"Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 988 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қазанда № 21428 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

      12-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 12 қазаны
№ 988 бұйрығына
қосымша
  Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау
жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мәліметтер

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы мүшелерінің құрамы ____________________________

      _________________________________________________________________________

      (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі)

      № 1 кесте

Бухгалтердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН)

Бухгалтердің тегі

Бухгалтердің аты

Бухгалтердің әкесінің аты

Жұмыс орны (ұйымның атауы)

Лауазымы

Пошталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

Үй нөмірі

Пәтердің нөмірі

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні

Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі)

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      № 2 кесте

Бухгалтерлік ұйымның БСН

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Пошталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/кеңсенің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кестенің жалғасы

Телефон нөмірі

Факс нөмірі

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

Бухгалтерлік ұйым басшысының ЖСН

Бухгалтерлік ұйым басшысының аты

Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі

Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты

9

10

11

12

13

14

15

16









Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басшысының лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Бөлімше басшысының тегі

Бөлімше басшысының аты

Бөлімше басшысының әкесінің аты (бар болса)

бөлімше басшысының телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7








      Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы

Иә

Жоқ

1

2

      Бухгалтерлердің кәсіби

      ұйымының басшысы ___________             ____________________________

                              (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады