкіліне қол қойғызумен қолма-қол беріледі, сондай-ақ субъектіге жіберілген немесе табыс етілген кезден бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті орган ведомствосының интернет-порталында орналастырылады.

      11. Шекті бағаны келісуге (қолдануға):

      1) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар топтары бойынша;

      2) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тасымалданатын жүктердің түріне, жылжымалы құрамның типіне байланысты;

      3) энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар тобы бойынша және тұтыну көлемі бойынша саралаумен жол беріледі.

      12. Субъект алынған хабарлама немесе дәлелді қорытынды негізінде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі айқындаған күннен бастап тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағасын белгілейді.

      13. Субъект шекті бағаны өсірместен, уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне бағаның төмендеу немесе көтерілу себептерін көрсететін ақпаратты баға төмендеген немесе көтерілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсына отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын өз бетінше төмендете немесе өсіре алады.

      14. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағаларын:

      шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;

      шекті бағаларда ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;

      шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтыну көлемінің, оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемінің асып кетуіне;

      уәкілетті органның ведомствосымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағасының көтерілуіне байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді.

      15. Субъект шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алған кірісті уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі осындай фактіні анықтаған кезден бастап тікелей тұтынушыларға күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қайтарады не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтарады.

      16. Электр энергетикасы саласындағы субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстар орындалмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі электр энергиясына сараланған тарифтерді қолданудан негізсіз алынған кіріс сомасын немесе толық алынбаған кіріс сомасын ескере отырып, келісілген шекті бағаға қосылған шығыстар мен электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына бұрын келісілген шекті бағаны түзетеді.

      Жеке тұлғалардың электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай тұтынушылардың электр энергиясына сараланған тарифтерді қолдануына байланысты, сондай-ақ тұтынушылар топтары бойынша тұтынушылардың сараланған тарифтерді қолдануы кезінде жеке және заңды тұлғалардың жалпы тұтыну көлемінің үлес салмағының өзгеруіне байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйым кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайларда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі шекті бағаны негізсіз алынған кіріс сомасына немесе толық алынбаған кіріс сомасына түзетеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Электр энергетикасы саласындағы субъектінің ақпаратын қарау барысында жобаланатын шекті бағаны келісілген шекті бағаға қосылған шығыстар мен электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасында айырманың пайда болу нәтижесінде алынған кірістің сомасына түзетеді.

      Егер Электр энергетикасы саласындағы субъектіде келісілген шекті бағада ескерілген электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі шығыстардың және электр энергиясын сатып алу және (немесе) беру жөніндегі нақты шығыстардың арасындағы айырманың ұлғаюы нәтижесінде шығын пайда болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Электр энергетикасы саласындағы субъектінің ақпаратын қарау кезінде шекті бағаны туындаған айырмаға түзетеді.

      Электр қуатының электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеумен байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 59-тармағына сәйкес жоғарылату коэффициенттерін қолданумен және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатумен байланысты шығындар бойынша Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъект кірісті толық алмаған немесе негізсіз кіріс алған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі шекті бағаны негізсіз алынған кіріс сомасына немесе толық алынбаған кіріс сомасына түзетеді.

      Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан, электр қуаты мен теңгерімдеуші нарықтан алынатын электр энергиясының құны (бағасы, тарифі) өзгерген жағдайда Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъект келісілген баға деңгейін өзгертпестен, электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымын қайта қарайды. Бұл ретте Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъект уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымының өзгеретіні туралы хабарлайды және оны электр энергиясына арналған шекті тариф құрылымы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес есептелген және жаңа учаскелерде (маршруттарда) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау және локомотивтік тартқыш бойынша қызметтер көрсететін Субъектінің бұрын келісілген шекті бағасында ескерілген шығыстар орындалмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі келісілген шекті бағаны келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстар мен ақпаратты кезекті қарау кезіндегі нақты шығыстар арасындағы айырманың туындауы нәтижесінде алынған кіріс сомасына түзетеді. Бұл ретте шығындарды орындамаудың жалпы сомасынан келісілген шекті бағаға енгізілген шығыстар мен осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес көлемдердің төмендеуіне және (немесе) шекті бағаның төмендеуіне байланысты нақты шығыстар арасындағы айырма алып тасталады.

      Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы және (немесе) тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф өзгерген жағдайда Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы субъект уәкілетті органның ведомствосымен бес жұмыс күннен кешіктірмей тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің бағасы қолданысқа енгізілгенге дейін қайта қарайды және келіседі, бұл ретте тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаның есебі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) баға белгілеу тәртібі

      17. Шекті бағаны қалыптастыру үшін Субъект тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алуды жүзеге асырады.

      Субъектіде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша шығындарды бөлек есепке алу болмаған жағдайда Субъектінің шығындары Субъектінің жалпы шығындарындағы кірістердің үлес салмағы (көлемі, өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығындар) бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін Субъектінің белгілі бір қызметінің түріне жататын шығындарды айқындауды көздейтін жанама әдістердің негізінде өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша бөлінеді.

      18. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының көтерілетіні туралы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді.

      19. Жария тыңдаулар өткізудің мақсаты жариялылықты, хабардарлықты, тұтынушылар мен Субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастырудың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

      20. Жария тыңдаулар өткізудің қағидаттары:

      1) жариялылық;

      2) тұтынушылар мен Субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтау;

      3) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларын қалыптастырудың ашықтығы.

      21. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырады және аптасына кемінде бір рет шығарылатын және:

      Субъект қызметтерді бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында көрсеткен, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың аумағында ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында;

      Субъект қызметтерді екі және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында көрсеткен, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында ішкі рейстерде әуежайлар қызметтерін көрсеткен жағдайда Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын баспасөз басылымында жариялайды.

      Жария тыңдаулар бағаларды келісу немесе бағаларды көтеру туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізіледі.

      22. Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жария тыңдауларды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;

      2) тыңдаулар өткізу күні, орны мен уақыты;

      3) Субъектінің атауы және тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының көтерілетіні туралы ақпарат берілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрі;

      4) уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің, Субъектінің байланыс телефондары;

      5) уәкілетті орган ведомствосы мен Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (болған жағдайда).

      23. Субъект жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша жария тыңдаулар өткізілгенге дейін:

      тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының жобаларын;

      тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының көтерілу себептері туралы экономикалық негізделген есептемелері бар ақпаратты ұсынады.

      24. Жария тыңдауларды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып өткізеді.

      25. Жария тыңдаулар өткізу үшін уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі басшыларының қатарынан жария тыңдаулардың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) тағайындалады. Төраға уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан жария тыңдаулардың хатшысын тағайындайды, ол жазбаша нысанда хаттама жүргізеді.

      26. Төраға белгіленген уақытта жария тыңдауларды бастайды, олардың мақсатын, күн тәртібін жариялайды және регламентті белгілейді.

      27. Субъект өз сөзінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ұсынылып отырған бағасының деңгейіне растайтын фото, бейне материалдарды (болған жағдайда) қоса бере отырып, егжей-тегжейлі түсініктеме және негіздеме береді.

      28. Жария тыңдауларға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өз көзқарасын, пікірін білдіреді, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қояды, өз сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттар, графиктер және тағы басқалар) пайдаланады және хаттамаға сөйлеген сөзін жазбаша қоса береді.

      Жария тыңдауға қатысушының жазбаша түрдегі пікірі жеке немесе заңды тұлғаның ресми тұлғаға берілетін өтінішіне теңестіріледі және жария тыңдау хаттамасына міндетті түрде енгізілуге, сондай-ақ тиісті шараларды одан әрі қарауға және қабылдауға жатады.

      29. Төраға жария тыңдаулардың қорытындысын шығарады және оны аяқтайды.

      30. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының көтерілуі туралы хабарламаны қарау туралы өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелерін, оның ішінде талқылаулардың стенограммаларын, қаралатын мәселелер бойынша қабылданған шешімдермен бірге отырыстардың хаттамаларын олар өткізілген күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      31. Шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (өткізуге) тікелей қатысты, негіздеуші есептемемен және болжамдық материалдармен (шарттармен, ниет хаттамаларымен, шот-фактуралармен, қаржы құжаттарымен және шығыстарды растайтын өзге де құжаттармен) расталған шығыстар ескеріледі, оның ішінде:

      1) растайтын құжаттарда (шарттарда, шот-фактураларда) көзделген бағаларға және тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бір бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия, материалдық ресурстар шығысының қолданылатын нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына сүйене отырып, материалдық ресурстардың нақты көлеміне негізделіп айқындалатын материалдық шығыстар;

      2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар, бұл ретте еңбекақы төлеу шығыстарын айқындау кезінде нормативтік саннан аспайтын (болған кезде) персоналдың (әкімшілік-басқару және өндірістік) нақты саны және инфляция деңгейінің болжамды өзгерісі ескеріліп, қолданыстағы бағада қабылданған орташа айлық жалақы есепке алынады. Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектілер үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда – 1-Т ірі және орта кәсіпорындардың саны мен кадрларға қажеттілігі туралы есепке сәйкес қызметкерлердің тізімдік саны қабылданады.

      3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және шекті бағаның шығын бөлігіне қосылады. Амортизациялық аударымдар инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға және (немесе) негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және (немесе) негізгі құралдар мен (немесе) материалдық емес активтерді сатып алуға бағытталады;

      4) Субъект негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсайтын қаражат осындай жұмыстың қажеттігін растайтын құжаттардың негізінде (осындай жұмыстарды жүргізу қажеттігін құжаттамалық техникалық растау, жиынтық сметалық есептемелер, объектілік, жергілікті және ресурстық сметалар (әрбір объект бойынша жеке), оның ішінде Субъектінің сенімгерлік басқаруындағы объектілер бойынша (егер сенімгерлік басқару шартында негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін осындай жөндеу жүргізу туралы талап қамтылса) шекті бағаның шығын бөлігіне қосылады;

      5) өндірілетін және (немесе) өткізілетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тікелей қатысты өзге өндірістік шығыстар шекті бағаның шығын бөлігіне салалық ерекшеліктер ескеріліп, растайтын құжаттардың негізінде қосылады;

      6) бағаларында инвестициялық бағдарламаны (жобаны) (болған кезде) іске асыруға жұмсалатын қарыз қаражаты үшін сыйақы төлемі ескерілетін шығыстар;

      7) егер көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу оларды көрсету фактісі бойынша жүргізілген жағдайда қызметті көрсету үшін қажетті айналым қаражатын толтыруға тартылған қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеміне арналған шығыстар;

      8) сатып алынатын аудиторлық, маркетингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;

      9) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеуге арналған шығыстар;

      10) қаржы жыл шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлері, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер шығыстары ескеріледі.

      Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектілер үшін шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын ниет хаттамалары да, сондай-ақ:

      қуат нарығын және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын енгізумен және электр қуатының электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатумен байланысты есептеу және болжамдық материалдар;

      электр қуатының электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;

      электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің есептік және шартты көлемі мен бірыңғай сатып алушы тиісті кезеңде іс жүзінде көрсеткен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің көлемі арасындағы айырма;

      электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатумен байланысты шығындар;

      электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы қызметтеріне арналған шығындар ескеріледі.

      32. Субъект жаңа учаскелерде (маршруттарда) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау және локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсеткен жағдайда және (немесе) жаңа учаскелерде (маршруттарда) нақты шығындар болмаған кезде персонал санының, шикiзат, материалдар, отын, энергия, жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін және осы учаскелер бойынша тікелей реттеліп көрсетілетін қызметтерге жататын өзге шығыстарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде және бағалар деңгейінің салыстырмалы талдауы қолданыла отырып жүргізіледі.

      33. Шекті бағаға қосылатын пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажетті қаражат ескеріліп шектеледі.

      Субъектілер инвестицияларды жеке және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Жеке қаражат көздері пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.

      Қарыз қаражатын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

      Субъектіде инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда шекті бағаға қосылатын Субъект пайдасының деңгейі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму факторларына негізделе отырып айқындалады.

      Уәкілетті органмен келісілген инвестициялық бағдарламаның қолданыс мерзімі өткен жағдайда шекті баға бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға тартылған қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеуге бағытталған қаражаттарды қоспағанда, келісілген инвестициялық бағдарламаны (амортизациялық аударымдар мен пайдалар) іске асыруға бағытталған сомаға төмендетіледі. Бұл ретте, Субъект инвестициялық бағдарламаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын осы Қағидаларға 36-тармаққа сәйкес материалдарды ұсына отырып, келісілген шекті бағаларды көтерместен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) келісі туралы ұсыныспен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      34. Шекті бағаны қалыптастыру кезінде өзіндік құнда тауарлар өндіруге, жұмыстар (қызметтер) көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстар, сондай-ақ:

      1) тауарлар өндіру, жұмыстар (қызметтер) көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

      3) үмітсіз борыштар;

      4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығасылары;

      5) кірісті жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      6) жымқырудан болатын шығындар;

      7) қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелер өндірісінде қолданысқа енгізілмеген активтерді ұстау;

      8) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын ұстау;

      9) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;

      10) ұйым жұмыскерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған пайызсыз несиелерді қоса алғанда, несиелерді өтеу;

      11) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;

      12) бау-бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

      13) демеушілік көмек көрсету;

      14) өндірістік ақаудан болған шығындар;

      15) өндірісті вахталық ұйымдастыруды қоспағанда, Субъектілердің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй-жайларды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақүйлердегі орындарды сатып алу, жалдау және ұстау;

      16) мерейтойлар күніне немесе жұмыскерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтарды сатып алу;

      17) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық шығындар, тауар-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуы және жетіспеушілігі, өндірілмейтін шығыстар;

      18) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы беру және ынталандыру;

      19) өндірістік қажеттілікке байланысты іс-шараларды қоспағанда, оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дәрістерді, көрмелерді, пікірталастарды, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулерді, ғылыми-техникалық конференцияларды өткізу және ұйымдастыру;

      20) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналар;

      21) білім беру ұйымдарында оқитын жұмыскерлердің демалыстарына ақы төлеу;

      22) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, Субъектінің қаражаты есебінен жұмыскерлердің және олардың балаларының емделуіне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеу;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (Субъект өз жұмыскерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүлікті сақтандыру шарттары бойынша төлеп отыратын жарналар);

      24) жұмыскерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс), оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеу, жұмыскердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеу;

      25) Субъектінің жұмыскерлеріне жеңілдіктер;

      26) мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерьлеріндегі балалардың тамақтану құнын өтеу;

      27) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударымдар;

      28) банктердің және тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтері;

      29) консалтингтік компаниялардың көрсетілетін қызметтерінің шығыстары ескерілмейді.

      35. Инвестициялық бағдарлама (жоба) Субъект тауарының (жұмысының, көрсетілетін қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.

      Субъектінің инвестициялық бағдарламасы (жобасы) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып әзірленеді және түзетіледі.

      36. Субъект инвестициялық бағдарламаға (жобаға) мынадай материалдарды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Субъектінің инвестициялық бағдарламасының жобасын;

      2) сатып алынатын негізгі құралдардың, құрылыс-монтаж жұмыстарының құнын көрсетумен баға деңгейін салыстырмалы талдауды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін жоспарланып отырған шығындар туралы ақпаратты;

      3) қаржыландырудың, оның ішінде қарыз ресурстарының (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттары) болжамды мөлшерін және алдын ала шарттарын растайтын құжаттарды;

      4) егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда оны қаржыландыру мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды ұсынады.

      37. Субъект ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне келісілген шекті бағаны көтерместен, келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныспен жүгіне алады.

      38. Келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) өзгерту туралы ұсынысқа:

      инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізуді негіздейтін материалдарды (бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы) қоса бере отырып, түзетулер ескерілген инвестициялық бағдарламаның жобасы;

      негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаға (жобаға) өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы Субъектінің бағалауы;

      қаржыландыру мен қарыз қаражатын қайтарудың ықтимал талаптары қоса беріледі.

      Егер инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер тартылса, онда қаржыландырудың мөлшері мен талаптарын растайтын құжаттар ұсынылады.

      39. Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) түзету туралы ұсыныс берілген кезден бастап оны күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

      Инвестициялық бағдарламаның шекті бағада ескерілген келісілген сомасы төмендеген кезде уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің шекті бағасын төмендетеді.

      40. Келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) өзгертуден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі Субъектіге келісілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) өзгертуден бас тарту туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      38-тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбау және (немесе) толық көлемде ұсынбау бас тарту үшін негіз болып табылады.

      41. Тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізілетін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы Субъектіні қоспағанда, Субъектінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бойынша шекті бағаны саралау кезінде есептеу осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, контейнерлермен, контейнерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі көрсетілетін қызметтердің шекті бағасын саралау кезінде есептеу осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Субъект Кодекстің 124-8-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне:

      20_жылғы (жартыжылдық) шекті бағада (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) ескерілген, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты

      1 тамыздан кешіктірмей – осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) жартыжылдық ақпаратты;

      1 мамырдан кешіктірмей – өткен жыл үшін осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) туралы жартыжылдық ақпаратты;

      есепті айдан кейінгі соңғы екі айдан кешіктірмей, осы Қағидаларға 16, 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру (өткізу) көлемі, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті;

      есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, растайтын материалдарды қоса бере отырып, Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты;

      бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не алдағы уақытта тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің босату бағасын көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты ұсынады.

      43. Субъект осы Қағидаларға сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындайды.

      Субъект шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не осы Қағидаларға сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қайтарады.

      44. Субъект мерзімді баспасөз басылымын, теле-радиоарнаны, киноқұжаттықты, дыбыс-бейне жазбасын және Субъектінің интернет-ресурсын қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық таратудың өзге де нысанын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады:

      есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, растайтын материалдарды қоса бере отырып, Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты;

      есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, шекті бағада ескерілген, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтыну, оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты;

      есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты;

      уәкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне келісу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағаларын көтеру туралы ақпаратты және негіздеуші материалдарды орналастырады.

      45. Субъект өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастырады.

      46. Инвестициялық бағдарлама келісілген сәттен бастап бір жылдық мерзім өткеннен кейін шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшесі инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы не орындалмауы туралы ақпаратты қарау қорытындылары бойынша Субъектіге Кодекстің 124-6-бабының 7) тармақшасына сәйкес нұсқама енгізеді.

      Субъект уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің нұсқамаларын Кодекстің 124-8-бабының 7) тармақшасында көзделген мерзімдерде орындайды.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Алдағы уақытта тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағасын көтеру туралы ақпарат

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы________________________

      2. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) түрі _______________________________

      3. Жоспарланған іс-қимылдар __________________________________________

                  (алдағы уақытта шекті бағаны көтеру туралы ақпарат)

      4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі шекті бағаны көтеруді жоспарлаған

      күн _________________________________________________________________

      5. Қоса беріген құжаттар (материалдар)___________________________

      Басшы ______________________________________________________________

                        аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Электр энергиясына шекті бағаның құрылымы

      __________________________________ қолданысқа енгізе отырып, электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге

      __________________________________________________________________________

                  (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Атауы

Көлем (кВтсағ.; МВт)

Бағасы айына 1 кВт/сағ. үшін, 1 МВт үшін

Құны (теңге)

Станциялардың атауы




1 - станция




2 - станция




3 - станция




Электр энергиясын сатып алу үшін орташа өлшенген баға жиыны




Өңірлік электр желілік компанияның және энергия беруші ұйымдардың атауы




Өңірлік электр желілік компания




1 - энергия беруші ұйым




2 - энергия беруші ұйым




Электр энергиясын берудің орташа өлшенген баға жиыны




Электр қуатының электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар




Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің есептік немесе шартты көлемі мен осы көрсетілетін қызметтің тиісті кезеңдегі нақты көлемі арасындағы айырмашылық




Теңгерімдеуші нарық бойынша шығындар




"KEGOC" акционерлік қоғамының ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтердің құны




"KEGOC" акционерлік қоғамының техникалық диспетчерлендіру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтердің құны




"KEGOC" акционерлік қоғамының электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік көрсетілетін қызметтердің құны




Электр қуатын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны




"КОРЭМ" акционерлік қоғамының электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы қызметтерінің құны (болған жағдайда)




Жабдықтау үстемеақысы, барлығы




Пайда




Босату тарифінің барлығы (қосылған құн салығын есепке алмастан)




  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Шекті бағаны келісу туралы хабарлама

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық уәкілетті орган Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы ақпаратты қарап

      __________________________________________________________________________

      (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы) көрсетілетін қызметтерге

      (көрсетілетін қызметтердің түрлері) алдағы уақытта шекті бағаны көтеру туралы

      хабарламаны қарап,

      Қағидаларға сәйкес _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметтер, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, қолдану

      күні) шекті бағаны келісу туралы хабарлайды.

      Негіздеме ________________________________________________

                  (шекті бағаны келісу себебі)

      Басшы _______________________________________________________

                        аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қолданыстағы немесе жобаланған бағаны шекті бағаның деңгейіне дейін төмендету жөніндегі дәлелді қорытынды

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық уәкілетті орган Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы ақпаратты қарап

      _________________________________________________________________________

      (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы)

      __________________________________________________ көрсетілетін қызметтеріне

      (көрсетілетін қызметтердің түрлері) шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы

      хабарламасын қарап, Қағидаларға сәйкес

      _________________________________________________________________________

                        (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы)

      қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтерінің қолданыстағы немесе жобаланған

      шекті бағасын Қағидаларға сәйкес негізделген шекті баға деңгейіне дейін төмендетудің

      қажеттілігі туралы хабарлайды.

      Негіздеме_____________________________________________________

      (қолданыстағы немесе жобаланған шекті бағаны төмендету себебі)

      Басшы _______________________________________________________

                        аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Шекті бағаны көтеруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық уәкілетті орган Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы ақпаратты қарап

      ________________________________________________________________________

                  (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы)

      _________________________ көрсетілетін қызметтеріне (көрсетілетін қызметтердің

      түрлері) шекті бағалардың алдағы көтерілуі туралы хабарламаны қарап, Қағидаларға

      сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтер, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы)

      шекті бағалардың алдағы көтерілуіне тыйым салынатыны туралы хабарлайды.

      Негіздеме ____________________________________________________

      Басшы______________________________________________________

                  аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі, (қолы)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Электрмен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар сметасы (жабдықтау үстемеақысы)

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1.1

Өзге де материалдар

мың теңге


1.2

Жанар-жағармай материалдары

мың теңге


2

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


2.3

Әлеуметтік төлемдер

мың теңге


2.4

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Өзге шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде



4.1

Қосалқы бөлшектер

мың теңге


4.2

Автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


4.3

Жұмыскерлерді сақтандыру

мың теңге


4.4

Автокөлікті сақтандыру

мың теңге


4.5

Кеңсе тауарларына арналған шығыстар

мың теңге


4.6

Баспахана қызметтерінің шығыстары

мың теңге


4.7

Жылжымайтын мүлікті жалдау шығыстары

мың теңге


4.8

Коммуналдық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


4.9

Объектіні күзету шығыстары

мың теңге


4.10

Өрт сөндіру құралдарына шығыстар

мың теңге


4.11

Жол жүру билеттері

мың теңге


4.12

Медициналық тексеру

мың теңге


4.13

Негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


4.14

Кадрларды оқыту

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


5

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде



5.1

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


5.2

Әкімшілік басқарушы персоналдың жалақысы

мың теңге


5.3

Әлеуметтік салық

мың теңге


5.4

Амортизация

мың теңге


5.5

Салық төлемдері мен алымдар

мың теңге


5.6

Іссапар шығыстары

мың теңге


5.7

Байланыс қызметтері

мың теңге


5.8

Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

мың теңге


5.9

Банк қызметтері

мың теңге


5.10

Басқа да шығыстар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде



5.10.1

Жанар-жағармай материалдары

мың теңге


5.10.2

Қосалқы бөлшектер

мың теңге


5.10.3

Автокөлікті ұстау шығыстары

мың теңге


5.10.4

Автокөлікті сақтандыру

мың теңге


5.10.5

Нотариаттық көрсетілетін қызметтердің шығыстары

мың теңге


5.10.6

Жұмыскерлерді сақтандыру шығыстары

мың теңге


5.10.7

Баспахана қызметтерінің шығыстары

мың теңге


5.10.8

Мерзімді баспа шығыстары

мың теңге


5.10.9

Кеңсе тауарларына арналған шығыстары

мың теңге


5.10.10

1С қызмет көрсету шығыстары

мың теңге


5.10.11

Ұйымдастыру техникасын ұстау шығыстары

мың теңге


5.10.12

Пошта көрсетілетін қызметтерінің шығыстары

мың теңге


5.10.13

Өзге материалдарға арналған шығыстар

мың теңге


5.10.14

Хабарландыруларға арналған шығыстар

мың теңге


5.10.15

Автокөлікті жалдау және оны ұстау

мың теңге


5.10.16

Ақпараттық көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.17

Күзет көрсететін қызметтері

мың теңге


5.10.18

Заңгерлік көрсетілетін қызметтері

мың теңге


5.10.19

Негізгі құралдарды жөндеу

мың теңге


5.10.20

Консультациялық көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар

мың теңге


5.10.21

Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.22

Жабдықты техникалық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер

мың теңге


5.10.23

Компьютерлерді/жабдықты жалдау

мың теңге


5.10.24

Бейнебақылау көрсететін қызметтері

мың теңге


5.10.25

"Кол-орталық" жабдығын сүйемелдеу

мың теңге


5.10.26

"Электрондық кезекке" қызмет көрсету бойынша шығыстар

мың теңге


6

Қарыз қаражаттары үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар

мың теңге


III

Жабдықтау үстемеақысы бойынша барлық шығын

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кіріс

мың теңге


VI

Өткізу көлемі

мың кВт/сағ.


VII

Қосымша құн салығын есепке алусыз өткізу құрамдас бөлігі

теңге/кВтсағ.


  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар сметасы (жабдықтау үстемеақысы)

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Тауарлар өндіруге және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1.1

Материалдар

мың теңге


1.2

Отын

мың теңге


1.3

Электр энергиясы



2

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


2.3

Әлеуметтік төлемдер

мың теңге


2.4

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Жөндеу

мың теңге


5

Бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері

мың теңге


6

Өзге де шығындар (толық жазу)

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


7

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде



7.1

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


7.2

Жалақы

мың теңге


7.3

Әлеуметтік салық

мың теңге


7.4

Амортизация

мың теңге


7.5

Салықтар

мың теңге


7.6

Іссапар шығыстары

мың теңге


7.7

Байланыс қызметтері

мың теңге


7.8

Банк қызметтері

мың теңге


7.9

Басқа шығыстар (толық жазу)

мың теңге


8.

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

мың теңге


III

Барлық шығындар

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кірістер

мың теңге


VI

Көрсетілетін қызметтер көлемі

заттай мәнде



Қосымша құн салығын есепке алусыз өткізу құрамдас бөлігі (жабдықтау үстемеақысы)

теңге/1000 м3


      Анықтама ретінде:


Персоналдың тізім бойынша орташа саны,

адам



Оның ішінде:




өндірістік




әкімшілік




Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге



өндірістік персоналдың




әкімшілік персоналдың



      Ескертпе: шығындар көрсетілетін қызметке байланысты қажет болған жағдайда кеңейтілуі және (немесе) қысқартылуы мүмкін.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі шығыстарының сметасы

Р/с №

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Келісілді

I

Тауарлар өндіруге және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1

Материалдық шығындар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


1.1

Материалдар

мың теңге


1.2

Отын

мың теңге


1.3

Электр энергиясы



2

Еңбекке ақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге



Оның ішінде

мың теңге


2.1

Жалақы

мың теңге


2.2

Әлеуметтік салық

мың теңге


2.3

Әлеуметтік төлемдер

мың теңге


2.4

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

мың теңге


3

Амортизация

мың теңге


4

Жөндеу

мың теңге


5

Бөгде ұйымдардың көрсетілетін қызметтері

мың теңге


6

Өзге де шығындар (толық жазу)

мың теңге


II

Кезең шығыстары

мың теңге


7

Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы

мың теңге



Оның ішінде



7.1

Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы

мың теңге


7.2

Жалақы

мың теңге


7.3

Әлеуметтік салық

мың теңге


7.4

Амортизация

мың теңге


7.5

Салықтар

мың теңге


7.6

Іссапар шығыстары

мың теңге


7.7

Байланыс қызметтері

мың теңге


7.8

Банк қызметтері

мың теңге


7.9

Басқа шығыстар (толық жазу)

мың теңге


8.

Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар

мың теңге


III

Барлық шығындар

мың теңге


IV

Пайда

мың теңге


V

Барлық кірістер

мың теңге


VI

Көрсетілетін қызметтер көлемі

заттай мәнде



Қосымша құн салығын есепке алусыз өткізу құрамдас бөлігі (жабдықтау үстемеақысы)

теңге/1000 м3


      Анықтама ретінде


Персоналдың тізім бойынша орташа саны,

адам



Оның ішінде:




Өндірістік




Әкімшілік




Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде

теңге



өндірістік персоналдың




әкімшілік персоналдың



      Ескертпе: шығындар көрсетілетін қызметке байланысты қажет болған жағдайда кеңейтілуі және (немесе) қысқартылуы мүмкін.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде)

Атауы

Өлшем бірлігі

Деңгейі

1

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы

теңге/1000 м3


2

Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф



3

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шығындары (жабдықтау үстемеақысы)



4

Тауарлық газдың шекті бағасының жиыны, оның ішінде



Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз *

1

Тұрмыста тұтынушылар (халық)



2

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



3

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



4

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



5

Өзге заңды тұлғалар



6

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8

Тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар



Газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен

1

Тұрмыста тұтынушылар (халық)



2

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



3

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



4

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясы өндірісіне арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



5

Өзге заңды тұлғалар



6

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8

Тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар



      Ескертпе: Тауарлық газды тұтынушылар газ тарату желілері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз сатып алған жағдайда.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі инвестициялық бағдарламасының жобасы

Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы ақпарат, мың теңге

Іс-шаралардың атауы

Өлшем бірлігі (заттай көрсеткіштер үшін)

Заттай көрсеткіштегі сан

Инвестициялық бағдарламаның (жобаның) сомасы, мың теңге

Өз қаражаты

Қарыз қаражаты

Бюджет қаражаты

1

2

3

4

5

6

7

8

1.1








....








2








...








      Ұйымның басшысы ______________________________________________

                              (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі, қолы, күні)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
11-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаны есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаларды есептеу үшін мына формула қолданылады.

     


      мұндағы:

      Zi – i көрсетілетін қызметіне баға;

      Ci – і көрсетілетін қызметінің өзіндік құны;

      Pi – і көрсетілетін қызметіне пайда.

      2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) шекті бағаларды қалыптастыру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің, оның ішінде Қағидалардың талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) ұсынудың өзіндік құны мына формула бойынша есептеледі:

     


      мұндағы:

      Ci – талдау жасалатын уақыт кезеңі ішінде ұсынылатын і көрсетілетін қызмет бірлігінің өзіндік құны;

      Sij – талдау жасалатын уақыт кезеңі ішінде ұсынылатын і көрсетілетін қызметін жасаудың (желі элементтерін қолданудың) технологиялық процесіне сүйене отырып айқындалатын экономикалық негізделген шығындар сомасы;

      Nij – заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметті тұтынушылармен жасаған шарттарымен, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің заттай көрсеткіште талдау жасалатын уақыт кезеңі ішінде ұсынылатын бағалар деңгейін қолдау немесе көтеру мақсатында көлемдерді төмендетуге жол бермеу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ниет хаттамаларымен және есептеулермен расталған і реттелетін қызмет ұсынудың жоспарланған және (немесе) іс жүзіндегі жылдық көлемі.

      4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі шекті бағаға қосатын і көрсетілетін қызметіне пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға қажетті қаражат ескеріліп шектеледі.

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінде инвестициялық бағдарлама (жоба) болмаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің шекті бағаға енгізілген пайда деңгейі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму факторларына сүйене отырып айқындалады.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
12-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын саралау арқылы тұтынушылардың бірінші топтан бастап алтыншы топқа дейін тауарлық газды көтерме (бұдан әрі – көтерме бағалар) саудада өткізудің бағаларын саралауды ескере отырып (әр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке (газды магистральдық газ құбыры арқылы тасымалдау және сақтау жөніндегі тарифті ескере отырып) жүзеге асырылады. Тұтынушыларды жетінші және сегізінші топтары үшін көтерме бағаларды саралау жүзеге асырылмайды.

      2. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

      тұтынушылардың І тобы – тауарлық газды газ тарату жүйелерінен бөлшек саудада өткізу арқылы алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық);

      тұтынушылардың ІІ тобы – тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың ІІІ тобы – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың IV тобы – тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін сатып алатын жылу энергетикалық компаниялар;

      тұтынушылардың V тобы – тұтынушылардың бірінші және төртінші топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар;

      тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар.

      тұтынушылардың VII тобы – тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және газбен жабдықтау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардың VIII тобы – тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар.

      4. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы Қағидаларға сәйкес айқындалады және тұтынушылардың тауарлық газдың газ тарату жүйелері арқылы тасымалдануын есепке алусыз және тауарлық газдың газ тарату жүйелері арқылы тасымалдануын есепке алумен, тұтынушылардың тауарлық газды сатып алуына қарай бөлінеді.

      5. Тұтынушылардың ІІ-VIII топтарымен газ таратушы жүйелер арқылы газды тасымалдауға жеке шарт жасалады.

      6. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін халық үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін оның саралануы ескеріле отырып, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ тарату ұйымының шығындарынан;

      газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтен тұрады.

      7. Тұтынушылардың екінші тобынан бастап алтыншы тобын қоса алғандағы топтары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тауарлық газдың саралануы ескеріле отырып оны бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;

      тауарлық газды өткізу бойынша газ тарату ұйымының шығындарынан;

      газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтен (өнеркәсіптік тұтынушылар және ЖЭК тауарлық газды тарату желілері бойынша сатып алған жағдайда) тұрады.

      7.1. Тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың VII тобы үшін тауарлық газды өткізудің көтерме бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу жөніндегі шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тұтынушылардың жетінші тобы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы сатып алған жағдайда) тұрады.

      Тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың VIII тобы үшін тауарлық газды өткізудің көтерме бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу жөніндегі шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тұтынушылардың сегізінші тобы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы сатып алған жағдайда).

      8. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына сәйкес тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау газдың көтерме саудада өткізу бағалары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      9. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін сараланған көтерме саудада сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: БсаралI = Б х k) -Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: БсаралI = (БқолдI х k) -Қ

      мұндағы:

      БсаралІ – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      БқолдІ – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      10. Тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газға сараланған көтерме бағаларды есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: Бсарал II = (БқолдII х k1)-Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: Бсарал II = (БқолдII х k1)-Қ

      мұндағы:

      Бсарал II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Бқолд II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге /1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      к1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      11. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: БсаралIII = (БқолдIII х k2)-Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: БсаралIII = (БқолдIII х k2)-Қ

      мұндағы:

      БсаралIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      БқолдIII – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      12. Тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: Бсарал IV = (Бқолд IV х k3)-Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: Бсарал IV = (Бқолд IV х k3)-Қ

      мұндағы:

      Бсарал IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бқолд IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер;

      к3 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      13. Тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: Бсарал V = (Бқолд V* k4)-Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: Бсарал V = (Бқолд V* k4)-Қ

      мұндағы:

      Бсарал V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бқолд V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3)

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізуге арналған шығындары;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      к4 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеру коэффициенті.

      14. Тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      БсаралVI = (Vжалпы-жыл х Бкб – (VI-жыл х БсаралI) - (VII-жыл х Бсарал II) – (VIII жыл х Бсарал III) – (VIV-жыл х Бсарал IV) – (VV-жыл х Бсарал V)) / VVI,

      мұндағы:

      БсаралVI – тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Vжалпы-жыл – бір жылға арналған тауарлық газды өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000м3в);

      Бкб – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      БсаралI – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Бсарал II – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Бсарал III – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге /1000 м3);

      Бсарал IV – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал V – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      VІ-жыл - тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VII-жыл – тұтынушылардың екінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VIII-жыл – тұтынушылардың үшінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VIV-жыл – тұтынушылардың төртінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VV-жыл – тұтынушылардың бесінші тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3);

      VVI-жыл – тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға жоспарланған көлемі (1000 м3).

      15. Тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: Б VII = БкбVII+Қ+Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: Б VII = БкбVII+Қ

      мұндағы:

      Б VII – тұтынушылардың жетінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкбVII – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың жетінші тобы үшін шекті көтерме баға;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (теңге/1000 м3);

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер (теңге/1000 м3).

      16. Тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен: Б VIII = БкбVIII+Қ+Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз: Б VIII = БкбVIII+Қ

      мұндағы:

      Б VIII – тұтынушылардың сегізінші тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкбVIII – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың сегізінші тобы үшін шекті көтерме баға;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ таратушы ұйымның тауарлық газды өткізуге арналған шығындары (теңге/1000 м3);

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтер (теңге/1000 м3).

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
13-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын (электрмен жабдықтауды) бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясын бөлшек саудада өткізуінің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінген:

      тұтынушылардың 1-тобы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтерді көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;

      тұтынушылардың 2-тобы – электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;

      тұтынушылардың 3-тобы – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.

      Электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағаларының есептемесі.

      4. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына сараланған шекті бағаларды есептеу Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде уәкілетті органның ведомствосы (және) немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті ескеріле отырып жүзеге асырылады және мына формула бойынша айқындалады:

      Бсарал1 = Zқолд. * k , теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Бқолд. – бірінші топ үшін қолданыстағы баға, теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз);

      k – Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды индексінің негізінде уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі айқындайтын тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаның өзгеру коэффициенті.

      БсаралI оны тұтыну көлеміне қарай сараланады. Бұл ретте, тұтынушы төлемді БсаралI бойынша не оны тұтыну көлеміне қарай жүргізуге құқылы.

      5. Тұтынушылардың екінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу (тұтынушылардың үшінші тобы болмаған жағдайда) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V2, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      Zi – тұтынушылардың тобы бойынша саралаусыз шекті баға;

      Vжалпы жыл – энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын өткізудің жоспарлаған жылдық көлемі, кВт.сағ.;

      V1 – тұтынушылардың бірінші тобының электр энергиясының жоспарлаған көлемі, кВт.сағ.;

      V2 – тұтынушылардың екінші тобының электр энергиясының жоспарланған көлемі, кВт.сағ.;

      6. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда, тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 *V1))/V3 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз),

      мұндағы:

      V3 – тұтынушылардың үшінші тобының жоспарланған электр энергиясының көлемі, кВт.сағ.;

      7. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы болған жағдайда, тұтынушылардың екінші және үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 3 = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/ V3, теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің электр энергиясын тұтынушылар топтары бойынша бөлшек саудада өткізуінің шекті бағаларын есептеудің бақылауға арналған үлгісі

      Мысал:

      Бастапқы деректер:

      Zi = 16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      Zқолд. = 14,00 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз)

      K = 1,07

      Vжалпы жыл. = 2 377,8 млн.кВтсағ., оның ішінде:

      V1 = 750,8 млн.кВтсағ.

      VIII = 1 627,0 млн.кВтсағ.

      Тұтынушылардың екінші және үшінші топтары үшін (олар болған жағдайда) электр энергиясына шекті бағаны есептеу үшін қосымша деректер:

      VII = 800,0 млн.кВтсағ.

      VIII = 827,0 млн.кВтсағ.

      Бсарал III = 15,28 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      1. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал I = Zқолд. * k , теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал I = 14,0 * 1,07 = 14,98

      2. Тұтынушылардың екінші тобы болмаған жағдайда тұтынушылардың үшінші тобы үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал III = ((Zi * Vжалпы жыл.) – (Бсарал I *VI))/VIII теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз)

      Бсарал III = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8))/1 627 = 17,20 теңге/кВт.сағ. (ҚҚС-сыз).

      3. Тұтынушылардың екінші және үшінші тобы (тұтынушылардың екі тобы да болған жағдайда) үшін электр энергиясына шекті бағаны есептеу мына формулалар бойынша жүзеге асырылады:

      Бсарал 2=Zi, теңге/ кВтсағ. Бсарал2=16,50 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз) Бсарал3 = ((Zi * Vжалпы жыл. ) – (Бсарал1 * V1) – (Бсарал 2 * V2))/V3 Бсарал3 = ((16,50 * 2 377,8) – (14,98 * 750,8) – (16,50 * 800))/827 = 17,88 теңге/кВтсағ. (ҚҚС-сыз).

      Ескертпе:

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралауы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген) Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
14-қосымша

Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, контейнелермен, контрейлерлік жөнелтімдермен, жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны есептеу

      1. Теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, контейнелермен, контрейлерлік жөнелтімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) бойынша шекті бағаны есептеу тасымалданатын жүктердің түріне және жылжымалы құрамның типіне қарай бағаларды саралауды есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      1-1. Жолаушыларды тасымалдау кезінде локомотивтік тартқыш қызметі бойынша шекті бағаны есептеу кезінде, бағаның шығындық бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, Субъектіге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін субсидиялар, сондай-ақ теміржол көлігі туралы заңнамаға сәйкес Субъектіге төленетін, бағаның шығындық бөлігін азайтуға қабылданатын уақытша теңгерімдеуші төлем ескеріледі.

      Шығыстар сметасында Субъектіге төленетін уақытша теңгерімдеуші төлемнің жалпы сомасы және оның ішінде шекті бағаны есептеу кезінде ескерілетін уақытша теңгерімдеуші төлемнің сомасы көрсетіледі.

      Өндірістік функцияларды аутсорсингке беруге байланысты Субъектінің шығыстары ұлғайған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы шекті бағаны өзіндік құнда қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъект қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде шығыстарды есепке алады.

      2. Көрсетілетін қызметке шекті бағаны қалыптастыру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметке сараланған шекті бағаны тасымалданатын жүктердің түріне қарай белгілеу мақсатында тасымалданатын жүктің мынадай түрлері бөлінген:

      Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау кезінде локомотивтік тартқышты пайдаланғаны үшін және (немесе) жүк және коммерциялық жұмыстың мөлшерлемелеріне коэффициенттер

  Нысан

Р/с №

Жүктің атауы

Тарифтік топтың коды және Бірыңғай тарифтік-статистикалық жүк номенклатурасы (БТСЖН) бойынша позициялар

Локомотивтік тартқышты пайдаланғаны үшін есептеу кестелеріне коэффициенттер

Жүк және коммерция лық жұмыстың көрсетілетін қызметтері үшін есептеу кестелеріне коэффициенттер

1

2

3

4

5

I

Вагондап, шағын және ұсақ тонналы жөнелтулермен



1

Шикі мұнай

201



2

Мұнай өнімдері

211-215, 221-225, 226021, 226069, 226106



3

Түсті металдар және олардың илегі

331-332



4

Қара металдар және олардың илегі

311-313, 321-324



5

Түсті және қара металдардың сынықтары

316,333



6

Сазбалшық

151060



7

Темекі мен махорка шикізаты, олардан жасалған бұйымдар

072, 517



8

Спирт, алкогольді сусындар

591-594



9

Мақта-мата талшығы

611



10

Сұйытылған газ

226, бұдан басқа 226021, 226069, 226106



11

Тас көмір

161



12

Дәнді дақылдар

011-018



13

Құрылыс шикізаты, материалдары және бұйымдары

121-122, 253-255, 301-304



14

Темір рудасы

141, 142



15

Түсті руда

151-153, бұдан басқа 151060



16

Химикаттар мен сода

751-758, 481232, 487169, 487188



17

Химиялық және минералдық тыңайтқыштар

431-436



18

Орман жүктері

081, 082, 091-094, 101-103, 111, 112, 123-127,131-133



19

Басқа да жүктер

291035, 351-362, 371, 381, 391, 401-405, 411-418, 421-423, 442, 452, 453, 461, 462, 632-635, 641, 651, 654, 661, 681-683



20

Жоғарыда санамаланғаннан басқа жүктер

-



21

Әскери және арнайы тасымалдаулар

-



II

Азаматтардың үй мүлкін жөнелту

-



      4. Көрсетілетін қызметке тасымалданатын жүктің түріне қарай сараланған шекті бағаларды есептеу жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау кезінде локомотивтік тартқышты пайдаланғаны үшін және (немесе) жүк және коммерциялық жұмыс қызметтері үшін шекті бағаларды есептеуде қолданылатын есептеу кестелеріне коэффициенттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте, есептеу кестелеріне коэффициенттердің өзгеруі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму факторларына сүйене отырып айқындалады.

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

201_ жылға (жартыжылдыққа) __________________________

(экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі) шекті бағасында ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы

__________________________ (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) жартыжылдық ақпараты

Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткіштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып)

Кім бекітті (бұйрықтың күні, нөмірі)

Іс-шараның атауы

Іс-шараларды іске асыру жылдары

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

      Кестенің жалғасы:

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектісінің жоспарлы параметрлері (көрсеткіштері)

Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шарасының, объектісінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері), (тоқсан сайын, өсіп отыратын жиынтығымен)*

Ауытқулар

Ауытқу себептері

Өлш. бірл.

Техникалық параметрлер

Өлш. бірл.

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл.

Инвестициялар көзі

Өлш. бірл

Техникалық параметрлер

Өлш. бірл

Инвестициялар сомасы

Өлш. бірл

Инвестициялар көзі















      Ескертпе:1) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысан), орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдау актілері, ішкі жүкқұжаттар, қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары).

      Қолы ______________

                  (ұйым басшысы)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
16-қосымша

201_ жылға (ай) ___________________(қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi) теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді, контейнелерде, контрейлерлік жөнелтімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингтік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметтердің атауы

Көлемдер

Баға (қосылған құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

 
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі заттай көріністе

Көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) көлемі ақшалай көріністе

Негізделген баға, теңгемен

Босату бағасы, теңгемен

Қызметтерді (жұмыстарды) көрсету кірісі, теңгемен

Қызметтерді (жұмыстарды) көрсетушығындары, теңгемен

Кірістілік деңгейі, %









      Ескертпе: 2-8-бағандар бойынша ақпарат филиалдар, хабарламалар түрлері, жұмыс түрлері бойынша бөлініп ұсынылады.

      Қолы __________________

                  (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

                  (бас бухгалтер)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
17-қосымша

201_ жылғы ____ (ай) ____________________________ (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) энергиямен жабдықтау ұйымдарының электр энергиясын бөлшек саудада өткізуі, электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен өткізу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарын өткізуге, орталықтандырылған сатып алу және сатуға сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша көрсетілетін қызмет атауы

Өткізу көлемі (киловатт сағат)

Өткізу көлемдері (мың теңге)

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Саралаусыз босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

Саралаусыз босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      кестенің жалғасы

Босату бағасы, теңгемен (қосымша құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Шығыстар, мың. теңге

Реттеліп көрсетілетін қызметтерден кірістер, мың теңге

Кірістілікдеңгейі, %

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар*

Саралаусыз босату тарифі бойынша

Тұтыну көлемдері бойынша


10

11

12

13

14

15

16

      *- өңірлердегі босату тарифінің қабылданған саралануына қарай

      Қолы __________________

                  (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

                  (бас бухгалтер)

  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
18-қосымша

201_ жылғы ___________ (ай) _____________ (қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрi) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу жөніндегі қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің өндіру (өткізу) көлемдері, кіріс деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ақпарат

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет атауы

Өткізу көлемі (мың текше м)

Өткізу көлемдері (мың теңге)

Босатылу бағалары теңгемен (қосымша құн салығынсыз)

Кірістілік деңгейі

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Барлығы

Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша

Қызметтерді (жұмыстар) көрсетуден түскен кіріс, теңгемен

Қызметтер, (жұмыстар) көрсетуге кеткен шығын, теңгемен

Кірістілік деңгейі, %-бен


Халық

Заңды тұлғалар

Халық


Заңды тұлғалар

Халық

Заңды тұлғалар






























      Ескертпе: ақпарат филиалдарға бөле отырып ұсынылады.

      Қолы __________________

                  (ұйым басшысы)

      Қолы __________________

                  (бас бухгалтер)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады