"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21384 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      2) алғашқы баға – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын, тендерлік комиссия белгілейтін объектінің құны;

      3) баланс ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      4) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      5) бастапқы баға – кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі бойынша сауда-саттық басталатын баға;

      6) жабық тендер – қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын тендер;

      7) құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісі – Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма;

      8) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      9) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі - құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      10) объект – мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік;

      11) объектінің нарықтық құны – мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет еткен жағдайда бәсекелестік жағдайындағы мәміле негізінде ол бойынша сенімгерлік басқару объектісі кейіннен сатып алу құқығымен иеліктен шығарылуы мүмкін болатын есептік ақшалай сома;

      12) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      13) сыйақы – объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асыратылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;

      14) тендер – бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;

      15) тендер жеңімпазы – объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объект үшін ең жоғары баға ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы немесе объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде ең төмен сыйақы мөлшерін ұсынған тендерге не жабық тендерге қатысушы;

      16) тендерге қатысушы – тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      17) тендерлік комиссия – объектіні беру жөніндегі тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия;

      18) тендерлік ұсыныс – объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы мөлшерін қамтитын (құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруынан түскен таза кіріске пайыздық арақатынаста) қатысушының ұсынысы;

      19) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      20) шарт – осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сай үлгілік шартқа сәйкес құрылтайшы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;

      21) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      22) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Объекті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге жіберген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды.

      Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста), бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын мөлшерді ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Егер объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысуға жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, құрылтайшы онымен өтінім тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес келген жағдайда, тендер шарттарының және қатысушының тендерлік ұсынысының талаптарымен шарт жасай алады.";

      мынадай мазмұндағы 39-1 және 39-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "39-1. Тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыруды және өткізуді құрылтайшы жүзеге асырады.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін бірінші тендерге немесе жабық тендерге қойған кезде объектінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа шығарған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетіледі.

      Егер тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болса, онда кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісі жалғыз қатысушыға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін үшінші сауда-саттықты қоспағанда, тендер өткізілмеді деп жарияланады.

      39-2. Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (қатысу үлестері) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, қызмет бейінін құрылтайшы айқындаған мерзімге сақтау тендердің немесе жабық тендердің шарты болып табылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Тендер немесе жабық тендер мынадай:

      1) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылар болмаған;

      2) егер үшінші сауда-саттықты қоспағанда объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болған;

      3) жеңімпаз тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия, мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (қатысу үлестерін) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді қоспағанда, тендер шарттарын өзгерте алады.";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Егер шартта кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару объектісін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы көзделмесе, сенімгерлік басқарушы құрылтайшыға шартқа тиісті толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен жүгіне алады.

      Сенімгерлік басқарушы жүгінген жағдайда құрылтайшы шартқа толықтырулар енгізу туралы қосымша келісім жасасады.

      Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектіні мерзімінен бұрын сатып алу жөніндегі сенімгерлік басқару шартына толықтыруларға сенімгерлік басқарушы өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

      Егер сенімгерлік басқару шартында осы Қағидалардың 51-тармағының 1) және (немесе) 5) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушының міндеттемелері көзделсе, онда шартқа толықтырулар сенімгерлік басқарушының оларды мерзімінен бұрын орындау жөніндегі міндеттемелерін қамтуы тиіс.

      Кейіннен сатып алу құқығымен объектіні сенімгерлік басқару шарты бойынша орындалмаған өзге міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні сатып алу-сату шартына ауыстырылуға жатады.

      Сенімгерлік басқарушыда сенімгерлік басқару объектісін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы шарт жасалған күннен бастап бір жылдан кейін туындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 9 қазаны
№ 74 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

_____________ қаласы

20 __ жылғы "___" _________

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын ______________________________________________

      _________________________________________________________________________ атынан

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20 __ жылғы "___" ____________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20 ____ жылғы "____" _____________ № ________________________________________________________________

      бұйрығымен бекітілген ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін басшы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" ______ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың

      негізінде әрекет ететін ________________________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы

      осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "Объект" деп аталатын _____________________________________________________________________ (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің атынан Құрылтайшы ретінде әрекет ететін Пайда алушының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

      1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      1.5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын / салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) __________________ жолымен осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      2. Тараптардың құқықтары

      2.1. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      2.2. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды:

      кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сенімгерлік басқару объектісі бойынша шығыстарды өтеу актісін ұсынған кезде сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің

      ____________________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)

      ағымдағы ___________________________________________________________

      (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)

      бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен өтеуге;

      кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеуге;

      3) кейіннен сатып алу құқығынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде бар болған жағдайда және құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза пайданың есебінен ______ мөлшерінде (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісіне қатысты пайыздық арақатынаста, бірақ тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген шекті мөлшерден аспайтын) сыйақы алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға;

      5) өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні мерзімінен бұрын сатып алуға;

      6) осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      3.2. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) осы Шарттың 1.3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігіндегі мүліктен оқшаулауға міндетті. Объект сенімгерлік басқарушының бөлек балансында көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі;

      8) Объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу үшін бөлек банк шотын ашуға;

      9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісін (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге;

      10) мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, Объект бойынша жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді орындауға;

      11) Құрылтайшыға оның Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген залалды өтеуге;

      12) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша іс-қимылдар нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      13) Құрылтайшыға жылдық есепті жазбаша түрде _____________________

      (ұсыну мерзімдері)

      беруге;

      14) Құрылтайшыға _______________________________________ шарттың

      (ұсыну мерзімдері)

      барлық қолданылу мерзімінің есебін жазбаша түрде беруге;

      15) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында (бұдан әрі - Қаулы) айқындалған тәртіппен беруге;

      16) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен _____________________ беруге;

      (ұсыну мерзімдері)

      17) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеу бойынша шараларды қабылдауға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      18) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) он жұмыс күні ішінде беруге;

      19) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Форс-мажор

      5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      5.3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

      5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

      9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

      10. Өзге де талаптар

      10.1. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      10.2. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      10.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

      10.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

      10.5. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде Объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

      10.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

      11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Құрылтайшы

Сенімгерлік басқарушы

________
(қолы)

_________________________
(басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

________
(қолы)

_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқарудың үлгілік шартына
қосымша
  Нысан

Сенімгерлік басқару объектісі бойынша шығыстарды өтеу актісі

      20__ жылғы "___" ______________ №____

      Объектінің атауы ______________________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сома ________________________________________ теңге

      Бюджеттік бағдарлама бойынша ________________________________________

р/с №

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескерту








Жиыны:






      Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар сомасы:

      _______________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен, жазумен)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
______________________________

Сенімгерлік басқарушы
______________________________

________
(қолы)

_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

________
(қолы)

_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады