"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қазанда № 21518 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Әскери қызметшілер әскери эшелондар, командалар құрамында және жеке тәртіпте жол жүрісінде:";

      1) далалық әскери эшелондар асханаларынан ыстық тағаммен;

      2) азық үлесімен немесе осы паектерге ескертпелерге сәйкес жабдықтау нормаларының рациондарымен қамтамасыз етіледі.";

      91-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер қалыпастыру пунктінде әскери эшелондар барлық жол жүруде нанмен, етпен және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етілмесе, онда әскери эшелондар жетіспеген азық-түлікті жол жүрісінде әскери эшелондар бастықтарының өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймалары немесе әскери бөлімдер арқылы алады. Өтінімдер жазбаша түрде әскери коменданттар арқылы жол жүрісінде әскери эшелон келгенге дейін 10 сағаттан кешіктірмей оларды әскери бөлім немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы алатындай есеппен беріледі. Әскери эшелондарға арналған азық-түлік олардың тұрақ орынына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің азық-түлік қоймасы немесе әскери бөлім жеткізеді және оларды беру сенімхат бойынша жүзеге асырылады.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Әскери командалар құрамында және жеке тәртіпте жол жүрісіндегі мерзімді қызмет әскери қызметшілері ыстық тағамды алу мүмкін болмаған жағдайда ЖТР-мен қамтамасыз етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады