"Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21351 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10563 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" газетінде №47 (28775) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционерлік қоғамның үлгілік жарғысында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ереже";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қоғамның атқарушы органының атауы мен оның тұрғылықты жері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері";

      10 - тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) орталық депозитарийден немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1. Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының жекелеген мүшесінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының мөлшері туралы ақпаратты бір мезгілде мынадай жағдайлар болған кезде:

      қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;

      егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1. 10-тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы акционерге тиесілі акцияларды орталық депозитарийге және (немесе) нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға;";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қоғамның органдары, оларды құру тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті";

      17-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттарын, мерзімдері мен тәртібін айқындау;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) акционерлерге, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) шешім қабылдау Заңда және қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер;";

      мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) нәтижесінде акционерлік қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызы сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны оның активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) ірі мәмілені қоғамның жасасуы туралы шешім қабылдауы;";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Директорлар кеңесінің құзыреті";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Атқарушы органның құзыреті";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Қоғамның акционерлерінің және лауазымды тұлғаларының олардың аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қоғамның ақпарат беру тәртібі";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қоғам Заңға және осы Жарғыға сәйкес өз қызметі туралы, қоғам акционерлерінің мүдделерін қозғайтын ақпаратты өзінің акционерлерінің назарына жеткізеді.

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі – қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсымен қатар қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін қосымша пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары __________ (өтініште көрсетіледі).";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қоғамның мүлкі";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Акциялар, облигациялар. Бағалы қағаздарды орналастыру талаптары";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Таза табысты бөлу тәртібі. Акциялар бойынша дивидендтер";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Қоғамды қайта құру және тарату";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Қорытынды ережелер";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгілік жарғысында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Серіктестік қатысушыларының тізбесі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Серіктестікке қатысушылардың (серіктестікке қатысушыларының тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестіктерді қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, банк реквизиттері (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі:

      ________________________________________________________________________";

                                    (өтініште көрсетіледі)

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері";

      14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы жарғының 12-тармағында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ орталық депозитарийге жазбаша хабарлауға міндетті.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Серіктестік органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті";

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;";

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржылық есептемені бекіту және оның таза табысын бөлу;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудит жүргізу Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:

      1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;

      2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Серіктестіктің мүлкі және жарғылық капиталының мөлшері";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Серіктестіктің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қорытынды ереже";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің үлгілік жарғысында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Серіктестіктің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Серіктестік қатысушыларының тізбесі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Серіктестікке қатысушылардың (серіктестікке қатысушыларының тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын серіктестіктерді қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жері, мекен-жайы, банк реквизиттері (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген тізбесі:

      ________________________________________________________________________";

                                          (өтініште көрсетіледі)

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері";

      14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы жарғының 12-тармағында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ орталық депозитарийге жазбаша хабарлауға міндетті.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Серіктестік органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті";

      17-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін немесе атқарушы органның жеке мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын бөлу;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудит жүргізу Заңның 59-бабына сәйкес міндетті болып табылатын, серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды айқындау;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Серіктестіктің таза табысын оның қатысушылары арасында бөлу";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:

      1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;

      2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Серіктестіктің мүлкі және жарғылық капиталының мөлшері";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Серіктестіктің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Қорытынды ереже";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік кооперативтің үлгілік жарғысында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кооперативтің фирмалық атауы, тұрған жері және мекенжайы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Кооператив қатысушыларының тізбесі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кооператив мүшелерінің құқықтары мен міндеттері";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Өндірістік кооператив мүшесі үшін Заңмен және басқа да заң актілерінде көзделген құқықтардан бас тартудың немесе оларды шектеудің, соның ішінде кооператив мүшелерінің келісімі бойынша, маңызсыз.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Кооперативке мүшелік";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Кооператив органдарын қалыптастыру тәртібі және құзыреті";

      23-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) атқарушы орган, тексеруші органдар мен байқаушы кеңесін құру және олардың мүшелерін кері шақырып алу;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ревизиялық комиссияның (ревизордың) есебін бекіту;";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Кооперативтің таза табысы мен шығындарын бөлу тәртібі";

      34 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Кооператив мүшелерінің қайсыбірін таза табысты бөлуге қатысудан және шығынды өтеуден шеттететін кооператив мүшелерінің келісімдері немесе оның құрылтай құжаттарының ережелері маңызсыз болып танылады.";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Кооперативтің мүлкі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша жауапкершілігі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Кооператив мүшелерінің оның қызметіне еңбегімен қатысуы";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Кооператив пен оның мүшелері, атқарушы органы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Қорытынды ережелері".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады