"Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 91 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21339 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15050 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш Стандарттың 8-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк холдингі және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынатын банк холдингінің және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаның ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш Стандарттың 8-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, портал арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Банк немесе банк холдингі немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.";

      2, 3 және 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 91 Қаулыға
1-қосымша
  Банкке немесе банк холдингіне
еншiлесұйымды құруға немесе
сатып алуға, бас банктің күмәнді
және үмітсіз активтерін сатып
алатын еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің немесе банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуға рұқсатты
беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға,
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша

"Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруға немесе сатып алуға және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Банктің немесе банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінікі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдікі – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру туралы өтініштің электрондық көшірмесі;
3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері, олар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның оларды порталда алу мүмкіндігі болмаған жағдайда;
4) еншілес компанияны құру немесе оны сатып алған жағдайда - еншілес ұйымды құру туралы шешімнің (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда) сатып алу туралы шешімнің электрондық көшірмесі, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда лицензияның электрондық көшірмесі;
5) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
6) үлестес тұлғалар туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы-банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқарумен байланысты;
егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпараттың электрондық көшірмесін қосымша береді;
7) Қағидалардың 6-тармағына сәйкес еншілес ұйымның бизнес-жоспарының электрондық көшірмесібизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
8) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы бойынша олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындауға мүмкіндік берілмеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпараттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезиденті - еншілес ұйымды сатып алған кезде);
9) соңғы аяқталған есептік кезең үшін сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
10) көрсетілетін қызметті алушы жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйым сатып алатын заңды тұлға туралы деректердің электрондық көшірмесі:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына көрсетілетін қызметті алушының қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметті;
көрсетілетін қызметті алушы акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды иелену бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам иеленген акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын мәліметтерді беруі қажет.
Осы талаптар көрсетілетін қызметті алушы бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйым иеленетін жағдайларға қолданылады;
11) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
12) оның негізінде бақылауды алуға немесе еншілес ұйымды бақылауды растауға негізделетін, бақылау себебін көрсете отырып, басқа құжаттардың электрондық көшірмелері.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру туралы өтініштің электрондық көшірмесі;
3) еншілес ұйым сатып алған жағдайда – тиісті өтініш берілгенге дейінгі еншілес ұйымның соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі;
4) оған қойылатын талаптар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның қызметі қағидаларымен (бұдан әрі – № 61 Қағидалар), ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптармен белгіленетін бизнес-жоспардың және күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмелері.
Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының немесе оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініштің электрондық көшірмесі;
3) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің немесе банк холдингінің капиталда қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттар) туралы ақпараттың электрондық көшірмесі.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйыммен бірге құрылатын (сатып алынатын) күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін жүзеге асыратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 5), 10) және 11) тармақшаларында және осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініштің электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттардың) Банктер туралы заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының болжанып отырған еншілес ұйымының болуы нәтижесінде құрамына көрсетілетін қызметті алушы кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымның қызметі немесе көрсетілетін қызметті алушы жоспарлаған инвестициялар салдарынан көрсетілетін қызметті алушының (банктің, банк холдингінің) немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты талаптарына сәйкес келмеуі;
6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы 3 (үш) ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
7) өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) иелену болжанған еншілес ұйымда қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9), 14) және 15) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік шаралардың болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушы еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе сатып алған жағдайларда, Банктер туралы заңда, сақтандыру және сақтандыру қызмет туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау негіздер болып табылады.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің Банктер туралы заңның 11-2-бабы 4-тармағының талаптарына және (немесе) № 61 Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.
Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымның капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген еншілес ұйымды құруға рұқсат немесе ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 91 Қаулыға
2-қосымша
  Банкке немесе банк холдингіне
еншiлес ұйымды құруға немесе
сатып алуға, бас банктің күмәнді
және үмітсіз активтерін сатып
алатын еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің немесе банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуға рұқсатты
беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға,
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      ________жылғы "___" __________ №_______

Банк холдингі және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш

      ____________________________________________________________________

                              (банк холдингінің атауы)

      банк холдингінің уәкілетті органының немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге

      ниетті тұлғаның

      ____________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      _________ жылғы "____" _________ № ____ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (құрылатын (сатып алынатын) еншілес ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

      құруға немесе сатып алуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құжаттар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы заңының 11-1 бабының 15-тармағына сәйкес рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда ұсынылмайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) немесе оның міндеттерін атқаратын адам.

      _________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басқарушы органның басшысы

      (бар болса)

      _________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 91 Қаулыға
3-қосымша
  Банкке немесе банк холдингіне
еншiлес ұйымды құруға немесе
сатып алуға, бас банктің күмәнді
және үмітсіз активтерін сатып
алатын еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің немесе банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуға рұқсатты
беру, сондай-ақ еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға,
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      ______жылғы "___"__________ №_______

Банк холдингі және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлға қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін алу туралы өтінішпен бір мезгілде ұсынатын банк холдингінің және (немесе) банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаның ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат алуға өтініш

      ____________________________________________________________________

                              (банк холдингінің атауы)

      банк холдингінің немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген тұлғаның

      уәкілетті органының

      ____________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      _________ жылғы "____" _________ № ____ шешіміне сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

      ұйымының капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруді сұрайды.

      Құжаттар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы заңының 11-1-бабының 15-тармағына сәйкес рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда ұсынылмайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береміз.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға) немесе оның міндеттерін атқаратын адам.

      ____________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Басқарушы органның басшысы

      (бар болса)

      ____________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады