"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 1048 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қазанда № 21526 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қантарда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде № 14613 болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      104-1 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІ бөлім "Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер" Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан жүргізілген төлемдердің сомасын көрсетеді.";

      13-1 қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А.Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 27 қазаны
№ 1048 Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
13-1-қосымша

_____________________________ жылға арналған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп

      Мерзімділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Үдемелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу

1

2

І. Кірістер


Салықтық емес түсімдер, барлығы
Оның ішінде түсімдер коды бойынша:


ІІ.Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер


ІІІ. Кірістер мен төлемдер сальдосы


ІV. Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы

\

V. Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы




      Ведомствоның басшысы ________ _________________________________________

                                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Деректерді қалыптастыруға жауапты,

      ведомствоның құрылымдық бөлімшесінің

      басшысы _______       ________________________________

                  (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады