"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 356/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21322 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесінде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;";

      2-қосымшаның 5-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      9) мобильдік және интернет қосымшаларын пайдалануды қоса алғанда, қолданбалы бағдарламалық қамтылымды пайдаланушылар туралы ақпарат (кестені толтыру):

Р/с №

Пайдаланушының рөлі

Пайдаланушының типтік іс-қимылдарының тізбесі

Сынақ объектісіне пайдаланушыларды қосу нүктесінің мекенжайы және порты

Сынақ объектісіне пайдаланушыларды қосу нүктесінің хаттамасы

Сынақ объектісін құруға немесе дамытуға арналған техникалық құжатқа сәйкес пайдаланушылар саны

Секундына өңделетін сұраулардың (пакеттердің) барынша көп саны

Сұраулар арасында күтудің ең ұзақ уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады