"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 115 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 679 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 95 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 873 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 33731 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 115 бірлескен қаулысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 679 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулымен және бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттарында және оның аумақтық филиалдарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бекет полицейі – Ұлттық Банктің және оның аумақтық филиалдарының, Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің (бұдан әрі – Өкілдік) ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жауапты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (бұдан әрі – МКҚБ) полиция қызметкері;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Ұлттық Банктің, аумақтық филиалдардың, Өкілдіктің ғимараттарына әкелуге (алып өтуге) тыйым салынған не шектелген заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде (бұдан әрі – Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесі) көрсетілген заттарды және (немесе) бұйымдарды ғимараттарға әкелуге тыйым салынады. Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінде көрсетілген заттардың және (немесе) бұйымдардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында бекет полицейі кіретін адамның келісімімен оны жеке тексеріп шығады. Жеке тексеріп шығуды тексерілетін адаммен бір жыныстағы бекет полицейлері жеке үй-жайда және тексерілетін адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмей, сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.

      Заттар және (немесе) бұйымдар тізбесінің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік және ұйымдар қызметкерлерінің Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен ғимараттарға әкелуіне (алып өтуіне) рұқсат етіледі.

      Ұлттық Банк, аумақтық филиалдар, Өкілдік және ұйымдар қызметкерлеріне тиесілі ноутбуктерді, планшеттерді әкелуді (әкетуді), көлікпен әкелуді (көлікпен әкетуді) бекет полицейі Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық техниканың қозғалысы журналында тіркейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аумақтық филиалдардың үй-жайлары мен олардың аумағы қолжетімділік бойынша үш кіру аймағына бөлінеді:

      1) бірінші кіру аймағы – кіру шектелмеген және Қағидалармен реттелетін ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

      2) екінші кіру аймағы – қойманы (сақтау орнын) қоспағанда, касса торабының үй-жайлары, жүктелген міндеттерді орындау үшін адамдардың белгілі бір тобына, сондай-ақ бір жолғы рұқсатнама бойынша немесе қызметкерлердің еріп жүруімен келушілерге кіруге рұқсат етілген қызметтік үй-жайлар;

      3) үшінші кіру аймағы – қойманың (сақтау орнының) үй-жайлары, құпия құжаттары, қару-жарағы бар үй-жайлар, жүктелген міндеттерді орындау үшін не аумақтық филиал басшысының не оның міндетін атқарушы адамның рұқсатымен және арнайы бөлінген қызметкердің еріп жүруімен біржолғы рұқсатнамалар бойынша адамдардың қатаң шектелген тобына кіруге рұқсат етілген өзге де қызметтік үй-жайлар.";

      17-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекет полицейі келушілерді есепке алу журналында тіркей отырып, аумақтық филиалдың кассасына кассалық қызмет көрсету үшін жіберілетін келушінің жеке басын куәландыратын құжат не электрондық форматтағы цифрлық құжат бойынша жүзеге асырылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама негізінде рұқсат беруді қоспағанда, ғимараттарға кіру рұқсатын басқаруды бақылау жүйесіндегі (бұдан әрі – РББЖ) электрондық рұқсатнамаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнама РББЖ болмаған, ол істен шыққан, электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнаманы беру кезінде пайдаланылатын электрондық карталар болмаған жағдайларда пайдаланылады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Ұлттық Банк орталық аппаратының ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне Ұлттық Банк филиалына аудиторлық тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ Ұлттық Банк орталық аппаратының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің қызметкерлеріне Ұлттық Банк филиалына тексеру жүргізу және практикалық көмек көрсету кезінде Ұлттық Банк филиалының қоймасын (сақтау орнын) қоспағанда, Ұлттық Банк филиалының касса торабына кедергісіз кіруге рұқсат етіледі, Ұлттық Банк филиалының қоймасына (сақтау орнына) кіру рұқсаты Ұлттық Банк филиалының құндылықтарының сақталуына материалдық жауапкершілік жүктелетін Ұлттық Банк филиалы қызметкерінің ілесіп жүруімен мынадай құжаттар негізінде қол жеткізу жүзеге асырылады:

      1) Ұлттық Банк орталық аппаратының ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне – аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырмалар;

      2) Ұлттық Банк орталық аппаратының қолма-қол ақша айналысы бөлімшесінің қызметкерлеріне – Ұлттық Банктің аумақтық филиалына тексеру жүргізуге және/немесе практикалық көмек көрсетуге тапсырмалар".;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Келушілерді электрондық уақытша (біржолғы) рұқсатнамалар, қағаз тасымалдағыштағы біржолғы рұқсатнамалар және келушілердің тізімдері бойынша келушілерге кассалық қызмет көрсетуді қоспағанда, ғимараттарға кіргізу жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс.

      Жұмыс уақытынан тыс кезде, демалыс немесе мереке күндері келушілерге ғимаратқа кіру рұқсатын берудің қызметтік қажеттілігі туындаған жағдайда, іс-шараны (кездесуді) ұйымдастыруға жауапты бөлімше қауіпсіздік бөлімшесіне немесе аумақтық филиалдың басшысына не оның міндетін атқаратын адамға келушілердің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірлері мен берілген күнін және келу мен кету уақытын көрсете отырып өтінішхат жібереді.";

      48-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) материалдық және біржолғы рұқсатнамаларды жұмыс күнінің соңында Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін рұқсатнамалар бюросына не аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкеріне береді;";

      4-қосымша осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 11-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қауіпсіздік департаменті (Е.Ж. Мырзалин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Н.Қ. Қосбаев) бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
__________ Е. Саденов
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
__________ Т. Сулейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы ___________ № ___
бірлескен қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы ___________ № ___
бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында
және оның аумақтық
филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларына
4-қосымша

Техникалық бақылау жүзеге асырылмайтын тұлғалардың тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының экс-Президенті;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы және Басшысының орынбасарлары;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;

      4) орталық мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары;

      5) қызметтік куәліктеріне Қазақстан Республикасының Президенті және Премьер-Министрі қол қойған мемлекеттік қызметшілер.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы ___________ № ___
бірлескен қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы ___________ № ___
бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
ғимараттарында
және оның аумақтық
филиалдарында
өткізу және объектішілік
режимдерді қамтамасыз ету
жөніндегі қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

МАТЕРИАЛДЫҚ РҰҚСАТНАМА БЛАНКІСІНІҢ ҮЛГІСІ

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Ұлттық Банк, аумақтық филиал, Өкілдік, шығаруды жүзеге асыратын ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

Р/с №

Атауы

Түгендеу / сериялық нөмірі

Өлшем бірлігі

Саны











      Шығару күні: 20__ жылғы "___" ________

      ___________________________________ ___________ ___________________________

      (Ұлттық Банк бөлімшесі, аумақтық филиал, (қолы)      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өкілдік, ұйым басшысы лауазымының атауы)

      Мөр орны

      "Келісілді"

      ___________________________________ ___________ ___________________________

      (қауіпсіздік бөлімшесі қызметкері/ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      аумақтық филиалдың уәкілетті қызметкері

      лауазымының атауы)

      __________________ бекеттік полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (қолы) 20__ жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2023 жылғы ___________ № ___
  бірлескен қаулысына және
  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2023 жылғы ________ № ___
  бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкінің ғимараттарында
  және оның аумақтық филиалдарында
  өткізу және объектішілік
  режимдерді қамтамасыз ету
  жөніндегі қағидаларына
  11-қосымша
  Нысан

Электрондық техника қозғалысының
ЖУРНАЛЫ

Кіргізу күні
және уақыты

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Электрондық техниканың атауы, сериялық нөмірі

Иесінің қолтаңбасы

Кіргізуге рұқсат берген бекет полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4

5

6


Шығару күні
және уақыты

Иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Иесінің қолтаңбасы

Шығаруға рұқсат берген бекет полицейінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

7

8

9

10

      Ескертпе: Электрондық техника қозғалысының журналы нөмірленеді, тігіледі, қауіпсіздік бөлімшесі/аумақтық филиал басшысының қолымен куәландырылады және қауіпсіздік бөлімшесі/аумақтық филиал мөрімен бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады