"2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 308 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21403 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20664 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      алдын ала төлем – республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен;

      күзгі кезеңде қосымша ақы – республикалық бюджеттен және Корпорацияның өз қаражатынан бөлінген қалған қаражат есебінен.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеткізу талаптары – EXW "франко-зауыт" (Инкотермс-2020) талаптарында Корпорация белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. АШТӨ Корпорацияға ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуін растайтын құжаттарды ұсынады (заңды тұлғалар үшін ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты егілген ауданын растайтын статистикалық органдардың есепті қабылдағаны туралы белгісі бар "Егін себу қорытындылары туралы есеп" 4-сх статистикалық нысанның көшірмесі (жылдық) және/немесе статистикалық органдардың есепті қабылдағаны туралы белгісі бар қуаттау сертификатының сериялық нөмірі болған жағдайда статистикалық органдардың жеке есептік жазбадан жүктелген осы статистикалық нысанның электронды түрі, шаруа/фермерлік қожалықтар үшін АШТӨ-нің қолымен куәландырылған ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша ағымдағы жылы егілген егістік алаңдары туралы анықтама).".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады