Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн аттестациялық комиссиялар құру ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 26 маусымдағы N 02-2-4/88 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 8 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1914. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 қазандағы № 158 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 13.10.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Әкімшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялауды өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығын iске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн қоса берiлiп отырған Аттестациялық комиссиялар құру ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастан iске қосылады.

      Төраға

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының
2002 жылғы 26 маусымдағы N 02-2-4/88
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттiк органдардың басшыларын (әкiмшiлiк
мемлекеттiк қызметшілердi) аттестациялауды өткiзу
үшiн аттестациялық комиссиялар құру
ережелерi

      Осы Ережелер мемлекеттiк органдардың басшыларын (мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi) аттестациялауды өткiзу үшiн аттестациялық комиссиялар (бұдан әрi - Комиссия) құру және олардың құрамдарын жасақтау рәсiмдерiне қойылатын талаптарды айқындайды. Ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациялауды өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Комиссия мемлекеттiк органдар басшыларының (мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң) (бұдан әрi - басшы) кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi деңгейiн және азаматтармен жұмыс iстеу қабілетiн анықтау мақсатында құрылады.

      2. Комиссияны заңнамамен белгiленген тәртiппен басшыларды тағайындауға құқылы лауазымды тұлға (бұдан әрi - лауазымды тұлға) құрады. Комиссияның жеке құрамын лауазымды тұлға бекiтедi. Комиссияның құрамына төрағаны қоса, кемi үш адам кiруi тиiс.

      3. Комиссия жоспарланған аттестация өткiзiлетiн кезеңге құрылады.

      4. Комиссияның шешiмi Комиссия мүшелерi, хатшы қол қоятын және лауазымды тұлғаның тиiстi актiсiмен бекiтiлетiн хаттамамен толтырылады.

      5. Комиссияның шешiмi ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылданады және оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданған болып саналады. Дауыстарды есептеу кезiнде Комиссия мүшелерiнiң мәжілiсiне қатысушылардың дауыстары ғана есепке алынады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.

      6. Комиссия мүшелерi ондайлық айтылған жағдайда жазбаша мазмұндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс айрықша пiкiр білдiруге құқылы.

      7. Комиссия құрамына басқа бiр мемлекеттiк органның ведомствосындағы құрылымдық бөлiмшелердің өкілдерiн қосуға жол берiлмейдi.

      8. Мәжiлiсте Комиссия мүшелерінің бiрi болмаған жағдайда мәжiлiс болмаған деп саналады.

      9. Жоқ Комиссия мүшелерiн алмастыруға жол берiлмейдi.

2. Комиссияның iс-қызметiн ұйымдастыру

      10. Комиссияның органдары:

      1) төраға;

      2) хатшы.

      11. Комиссияның төрағасы оның iс-қызметiне басшылық етедi, Комиссияның отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және iс-қызмет пен оның қабылдайтын шешiмдерi үшiн жауапкершiлiк көтередi.

      12. Комиссияның хатшысы Комиссияның мәжiлiсiне тиiстi материалдар, қажеттi құжаттар дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттама толтырады.

3. Комиссияның құрамын анықтау

      13. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк органдар аумақтық бөлiмшелерiнің басшыларын аттестациялауды өткiзу үшiн Комиссия құрамына:

      1) облыстық аумақтық мемлекеттiк органдардың басшылары үшін:

      орталық мемлекеттiк органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы;

      орталық мемлекеттiк орган басшысының орынбасары;

      аттестациялауға жататын қызметшiлерге қарағанда сондай немесе одан жоғары лауазымға орналасқан мемлекет орган орталық аппаратының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерi;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген лауазымды тұлғалардан басқа аудандық аумақтық органдардың басшылары үшiн:

      аттестациялауға жататын қызметшiлерге қарағанда сондай немесе одан жоғары лауазымға орналасқан мемлекеттiк орган облыстық аумақтық органының жетекшiсi, оның орынбасары, әкімшілік мемлекеттiк қызметшілерi кiре алады.

      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.09.03. N 02-01-02/113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      14. Жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың басшыларын аттестациялауды өткiзу үшiн Комиссия құрамына:

      1) облыстар әкiмдерi аппараттарының басшылары үшiн:

      облыс әкiмi;

      облыс әкiмiнiң орынбасарлары;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген лауазымды тұлғалардан басқа аудандар әкімдерi аппараттарының басшылары үшін:

      ауданның әкiмi;

      облыс әкiмi аппаратының басшысы;

      аудан әкiмiнiң орынбасары;

      облыс әкiмiнiң аппараты басшысының орынбасары;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген лауазымды тұлғалардан басқа облыстық атқару органдарының басшылары үшін:

      облыс әкiмi аппаратының басшысы;

      4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген лауазымды тұлғалардан басқа аудандық атқару органдарының басшылары үшiн:

      облыс әкiмiнің аппараты басшысының орынбасары;

      аудан әкiмi аппаратының басшысы кiре алады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады