"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2020 жылғы 3 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20822 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің педагогтары, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу Қағидаларының:
4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"4. Академияда педагогтың, ғылыми жұмыскердің бос лауазымы болған жағдайда, Академия конкурс өткізу туралы хабарландыруды "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында және Академияның сайтында орналастырады.".
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы |
Ж. АСАНОВ |