"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 қарашасы № ҚР ДСМ-178/2020 Бұйрыққа қосымша |
|
нысан |
Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары) үшін резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы үлгілік шарт)
қала (аудан, ауыл) ____________________ "___"_________20____ жыл
____________________________________________________________________,
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі "білім беру ұйымының атауы"),
атынан, ____________________________________________________________
басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
негізінде әрекет ететін _________________________________________________
(құрылтай құжаттарының деректемелері)
бір жағынан, _________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы)
бұдан әрі "резидентура базасы" деп аталатын _____________________________
____________________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы заңды тұлғаның немесе
басқа уәкілетті тұлғаның)
негізінде әрекет ететін _________________________________________________
____________________________________________________________________
(құрылтай құжаттарының деректемелері)
екінші жағынан, Қазақстан Республикасының азаматы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ЖСН ____________________
жеке тұлға №__________________ бастап "____"____________ берілген
жылдың ______________________________),
бұдан әрі "резидент-дәрігер" деп аталатын үшінші тараптан бірлесіп деп
аталатындар "Тараптар" ретінде төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. Дуальді оқыту туралы шарттың мәні
1. Осы Шарт "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 222-бабының 5-тармағына сәйкес жасалды.
2. Білім беру ұйымы 20___ жылы мамандыққа түскен резидент-дәрігерді оқытуды жүзеге асырады
___________________________________________________________________
(мамандық атауы және коды)
біліктілігін _____________________________________________________
(біліктілік атауы және коды)
3. Резидентура базасы тиісті еңбек жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес резидент-дәрігерді клиникалық практика үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
4. Резидент-дәрігер дәрігердің еңбек функциялары мен міндеттерін білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламаларын меңгереді.
5. Резидент-дәрігердің жұмыс орнына қабылдауы осы Шарт негізінде шығарылатын резидентура базасының құрылымдық бөлімшесі басшысының бұйрығымен немесе өкімімен ресімделеді.
2. Резидент-дәрігердің құқықтары мен міндеттері
6. Резидент-дәрігер:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған оқу, жұмыс орнын ұсынуға;
2) резидентура базасынан тағайындалған тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа да өндірістік материалдарды пайдалану, оқу мақсатында кітапхана және оқу залдары базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базаға, компьютерлік техникаға қол жеткізу және оларды пайдалану;
3) өндірістік оқытудан және кәсіптік тәжірбиеден өту процесінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеуге;
4) нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейін беруге және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті нысан бойынша белгіленген үлгідегі резидентураны бітіргені туралы куәлік алуға құқығы бар.
7. Резидент-дәрігер:
1) резидентура базасының қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын және резидентура базасындағы өндірістік тәртіпті сақтауға;
2) резидентура базасының жабдығына, аспаптарына, құжаттамасына және басқа да мүлкіне ұқыпты қарауға;
3) резидентура бағдарламасының және клиникалық практиканың талаптарын қатаң сақтауға және орындауға;
4) резидентура базасының қарамағына, резидентура мен клиникалық практикадан өтуге белгіленген мерзімде келу;
5) резидентурада оқу және клиникалық практикадан өту процесінде, сондай-ақ оны аяқтағаннан кейін резидентура базасы туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
6) практикалық дағдыларды, манипуляцияларды, рәсімдерді меңгерудің есебін жүргізу, тәлімгерге атқарылған жұмыс туралы есеп беруге;
7) резидентура базасына, білім беру ұйымына сабаққа келмеген кезде бұл туралы резидентура базасына, оқу орнына себептерін көрсете отырып және ауырған немесе жазатайым оқиға болған жағдайда, дереу хабарлауға міндетті, 3 күн ішінде білім беру ұйымына хабарлау және сауыққаннан кейін тиісті медициналық анықтаманы ұсынуға міндетті;
3. Резидентура базасының құқықтары мен міндеттері
8. Резидентура базасы:
1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес күнтізбелік кестелер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға;
2) резидент-дәрігердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысуға;
3) білім беру ұйымынан резидент-дәрігердің ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұратуға құқылы;
9. Резидентура базасы:
1) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызмет көрсету саласы технологияларын меңгерген тәлімгерін – білікті жұмыскерін бекітуге;
2) білім беру ұйымымен бірлесіп білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарын, жылдық күнтізбелік кестені әзірлеуге және келісуге;
3) резидент-дәрігерді резидентурадан өту кезеңінде қолданыстағы нормативтерге сәйкес арнайы киіммен (нысанмен), оқыту құралдарымен, шығыс материалдарымен, құпия немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, практикалық материалдар мен процестерге қол жеткізумен қамтамасыз етуге;
4) резидент-дәрігерді жұмыс орнындағы жұмыстың қауіпсіз жағдайларымен (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқаулықтарды өткізе отырып) қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайларда білім алушыларға еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуды жүргізуге;
5) білім беру бағдарламаларына сәйкес резидент-дәрігердің оқуы мен кәсіптік практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын ұсынуға;
6) резидент-дәрігердің оқу бағдарламасында көзделмеген, резидент-дәрігердің мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда пайдалануына жол бермеуге;
7) резидент-дәрігердің еңбек тәртібін және резидентура базасының ішкі тәртіп қағидаларын бұзған барлық жағдайлары туралы білім беру ұйымына хабарлауға;
8) резидент-дәрігердің резидент-дәрігерді оқытудың жеке жоспарын орындауын ойдағыдай игеруі үшін қажетті зертханаларды, кабинеттерді, кітапхананы, клиникалық құжаттаманы пайдалану мүмкіндігін беруге;
9) резидентурада оқуды аяқтағаннан кейін резидент-дәрігерге клиникалық даярлық бойынша баға қоюға;
10) тиісті бос орын болған жағдайда алған мамандығына (біліктілігіне) сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру тапсырысы (мемлекеттік білім беру гранты) бойынша білім алатын түлектің кандидатурасын қарауға міндетті.
10. Тәлімгер:
1) резидент-дәрігерді лауазымдық міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындаудың практикалық дағдылары мен тәсілдеріне үйретуге;
2) резидентура базасымен келісілген оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес резидент-дәрігерді оқытуға;
3) практикалық дағдылардың, манипуляциялардың, рәсімдердің орындалуын бақылауға;
4) резидент-дәрігердің медициналық көмек көрсету сапасын бақылауға;
5) резидент-дәрігер жіберген қателерді анықтауға және бірлесіп жоюға, орын алған кемшіліктерді жоюға көмек көрсетуге;
6) резидент-дәрігердің өзінің кәсіби міндеттерін орындауда жауапты көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ жұмыс жөніндегі әріптестеріне құрметпен қарауға ықпал етуге;
7) резидент-дәрігерден клиникалық қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқауларды орындауды талап етуге;
8) резидент-дәрігерден ауызша да, жазбаша да нысанда жұмыс есептерін талап етуге;
9) резидент-дәрігердің практикалық дағдыларын, манипуляцияларын, рәсімдерін меңгеруін бағалауға;
10) резидент-дәрігерге пікір ұсынуға міндетті.
4. Білім беру ұйымының құқықтары мен міндеттері
11. Білім беру ұйымы резидент-дәрігерден осы шарттың міндеттерін, білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп қағидаларын және білім беру ұйымының қызметін регламенттейтін актілерін адал және тиісінше орындауды талап етуге құқылы.
12. Білім беру ұйымы:
1) оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу және клиникалық практикадан өту үшін резидент-дәрігерді резидентура базасына жіберуге;
2) резидент-дәрігерді оның осы шартта көрсетілген міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыруға;
3) резидентура базасының өкілдерімен бірлесіп оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын және оқыту мен клиникалық практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін әзірлеуге;
4) резидентура базасымен келісім бойынша оқу орны басшысының бұйрығымен тәлімгер тағайындауға;
5) резидент-дәрігердің осы резидентура базасының қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
6) білім беру бағдарламасына сәйкес резидент-дәрігердің оқуы мен клиникалық практикасынан өтуін ұйымдастыруға және мерзімді бақылауды жүзеге асыруға;
7) резидентура базасының қызметкерлеріне резидентурада оқытуды ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге;
8) қажет болған жағдайда резидентура базасында резидент-дәрігердің оқу жетістіктері туралы мәліметтерді ұсынуға;
9) егер жазатайым оқиғалар оқу және практикадан өту кезеңінде резидент-дәрігердің қатысуымен болған жағдайларда, оларды тергеп-тексеруге қатысуға;
10) резидентура базасында тәлімгерлерге еңбекақы төлеу бойынша өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.
5. Еңбекті қорғау
13. Резидентура базасы резидент-дәрігерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
14. Резидентура базасы резидент-дәрігердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді, білімін тексеруді жүргізеді.
15. Резидент-дәрігер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
6. Форс-мажор жағдайлары
16. Су тасқыны, өрт, басқа да дүлей зілзалалар, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, пандемия сияқты форс-мажорлық жағдайлар кезінде, сондай-ақ Тараптардың бақылауына ақылға қонымды шекте тәуелді емес және шарт жасалғаннан кейін туындаған кез келген басқа да жағдайлар кезінде тараптардың жауапкершілігі туындамайды.
17. Билік және басқару органдарының тараптардың ең болмағанда біреуінің осы шарт бойынша міндеттемелерді орындалуын мүмкін етпейтін актілер шығаруы да тараптардың бақылауына байланысты емес жағдайлар деп танылады.
18. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарларының қолданылу мерзіміне сәйкес ауыстырылады.
7. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шартта көзделген өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8. Дауларды шешу тәртібі
20. Осы Шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей шешеді.
21. Осы Шарттың 20-тармағына сәйкес тараптар шешпеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
22. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және оқу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
23. Егер осы Шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бұзылуы мүмкін.
24. Осы Шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертіледі және толықтырылады.
25. Осы Шарт әрбір тарап үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан үш данада жасалады.
26. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері:
Білім беру ұйымы: | Резидент-дәрігер: | Резидентура базасы : |
___________________ |
__________________ |
____________________ |