"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21345 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленді және, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбiн айқындайды.

      2. Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын, оны көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау Заңның 18-бабының 8-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетіледі.

      Бұл ретте ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып беріледі.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай талаптарда:

      теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі;

      кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды.

      6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілер бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады, оны бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мәлімет үшін ұсынады.

      Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдайды.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.

      Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша операциялық қызметтеріне арналған шығындарды өтеуге арналған қаражат бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет шеңберінде көзделедi.

      10. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп;

      3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

      көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

      сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

      Кредиттік бюродан есеп.

      Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.

      Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық көшірмелері (сканерленген) қоса тіркеледі және Порталдан "Ауылдық ипотека бойынша өтінімдерді қабылдау жөніндегі бағдарламалық өнім" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, әлеуметтік қолдау шараларын көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарламасы немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі. Сәтті көрсетілген жағдайда Порталға келісімге қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы көрсетілген хабарлама жіберіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады.";

      1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 72 Бұйрыққа
1-қосымша
  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

"Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге (мекенжайы және байланыс деректері көрсетілген)
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/ қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болған;
3) егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар болған;
4) көрсетілетін қызметті алушы "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңның 18-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бас тартылады

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушылар Бірыңғай байланыс орталығының – 1414, 8 800 080 7777 нөмірлеріне хабарласады, Мемлекеттік корпорация қызметкері оларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінің "Өңірлік саясат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.economy.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 72 Бұйрыққа
2-қосымша
  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік
кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
облысы
_________________________
ауданының (облыстық маңызы
бар қала) әкiмi
____________________________
аты-жөнi, тегi
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________
жұмыс орны, лауазымы
____________________________
өтiнiш берушiнiң аты, әкесiнiң
аты (болған жағдайда), тегi
(бұдан әрі –Т.А.Ә.)

Өтініш

      Сiзден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.

      ___________ ___________

      күнi      қолы

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Құжаттар қабылданды:

      20__ жылғы "___" _______

      ______________ ____________________________________________________________

      Қолы                  құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның А.Ә. Т

      __________________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы "__"_________________ қабылданды.

      _____________ _____________________________________________________________

      қолы                  құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның А.Ә. Т

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 72 Бұйрыққа
3-қосымша
  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм
беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ______________ облысы _________________________ ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмдігi / "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация ________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады және/ немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________;

      2) ______________________;

      3) ...

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      _____________________________                  _____________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің (қолы)

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – А.Ә.Т.)

      Орындаушы: А.Ә.Т.____________

      Телефон нөмірі____________

      Алдым: қызметті алушының А.Ә.Т. / қолы

      "___" ___________ 20__ жылғы.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 72 Бұйрыққа
4-қосымша
  "Ауылдық елдi мекендерге
жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, әлеуметтiк
қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісім

      Елдi мекен ___________________ 20 ___ жылғы "__" __________

      Бұдан әрі "Әкiмшi" деп аталатын "__________________" мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы _________________________ екінші тараптан және бұдан әрi "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деп аталатын ____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы Өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң нысанасы

      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүрлеусіз өздеріне мiндеттемелер қабылдайды, оны тараптар толық көлемде орындауы тиiс, атап айтқанда:

      1.1 Әкiмшi _______________ мәслихатының (20 __ жылғы "__" _____ № _____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай:

      1) ___________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;

      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит түріндегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуға мiндеттемелер қабылдайды.

      1.2 Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде ___________ ауылдық елдi мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды.

      1.3 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1 Әкiмшi:

      1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге;

      2) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді алуға құқылы.

      2.2 Әкiмшi:

      1) осы Келiсiмді жасасқаннан кейін бір жұмыс күнi iшiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.

      2.3 Алушының:

      1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;

      2) үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

      2.4 Алушы:

      1) 30 жұмыс күні ішінде Әкімшіге:

      тұрғын үй сатып алуға /салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алған күннен бастап;

      тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы растайтын құжаттарды ұсынуға;

      2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн Әкімшіге тұрғын үй құжаттарының түпнұсқаларын алған бюджеттік кредитті толық өтегенге дейін осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;

      3) Әкімшіге тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;

      4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге;

      5) жалақыдан кесте бойынша өтеу сомасын шегеру жолымен кредит бойынша жарналарды ай сайын өтеуді қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2.5 Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):

      1) алушымен есеп айырысу жүргiзуге;

      2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.

      2.6 Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):

      1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;

      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған алушы мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;

      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартылған жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

      3.1 Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

      3.2 Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      4.1 Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.

      Келiсiм 20___ жылғы "__" ____________ бастап қолданылады.

      4.2 Келiсiм әр тарап үшін заң күшi бiрдей үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекенжайлары

Әкiмшi
__________________
__________________
__________________

Алушы
__________________
__________________
__________________

Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
__________________
__________________
__________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады