"Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21369 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дербес немесе басқа мамандарды тарта отырып, салынуы белгіленген объектіні жобалауға арналған тапсырманы дайындайды.

      Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі және оны тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

      Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға арналған тапсырмада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына қосылған, "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – ТЖКҚ дерекқорын жүргізу қағидалары) сәйкес қалыптастырылған қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолдану міндетті талап болып табылады.

      Жобалауға арналған тапсырмада Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес мүгедектер және басқа да халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) сәйкес еңбек жағдайларын жасау міндетті талап болып табылады.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейтін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын экономиканың барлық салаларында әлеуметтік-мәдени, қоғамдық, және әкімшілік мақсаттағы объектілерді жобалауға арналған тапсырмада тапсырыс беруші инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнын көрсетуі міндетті талап болып табылады. Құрылыстың есептік шекті құны құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес айқындалады және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде инвестициялық жобаны іске асыруға арналған қаражат лимиті болып табылады.

      Жобалау процесінде жобаларды іске асыру үшін тапсырыс беруші қаражатының жалпы (шекті) лимиті болып табылатын құрылыстың есептік шекті құнынын қоспағанда, тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма түзетіледі және нақтыланады. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде алынған құрылыстың сметалық құны бекітілген жобалауға арналған тапсырмада жазылған инвестициялық ұсынысқа құрылыстың есептік шекті құнынан аспауы тиіс. Егер тапсырыс берушінің бастамасы бойынша жобалауға арналған тапсырмаға енгізілген түзетулер жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының әзірленген бөлімдерін қайта өңдеуді қажет ететін болса, онда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады