"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 қазанда № 21371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11926 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 38-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 6 қазаны № 304
Бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/678 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар (бұдан әрі – атрибуттар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) (бұдан әрі – бұйымдар (құралдар)) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік белгісі бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) таңбалау жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмір салуды жүзеге асыратын ұйым;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссия) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің бірізді нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;

      5) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган ведомоствосы (бұдан әрі ─ ведомоство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;

      7) жеке кабинет – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталында орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;

      8) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

      9) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу рәсімі;

      10) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқор – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;

      11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті процессинг орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) порталы арқылы көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш жібереді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ. мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      6. Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген деректердің толықтығына, бұйымдардың (құралдардың) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға ақпарат енгізу арқылы лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды), атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      10. Тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер туралы ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үішн тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) шоғырландырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші жаңартылған Тізілімді уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты Тізілімге енгізген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орналастырады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, ведомство, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің, ведомствоның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қару мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілген қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ______ процессингтік орталыққа
(кімнен) ____________________
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі /заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________

Лазерлік станцияларды тіркеуге өтініш

      ____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың

      (құралдардың) жеке нөмiрін таңбалау бойынша лазерлік станцияның атауы)

      __________________________________________________ тіркеуді сұраймын

      Лазерлік станция туралы мәліметтер:

      1) өндірушінің атауы__________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2) моделі/маркасы_____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3) түрі_____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5) өндіруші ел________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20__ жылғы " " _________ сағат "__" қол қойып, жіберді:

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

      Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:

      20__жылы "___"______сағат "__" қабылданды.

      Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ______ процессингтік орталыққа
(кімнен) ____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш

      __________________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) және оларды өндірушілердің атауы)

      __________________________________________________________ тіркеуді сұраймын

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:

      1) өндірушінің атауы ________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2) өндірушінің мекенжайы ___________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3) өндірушінің елі __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы ________________

      ________________________________________________________________________________

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түрі, атауы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6) осы бұйыммен (құралмен) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес тиек ұштығының болуы ____________________________________________________

      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) түсі __________________________________________________________________

      9) сырғаның (аспалы сырғалар үшін) әр бөлігінде (беткі және артқы бөлігінде) өндірушінің сауда маркасының (сауда белгісінің) болуы ________________________________

      ________________________________________________________________________________

      10) сырғаның әр бөлігінде шығарылған күнінің болуы (беткі және артқы бөлігінде)

      ________________________________________________________________________________

      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) өлшемі _______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      12) аспалы сырғаның (аспалы сырғалар үшін) беткі бөлігіндегі сыртқы жағында штрих-кодтың болуы

      ________________________________________________________________________________

      13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымды (құралды) дайындау материалы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14) қайта пайдалану _________________________________________________________

      15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) зиянсыздығы __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      16) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалар (өшірілетін, өшірілмейтін) (аспалы сырғалар үшін)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      17) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардағы (құралдардағы) жазбалардың, мәліметтердің машинамен оқылуы

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) (радиожиілік белгілері бар аспалы сырғалар, чиптер, болюстер және жануарларды электрондық бірдейлендірудің басқа да құралдары үшін) ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандарттарына сәйкес келуі туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      19) Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR)) бұйымдарды (құралдарды) (аспалы сырғалар үшін) тіркеуден өткізу туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" _________ сағат "____" қол қойып, жіберді:

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

      Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:

      20__жылы "___"______сағат "__" қабылданды.

      Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ______ процессингтік орталыққа
(кімнен) ____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтініш ________________________________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың және оларды өндірушілердің атауы)

      _____________________________________________________________________ тіркеуді сұраймын

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтер:

      1) өндірушінің атауы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2) өндірушінің мекенжайы ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      3) өндірушінің елі __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4) Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдің атауы, мекенжайы ________________

      __________________________________________________________________________

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттың түрі, атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6) осы атрибутпен бірдейлендіруді жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларының түрі ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7) тот баспауға төзімділігі ____________________________________________________

      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттарда тауар маркасының болуы __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибутты дайындау материалы _____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың өлшемдері (жануарларды таңбалауға пайдаланылатын аппараттар үшін)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың зиянсыздығы _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" _________ сағат "__" қол қойып, жіберді:

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер: ______________

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

      Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:

      20__жылы "___"______сағат "__" қабылданды.

      Процессинг орталығының ЭЦҚ-нан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні және уақыты:________________

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
4-қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Процессингтік орталық (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеуден өткені туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лазерлік станцияларды тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында лазерлік станцияларды тіркеуге өтінішті;
2) бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және оларды өндірушілерді тіркеуге өтінішті;
3) атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеуге өтінішті ұсынады.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген нысандарға, мөлшерлеріне және сипаттамасына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Тіркеуден өту туралы хабарлама

      Құрметті ________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      лазерлік станция және/немесе ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) және атрибуттар және оларды өндіруші _______________________

      ________________________________________________________________________________

      (атауы)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасында

      20_____ жылғы "___" _______________ №_____________ болып __________________ дейінгі

      (тіркелген күні)      (тіркеу нөмірі)      (тіркеу мерзімі)

      мерзімге тіркелгенін хабарлаймыз.

      Басшы __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20____жылы "___" _________ сағат "__" қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: _________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: __________________________.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Құрметті ________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" ___________________ № ___________________ өтініміңіз бойынша

      ____________________________________________ себепті қызмет көрсетуден бас тартылды.

      Басшы __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер: _________________________________

      Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою күні мен уақыты: _______________________.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді
жүргізу үшін лазерлік
станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және
атрибуттарды және оларды
өндірушілерді тіркеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар), атрибуттар және оларды өндірушілер тізілімі

р/с

Көрсетілетін қызметті алушының атауы (жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Өндірушінің атауы

Тауардың атауы

Жануар түрі

Түрі

Соңғы сертификатталған күні

Сипаты (сипаттамасы)

Өндірушінің коды

Өндірушінің елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады