БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Санаттау субъектісінің тәуекел дәрежесі құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылдықта бір рет өзектендіріледі.
Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген жағдайда, тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.
Егер жоғары немесе орташа тәуекел санатындағы салық төлеуші санаттау жүргізілген жартыжылдықтың басынан бастап ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 75 (жетпіс бес) миллион теңгеден, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 45 (қырық бес) миллион теңгеден, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 (жиырма) миллион теңгеден астам сомада салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген және бұл ретте салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі болмаған жағдайда, онда бұрын берілген тәуекел дәрежесінің санаты тиісінше орташа немесе төмен деңгейге өзгертілуге жатады.
Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.
Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып анықталады.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. "Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарты, егер соңғы 3 (үш) салықтық кезең (жыл) ішінде салық есептілікте залал көрсетілетін жағдайда анықталады.
Салықтық мониторингке жататын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін өлшемшарт соңғы бес жылдық кезең бойынша анықталады.
Залалдар кезеңінен инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдерді қолдану себебінен қалыптасқан залалдар кезеңі алып тасталады.
"Салықтық есептілікте бірнеше салықтық кезең бойы залалдарды көрсету" өлшемшарттың басымдылығы – 3 балл қосу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – теріс.
17. "Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарты, егер салық төлеуші корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосымша құн салығы бойынша жалпы сомасы 10 (он) миллионнан астам теңгеге азайтуға бестен астам қосымша декларациялар ұсынған, бұл ретте осындай декларацияларды ұсыну үшін белгіленген күннен бастап он екі және одан да көп айлар өтіп кеткен жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
Iрі салық төлеушілер мониторингіндегі салық төлеушілер бойынша, сондай-ақ филиалдары және (немесе) өкілдіктері бар салық төлеушілер бойынша өлшемшарт қолданылмайды.
"Бұрын ұсынылған салықтық есептілікке бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу" өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне әсер етуі – теріс.";
мынадай мазмұндағы 26, 27 және 28-тармақтармен толықтырылсын:
"26. "Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшарты санаттау жүзеге асырылатын кезеңнің алдындағы жарты жылдықтағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу динамикасы негізінде анықталады.
Төлем сомасына кедендік төлемдер, импортталған тауарларға қосылған құн салығы, импортталған тауарларға акциз қосылмайды.
Төлем сомалары қайтарылған сомаларды ескере отырып анықталады.
Өлшемшарт 1 (бір) миллион теңгеден астам салық төлеу бойынша тарихи деректері бар салық төлеушілер бойынша есептеледі.
"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу"өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
27. "Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарты салық төлеуші үш компонентті интеграцияланған жүйені нақты қолданған жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
"Үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдану" өлшемшарттың басымдылығы – 2 балл алу, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.
28. "Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарты тауарларға ілеспе жүкқұжаттары ай сайын ресімдеген және "Виртуалдық қойма" модулі арқылы тауарларға ілеспе жүкқұжаттары негізінде шот-фактураны электрондық түрде жазып берген жағдайда анықталады.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 6 (алты) ай.
"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшарттың басымдылығы осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген, тәуекел дәрежесіне әсер етуі – оң.";
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазаны № 998 бұйрығына 1-қосымша Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша |
"Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" өлшемшартының басымдылығы
№ | Бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасының өсімі (алдыңғы жартыжылдықтағы төлем өткен жылдың ұқсас кезеңдегі төлемді алып тастағанда) | Тәуекел дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы |
1 | 1 миллион тенгеден 5 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 2 балл алу |
2 | 5 миллион теңгеден жоғары 10 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 3 балл алу |
3 | 10 миллион теңгеден жоғары 25 миллион теңгені қоса алғанға дейін | оң | 4 балл алу |
4 | 25 миллион теңгеден жоғары | оң | 5 балл алу |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 қазаны № 998 бұйрығына 1-қосымша Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына 7-қосымша |
"Виртуалдық қойма" модулін қолдану" өлшемшартының басымдылығы
№ | Тауарларға рәсімделген ілеспе жүкқұжаттарының орташа айлық саны | Тәуекел дәрежесіне әсер етуі | Басымдылығы |
1 | 1-ден 5 мыңға дейін | оң | 1 балл алу |
2 | 5 мыңнан 10 мыңға дейін | оң | 2 балл алу |
3 | 10 мыңнан 100 мыңға дейін | оң | 3 балл алу |
4 | 100 мыңнан 500 мыңға дейін | оң | 4 балл алу |
5 | 100 мыңнан жоғары | оң | 5 балл алу |