"Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қазандағы № ҚР ДСМ-123/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қазанда № 21401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.05.2021 № ҚР ДСМ -47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 8 қазандағы "Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" отырысының хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Денсаулық сақтау субъектілері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылған мобильдік (мониторингтік) топтардың ақпаратының негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының тиісті аумақтағы аумақтық бөлімшесіне осы санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес эпидемиялардың, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың пайда болу немесе таралу қаупі жағдайлары туралы ақпаратты (шұғыл хабарламаны) жібереді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 10 қазаны
№ ҚР ДСМ-123/2020 бұйрығына
қосымша
  "Коронавирустық инфекцияның
таралу қаупінің пайда болуының
алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға
қарсы, санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
қосымша
  нысан
  ___________________
___________________
____________________
(халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік орган
ведомствосының аумақтық
бөлімшесінің атауы)

Эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың пайда болу немесе таралу қаупі жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабарлама)

№_______

"______" _________20__жыл

      1. Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________

      _____________________________________________________________________

      2. Субъектінің (объектінің) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН

      (бизнес сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________________

      3. Субъектінің (объектінің) орналасқан мекенжайы, байланыстары ____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Бұзушылықтың сипаттамасы __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Фото, бейнематериалдар ___ бетте ____________________________________

      6. Ақпаратты жіберген жергілікті атқарушы органның атауы және мобильді

      (мониторингтік) топты құру туралы 20 ___ жылғы ______"___" ______________

      №__ өкімі (шешімі) ____________________________________________________

      7. Мобильді (мониторингтік) топтың ақпарат жіберген күні __________________

      8. Лауазымы, ТАӘ (бар болса), қолы _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады