Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21537 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 196-бабы 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
М. Шоранов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
2020 жылғы 28 қазаны
№ ҚР ДСМ-162/2020 бұйрығына
қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеу кезінде стационарлық жағдайда мамандырылған медициналық көмек көрсетілетін инфекциялық, паразиттік аурулар және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Аурулар

АХЖ-10 кодтары

1

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)

B.20-B.24;

2

Геморрагиялық қызба

А.90-А.99;

3

Дифтерия

А.36;

4

Менингококтік жұқпа

А.39;

5

Полиомиелит

А.80;

6

Мерез

А.50-А.53.9;

7

Алапес

А.30;

8

Безге к

В.50-54;

9

Күйдіргі

А.22;

10

Туляремия

А.21;

11

Туберкулез

А.15.0- А.19;

12

Тырысқақ

А00;

13

Оба

А20;

14

Іш сүзегі

A01.0;

15

Жіті вирустық гепатит

В 15; 16; 17;

16

Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы

F05, F06.0-F 06.3, F06.8-F07.9, F09, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F20.3, F20.9, F21.4, F22, F23, F24, F25, F28, F29, F30.2, F30.8, F30.9, F31.2, F31.4-F31.5, F31.6, F31.8, F31.9, F32.1-F32.3, F32.8, F32.9, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F61, F70-F71, F91.1-F91.3, F92;

17

Коронавирустық инфекция

U07.1, U07.2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады