Газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжатты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21347 болып тіркелді

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 340 бұйрығымен
бекітілген

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеуге арналған.

      2. Әдістеме газ тарату ұйымдарының (бұдан әрі – ГТҰ) меншігіндегі, сондай-ақ осындай қызметтерді көрсетуге арналған шарттар бойынша басқа ұйымдардың балансындағы газ құбырларын және олардағы құрылыстарды пайдалану кезінде ГТҰ-ға қолданылады.

      3. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15986 болып тіркелген) Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес газ тарату жүйелері объектілеріндегі тауарлық газ шығыны нормаларын есептеу кезінде мынадай жағдайларда қолданылады:

      1) газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі – ГРП), шкафтық газ реттеу пункттерінің (бұдан әрі – ШРП) жабдықтарын пайдалануға беру және дәлдеу;

      2) газ құбырларының, жабдықтың және аспаптардың тауарлық газдан босауына және саңылаудың пайда болуына байланысты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      3) сақтандырғыш шығарып тастаушы клапандардың (бұдан әрі – СШК) және сақтандырғыш бекітпе клапандардың (бұдан әрі – СБК) жұмысын тексеру;

      4) тауарлық газ шығынын есепке алу үшін қызмет жасайтын газ шығынын өлшеу құралдарын (бұдан әрі – ГШӨҚ) және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану (кезекті тексеру жүргізу үшін өлшеу құралдарын жөндеу, ауыстыру, шешіп алу және орнату, тарылтушы құрылғылардың және шығыс өлшегіштердің ішкі жағын тексеру, бекітпе арматура, бұрандалы және ернемекті жалғастырулар арқылы газдың шығып кетуі);

      5) тауарлық газдың СШК арқылы авариялық түрде шығарылуы, ГРП, ШРП газ жабдықтарының және сыртқы газ құбырларының саңылаусыз еместігі, газ құбырларының зақымдануы мен үзілуі, конденсатталған ылғалды ағызуы;

      6) газды есепке алу аспаптарының көмегімен тауарлық газ есепке алынбаған кезде тұтынушының газ тұтыну жүйесін іске қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде.

2-тарау. Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктерге арналған тауарлық газ шығынының нормаларын есептеу

      4. Жеке технологиялық қажеттіліктерге арналған тауарлық газ шығынының нормаларын есептеу осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес бастапқы деректер бойынша жүргізіледі.

      5. ГТҰ-ның балансындағы әкімшілік-тұрмыстық, өндірістік ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды жылыту және желдету үшін жылу энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газдың жылдық шығыны V (м3) жылыту кезеңінің бойында мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      S - жылытылатын үй-жайлардың алаңы, м2 (орталықтан жылытылмайтын және тауарлық газбен жылытуға жататын үй-жайлардың тізімі);

      Qнр – тауарлық газдың жану жылуы (ккал/м3), тауарлық газдың паспорты бойынша нақты мәні қабылданады;

      tвн- жылытылатын ғимараттардың ішкі ауасының орташа есептік температурасы, °C: қызметтік үй-жайлар үшін +20 °C, өндірістік цехтар үшін – (+16 °C), ГТП ғимараттары үшін - (+ 5°C) тең етіп қабылданады;

      Төменде келтірілген параметрлердің мәндері осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      qуд - 1 м2 жылытылатын алаңға шаққанда ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылу қуатының нормаланған меншіктік сағаттық шығыны, Вт/(сағ·м2).

      nо - жылыту кезеңінің ұзақтығы, тәуліктер;

      tсро- жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С;

      tpо - ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С.

      6. Есепке алу аспабы бұзылған кезде немесе ол болмаған жағдайда газ пайдаланушы қондырғының ең үлкен тұтыну қуаты (м3/сағ) газ құбырының өткізгіштік қабілеті бойынша мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      d – газ құбырының ішкі диаметрі, м;

      v - газ құбырының санатына сәйкес тауарлық газдың қозғалу жылдамдығы, м/с; төмен қысымды газ құбырлары үшін – 7 м/с, орта қысымды газ құбырлары үшін – 15 м/с, жоғары қысымды газ құбырлары үшін – 25 м/с;

      3600 – бір сағат ішіндегі секундтар саны;

      kс - "Газдар. Көлемді анықтауға арналған жағдайлар" 2939-63 МЕМСТ сәйкес газ көлемін стандарттық жағдайға қайта есептеу коэффициенті (температура Тс = 293,15 К, қысым Рс = 101325 Па).

      Қайта есептеу коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      Рб - тауарлық газбен жабдықтау ауданындағы барометрлік қысым (Па);

      Рг - тауарлық газдың артық қысымы, манометр бойынша (Па);

      Р - тауарлық газдың абсолют қысымы (Па), артық және барометрлік қысым мәндерін қосу арқылы анықталады;

      Тг - тауарлық газдың абсолют (термодинамикалық) температурасы (К);

      tг - тауарлық газдың температурасы (оС) газбен жабдықтау ауданындағы сыртқы ауаның температурасына тең қабылданады.

      7. СШК күйге келтіре отырып және іске қосылуын тексере отырып ГРП, ШРП-да алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тауарлық газдың шығын нормасын есептеу "Құбыр арматурасы. Сақтандыру клапандары. Өткізу қабілетін таңдау және есептеу" 12.2.085-2017 МЕМСТ-қа сәйкес анықталады. Ауаға шығарылатын тауарлық газдың ағын режимі төмендегі формула бойынша айқындалатын

абсолют қысымдардың қатынасы бойынша анықталады:




      мұнда:

      b - абсолют қысымдарының қатынасы, тауарлық газ ағымының критикалық емес режимі кезінде мәні 0,5457 асады, ал критикалық режимі кезде – 0,5457 тең немесе кем болады;

      Р0 - шамнан қоршаған ортаға шығу кезіндегі тауарлық газдың абсолют қысымы (Па), осы аудандағы барометрлік қысымға тең болып қабылданады;

      Р1 - кран алдындағы кіретін жердегі тауарлық газдың абсолют қысымы (Па);

      Рг - тауарлық газдың артық қысымы (Па), СШК параметрлерін тексеру кезінде реттеушіден кейінгі жұмыс қысымынан 15% жоғары болып қабылданады; Төмен қысымды газ құбырын ауамен үрлеу газ құбырының жұмыс қысымымен, ал орта және жоғары қысымды газ құбырларында – 0,1 МПа артық емес қысыммен жүргізіледі.

      Рб – газбен жабдықтау ауданындағы барометрлік қысым (Па), іріленген есеп үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      8. ГРП, ШРП алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлық газдың жылдық көлемі мынадай формулалар бойынша анықталады:

      (b < 0,5457) кезінде (ағымның критикалық режимі)



      (b > 0,5457) кезінде (ағымның критикалық емес режимі)



      мұнда:

      Nгрп – күйге келтіру және үрлеу қысымдарына қарай бөлінген қолданыстағы ГРП, ШРП саны;

      n - жыл ішінде жасалатын іс-әрекеттер саны, жүргізілетін профилактикалық және жөндеу жұмыстарының санына сәйкес қабылданады;

      d - клапан отырғышының диаметрі (м); ГРП, ШРП нақты жабдықталуына байланысты мына қатардан таңдалады: 0,015; 0,02; 0,025; 0,032; 0,04; 0,05; тең өткізгіш кран үшін қашыртқы арматурасы отырғышының диаметрі (м) кран алдындағы кіріс түтікшенің шарттық диаметріне тең болып қолданылады, стандартты өткізгіш кран үшін (Ду) одан бір қатар төмен шарттық диаметр қолданылады;

      rc - стандартты жағдайлардағы тауарлық газдың тығыздығы (кг/м3), тауарлық газдың паспорты бойынша нақты мәні алынады;

      r1 - жұмыс жағдайларындағы тауарлық газдың тығыздығы (кг/м3).

      Жұмыс жағдайларындағы тауарлық газдың тығыздығы мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      Мm - тауарлық газдың мольдік массасы (кг/кмоль);

      R - меншіктік газ тұрақтысы, 8,31451 кДж/(кмоль·К) тең;

      Т1 - тауарлық газдың абсолют температурасы (К), Т1 =273,15 + tг;

      tг - тауарлық газдың температурасы (оС), іріленген есеп үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес сыртқы ауаның орташа жылдық температурасы қабылданады.

      9. Тауарлық газдың ГРП, ШРП СШК арқылы шығарылып тастаған кездегі көлемі Vпск3) мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      n - шығарып тастау нормасы (480 м3/ай);

      30 - ай ішіндегі тәуліктердің саны;

      0,1 - 10% сәйкес келетін үлес;

      365 - жыл ішіндегі тәуліктердің саны;


- тек тұрмыстық тұтынушыларды (коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халықты) ғана газбен жабдықтайтын ГРП саны.

      10. Пайдалануға беру барысы кезінде таратушы жүйенің сыртқы газ құбырларын үрлеуге және толтыруға қажетті тауарлық газдың жылдық көлемі Vпр3) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      kпр - тауарлық газдың шамадан тыс көлемін үрлеу арқылы қол жеткізуге болатын үрлеу сапасын ескеретін коэффициент 1,25-ге тең болып қолданылады;

      d - газ құбырының шарттық диаметрі Ду (м), полиэтилен құбырлары үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      L – шартты диаметріне және оның ішіндегі жұмыс қысымына сәйкес газ құбырының ұзындығы (км).

      11. Сыртқы газ құбырларында профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлық газдың жылдық мөлшері Vпр.р3) мынадай формула бойынша анықталады:

      а) төмен қысымды газ құбырлары үшін:



      б) орта қысымды газ құбырлары үшін:



      в) жоғары қысымды газ құбырлары үшін:



3-тарау. Газ тарату жүйелеріндегі тауарлық газ ысыраптарының нормаларын есептеу

      12. ГРП, ШРП және ГШӨҚ газ жабдықтарының саңылаусыз еместігінен болған тауарлық газ ысыраптарын есептеу мынадай формулалар бойынша анықталады:

      а) жыл бойы жұмыс істейтін ГРП, ШРП үшін:



      б) жылыту кезеңінде ғана пайдаланылатын маусымдық ГРП, ШРП үшін:



      в) жеке ШРП және ГШӨҚ үшін:



      мұнда:

      Nкг, Nс - жыл бойы немесе маусым кезінде жұмыс істейтін ГРП, ШРП және ГШӨҚ саны.

      0,6 – Казанцев әмбебап қысым реттегіші, Казанцев блокты қысым реттегіші, Газ қымысын реттегіш типтегі қысым реттегіштері бар ГРП газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ);

      0,3 – Тәуелсіз құрама қысым реттегіш типтегі қысым реттегіштері бар ШРП газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ);

      0,05 – жеке ШРП және ГШӨҚ газ жабдығындағы ысыраптардың шамасы (м3/сағ).

      13. Тарату (жерасты және жерүсті) газ құбырларының саңылаусыз еместігінен болатын тауарлық газдың ысыраптарын есептеу (авариялар және зақымдалулар кезіндегі ысыраптарды есепке алмағанда) Vн3) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      n – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес қабылданатын, тауарлық газдың қысымына және құбыр диаметріне байланысты жоғарыда аталған шығып кетулердің барлық түрлерін есепке алатын тауарлық газдың үлестік газ ысырабының іріленген көрсеткіші (1 км газ құбыры үшін жылына м3).

      14. Авариялар және зақымданулар кезінде тауарлық газ ысыраптарының нормаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      Газ құбырларын босатып және одан кейін тауарлық газбен үрлеп (жұмыс аяқталғаннан кейін) жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ газ құбырының ажыратылған бөлігіндегі қысымды жұмыс параметрлеріне дейін жеткізіп қалпына келтіруге қажетті тауарлық газдың ысырап көлемі Vпр.р3) мынадай формула бойынша анықталады:



      Қысым реттегіштердің күйге келтірілуін және СШК іске қосылуын тексере отырып, ГРП, ШРП қайта іске қосу кезіндегі тауарлық газ ысырабының көлемі Vн(то)3) жүргізілетін операциялардың саны n = 1 екені ескеріліп, осы Әдістеменің 2.6 және 2.7-формулалары бойынша анықталады.

      Тауарлық газ ысыраптарының кему кезіндегі көлемі Vист3) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      tист - тауарлық газдың таусылу уақыты (сағ);

      Тауарлық газ таусылуының массалық шығыны Gист (кг/с), таусылу режиміне байланысты анықталады:

      (b > 0,5457) кезінде (ағымның критикалық режимі)



      (b > 0,5457) кезінде (ағымның критикалық емес режимі)



      мұнда:

      f - зақымданған кезде пайда болған ақаулардың жиынтық ауданы (м2);

      a- шығын коэффициенті, газ құбырының қабырғасындағы жұқа тесік арқылы тауарлық газдың кемуі кезінде 0,59 тең қабылданады;

      kv – қосымша гидравликалық ысыраптың салдарынан жоғары тұтқырлы орта (су немесе басқа) болған кезде тауарлық газ шығынының азаюын ескеретін түзету коэффициенті осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес, таза құрғақ газ үшін kv = 1,0.

      Газ құбыры үзілген жағдайда үзілу орнындағы көлденең қиманың ауданы оның ішкі диаметрі бойынша "Дәнекерленген болат құбырларды қосу. Негізгі типтер, конструктивтік элементтер мен мөлшерлер" 16037-80 МЕМСТ-қа сәйкес анықталады.

      15. Бұрандалы қосылыстар арқылы тауарлық газдың шығып кетуі байқалған кезде зақымдану орнына сабынды су жағылып, пайда болған көпіршіктерге қарай тауарлық газдың шығу орнының шеңбер бойынша ұзындығының мәні анықталады. Бұрандалы қосылыстағы тауарлық газдың шығу орнының ені "Өзара ауыстырымдылықтың негізгі нормалары. Цилиндр құбыр бұрандасы" 6357-81 МЕМСТ-қа сәйкес бұранданың өлшеміне (G) байланысты анықталады.

      16. Газ құбырларынан конденсатталған ылғалды ағызу кезінде тауарлық газ ысырабының нормаларын есептеу газ құбырларында ылғал мен конденсат болған жағдайда жүргізіледі. Ылғал мен конденсаттың болуын тексеру олардың бітелу мүмкіндігін болдырмайтын мерзім сайын жүргізіледі. Ылғалды шығару кезіндегі тауарлық газ ысыраптарының көлемі Vсбр3) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда:

      Х - шығарып тастау арматурасының алдындағы жұмыс жағдайлары кезіндегі ылғалды газдың құрғақтық дәрежесі (0 < Х < 1,0).

  Газ тарату жүйелеріндегі жеке
технологиялық қажеттіліктер
мен ысыраптарға арналған
тауарлық газ шығыны
нормаларын есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Газ тарату жүйелеріндегі жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығыны нормаларын есептеуге қажет бастапқы деректер

      Жалпы жылытылатын алаңдар:

      а) әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ___________ м2;

      б) өндірістік үй-жайлар _________ м2;

      в) ГРП үй-жайлары _______________ м2.

      Газ желілерінің ұзындығы:

Газ құбырларының санаты

Қысымы, МПа

(Ду) сәйкес газ құбырларының ұзындығы, км

20

25

32

-

-

-

Төмен қысымды

0,005







Орта қысымды

0,3







Жоғары қысымды

0,6







Жоғары қысымды

1,2







      ГРП, ШРП, жеке ШРП және ГШӨҚ саны:

Құрылғы атауы

Қысымы, МПа

Саны, дана

Өткізгіш қабілеті, м3/сағ

Жұмыс жасау тәртібі

Тұрмыстық тұтынушыларға қызмет көрсететіндері

кіруі

шығуы

d, м

Qн > 50

Qн < 50

жыл бойы

маусым кезінде

ГРП










ШРП










Жеке ШРП










ГШӨҚ









Ескерту. ГШӨҚ үшін тек саны көрсетіледі.

  Газ тарату жүйелеріндегі жеке
технологиялық қажеттіліктер
мен ысыраптарға арналған
тауарлық газ шығыны
нормаларын есептеу
әдістемесіне
2-қосымша

Жеке технологиялық қажеттіліктер мен ысыраптарға арналған тауарлық газ шығынын есептеудің негізгі параметрлері

Республикалық маңызы бар қалалар және ҚР облыстық орталықтары

Барометр лік қысым Рб, Па

Сыртқы ауаның орташа температурасы, °C

Жылыту кезеңінің ұзақтығы, n0, тәулік

Ғимараттарды жылытуға арналған ең үлкен жылу ағынының іріленген көрсеткіші, qуд, Вт/(сағ·м2)

ең суық бес күн ішінде,
tро

жылыту кезеңінде
tсро

бір жыл ішінде
tr

1

2

3

4

5

6

7

Нұр-Сұлтан

97750

-31,2

-8,1

1,8

216

180

Алматы

92055

-20,1

-1,8

8,9

167

173

Шымкент

94652

-14,3

1,4

12,2

143

161,8

Ақтау

101990

-14,9

0,9

11,3

157

161

Ақтөбе

99250

-25,1

-6,7

4

203

177,6

Атырау

102100

-24,9

-3,5

8,9

177

173,8

Қарағанды

95390

-28,9

-6,9

2,7

214

178,2

Көкшетау

99070

-33,7

-7,4

2

217

181,4

Қостанай

99960

-33,5

-8,1

1,9

214

180

Қызылорда

100295

-23,44

-3,6

9,2

168

171,6

Павлодар

100520

-34,6

-8,3

2,2

212

182,8

Петропавловск

100100

-34,8

-8,6

0,8

222

181,4

Талдықорған

94879

-25,3

-3,7

7,5

175

177

Тараз

94199

-21,1

-1,2

9,6

164

173,8

Түркістан

99294

-20,6

-0,6

12

149

168,8

Орал

101410

-29,6

-6

4,7

200

177,6

Өскемен

98650

-37,3

-7,5

2,8

206

185,6

  Газ тарату жүйелеріндегі жеке
технологиялық қажеттіліктер
мен ысыраптарға арналған
тауарлық газ шығыны
нормаларын есептеу
әдістемесіне
3-қосымша

Тауарлық газды тасымалдау үшін жиі пайдаланылатын полиэтилен құбырларының геометриялық өлшемдері

Нақтылы сыртқы диаметрі (dn) мм

Қабырғасының ең аз қалыңдығы (ey.min) және ішкі диаметрі (dвн)

SDR 17,6

SDR 11

ey.min, мм

dвн, мм

Ду, мм

ey.min, мм

dвн, мм

Ду, мм

16

2,3

11,4

10

3

10

10

20

2,3

15,4

15

3

14

15

25

2,3

20,4

20

3

19

20

32

2,3

27,4

25

3

26

25

40

2,3

35,4

32

3,7

32,6

32

50

2,9

44,2

40

4,6

40,8

40

63

3,6

55,8

50

5,8

51,4

50

75

4,3

66,4

65

6,8

61,4

65

90

5,2

79,6

80

8,2

73,6

65

110

6,3

97,4

100

10

90

80

125

7,1

110,8

100

11,4

102,2

100

140

8

124

125

12,7

114,6

100

160

9,1

141,8

125

14,6

130,8

125

180

10,3

159,4

150

16,4

147,2

150

200

11,4

177,2

150

18,2

163,6

150

225

12,8

199,4

200

20,5

184

150

250

14,2

221,6

200

22,7

204,6

200

280

15,9

248,2

250

25,4

229,2

200

315

17,9

279,2

250

28,6

257,8

250

355

20,2

314,6

300

32,3

290,4

300

400

22,8

354,4

350

36,4

327,2

300

450

25,6

398,8

400

40,9

368,2

350

500

28,4

443,2

450

45,5

409

400

560

31,9

496,2

500

50,9

458,2

450

630

35,8

558,4

550

57,3

515,4

500

  Газ тарату жүйелеріндегі жеке
технологиялық қажеттіліктер
мен ысыраптарға арналған
тауарлық газ шығыны
нормаларын есептеу
әдістемесіне
4-қосымша

Газ тарату жүйелеріндегі тауарлық газдың үлестік ысыраптары, 1 км газ құбыры үшін жылына м3

Шартты диаметр Ду, мм

Газдың жұмыстық қысымы, МПа

0,003

0,005

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,8

1,2

32

0,37

1,26

33

66

98

132

165

196

264

392

40

0,57

1,93

51

102

154

204

255

308

408

616

50

0,91

3,00

80

160

240

320

400

480

640

959

65

1,50

5,05

135

270

406

540

675

811

1080

1620

80

2,30

7,70

205

410

614

820

1025

1228

1640

2457

100

3,60

12,00

320

640

959

1280

1600

1918

2560

3839

150

8,20

27,00

720

1440

2159

2880

3600

4318

5760

8637

200

14,40

48,00

1280

2560

3839

5120

6400

7677

10240

15353

250

22,75

75,00

1999

3998

5998

7996

9995

11995

15992

23976

300

32,30

108,0

2879

5758

8637

11516

14395

17274

23032

34517

400 және үлкен

57,60

192,0

5119

10238

15358

20476

25595

30715

40952

61417

  Газ тарату жүйелеріндегі жеке
технологиялық қажеттіліктер
мен ысыраптарға арналған
тауарлық газ шығыны
нормаларын есептеу
әдістемесіне
5-қосымша

Жоғары тұтқыр орта болған кезде тауарлық газ шығынының азаюын ескеретін түзету коэффициентінің мәндері

Қысымы, Па

Шығарып тастаушы арматураның шартты диаметрі, мм

15

20

25

32

40

50

65

80

100

2000

0,773

0,822

0,852

0,879

0,899

0,918

0,930

0,938

0,946

2500

0,794

0,837

0,865

0,890

0,908

0,923

0,935

0,942

0,950

3000

0,809

0,849

0,874

0,897

0,917

0,928

0,938

0,945

0,952

3500

0,820

0,858

0,882

0,904

0,921

0,931

0,941

0,948

0,954

4000

0,830

0,866

0,888

0,909

0,924

0,934

0,943

0,950

0,956

4500

0,837

0,872

0,893

0,916

0,927

0,936

0,945

0,952

0,958

5000

0,845

0,877

0,898

0,918

0,929

0,938

0,947

0,953

0,959

10000

0,882

0,908

0,923

0,934

0,942

0,949

0,957

0,962

0,967

50000

0,934

0,944

0,951

0,958

0,963

0,968

0,973

0,976

0,979

100000

0,946

0,954

0,960

0,966

0,970

0,974

0,978

0,981

0,984

150000

0,953

0,960

0,965

0,970

0,974

0,978

0,981

0,984

0,986

200000

0,958

0,965

0,969

0,974

0,977

0,980

0,983

0,986

0,988

250000

0,962

0,968

0,972

0,976

0,979

0,982

0,985

0,987

0,989

300000

0,965

0,971

0,975

0,978

0,981

0,984

0,987

0,989

0,991

350000

0,968

0,973

0,977

0,980

0,983

0,985

0,988

0,990

0,992

400000

0,970

0,975

0,978

0,982

0,984

0,987

0,989

0,991

0,992

450000

0,972

0,976

0,980

0,983

0,985

0,988

0,990

0,992

0,993

500000

0,973

0,978

0,981

0,984

0,986

0,988

0,991

0,992

0,994

600000

0,976

0,980

0,983

0,986

0,988

0,990

0,992

0,993

0,995

700000

0,978

0,982

0,985

0,987

0,989

0,991

0,993

0,994

0,996

800000

0,980

0,983

0,986

0,988

0,990

0,992

0,994

0,995

0,996

900000

0,981

0,985

0,987

0,989

0,991

0,993

0,994

0,996

0,997

1000000

0,983

0,986

0,988

0,990

0,992

0,993

0,995

0,996

0,997

1100000

0,984

0,987

0,989

0,991

0,993

0,994

0,996

0,997

0,998

1200000

0,985

0,988

0,990

0,992

0,993

0,995

0,996

0,997

0,998

Ескерту. Түзету коэффициентінің мәндері МЕМСТ 12.2.085-2017 Құбыр арматурасы. Сақтандыру клапандары. Өткізу қабілетін таңдау және есептеу бойынша есептелген.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады