БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18580 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) орнитология – омыртқалы зоологияның құстарды, олардың эмбриологиясын, морфологиясын, экологиясын, жүйеленуін және географиялық таралуын зерделейтін бөлімі;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әуеайлақтардағы метеомамандар және орнитологиялық қамтамасыз етуге жауапты адамдар 2 жылда бір реттен сиретпей жауынгерлік даярлық курсына (арнайы даярлық бағдарламасына) сәйкес курстарға (жиындарға) тартылады және 5 жылда бір реттен сиретпей арнайы курстарда біліктілігін арттырады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақшамен толықтырылсын:
"5-1. Бірлесіп орналасу әуеайлақтарында әуежай басшылығымен келісу бойынша метеомамандар тәжірибе алмасу, әуежайдың штаттық авиациялық орнитологымен тікелей өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және құстардың шоғырлануына ықпал ететін жағдайларды анықтау және жою тәртібі жөніндегі іс-шаралар бойынша практикалық тағылымдамадан өтеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ӘК-ның құстармен соқтығысуынан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін әуеайлақта авиациялық бөлім командирі орынбасарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК АҚ) авиациялық басқармасы, бөлімі бастығы орынбасарының) төрағалық етуімен штаттан тыс орнитологиялық комиссия құрылады және жылына 2 рет ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі. Егер әуеайлақта бірнеше авиациялық бөлім орналасса осы әуеайлақта үлкен авиациялық бастық болып табылатын бөлім командирі орынбасарының (ҚР ҰҚК АҚ басқармасы, бөлімі бастығы орынбасарының), командирдің (ҚР ҰҚК АҚ басқармасы, бөлімі бастығының) төрағалық етуімен бір комиссия құрылады.";
1) тармақшада мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әскери бөлімнің (ҚР ҰҚК АҚ басқармасының, бөлімінің) лауазымды адамдары:
әскери бөлім командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы бөлімінің бастығы (ҚР ҰҚК АҚ авиациялық басқармасы, бөлімібастығының орынбасары);
әскери бөлім командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – МТҚ) бөлімінің бастығы (ҚР ҰҚК АҚ авиациялық басқармасы, бөлімі бастығының орынбасары);
МТҚ бөлімі инженерлік-әуеайлақ қызметінің бастығы;
байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – РТҚ) торабының бастығы;
штабтың метеорологиялық қызметінің бастығы;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұшуды қамтамасыз ету тобы:
кезекші инженер-синоптик;
кезекші метеобақылаушы;
қонуға кіретін ұшақтарды бақылаушы;
байланыс торабы объектілеріндегі қадағалау бекеттері командалық-диспетчерлік пункт (бұдан әрі – КДП), старттық командалық пункт (бұдан әрі – СКП), радиотехникалық қону жүйесі, жақын навигацияның радиотехникалық жүйесі, алыс жетекті радиомаркер пункті (бұдан әрі – АЖРМ), жақын жетекті радиомаркер пункті (бұдан әрі – ЖЖРМ);";
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұшуды қамтамасыз ету кезінде ӘК-ның құстармен соқтығысуын болдырмау бойынша жылына 2 рет ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуге талдау жүргізіледі, ол:";
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ӘК-ныңқұстармен соқтығысуы туралы деректер ұшу (ұшып өту) аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақта әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы туралы деректер журналына енгізіледі және метеоорталыққа дереу ауызша баяндалады.
18. ӘК-ның құстармен соқтығысуынан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін авиациялық базада әскери бөлім командирі орынбасарының (ҚР ҰҚК АҚ авиациялық басқармасы, бөлімі бастығы орынбасарының) төрағалық етуімен штаттан тыс орнитологиялық комиссия жылына 2 рет әуеайлақ ауданын көктем (наурыз-мамыр) және күз (қыркүйек-қараша) кезеңдерінде орнитологиялық қарап-тексеруді жүргізеді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Әуеайлақтың штаттан тыс орнитологиялық комиссиясы жылына 2 реттен сиретпей осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақта әуе кемелерінің құстармен соқтығысуынан сақтандыру бойынша ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Жоспарда іс-шараларды орындау мерзімдері көрсетіледі.";
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Ұшуды жүргізу кезінде қоршау командасы (орнитологиялық бекеттер) ҰЖ-дан құстардың шоғырлануы туралы нұсқау алғаннан кейін дереу ӘК-ға ықтимал қауіп төндіретін құстар анықталған әуеайлақ аумағына барады.
Қоршау командасы тегіс ұңғылы (аңшылық) мылтықпен, пиротехникалық құралдармен, жарық-сигнал беру ракетницаларымен құстардың ӘК-ның ұшуына және қозғалысына қатер төндірмейтін сәтіне дейін әуеайлақ аумағынан құстарды үркіту бойынша әрекет етеді.";
36-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көзбен шолып бақылау КДП-да, командалық пунктте, СКП-да, метеорологиялық алаңда, ЖЖРМ-да және АЖРМ-да орналасқан бақылау пункттерінен таңғы және кешкі уақытта 2 сағаттан және түскі уақытта 1 сағаттан жүргізіледі. Сонымен қатар, осы мақсаттар үшін ұшуды жүргізу күндері арнайы бекеттер қойылады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Орнитологиялық бақылау ұшуды жүргізу күндерінде әрбір 3 сағат сайын оларды есептеу үшін белгіленген жауапкершілік аймақтарында 15-20 минуттан қону, диспетчерлік және қарап-шолу радиолокаторларымен құстардың ұшуы үшін қолайлы метеорологиялық жағдайлар болған кезде, жауын-шашын ұзақтығы тәуліктің 1/6 бөлігінен аспағанда, ал жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы секундына 8 метрден аспағанда жүргізіледі. РЛС индикаторларындағы құстар тобынан белгілер суретке түсіріледі, олардың биіктігі мен қозғалыс бағыты айқындалады.";
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет- ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қазаны № 505 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Әуеайлақта әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы туралы деректер журналы (Үлгі)
Оқиға болған күн ___________________________________ уақыт_________________
ӘК типі _______________________________________ ӘК № _____________________
Болған оқиға туралы кім баяндады: ____________________________________________
ҰҚЖ-да құстардың қандай қалдығы табылды: ___________________________________
Анықталған орны (ҰҚЖ осіне қатысты): _______________________________________
Ұшу кезеңі (биіктігі, жылдамдығы, ұшу және қону): ______________________________
Құстардың түрі мен саны: ____________________________________________________
ӘК-ға құстардың тап болу орны: _____________________________________________
Зақымдануы: ______________________________________________________________
Экипаж мәліметтері: ________________________________________________________
ҰҚЖ курсы: _______________________________________________________________
ҰҚЖ-ның соңғы қарап-тексеру уақыты: ________________________________________
Оқиға болған сәттегі орнитологиялық жағдай: ___________________________________
Метеожағдай: _________________________________________________________
Кімге баяндалды (баяндалған уақыт) __________________________________________
Кезекші: __________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
20___жылғы "___" ____________ Қолы _____________________
Әуеайлақта әуе кемелерінің құстармен соқтығысуынан сақтандыру бойынша ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету іс-шаралары жоспары
Р/с № | Іс-шаралар | Орындаумерзімі | Орындауғажауапты | Күні, орындалғаны туралы белгі |
---|---|---|---|---|
1. | ||||
2 | ||||
3 |