"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 216-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 20 қазаны № ҚР ДСМ - 143/2020 бұйрығына қосымша |
Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесін
Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау (имплантаттау) үшін көрсетілімдер
1. Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау (имплантаттау) үшін көрсетілімдер:
1) созылмалы ағза жетіспеушілігінің шеткі сатысы;
2) дәрі-дәрмектік терапияның тиімсіздігі, сондай-ақ өзге де хирургиялық емдеу тәсілдерін жүргізуге мүмкіндіктің болмауы;
3) трансплантаттау емшарасына дейінгі жоғары өлім қаупі;
4) жеке органның функцияларын қалпына келтірілгенге дейінгі өмірді бір қалыпта ұстау;
5) трансплантаттауға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда донорлық ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттаудың баламасы ретінде ұзақ қолдану;
6) донорлық ағзалардың жетіспеушілігі кезінде, донорлық ағзаны трансплантаттауды қажет ететін жай-күйі;
7) ремиссияға қол жеткізу үшін жасанды ағзаны (ағза бөлігін) трансплантаттаудың (имплантацияның) болжалды тиімділігі.
Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау (имплантаттау) үшін қарсы көрсетілімдер
2. Жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды (имплантаттауды) жүргізуге жол бермейтін толық қарсы көрсетілімдер:
1) АИТВ;
2) туберкулез;
3) онкологиялық аурулар (ойдағыдай операция жасалынғаннан кейін кемінде 5 жылдан кейін имплантаттау жасалуы мүмкін);
4) қалпына келмейтін көп ағзалы жетіспеушілік;
5) есірткіге тәуелділік;
6) алкогольдік тәуелділік;
7) одан әрі терапия жүргізу қағидасын сақтаудан бас тарту.
3. Салыстырмалы қарсы көрсетілімдер:
1) кемінде 2 жыл болжалды өмір сүру ұзақтылығы бар қосарлас аурулар;
2) терминалды қосалқы ауыр патология;
3) белсенді фазадағы жүйелі аурулар;
4) өршіп кету сатысындағы созылмалы аурулар;
5) жіті жұқпалы аурулар;
6) қант диабеті;
7) донорлық ағзаны (ағзаның бөлігін) трансплантаттауға қолда бар қарсы көрсетілімдер;
8) перифериялық тамырлар аурулары
9) ми қанайналымының жіті бұзылуының (бұдан әрі - МҚЖБ) ашық көрінісінің салдары, алдыңғы 6 айда ауырған МҚЖБ;
10) ауыр неврологиялық және (немесе) жүйке-бұлшықет бұзылыстары;
11) дәрігердің кеңесін сақтау мүмкін емес жағымсыз тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары;
12) психикалық аурулар.