Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 115 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 679 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21466 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптардың 5-тармағының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 23-тармағы үшінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қауіпсіздік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Ұлттық Банктің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулы мен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің Заң департаментіне осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы бірлескен қаулы мен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде олардың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 115 бірлескен
қаулысымен және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 7 қазандағы
№ 679 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.09.2021 № 79 және ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2021 № 679 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптардың 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық филиал – Ұлттық Банктің ғимаратын, қызметтік үй-жайларды және ішкі ауланың аумағын қоса алғанда, оған іргелес аумақты қосқанда, оның аумақтық филиалы;

      2) аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері – Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыруға жауапты Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының қызметкерлері;

      3) бекет полицейі – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің (бұдан әрі – Өкілдік) ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұдан әрі – МКҚБ) полиция қызметкері;

      4) ғимараттар – мыналардың:

      Ұлттық Банк орталық аппаратының;

      Өкілдіктің;

      Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының мемлекеттік күзетілуі тиіс аса маңызды мемлекеттік объектілерге жататын ғимараттары;

      5) келушілер – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің ғимараттарына келген Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;

      6) қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің және ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ келушілерге ғимараттарға біржолғы кіріп-шығуын жүзеге асыру үшін берілетін қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама;

      7) қауіпсіздік бөлімшесі – Ұлттық Банктің, Өкілдіктің ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыруға жауапты Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі, Өкілдіктің құрылымішілік бөлімшесі;

      8) өткізу және объектішілік режимдер – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің ғимараттары шегінде белгіленген, ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етілетін тәртіп;

      9) пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнама (бұдан әрі – электрондық тұрақты рұқсатнама) – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің мен ұйымдардың қызметкерлеріне берілетін, иесінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) және фотосуреті көрсетілген пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнама;

      10) пластикалық электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама (бұдан әрі – электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама) – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің және ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ келушілерге ғимараттарға уақытша (біржолғы) кіріп-шығуын жүзеге асыру үшін берілетін пластикалық электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама;

      11) полиция бекеті – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің ғимараттарындағы МКҚБ қызметкері Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің әкімшілік ғимараттарын күзету жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шартта айқындалған өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындайтын аумақтағы орын;

      12) техникалық бақылау – тыйым салынған заттар мен бұйымдарды рұқсатсыз әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (әкетуді), алып өтуді (көлікпен алып өтуді), сондай-ақ Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің мүлкі мен құндылықтарын рұқсатсыз шығаруды (көлікпен әкетуді) анықтауға және жолын кесуге арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін іс-шаралар жиынтығы;

      13) ұйымдар – Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары, Ұлттық Банкке және оның аумақтық филиалдарына, Өкілдікке шарттық негізде қызмет көрсететін ұйымдар, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар, Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің ғимараттарында үй-жайларды жалға алатын ұйымдар;

      14) электрондық техника – компьютерлер, ноутбуктер, сымсыз қол жеткізу модульдері, бейнекамералар, фотоаппараттар, көшіру машиналары, цифрлық ақпарат жинақтағыштар, сондай-ақ аудио-бейне-фотобелгілеу, интернетке шығу, сканерлеу, цифрландыру, қағаз, электрондық тасымалдағыштардан ақпаратты алу, цифрлық ақпаратты қабылдау, беру және сақтау функциялары бар құрылғылар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      3. Ғимараттарда өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету шарт негізінде аса маңызды мемлекеттік объектілерді мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін МКҚБ-ға жүктеледі.

      4. Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдердің талаптары ғимараттарда тұрақты немесе уақытша болатын барлық тұлғаларға қолданылады.

      5. Ғимараттардағы адамдар Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдерді сақтауы, сондай-ақ жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстануы қажет.

2-тарау. Өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз етудің жалпы тәртібі

      6. Бекет полицейлері ғимаратқа кіру кезінде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес техникалық бақылау жүзеге асырылмайтын адамдар тізбесінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, арнайы жабдықты және техникалық бақылау құралдарын пайдалана отырып, кіретін адамдарға қатысты техникалық бақылауды жүзеге асырады.

      Арнайы жабдықтар мен техникалық құралдар адамдардың қол жүгі мен жеке заттарын қарау кезінде де пайдаланылады.

      Арнайы техникалық бақылау құралдары іске қосылған кезде бекет полицейі техникалық бақылауға алынған адамға көзбен шолып қарау үшін қол жүгінің ішіндегісін көрсетуді ұсынады.

      Арнайы техникалық бақылау құралдары істен шыққан не олар болмаған кезде адам өзі көзбен шолып қарау үшін бекет полицейіне қол жүгін ашық түрде ұсынады.

      7. Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына әкелуге (алып өтуге) тыйым салынған не шектелген заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде (бұдан әрі – Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесі) көрсетілген заттарды және (немесе) бұйымдарды ғимараттарға әкелуге тыйым салынады. Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде көрсетілген заттардың және (немесе) бұйымдардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында бекет полицейі кіретін адамның келісімімен оны жеке тексеріп шығады. Жеке тексеріп шығуды тексерілетін адаммен бір жыныстағы бекет полицейлері жеке үй-жайда және тексерілетін адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмей, сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

      Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік және ұйымдар қызметкерлерінің Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен ғимараттарға әкелуіне (алып өтуіне) рұқсат етіледі.

      Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік және ұйымдар қызметкерлеріне тиесілі ноутбуктерді, планшеттерді әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (көлікпен әкетуді) бекет полицейі Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық техниканың қозғалысы журналында тіркейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      8. Техникалық бақылау жүзеге асырылмайтын адамдарды қоспағанда, кіретін адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп қараудан өтпеуі оны ғимаратқа кіргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      9. Келушілердің Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде көрсетілген заттарды және (немесе) бұйымдарды Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына кіргізуіне (алып өтуіне) жол берілмейді. Келушілердің сатып алынатын монета өнімін POS-терминал арқылы тиісті қосымшалар арқылы төлеу кезінде пайдалану үшін мобильді телефондарды (смартфондарды) кіргізуін (алып өтуін) қоспағанда, Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар ғимаратқа кірер кезде арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады

      10. Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттарды келушінің кіргізуіне (алып өтуіне) Ұлттық Банктің орталық аппаратының, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің және келуге бастама танытқан ұйымның бөлімшесі еркін нысанда жасаған рұқсатнама алуға арналған өтінімнің негізінде қауіпсіздік бөлімшесімен және (немесе) филиалдың басшысымен не оның міндеттерін атқаратын адаммен келісу бойынша рұқсат етіледі.

      11. Егер кіруші адамда Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген заттар мен бұйымдар табылса, бекет полицейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

      12. Ғимараттарға жануарлармен кіруге жол берілмейді.

      13. Адамдарды алкогольден, есірткіден және уытқұмарлықтан масаң күйде жіберуге тыйым салынады.

3-тарау. Аумақтық филиалдардың қызметтік үй-жайларына кіру аймақтары

      14. Аумақтық филиалдардың үй-жайлары мен олардың аумағы қолжетімділік бойынша үш кіру аймағына бөлінеді:

      1) бірінші кіру аймағы – кіру шектелмеген және Қағидалармен реттелетін ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

      2) екінші кіру аймағы – қойманы (сақтау орнын) қоспағанда, касса торабының үй-жайлары, жүктелген міндеттерді орындау үшін адамдардың белгілі бір тобына, сондай-ақ бір жолғы рұқсатнама бойынша немесе қызметкерлердің еріп жүруімен келушілерге кіруге рұқсат етілген қызметтік үй-жайлар;

      3) үшінші кіру аймағы – қойманың (сақтау орнының) үй-жайлары, құпия құжаттары, қару-жарағы бар үй-жайлар, жүктелген міндеттерді орындау үшін не аумақтық филиал басшысының не оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен және арнайы бөлінген қызметкердің еріп жүруімен біржолғы рұқсатнамалар бойынша адамдардың қатаң шектелген тобына кіруге рұқсат етілген өзге де қызметтік үй-жайлар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      15. Екінші және үшінші кіру аймағына жататын қызметтік үй-жайлардың тізбесін, сондай-ақ филиалдардың, ұйымдардың аталған үй-жайларға кіруге құқығы бар қызметкерлерінің тізімін аумақтық филиалдардың басшылары не олардың міндетін атқаратын адамдар бекітеді.

      16. Жеке көзбен шолып бақылау құралдарын, бейне -, кино -, радиотехникалық және фотоаппаратураны үшінші кіру аймағына жататын қызметтік үй-жайларда алып кіруге және пайдалануға тыйым салынады.

      Екінші кіру аймағына жататын қызметтік үй-жайларда электрондық техниканы алып кіруге және пайдалануға филиал басшысының не оның міндетін атқаратын адамның өкімі негізінде рұқсат етіледі.

4-тарау. Ғимараттарда өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру

      17. Ғимараттарға кіруші адамдарды кіргізу мына құжаттардың біреуі:

      1) пластикалық электрондық тұрақты рұқсатнама;

      2) пластикалық электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама;

      3) қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама;

      4) бір айдан аспайтын мерзімге Ұлттық Банктің орталық аппаратының, Өкілдіктің, аумақтық филиалдардың бөлімшелері, сондай-ақ ұйымдар қауіпсіздік бөлімшесіне және (немесе) аумақтық филиалдың басшысына не оның міндетін атқаратын адамға 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге ұсынған келушілердің тізімдері;

      5) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекет полицейі келушілерді есепке алу журналында тіркей отырып, аумақтық филиалдың кассасына кассалық қызмет көрсету үшін жіберілетін келушінің жеке басын куәландыратын құжат не электрондық форматтағы цифрлық құжат бойынша жүзеге асырылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама негізінде рұқсат беруді қоспағанда, ғимараттарға кіру рұқсатын басқаруды бақылау жүйесіндегі (бұдан әрі – РББЖ) электрондық рұқсатнамаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама РББЖ болмаған, ол істен шыққан, электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнаманы беру кезінде пайдаланылатын электрондық карталар болмаған жағдайларда пайдаланылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      17-1. Ұлттық Банк орталық аппаратының ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне Ұлттық Банк филиалына аудиторлық тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ Ұлттық Банк орталық аппаратының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің қызметкерлеріне Ұлттық Банк филиалына тексеру жүргізу және практикалық көмек көрсету кезінде Ұлттық Банк филиалының қоймасын (сақтау орнын) қоспағанда, Ұлттық Банк филиалының касса торабына кедергісіз кіруге рұқсат етіледі, Ұлттық Банк филиалының қоймасына (сақтау орнына) кіру рұқсаты Ұлттық Банк филиалының құндылықтарының сақталуына материалдық жауапкершілік жүктелетін Ұлттық Банк филиалы қызметкерінің ілесіп жүруімен мынадай құжаттар негізінде қол жеткізу жүзеге асырылады:

      1) Ұлттық Банк орталық аппаратының ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне – аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырмалар;

      2) Ұлттық Банк орталық аппаратының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің қызметкерлеріне – Ұлттық Банктің аумақтық филиалына тексеру жүргізуге және/немесе практикалық көмек көрсетуге тапсырмалар

      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      18. Келушілерді электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнамалар, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнамалар және келушілердің тізімдері бойынша келушілерге кассалық қызмет көрсетуді қоспағанда, ғимараттарға кіргізу жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс.

      Жұмыс уақытынан тыс кезде, демалыс немесе мереке күндері келушілерге ғимаратқа кіру рұқсатын берудің қызметтік қажеттілігі туындаған жағдайда, іс-шараны (кездесуді) ұйымдастыруға жауапты бөлімше қауіпсіздік бөлімшесіне немесе аумақтық филиалдың басшысына не оның міндетін атқаратын адамға келушілердің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірлері мен берілген күнін және келу мен кету уақытын көрсете отырып өтінішхат жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      19. Келушілерге уақытша (біржолғы) электрондық рұқсатнама, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама беруді қауіпсіздік бөлімшесі, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері жүзеге асырады.

      20. Ұсынылған тізімдер бойынша келушілерді өткізу:

      1) қауіпсіздік бөлімшесінің басшысының, басшының орынбасары немесе лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес уәкілетті қызметкердің;

      2) аумақтық филиал басшысының не оның міндеттерін атқаратын адамның жазбаша рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

      21. Аумақтық филиалдың айырбастау кассасына баратын келушілерді, сондай-ақ кассалық қызмет көрсету үшін қабылдау кассасына және беру кассасына баратын инкассаторлық ұйымдардың қызметкерлерін қоспағанда, келушілердің еріп жүрусіз кіріп-шығуына жол берілмейді.

      22. Ғимаратқа кіру кезінде электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама бойынша, сондай-ақ келушілер тізімі бойынша келуші полиция бекеті қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатты не электрондық форматтағы цифрлық құжатты көрсетеді.

      23. Келуші ғимараттан шыққан кезде өткізу турникетінің карта қабылдағышына (бар болса) электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнаманы салады, ол істен шыққан не болмаған жағдайда, бір реттік пластикалық электрондық рұқсатнаманы немесе оны қабылдаған қызметкердің қолы қойылған бір жолғы қағаз тасымалдағыштағы рұқсатнаманы бекет полицейіне тапсырады.

      Қағаз тасымалдағышта біржолғы рұқсатнама алған адамның оны қабылдаған қызметкердің қойылған қолынсыз ғимараттан шығуына жол берілмейді.

      24. Электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнама, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама тек атына ресімделген адамдар үшін, сондай-ақ олар берілген күнге ғана жарамды. Рұқсатнамаларды басқа адамдарға беруге жол берілмейді.

      25. Келуші ұсынған, оған ғимаратқа кіру құқығын беретін құжатта келушінің жеке басын куәландыратын құжаттың (электрондық форматтағы цифрлық құжаттың) деректеріне сәйкес келмеу белгілері және (немесе) келуші бейнесінің фотосуреті оның сыртқы келбетіне сәйкес келмейтіні анықталған кезде, полиция бекетінің қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет етеді.

      26. Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік байланыс бөлімшесінің қызметкерлерін олардың қызметтік міндеттерін орындауы кезінде ғимараттарға жіберу тізімдері бойынша жүзеге асырылады.

      27. Ұлттық Банк бөлімшелерінің, аумақтық филиалдарының, Өкілдіктерінің, келуге бастамашылық жасаған ұйымдардың басшылары келушілерге ғимаратқа кіруден шығуға дейін бірге жүруді қамтамасыз етеді және кіретін адамдардың ғимараттарда болуының бүкіл кезеңі ішінде оларға ілесіп жүруді қамтамасыз етпегені үшін дербес жауапты болады.

      28. Ұлттық Банктің мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімшесінің қызметкерлері қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мүлкін - Ұлттық Банкке пайдалануға берілетін арнайы техниканы кедергісіз (Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық рұқсатнаманы ресімдемей) әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (көлікпен әкетуді) қамтамасыз етеді.

5-тарау. Автокөлікті өткізу тәртібі

      29. Ұйымдардың автокөлік құралдарының іргелес аумаққа, Ұлттық Банктің, Өкілдіктің паркингіне кіруі (шығуы) қауіпсіздік бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының не қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкерлерінің рұқсатымен, Ұлттық Банк бөлімшесі, Өкілдік, мүлік пен құндылықтарды (жүкті) қабылдайтын, жөнелтетін ұйым қызметкерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

      30. Автокөлік құралдарының жүргізушілері (инкассаторлық машиналарды қоспағанда) іргелес аумаққа, Ұлттық Банктің, Өкілдіктің паркингіне және аумақтық филиалдарға кірген кезде жолаушыларды Ұлттық Банктің іргелес аумағынан тыс жерге түсіреді.

      31. Өрт, авариялық жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде, қызметкерлер мен ғимараттарда болған адамдардың хал-жағдайлары нашарлаған кезде шұғыл қызмет персоналы бар арнайы автокөлікке іргелес аумаққа, Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдың, Өкілдіктің паркингіне кедергісіз жіберіледі.

      32. Орын алған оқиға жойылғаннан кейін, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, арнайы автокөлік аумақтан шығатын кезде полиция бекетінде тексеріледі.

      33. Аумақтық филиалдың автокөлігі аумақтық филиалдың күзетілетін аумағына қызметтік автокөліктерінің тізімі негізінде жіберіледі.

      34. Ұйымдардың автокөлігі аумақтық филиалдың күзетілетін аумағына аумақтық филиал басшысының не оның міндетін атқарушы адамның жазбаша рұқсаты бойынша не Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автокөлікке біржолғы рұқсатнама бойынша өткізіледі.

      35. Жазбаша рұқсат аумақтық филиал бөлімшелері немесе ұйымдар басшыларының не олардың міндетін атқарушы адамдардың өтінімдері негізінде 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      Аумақтық филиалда күзетілетін аумаққа кірмейтін іргелес аумақ болған кезде автокөліктің іргелес аумаққа кіруі Қағидалардың 34-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Аумақтық филиалдың күзетілетін аумағына жеке автокөліктің кіруіне тыйым салынады.

      37. Аумақтық филиалдың күзетілетін аумағына арнайы автокөліктің және (немесе) ұйымның рұқсат етілген автокөлігінің кіруін (шығуын) бекет полицейлері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автокөліктің кіру-шығуын тіркеу журналында тіркейді.

6-тарау. Өткізу және объектішілік режимдерді сақтау тәртібі

      38. Ғимараттардағы адамдар өткізу және объектішілік режимдерді қатаң сақтайды, қауіпсіздік бөлімшесіне, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлеріне және бекеттік полицияға тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі.

      39. Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері, Өкілдік және аумақтық филиалдар, ұйымдар өздерінің қызметінде ауысымдық жұмыс болған немесе олар үшін белгіленген жұмыс режимі (жұмыстың басталу және аяқталу уақыты) өзгертілген кезде қауіпсіздік бөлімшесіне және (немесе) аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлеріне ішкі еңбек тәртібіне сәйкес полиция бекетіне ұсынылатын қызметкерлердің тізімін (бұдан әрі – тізім) қоса бере отырып, жұмыс кестесін ұсынады.

      Тізімге енгізілген қызметкерлерді, сондай-ақ Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ғимараттарда жұмыс уақытынан тыс уақытта, мереке және демалыс күндері, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытынан кейін жұмыс күндері болуға тыйым салынады.

      40. Мына адамдарға:

      1) Ұлттық Банктің Төрағасына және оның орынбасарларына, Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің, Өкілдіктің, аумақтық филиалдардың басшыларына, қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлеріне, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлеріне;

      2) Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің, аумақтық филиалдарының, Өкілдіктің, ұйымдарының қызметкерлеріне қауіпсіздік бөлімшесі (аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкері) полиция бекетіне беретін, Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшесі, аумақтық филиалы, Өкілдігі, ұйымы басшысының не олардың міндетін атқарушы адамдардың қолы қойылған, Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына қызметкерлердің кіруіне қолдаухат негізінде ғимараттарда жұмыс уақытынан тыс уақытта, мереке және демалыс күндері болуға жол беріледі.

      Бастамашы бөлімшенің жұмысында ауысымдық кестенің, үстеме уақыттағы жұмыстың болуына қарай қызметкерлердің Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына кіруіне 1 (бір) ай мерзімге, операциялық қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерге 3 (үш) ай мерзімге өтінішхат ұсынуға жол беріледі.

      41. Бөлімше қызметкермен жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек шартын тоқтату туралы бұйрық қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызметкерлердің Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына кіруіне жаңартылған қолдаухат ұсынады.

      42. Қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерінің, аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкерінің және (немесе) полиция бекеті қызметкерінің талап етуі бойынша ғимаратқа (аумақтық филиалдардың күзетілетін аумағына) кірген кезде:

      1) қарап-тексеруге рұқсатнама, қызметтік куәлік және (немесе) жеке басты куәландыратын құжат (электрондық форматтағы цифрлық құжат) ұсынылады;

      2) заттардың және (немесе) бұйымдардың тізбесінде көзделген заттар мен бұйымдарды рұқсатсыз әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (көлікпен әкетуді) болдырмау мақсатында орны ауыстырылатын жеке заттарды, сөмкелерді, жүктердің барлық түрі орны ауыстырылатын жеке заттар, сөмкелер, жүктердің барлық түрлері тексеріп қарау үшін ұсынылады;

      3) қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері және (немесе) бекет полицейлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың талаптары мен ұсынымдары қатаң және толық көлемде орындалады.

      Қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлерінің және (немесе) бекет полицейлерінің Ұлттық Банктегі, аумақтық филиалдағы, Өкілдіктегі талаптарына және (немесе) ұсынымдарына қауіпсіздік бөлімшесінің атына, аумақтық филиалдарда –аумақтық филиал басшысының не оның міндетін атқарушы адамның атына хат ресімдеу арқылы шағым жасалады. Қауіпсіздік бөлімшесі (аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкерлері) көрсетілген хатты қарағаннан кейін бекет полицейлерінің іс-әрекетіне шағым жасайтын адамдарға жауап ұсынады.

      43. Қауіпсіздік бөлімшесі, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері іргелес аумақта және ғимараттарда оқу-жаттығу сабақтарын (төтенше жағдай кезінде эвакуация, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша) өткізу кезінде іс-шара басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын ҚССО басшылығына жазбаша хабарлайды.

      44. Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің, ұйымдардың қызметкерлеріне:

      1) балаларды ғимаратқа кіргізу үшін әкелуге

      2) дүлей зілзалалардың, авариялық жағдайлардың және төтенше мән-жайлардың туындау жағдайларын қоспағанда, Қағидалардың 17-тармағында көзделген құжаттарды пайдаланбай турникеттер арқылы өтуге;

      3) ғимараттарда (аумақтық филиалдардың қорғалатын аумағында) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және уытқұмарлық заттарды алып кіруге, сондай-ақ тұтынуға тыйым салынады.

      45. Іргелес аумақта және ғимараттарда аудио- (бейне-) жазбалар жасауды, суретке түсіруді:

      1) Ұлттық Банкте, Өкілдікте бөлімше басшысының не оның орнындағы адамның қолы қойылған, қауіпсіздік бөлімшесіне жіберілген жазбаша хабарлама негізінде іс-шараға бастамашы бөлімше;

      2) қызметтік мақсаттарда, оның ішінде қызметтік тергеп-тексерулер шеңберінде қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері;

      3) аумақтық филиалдарда аумақтық филиалдың іс-шараға бастамашы болған бөлімшесінің басшысы (қызметкері) аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкерімен келісілген, аумақтық филиал басшысының не оның міндетін атқаратын адамның атына жазылған қызметтік жазба негізінде жүзеге асырылады.

7-тарау. Бекет полицейлеріне ұсынылатын өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру тәртібі

      46. Бекет полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының объектілерді күзетуді қамтамасыз ету тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарын, шартты, Қағидаларды басшылыққа алады.

      Бекет полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде: іргелес аумаққа және ғимараттарға (аумақтық филиалдардың іргелес және қорғалатын аумағына) заттардың кіргізілу (шығарылу), көлікпен әкеліну (көлікпен әкетілу) тәртібінің сақталуын бақылайды, ғимараттарға (аумақтық филиалдардың күзетілетін аумағына) заңсыз кіруге және ережелерді бұзуға жол бермейді.

      47. Ғимараттағы адамдардың жеке заттарының сақталуына бекет полицейлері жауапкершілік көтермейді.

      48. Бекет полицейлері:

      1) рұқсатнамалардың барлық түрлерін тексеру кезінде кіру (шығу), әкелу (әкету) құжаттарында көрсетілген мәліметтерді ұсынушының жеке басымен сәйкестендіруді жүргізеді;

      2) әкелу (әкету) материалдық рұқсатнамада мәлімделген әкелінетін (әкетілетін) мүлік пен құндылықтардың мүлік пен құндылықтарды әкелу (әкету) заңдылығын растайтын әкетілетін (көлікпен әкетілетін) мүлік пен құндылықтардың тізбесіне Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігін бақылайды, одан кейін материалдық рұқсатнамаға әкету уақыты туралы белгі қояды және оған қол қойып куәландырады;

      3) Ұлттық Банктің мүлкі мен құндылықтарын, ғимараттарға кіретін және олардан шығатын адамдардың қол жүгін әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (көлікпен әкетуді) визуалды, сондай-ақ техникалық бақылау құралдарын пайдалана отырып бақылауды жүзеге асырады.

      Арнайы техникалық бақылау құралдары істен шыққан не олар болмаған кезде, бекет полицейі кіретін адамға визуалды қарап тексеру үшін сөмкелерін, портфельдерін және басқа да қол жүгін, сондай-ақ оның жанындағы заттарды өз бетінше ашық түрде көрсетуді ұсынады.

      Кіретін адамның қол жүгінде және жеке заттарында маңындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылатын заттар бар деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тексеру жүргізіледі;

      4) материалдық және біржолғы рұқсатнамаларды жұмыс күнінің соңында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін рұқсатнамалар бюросына не аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкеріне береді;

      5) аумақтық филиалдардың (аумақтық филиалдардың күзетілетін аумағының), Өкілдіктің іргелес аумағына рұқсатсыз кіруіне (шығуына), сондай-ақ көлік құралдарының кіруіне (шығуына) жол бермейді;

      6) Ұлттық Банктен, аумақтық филиалдардан, Өкілдіктен Ұлттық Банктің мүлкі мен құндылықтарын заңсыз әкетудің (көлікпен әкетудің) жолын кеседі.

      Ұлттық Банктің мүлкі мен құндылықтарын заңсыз әкетуді (көлікпен әкетуді) жүзеге асыруға тырысқан адамды бекет полицейі туындаған жағдайдың барлық мән-жайлары анықталғанға дейін ұстайды.

      Ұлттық Банктен, аумақтық филиалдардан, Өкілдіктен Ұлттық Банктің мүлкі мен құндылықтарын заңсыз әкетуді (көлікпен әкетуді) жүзеге асыруға тырысқан адамның іс-әрекетінде құқық бұзушылық жасау белгілері анықталған кезде, бекет полицейі мұндай факті туралы дереу МКҚБ кезекші бөліміне баяндайды, қауіпсіздік бөлімшесіне, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлеріне және (немесе) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қандай да бір тәсілмен хабарлайды;

      7) қауіпсіздік бөлімшесін, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлерін кілтке жабылмаған және (немесе) бұзылған есіктерді, терезелерді, пломбалардың, мөрлердің, күдікті заттардың, сондай-ақ ғимараттарда заңсыз жүрген адамдардың табылу фактілері туралы дереу хабардар етеді;

      8) демалыс және мереке күндері кезекші техникалық қызметкерлермен бірлесіп Қағидалардың, ішкі тәртіптің, өрт қауіпсіздігінің бұзылуын және қатерлердің болуын анықтау тұрғысынан ғимараттардағы қызметтік үй-жайларға тексеру жүргізеді.

      Қағидалардың, өрт қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған және қауіп-қатерлер бар болған кезде кейіннен баянхат жасай отырып, қауіпсіздік бөлімшесін және МКҚБ кезекші бөлімін дереу хабардар етеді;

      9) дабылдамамен жабдықталған ғимараттардың үй-жайларын пультке уақтылы күзетуге алады. "Дабыл" сигналы іске қосылған кезде "Дабыл" сигналы іске қосылуының себебін анықтайды және МКҚБ кезекшісін хабардар етеді, ол қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті аумақтық ішкі істер органының нарядын жібереді;

      10) өртке қарсы құрал-саймандарды пайдалану дағдыларын меңгереді.

      Өрт немесе жану белгілері (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі) анықталған кезде бекет полицейлері дереу қауіпсіздік бөлімшелеріне, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызметке хабарлайды.

      Қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлері өрт немесе жану белгілері (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі) туралы ақпаратты алған кезде қауіпсіздік бөлімшесінің (аумақтық филиалдардың) және тиісті ұйымның басшылығына хабарлайды және әрі қарай қауіпсіздік бөлімшесі (аумақтық филиал) басшылығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;

      11) авариялар (су құбыры, кәріз, жылыту, электр желілері) анықталған кезде қауіпсіздік бөлімшесін, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлерін дереу хабардар етеді;

      12) адамдарды ғимараттардан (аумақтық филиалдардың күзетілетін аумағынан) эвакуациялауды талап ететін дүлей зілзалалар, төтенше жағдайлар туындаған кезде турникеттер арқылы еркін өтуді қамтамасыз етеді және эвакуациялық қызметтерге жәрдем көрсетеді;

      13) қызмет атқару кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 67ҚБПҮ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған бөлімшелерінің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын басшылыққа алады;

      14) ғимараттарға кіретін немесе олардың ішіндегі адамдардан бұйымдар және (немесе) заттар тізбесінде көзделген бұйымдар мен заттар табылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет етеді;

      15) Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің тікелей жуық маңында және іргелес аумағында халық тарапынан рұқсат етілмеген наразылық акцияларын, пикеттерді өткізу, террористік және әскери сипаттағы қауіп-қатерлерді іске асыру, қылмыстық қол сұғушылық көріністері кезінде қауіпсіздік бөлімшесін, аумақтық филиалдардың уәкілетті қызметкерлерін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тиісті аумақтық ішкі істер органын дереу хабардар етеді, ішке бөгде адамдар мен деструктивті акцияларға қатысушылардың енуін шектейтін шараларды қабылдайды.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      49. Бекет полицейлеріне:

      1) ғимараттарға (аумақтық филиалдардың күзетілетін аумағына) адамдарды рұқсатсыз жіберуді жүзеге асыруға;

      2) түнгі уақытта кезекші жарықты сөндіруге;

      3) Қағидалардың 48-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген жағдайлардан басқа, турникеттерді еркін өту режиміне ауыстыруға;

      4) бөгде мақсаттар үшін ҚББЖ және бейнебақылаудың автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалануға (компьютерлік ойындар, бейне қарау, аудиофайлдарды тыңдау);

      5) тіркелмеген және регламенттелмеген техникалық құралдарды, ұялы телефондарды және кез келген басқа техниканы, оның ішінде аккумуляторлық батареяларды зарядтау мақсатында жұмыс станцияларына (компьютерлерге) қосуға;

      6) кезекшілік кезінде бекеттен кетуге рұқсат етілмейді.

      50. Аумақтық филиалдардың мүлкі мен құндылықтарын ғимараттан әкету (көлікпен әкету) және оларды ғимаратқа қайта әкелу (көлікпен әкелу) бекет полицейлері техникалық бақылауды жүзеге асыра отырып, бір полиция бекеті арқылы жүзеге асырылады.

8-тарау. Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

      51. Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу барысында қаралуы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының құзыретіне жататын фактілер анықталған жағдайда, қызметтік тергеп-тексерудің барлық материалдары тиісті арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органына жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

ҚАҒАЗ ТАСЫМАЛДАҒЫШТАҒЫ БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТНАМА БЛАНКІСІ (алдыңғы жағы)

№___ біржолғы рұқсатнаманың түбіртегі
20__ жылғы "_____" ____________
Тегі___________________________
Аты___________________________
Әкесінің аты (ол бар болса) ___________________________
Рұқсатнаманың жарамды уақыты:
____сағаттан _____сағатқа дейін
Жұмыс орны _________________
_____________________________
Қайда барады ____________________
Рұқсатнаманы берген адамның қолы
________
Мөр орны

БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТНАМА №___
20__ жылғы "_____" ________
Тегі ___________________________
Аты ___________________________
Әкесінің аты (ол бар болса) __________________________
Рұқсатнаманың жарамды уақыты:
____сағаттан _____сағатқа дейін
Жұмыс орны _________________
_____________________________
Қайда барады ____________________
Рұқсатнаманы берген адамның қолы
________
Мөр орны
Жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жарамды

№____
РҰҚСАТНАМАНЫҢ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ ЖАРАМДЫ УАҚЫТЫ
20__ЖЫЛҒЫ _ _____
_____ САҒАТТАН _____ САҒАТҚА ДЕЙІН

(сырт жағы)


______ сағат _______ минутта шықты
__________________________
(Келушіні қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі)
Қолы _______


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҰРАҚТЫ РҰҚСАТНАМА



      Ескертпе: Ұлттық Банк қызметкерлері үшін карточканың түсі жасыл.

      Үй-жайларды жалға алатын ұйымдардың және ғимараттарға қызмет көрсететін

      ұйымдардың қызметкерлері үшін карточканың түсі қызыл.

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
3-қосымша

      Нысан

ЭЛЕКТРОНДЫҚ УАҚЫТША / БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТНАМА



      Ескертпе: Рұқсатнаманың түсі ақ.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында
және оның аумақтық
филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларына
4-қосымша

Техникалық бақылау жүзеге асырылмайтын тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      1) Қазақстан Республикасының экс-Президенті;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы және Басшысының орынбасарлары;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;

      4) орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары;

      5) қызметтік куәліктеріне Қазақстан Республикасының Президенті және Премьер-Министрі қол қойған мемлекеттік қызметшілер.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
5-қосымша

Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимаратына әкелуге (алып кіруге) тыйым салынған бұйымдардың және (немесе) заттардың тізімі

      1) атыс қаруы, суық қару және өзге де қару (рұқсат құжаттары бар болғанда фельдъегерлік және арнайы байланыс қызметкерлерінің, ерекше қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың қызметтік қаруын қоспағанда);

      2) жарылғыш заттар, жарылатын құрылғылар және тез тұтанатын заттар;

      3) уландырғыш заттар;

      4) қатты әсер ететін улы заттар;

      5) бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;

      6) радиоактивті заттар;

      7) есірткі, психотроптық заттар;

      8) бейне-, кино- және фотоаппаратура;

      9) жазатын құрылғылар және есептегіш техника;

      10) адамның ағзасына емдік немесе профилактикалық әсер етуді қолдауға, не ағза органдары мен жүйелерінің функцияларын алмастыруға немесе түзетуге арналған медициналық аппараттар мен жабдықтарды қоспағанда, радиотехникалық және басқа да аппаратура;

      11) "қоңырау шалу - СМС - жауап беру" функциялары бар телефондарды қоспағанда, жеке смартфондар және басқа да жеке электрондық техника;

      12) ақпаратты машиналық тасымалдағыштар;

      13) техникалық құрылғылар, оның ішінде деректер беру, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
6-қосымша

      Нысан

Келушілерді ЕСЕПКЕ АЛУ ЖУРНАЛЫ

Р/с №

Күні

Кіру негізі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Кіру уақыты

Шығу уақыты

1

2

3

4

5

6













      Ескертпе: журналдағы жазбалар оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      Келушілерді есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді, аумақтық филиал басшысының

      қолымен куәландырылады және аумақтық филиалдың мөрімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында
және оның аумақтық
филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

МАТЕРИАЛДЫҚ РҰҚСАТНАМА БЛАНКІСІНІҢ ҮЛГІСІ

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк, аумақтық филиал, Өкілдік, шығаруды жүзеге асыратын ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Р/с №

Атауы

Түгендеу / сериялық нөмірі

Өлшем бірлігі

Саны











      Шығару күні: 20__ жылғы "___" ________

      ___________________________________ ___________ ___________________________

      (Ұлттық Банк бөлімшесі, аумақтық филиал, (қолы)      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өкілдік, ұйым басшысы лауазымының атауы)

      Мөр орны

      "Келісілді"

      ___________________________________ ___________ ___________________________

      (қауіпсіздік бөлімшесі қызметкері/ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкері

      лауазымының атауы)

      __________________ бекеттік полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (қолы) 20__ жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
8-қосымша

      Нысан

Автокөлікке біржолғы рұқсатнама БЛАНКІСІ

№___ АВТОКӨЛІККЕ РҰҚСАТНАМА ТҮБІРТЕГІ
20___ жылғы ________ _______
"___" сағаттан "___" сағатқа дейін
Тегі________________________
Аты________________________
Әкесінің аты________________________
(ол бар болса)
Автомашинаның маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірі
___________________
Жұмыс орны_________
Қайда, кімге ___________
Рұқсатнаманы берген адамның
қолы __________________
Мөр орны

№___ АВТОКӨЛІККЕ
БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТНАМА
20___ жылғы ________ _______
"___" сағаттан "___" сағатқа дейін
Тегі ________________________
Аты ________________________
Әкесінің аты________________________
(ол бар болса)
Автомашинаның маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірі
____________________
Жұмыс орны______________
Қайда, кімге ______________
Рұқсатнаманы берген адамның
қолы __________________
Мөр орны
Кету туралы белгі ________
(күні, уақыты, қолы, Тегі, аты,
әкесінің аты (ол бар болса)

№_____________
АВТОКӨЛІККЕ РҰҚСАТНАМАНЫҢ
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
20 ___жылғы "________" ______________
"_____" сағаттан "___" сағатқа дейін

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
9-қосымша

      Нысан

Автокөліктің кіру-шығуын ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ

Р/с №

Күні

Автомашинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжаттың № және берілген күні

Кіру уақыты

Шығу уақыты

Бекет белгісі:

Ескертпе

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Ескертпе: журналдағы жазбалар оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

КУӘЛАНДЫРМА ЖАЗБА

      ______ жылғы "_____" _______________ бастап жазбаларға арналған (күні) (айы)

      ОСЫ _______________________________________________________________

      ______________________________________________ ЖУРНАЛДА БАРЛЫҒЫ

      нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген № _____ бастап № _____ қоса алғанда

      _______________________________________________ парақ

      бар. (саны жазумен көрсетіледі)

20__жылғы "_____" ______________________ (жазу күні)

      ______________________ Аумақтық филиалдың басшысы


Ескертпе: Автокөліктің кіру-шығуын тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі, аумақтық филиал басшысының қолымен куәландырылады және аумақтық филиалдың мөрімен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында және оның
аумақтық филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларға
10-қосымша

      Нысан

  Қауіпсіздік бөлімшесінің
басшысына (Аумақтық

филиалдың басшысына)

(бөлімшенің атауы) қызметкерлердің Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдың, Өкілдіктің мына мекенжайдағы (мекенжайды көрсету) ғимаратына кіруіне

ӨТІНІШХАТ

      ________________________ байланысты (негіздемені көрсету) Сізден Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдың, Өкілдіктің ғимаратына мына тізімге сәйкес (Ұлттық Банк бөлімшесінің, аумақтық филиалдың, Өкілдіктің, құрылымдық бөлімшені көрсете отырып, ұйымның атауы) қызметкерлердің _________________ кезеңде (күнді, уақыт кезеңін көрсету) кіруіне рұқсат беруіңізді сұраймын:

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Лауазымы

Қабат, кабинет №

Ішкі телефон №

Болу кезеңі (егер жеке қызметкер үшін болу уақыты өзгеше болса толтырылады)

1






2






3






      Осы өтінішхатпен жоғарыда көрсетілген қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта, мереке және демалыс күндері өрт қауіпсіздігі шараларын, Ұлттық Банктің ішкі тәртібін және Қағидаларды қатаң сақтайтынына кепілдік беремін.

  _____ Бөлімше басшысы ______
  (бөлімшенің атауы)
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкінің ғимараттарында
  және оның аумақтық филиалдарында
  өткізу және объектішілік
  режимдерді қамтамасыз ету
  жөніндегі қағидаларына
  11-қосымша
  Нысан

Электрондық техника қозғалысының
ЖУРНАЛЫ

      Ескерту. 11-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 95 және ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2023 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

Кіргізу күні
және уақыты

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Электрондық техниканың атауы, сериялық нөмірі

Иесінің қолтаңбасы

Кіргізуге рұқсат берген бекет полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4

5

6


Шығару күні
және уақыты

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Иесінің қолтаңбасы

Шығаруға рұқсат берген бекет полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

7

8

9

10

      Ескертпе: Электрондық техника қозғалысының журналы нөмірленеді, тігіледі, қауіпсіздік бөлімшесі/аумақтық филиал басшысының қолымен куәландырылады және қауіпсіздік бөлімшесі/аумақтық филиал мөрімен бекітіледі.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады