Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 қазандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21446 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасының
2020 жылғы 13 қазаны
№ 158 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік органдардың басшыларын (әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді) аттестациялауды өткізу үшін аттестациялық комиссиялар құру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы № 02-2-4/88 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1914 болып тіркелген, 2002 жылғы № 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 667-құжат).

      2. "Аттестациялануға тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшіге Аттестациялық парақ нысанын және Қызметтік мінездеме нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 22 маусымдағы № 02-01-02/81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 болып тіркелген).

      3. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 06-7/90 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8578 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашадағы № 307 (27581) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 06-7/170 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8972 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 8 (28232) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

                                    __________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады