"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 103 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21581 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      2-тармақтың екінші бөлігінде:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – банк) дербес әзірлеген күдікті операцияларды айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);";

      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды басқару – банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды барынша азайту (қызметтерге (өнімдерге), клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы;

      "шекті операция – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциясы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банкте банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен банктегі бақылау қағидаларын сақтауға мониторингті жүзеге асыру бойынша жауапты қызметкер (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін банк қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін;

      2) банк қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, банктің басқару органының және атқарушы органының өздеріне белгілі болған банк қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібін;

      3) банк кіретін банк конгломератының КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарын сипаттауды (бар болса);

      4) банктік ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және банктің басқару органына және атқарушы органына ұсыну тәртібін;

      5) банктің жауапты қызметкерінің, басқару органының және (немесе) атқарушы органының немесе банктің басшы қызметкерінің клиенттермен іскерлік қатынастарды белгілеу, жалғастыру не тоқтату туралы, КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен шарттарда көзделген жағдайларда және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын өткізуді тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.";

      8-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      9-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банктің бөлімшелеріне ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуге қатысты нұсқаулар жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1. Банк КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асырған кезде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      13-2. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы:

      1) банктің оның құрылымдық бөлімшелері бойынша КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) мыналарға:

      клиенттің тәуекелі деңгейіне, сондай-ақ;

      банк қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, ел бойынша тәуекел және қызметтердің/өнімдердің тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдісі;

      3) клиенттердің тәуекелдерін және банктердің өнімдерінің (қызметтерінің) алдын ала ескерту іс-шараларының тізбесі көзделетін КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерін бақылау тәртібі;

      4) клиенттердің тәуекелдерінің деңгейлерін белгілеу тәртібі, мерзімдері және оларды қайта қарау үшін негіздеме.";

      17-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) сәйкес Офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);";

      18-тармақ бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын банк қызметтері (өнімдері), сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:";

      19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банк қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.";

      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы мыналарды:

      1) іскерлік қатынастар белгілеуді және (немесе) операция жүргізуді, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтатуға арналған рәсімді және орнату рәсімін және бас тарту негіздерін қоса алғанда, қызмет көрсетуге клиенттер қабылдау рәсімін;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін, оның ішінде клиентті тиісінше тексерудің жеңілдетілген және тереңдетілген сәйкестендіру рәсімдерінің ерекшеліктерін;

      3) шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктерін;

      4) банктің қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылдайтын жеке тұлғалардың арасында шетелдік жария лауазымды тұлғаларды анықтауға бағытталған шараларының сипаттамасын;

      5) нысаналы қаржы санкцияларын қолдану, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) болуын тексеру тәртібін;

      6) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер Тізбеден алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібін;

      7) іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) идентификаттау ерекшеліктерін;

      8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін банк кіретін банк конгломератының (бар болса) КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарды орындау шеңберінде сәйкестендіру барысында алынған мәліметтер алмасудың ерекшеліктерін;

      9) басқа қаржы ұйымдарынан мәліметтер алу арқылы клиенттерді сәйкестендіру, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру ерекшеліктерін, брокер (дилер) олардың пайдасына немесе олардың атынан өзінің банк шоты бойынша операциялар жүргізеді;

      10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің шынайы болуын тексеру рәсімін;

      11) клиенттің досье жүргізу, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартуды, нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптарды;

      12) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімін, осындай тәуекелді бағалау рәсімін.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ банк дербес әзірлеген күдікті операцияларды анықтау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тиісті типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар клиент операциясын анықтау рәсімін;

      3) банк бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша міндеттерді бөлуді;

      4) банк бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, ерекше және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының деңгейі туралы шешім қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) ерекше операцияларды (мәмілелерді) зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы мәліметтерді (оның ішінде операция сомасы) тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау тәртібін;

      7) тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы;

      8) клиент жүйелі түрде және (немесе) айтарлықтай көлемде ерекше және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда клиентке және оның операцияларына қатысты банк қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібін және олардың сипаттамасын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган анықтаған күдікті операцияларды анықтау белгілерінің мақсаттары үшін банк ішкі бақылау қағидаларында (жүйелілік, тұрақтылық, мәнділік, маңыздылық, шамадан тыс алаңдаушылық, негізсіз асығыстық, қысқа кезең, көп мөлшер, адамдар тобы қоса алғанда, бірақ олар олармен шектелмейді) банк қызметінің ауқымы мен негізгі бағыттарын, оның клиенттерінің сипатын, ауқымын және негізгі қызметін, клиенттермен және олардың операцияларымен байланысты тәуекелдер деңгейін ескере отырып, бағалау санаттарын дербес анықтайды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Операцияны шекті ретінде жіктеудің заңды болуы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттен тыс, күдікті операцияны немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың үлгілеріне, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтаған кезде, аталған операцияны анықтаған банк қызметкері мұндай операция туралы жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде хабарлама жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаларды, сондай-ақ оларды зерттеу нәтижелерін банк операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес банк қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарды ескере отырып, оқытуды өткізудің нысандары мен мерзімділігін белгілейді."

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы Заң департаментіне мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" "_____________"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады