Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (32-шығарылым) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 422 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21595 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (32-шығарылым) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай-біліктілік анықтамалығы (32–шығарылым)" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 361-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7944 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда № 121 (28060) "Егемен Қазақстан" газетте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 3 қарашасы
№ 422 бұйрығына
қосымша

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғайтарифтік-біліктілік анықтамалығы (32-шығарылым)

1-тарау. Кіріспе

      1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (32-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА (32-шығарылым) химиялы-фотографиялық өндіріс жұмысын қамтиды.

      2. БТБА (32-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

      3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы (32-шығарылым) БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

2-тарау. Химиялы-фотографиялық өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы, 3-разряд

      4. Жұмыс сипаттамасы:

      айқындайтын пасталы капсулаларды өндіру технологиялы процесін немесе "Момент" фотожинағына арналған айқындайтын пастаны әзірлеу технологиялы процесі бойынша жеке операцияларды жүргізу;

      айқындайтын пастаның құрамына кіретін және ерітіндіні тұрақтандыратын компоненттерді өлшеу;

      араластырғышқа компоненттерді тиеу;

      алынатын ерітінділердің араласуын бақылау;

      айқындайтын пасталарды герметикалы сыйымдылықтарға салу;

      тұрақтандырылған ерітінділерді тампондарға мөлшерлеу және пробиркаларға салу;

      лакталған фольганың сапасын тексеру;

      фольганы автоматқа салу;

      айқындайтын пастамен тегеуірлі бакты орнату және мөлшерлейтін насосқа қосу;

      капсуладағы айқындайтын пастаның мөлшерін, температурасын және капсуланың қалыптасуының жалғасуын, капсуланың тігісінің сапасын бақылау және реттеу;

      таңбалайтын құрылғыны дайындау және жарамды капсулаларға кассеталарды орнату.

      5. Білуге тиіс:

      капсулаларды дайындау және айқындайтын пасталарды дайындау тенологиялық процесін;

      қолданылып жатқан жартылай фабрикаттардың, материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін.

2-параграф. Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы, 4-разряд

      6. Жұмыс сипаттамасы:

      айқындайтын пасталы капсулаларды өндіру немесе "Момент" фотожинағына арналған тұрақтандыратын ерітіндіні әзірлеу технологиялы процесін жүргізу;

      астауды есептеу және айқындаушы паста мен тұрақтандырушы ерітіндінің құрамына кіретін компоненттерді өлшеу;

      тұрақтандырылғын ерітінділерді дайындау, оларды берілген концентрация және мөлшерлерге жеткізу;

      айқындайтын және белгілейтін құрылғыларды енгізу, айқындалып жатқан пасталарды регламентпен сәйкестендірілген созылмалығына жеткізу және оның сапасын анықтау;

      тұрақтандырылатын ерітінділерді дайындау: алынған ерітінділерді сыйымдылыққа жылытып тиеу, араластырғыштарды қосу, қосындыларды енгізу, ерітінділерді фильтрлеу;

      біліктілігі төмен айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшыларға басшылық жасау.

      7. Білуге тиіс:

      айқындайтын пастаны және тұрақтандырылған ерітінділерді дайындау технологиялық процесін;

      қолданылып жатқан компоненттердің, материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымын.

3-параграф. Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор, 7-разряд

      8. Жұмыс сипаттамасы:

      белсенсіз жарықта және қараңғыда жағдайында интегрирленген электронды механикалы процессорда "ЕСР-2В" процесі бойынша импортты түрлі-түсті позитивті кинопленкаларды химико-фотографиялық өңдеу процессін жүргізу;

      процессордың бақылау панелінде кинопленканы айқындаудың режимін таңдау және реттеу;

      процессордың жолы бойынша лентаның жылжу жылдамдығын, бактардағы ерітінді деңгейін, үгітетін механизмнің жұмысын, фонограмманы бөлшектеп өңдейтін блоктардың және химиялы бақылау;

      өңдеу процессінде кинопленканың бетінің техникалы жағдайын бақылау;

      тапсырыстарға сәйкес өңделген кинопленкаларды жинақтау;

      ілеспе құжаттаманы жүргізу.

      9. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті және қара-ақ негативті және позитивті кинопленкаларды өңдеудің технологиясын;

      шығару процессорының құрылысын, оның негізгі бөліктері мен функционалдық блоктарының мақсаты мен жұмысын, "РЭК"-лифт жұмысын;

      өңделетін ерітінділердің құрамын және мақсатын;

      сенситометрлі мәліметтер бойынша айқындаудың режимдерін реттеу қағидаларын.

      10. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

4-параграф. Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор, 8-разряд

      11. Жұмыс сипаттамасы:

      "ЕСР-2В" процессоры бойынша импортты түрлі-түсті позитивті кинопленкаларды химико-фотографиялық өңдеу және "ЕСN-2" процессоры бойынша негативті кинопленкаларды электронды-механикалы процессорларда белсенсіз жарықта және қараңғыда химико-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;

      кинопленкаларды айқындаудың режимдерін таңдау және реттеу;

      процессордың жолы бойынша лентаның жылжу жылдамдығын, бактардағы ерітінді деңгейін, үгітетін механизмнің жұмысын, фонограмманы бөлшектеп өңдейтін блоктардың және химиялы бақылау;

      тапсырыстарға сәйкес өңделген кинопленкаларды жинақтау;

      ілеспе құжаттаманы жүргізу.

      12. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті және қара-ақ негативті және позитивті кинопленкаларды өңдеудің технологиясын;

      өңделіп жатқан ерітінділердің құрамдары мен мақсаттарын;

      өңдеу ерітінділерінің кинопленкалардың фотографиялық қасиеттеріне әсерін;

      көріну режимін реттеу қағидаларын және өңделген пленканың сапасына қойылатын талаптар.

      13. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

5-параграф. Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы, 4-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары илеу және ақуыз қабықшасын кептіру бойынша аппаратшысының басшылығымен толассыз илеу және көп қозғалысты кептіру желілеріндегі ақуыз қабықшасын кептіру процесін жүргізу;

      көп қозғалысты автоматты кептіру желісіне ылғалды ақуыз қабықшасын салу, ақуыз қабықшасының белгіленген диаметрі мен біркелкі қалыңдығын ұзындығы бойынша реттеу;

      ақуыз қабықшасының үзілуін жою және оны орайтын құрылғыға салу;

      ораудың сапасын тексеру және өнімді келесі операцияға жіберу;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы технологиялық режимнің бұзылуын, ақауларды анықтау және жою;

      стандартсыз өнімді ақаулыққа жатқызу;

      сынамаларды алу.

      15. Білуге тиіс:

      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылып жатқан автоматика жабдықтарын және бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      ақуыз қабықшасын кептіру және илеу технологиялық схемасын;

      технологиялы режимнің параметрларін және илеу және ақуыз қабықшасын кептіру процесін реттеу қағидаларын;

      сынамаларды алу қағидаларын.

6-параграф. Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы, 5-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      көпқозғалысты автоматты кептіру желілерінде ақуыз қабықшасын кептіру және илеу толассыз процессін жүргізу;

      илеу сұйықтығымен ақуыз қабықшасын илеу, оны кептіру және орайтын құрылғыға салу;

      бақылау-өлшеу құралдарының, көзбен көру, талдаудың нәтижесі және диаграмма бойынша ақуыз қабықшасының илеу сұйықтығымен дұрыс құйылуын, кептірудің температуралы-ылғалды режимін, ораудың сапасын бақылау және реттеу;

      ауаның температурасын және ылғалдығын, ақуыз қабықшасында ылғалдың барын, оның диаметрін және қалыңдығын бақылау;

      көп қозғалысты каналды желілерді, желдеткіш құрылғыларды, калориферлерді, коммуникацияларды, арматураларды, бақылау-өлшеу құрылғыларын және автоматика құралдарында қызмет көрсету;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

      өндіріс журналында жазба жүргізу;

      біліктілігі төмен илеу және ақуыз қабықшасын кептіруші аппаратшыларға басшылық жасау және олардың технологиялы режимді сақтауын бақылау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты икемдеу.

      17. Білуге тиіс:

      ақуыз қабықшасының физикалық-химиялық процесін және технологиялық схемасын;

      дайын өнімнің стандарттары мен техникалық шарттарын.

7-параграф. Ақуызды қабықшаларды өлшеуші, 3-разряд

      18. Жұмыс сипаттамасы:

      өлшейтін құрылғыда ақуызды қабықшаның берілген ұзындығын өлшеу;

      автоблоктаудың және есептегіштің жұмысын тексеру;

      орайтын тіреуге қабықшамен бобинді іріктеу, орналастыру және орнату;

      өлшеу кезінде қабықшаны ақаулау;

      қабықшаны орау процесін реттеу;

      қабықшаны шоқтарға орау, берілген ұзындықтағы кесінділерге қию, қабықшаларды түсіру және салу;

      қабықшаның шоқтарын таңбалау;

      өлшейтін құрылғының жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      өндірісі журналын толтыру.

      19. Білуге тиіс:

      ақуызды қабықшаға қойылатын техникалық шарттарын;

      өлшейтін құрылғыны және есептегіштің құрылымын және реттеу тәсілдерін.

8-параграф. Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы, 3-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары баритмассаны әзірлеу бойынша аппаратшының басшылығымен баритмассаны әзірлеу технологиялық процесін жүргізу;

      бланфиксты әкелу және оны араластырғышқа салу, желатинді ерітетін аппаратта еріту;

      бояуға қосатын қосымша компоненттерді фильтрлау;

      қолданылып жатқан аппараттардың және бояуды жіберу жүйесінің жұмысын бақылау;

      дайын өнімді баритаж машиналарына арнайы сыйымдылықтарға айдау;

      талдау үшін сынамаларды алу.

      21. Білуге тиіс:

      баритмассаларды әзірлеу технологиялық процесін;

      бояуға қосылатын компоненттерден талап етілетін техникалық шарттар;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың жұмыс істеу схемасын;

      сынамаларды алу қағидаларын.

9-параграф. Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы, 4-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      баритмассаны әзірлеу технологиялы процесін жүргізу;

      бояу араластырғышқа блакфиксты салу;

      бояуараластырғышқа ыстық суды және химиялық компоненттерді қосу;

      механикалы араластырғыштарды қосу және бояудың біркелкі араласуын реттеу;

      бояу араластырғыштардан аппаратқа бояуды алу;

      берілген режим бойынша химиялық компоненттерді енгізу;

      концентрацияны, температуралық режимді, процестің жалғасуын реттеу;

      дайын бритмассаны аппараттан шығару;

      сілтілі фильтрларда баритмассаны үш рет фильтрлеу;

      қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

      23. Білуге тиіс:

      баритмассаларды, фотоқағаздарды әзірлеу технологиялық процесін және олардың мақсатын;

      қолданылып жатқан компоненттерге ден талап етілетін техникалық шарттар;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және жұмыс істеу принципін.

10-параграф. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 1-разряд

      24. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ кинопленканың жекелеген кесектерін желімдеу, актиникалық емес жарықтандыру жағдайында әртүрлі жүйедегі арнайы желімдейтін жартылай автоматтарда ракордтарды желімдеу;

      жапсырудың сапасын тексеру;

      кинопленканы орау, ілеспе құжаттаманы және өндірістік журналды толтыру;

      қайта орау-желімдеу механизмін мерзімді тексеру және тазалау.

      25. Білуге тиіс:

      кинопленка сорты және оны пайдалану қағидаларын;

      кинопленканың әртүрлі негіздеріне қолданылатын желімнің құрамын.

11-параграф. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 2-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      баспаға контратиптерді, фонограммаларды, ағымдағы негативті дайындау және рәсімдеу;

      ракордтардың, стартовкалардың, дабыл белгілерінің дұрыс рәсімделуін тексеру;

      басып шығару үшін зарядтау ракордтарын желімдеу;

      әртүрлі жүйелі жартылайавтоматтарда түрлі-түсті және панхроматикалы кинопленкалардың бөлек қиықтарын жапсыру, жапсырудың сапасын тексеру;

      роликтарды басу үшін кинопленкаларды айналдыру және сорттары бойынша дайындау;

      түсетін шикі кинопленкаларды сорты, эмульсия нөмірлері және біліктері бойынша сорттау және іріктеу;

      кинопленкаларды кассеталарға салу;

      бастапқы материалдарды баспадан кейін жинақтап қоймаға тапсыру;

      бастапқы материалдарды тапсыруға белгіленген өндірістік құжаттаманы ресімдеу.

      27. Білуге тиіс:

      фильмкөшірмелерін өңдеу технологиясын;

      басып шығару үшін фильм материалдарын ресімдеу қағидаларын;

      механикалы орайтын құрылғылардың конструкциясын және эксплуатациялау қағидаларын;

      жұмыс орнындағы жарықтехникалық режимін;

      жапсыратын жартылайавтоматтардың құрылымын және реттеу тәсілдерін.

12-параграф. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 3-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      бастапқы материалды (контратип, аралық позитив, фонограмма), ағымдағы негативті баспаға арналған оң пленканы баспаға дайындау және ресімдеу;

      баспа процесінде және одан кейін бастапқы материалдың техникалық жай-күйін толық тапсыру және бақылау;

      қайтадан басудан кейін магнитті фонограммаларды рәсімдеу және бастапқы магнитті фонограммалардың техникалық жағдайын тексеру;

      16 және 35 миллиметрлі бастапқы материалдарды үлкен сыйымдылықты рулондарға қосу;

      баспаға ілеспе құжаттарды рәсімдеу;

      бақылау процесінде анықталған (жыртылған перфорацияларды және жапсырмаларды жапсыру, тозған ракордтарды ауыстыру) ұсақ ақаулықтарды түзету;

      аралық позитивтерді, контратиптерді стартовкалау және фонограммаларды ресімдеу;

      ағымдағы негативті желімдеу және түсті жарық паспортының ауысымына сигнал белгілерін орнату.

      29. Білуге тиіс:

      фильм көшірмелерін жасау және ағымдағы негативті басып шығару технологиясын;

      бастапқы материалдардың ассортименті және олардың мақсатын;

      оптикалық және магниттік дыбыс жазу негіздерін;

      стартовканы жағу қағидаларын;

      ілеспелі үстелдердің және жапсыратын жартылайавтоматтардың конструкциясын;

      көшіретін және дыбысбасатын аппараттардың және қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу принципін.

13-параграф. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 4-разряд

      30. Жұмыс сипаттамасы:

      жөнделген негативті баспаға дайындау және рәсімдеу;

      баспа процесінде және одан кейін негативтің техникалық жай-күйін жинақтап тапсыру және бақылау;

      жарық паспорттарын тесу және оның жазба паспортына сәйкестігін тексеру;

      бастапқы материалдарға ракордтарды рәсімдеу;

      32-миллиметрлі контратиптерді рәсімдеу, біріктіру және стартовкалау;

      фонограммалардың қайта басуын 32-миллиметрлі негативтерге біріктіру және 70-миллиметрлі фильмкөшірмелерін үлкен сыйымдылық рулонына біріктіру;

      қалыңдығын, кадрлардың орналасуын және пленканың толтыруын өлшеу;

      қосымша басуды іріктеу және монтаждау;

      35-миллиметрлі фонограммалардың қайта басудың негативіне ракордтардың ілспелілігін орнату және жапсыру;

      жапсырудың сапасын бақылау.

      31. Білуге тиіс:

      кең экранды және кең форматты фильмкөшірмелерін дайындау технологиясын;

      негативті және позитивті материалдарды баспаға рәсімдеу қағидаларын.

14-параграф. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 5-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      бастапқы материалдардың жинағын басу кезінде жөнделген негативтерді баспаға дайындау;

      35 және 70-миллиметрлі фильмкөішрмесін және бастапқы материалдарды субтитрленген баспа үшін позитивті пленканы дайындау және рәсімдеу;

      ілеспелілікті бекіту және фонограммаларды қайта басу негативіне стандартты ракордтарды жапсыру;

      фонограммалардағы ілеспеуді жою;

      тетіксіз негатив басу үшін ілеспелі паспорттарды дайындау.

      33. Білуге тиіс:

      кинофильмдерді өңдеу технологиясының негіздерін;

      субтитрларды позитивті көшірмелерге және контратиптерге басу технологиясын;

      ілестіргіштердің құрылымын және оларды пайдалану қағидаларын.

15-параграф. Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы, 3-разряд

      34. Жұмыс сипаттамасы:

      өндіріс-техникалы тағайындаудағы металжапсыратын пленкаларды немесе бірқабатты және көпқабатты бутафольдың пластмасты пленкасын құю технологиялық процессінің бөлек операцияларын жүргізу;

      құятын машиналардан фильерлерді түсіру және орнату;

      фильерларды және өнімді түсіруге және опалауға арналған қосалқы жабдықтарды жұмысқа дайындау.

      35. Білуге тиіс:

      пластмассалы пленкаларды дайындау технологиялық процесін;

      қолданылып жатқан ерітінділердің, дайын өнімнің қасиеттерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының мақсатын;

      негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымын және жұмыс істеу принципін.

16-параграф. Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы, 5-разряд

      36. Жұмыс сипаттамасы:

      техникалық тағайындаудағы металжапсыратын пленкаларды немесе бірқабатты және көпқабатты бутафольдың пластмасты пленкасын құю технологиялық процессінің жүргізу;

      құятын машиналарға фильерларды орнату;

      шаблонның көмегімен лента расындағы саңылауларды есептеу және фильер пышағымен реттеу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық режимді реттеу, мыс таспасының жағдайы мен барысын реттеу;

      қабатталған пленканың қалыңдығын, фильерлердегі ерітіндінің деңгейін, ауаны беру мен соруды, кептіргіштегі пленканы тартуды және дайын пленканы орауды есептеу және реттеу;

      ұнтақты натрий бикарбонатымен бутафоль пленкасын орау немесе оны полиэтиленмен және қағазбен төсеу;

      сынамаларды (үлгілерді) бақылау үшін алу;

      өнімнің санын есепке алу және сортын анықтау;

      өнідіріс журналында жазба жүргізу;

      құятын машинаның жез лентасынан өңделген төс етекті (айналы қабатын) түсіру;

      айналы қабатты құю үшін жез лентаны дайындау;

      біліктіліг төмен бутафоль пленкасын құюшы-аппаратшылардың жұмыстарына басшылық жасау;

      жабдыққа ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.

      37. Білуге тиіс:

      бутафоль пленкасын және металжапсыратын пленканы дайындау технологиялық процесін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      қолданылып жатқан шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің физиалық-химиялық қасиеттерін;

      сынамаларды алу қағидалары.

17-параграф. Бутафоль пленкасын кептіруші, 3-разряд

      38. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары бутафоль пленкасын кептірушінің басшылығымен бутафоль пленкаларын кептіру бойынша бөлек операцияларды орындау;

      бутафоль пленкасын кептіру шкафтарына салу, оны кептіру шкафтарының біліктері бойынша ауыстыру;

      бутафоль пленкларын катушкадан түсіру және орау;

      натрий бикарбонатының қалдықтарын түсіру;

      бутафоль пленкасын салуға және алуға арналған құралдарды жинау;

      кептіру шкафтары мен үй-жайларды тазалау.

      39. Білуге тиіс:

      кептіретін шкафтардың құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      ауа жіберу схемасын;

      бутафоль пленкасын кептіру және суыту режимін;

      қолданылып жатқан шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің қасиеттерін.

18-параграф. Бутафоль пленкасын кептіруші, 4-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес бірнеше кептіргіштерде біруақытта, бутафоль пленкаларын кептіру технологиялық процесін жүргізу;

      бутафоль пленкасының белгіленген ылғалдылық процентіне байланысты өнімнің әртүрін кептіру уақытын есептеу;

      бутафоль пленкаларын кептіретін шкафтарға салынуын және оның білекшелерге орналасуын бақылау;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті, кептірудің температуралық режимін реттеу;

      бутафоль пленкасын натрий бикарбонатымен тозаңдандыра отырып катушкаға алу және орау;

      дайын өнімнің есебін жүргізу;

      біліктілігі төмен бутафольпленкларын кептірушілерді басқару;

      қолданылып жатқан жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

      41. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетіліп жатқан процестің технологиялық схемасын;

      қолданылып жатқан жабдықтың, бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылым және жұмыс істеу принципін;

      поливинилбутиролдан жасалған пластмассаның физикалық-химиялық қасиеттерін;

      технологиялық процесті реттеу қағидаларын;

      бутафоль пленкасын кептіру уақытын есепке алу әдістемесін.

19-параграф. Вагонетші, 2-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      шикі фотопластинкалармен сорты, өлшемі, кептіретін вагонеткалардағы эмульсияның нөмірлері бойынша станоктарды түсіру және тиеу;

      шикі фотопластинкалардың станоктардың штабиктерімен жанасу және қозғалу кезінде олардың жабысу себептерін жою;

      вагонеткалардан жасалған құрғақ фото-бұйымдары бар станоктарды түсіру және оларды суару машинасына жіберу;

      құрғақ жарықсезгіш материалдарды жинақтау.

      43. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасын;

      жарықсезгіш режимін;

      қолданылып жатқан жабдықтарды эксплуатациялау қағидаларын.

20-параграф. Вагонетші, 3-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      фотопластинкалармен станоктарды вагонеткаларға тиеу және оларды аймақтарға жылжыту;

      алаңға шикі фотопластинкаларды біркелкі жаю, ассортиментке байланысты вагонеткалардың қозғалыс жылдамдығын реттеу;

      белсенді емес жарықтандыруды ауыстыру;

      вагонеткаларға профилактикалы күтім жасау.

      45. Білуге тиіс:

      шығарылатын жарыққа сезімтал бұйымдардың ассортименті, олардың фотографиялық қасиеттерін.

21-параграф. Гидротипті өндіріс машинисі, 3-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары гидротиптік өндіріс машинисінің басшылығымен бейнені матрицадан бланк-фильмге көшіру және матрицаларды гидротиптік машинада бояу бойынша жекелеген жұмыстарды орындау;

      матрицалар мен бланк-фильмдерді өңдеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      полиграфиялық әдіспен ракордтарды басып шығару бойынша гидротиптік машинаға қызмет көрсету.

      47. Білуге тиіс:

      матрицаларды және бланк-фильмдерді өңдеу технологиясын;

      гидротипті машиналардың лента созатын коммуникацияларының схемасын;

      гидротиптік машиналарды пленкалармен зарядтау схемаларын және синхронды рекордтардың мақсатын;

      гидротиптік машина түйіндерінің сипаттамалары мен мақсатын.

22-параграф. Гидротипті өндіріс машинисі, 4-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      бейнені матрицадан бланк-фильмге гидротиптік көшірудің және матрицаларды гидротиптік машинада бояудың технологиялық процесін жүргізу;

      бояйтын ерітінділердің айналымын, ауыстыру камераларындағы және кептіретін шкафтардағы атмосфераны, бланк-фильмдерді сулау және кептіруді бақылау;

      матрицаларды тазарту және кептіру;

      бояуларды ауыстыру үшін бланк-фильмді матрицаның келесімен бақылау бөліміне жіберу.

      49. Білуге тиіс:

      гидротипті пештің технологиялық процесін;

      гидротипке пайдаланылатын пленкалардың түрлерін және қасиеттерін;

      қара-ақ және түрлі-түсті фотоның негіздерін.

23-параграф. Гидротипті өндіріс машинисі, 5-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары гидротиптік өндіріс машинисінің басшылығымен бейнені матрицадан бланк-фильмге гидротиптік тасымалдау және гидротиптік ағынды желіде матрицаларды бояу технологиялық процесін жүргізу;

      бояу ваннасының және гидротипті желілі бояуды ауыстыру камераларының жұмыс режимін және температуралы-ылғалды параметрлерін таңдау;

      матрица жинағының және бланк-фильмнің ілеспелілігін тексеру, гидротипті машинада зарядтау үшін арнайы белгілердің барын тексеру;

      матрицалар мен бланк-фильмді перфорациялау қадамын, кинопленкаларды таспалы тарту жолы бойынша тасымалдауды бақылау;

      мөлшерлегіштердің және тамшыұшырғыштардың жұмысын тексеру;

      желіні профилактикалық тексеру;

      матрицаға және бланк-фильмдерге есеп жүргізу;

      технологиялық журналды жүргізу.

      51. Білуге тиіс:

      матрицаларды және бланк-фильмдерді дайындау технологиялық процесін;

      пленканы тасымалдаудың жылдамдығын тәсілдерін;

      бояуды және бейнені гидротипті ауыстыру режимдерін;

      бояғыштардың сипаттамасы, ерітінді рецептурасын және оларды дайындау;

      бланк-фильмге және аралық материалдарға қойылатын талаптар;

      коммуникация схемасын және гидротипті ағынды желінің құрылысын;

      кинопленкаға және гидротипті фотоматериалдардың стандарттарын және техникалық шарттарын.

24-параграф. Гидротипті өндіріс машинисі, 6-разряд

      52. Жұмыс сипаттамасы:

      бейнені матрицадан бланк-фильмге гидротиптік көшірудің және басқару пультінен гидротиптік ағынды желіде матрицаларды бояудың технологиялық процесін жүргізу;

      желінің жекелеген агрегаттары жұмысының үндестігін баптау;

      жұмыс процесінде бояу ерітінділерін беру коммуникациясының жай-күйін, пленкаларды біріктіруді және бояғышты көшіруді бақылау;

      технологиялық журналды жүргізу.

      53. Білуге тиіс:

      гидротиптік желінің негізгі агрегаттары мен тораптарының құрылысын;

      гидротиптік желіні басқару пультінің схемасын;

      берілген командалардың терминологиясын;

      дабыл және блоктау жүйесін.

      54. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

25-параграф. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 2-разряд

      55. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымның екіден аспайтын түрлерін немесе киноөнімнің бір түрінің екіден аспайтын сапалы көрсеткішін біруақытта бақылау;

      кино-фото-өнім сапасының жекелеген параметрлерін журналға тіркей отырып тексеру;

      дайын кино-фото-өнімді көзбен шолып бақылау және жекелеген сапалық көрсеткіштердің стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;

      жоғары білікті жарық сезгіш бұйымдарды бақылаушының басшылығымен дайын кино-фото-өнімдерді және кинофотоөнімдердің барлық түрлерінің жартылай фабрикаттарын тексеру.

      56. Білуге тиіс:

      кинофотоөнімнің сапасының бөлек параметрлерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының мақсатын.

26-параграф. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 3-разряд

      57. Жұмыс сипаттамасы:

      киноөндімнің позитивті сортының жартылайфабрикаттарын, желатин және нығайтқыштарды дайындау кезінде ара-арасынан тексеру және кейінгі өндіріске жіберу үшін рұқсатнама беру;

      кино-фото-өнім өндірісінің технологиялық процесі сапасының жекелеген параметрлерін журналға тіркей отырып бақылау;

      дайын кинофотоөнімді көзбен шолып бақылау және оның жекелеген сапалық көрсеткіштерінің стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігіне сынақтар жүргізу;

      құрал-саймандық микроскоптың, калибрлер мен өлшеу құралдарының көмегімен жарық сезгіш бұйымдардың физика-химиялық қасиеттері мен мөлшерін анықтау;

      жоғары білікті жарық сезгіш бұйымдарды бақылаушының басшылығымен дайын кино-фото-өнімдерді және кинофотоөнімдердің барлық түрлерінің жартылай фабрикаттарын тексеру.

      58. Білуге тиіс:

      кино-фото-өнімдер өндірісінің технологиялық процесі сапасының негізгі параметрлерін;

      шығарылатын кино-фото-өнімнің стандарттары мен техникалық шарттарын;

      титрленген ерітінділерді дайындау қағидаларын.

27-параграф. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 4-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:

      позитивті сорттардың дайын кинофотоөнімдерін тексеру, кино-фото өнімнің теріс сорттарының жартылай фабрикаттарын және негіздердің стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін фаза бойынша бақылау;

      ресімделген кино-фото-өнімді көзбен шолып қарау және буып-түю материалы мен таңбалаудың сапасын тексеру;

      технологиялық регламент пен жарық техникалық режимнің өңделетін ассортиментке сәйкестігін бақылау;

      дайын кинөнімнің және жартылай фабрикаттардың сынамаларын алу, оларды физико-механикалы және фотографиялы парамерлерде арнайы жарық беру арқылы және сәйкес режимде химия-фотографиялы өңдеумен сынау;

      үлгілердің параметрлерін өлшеу;

      өңделген үлгіні ақаулардың болмауына көзбен шолып бақылау және ол бойынша кинофотоөнім сапасын бағалау;

      дайын кино-фото-өнімді шығаруға немесе жартылай фабрикатты өңдеудің келесі сатысына беруге рұқсат беру;

      ақауларды цехтар мен ақаулардың түрлері бойынша саралау;

      ақаулы парақтарды жасау.

      60. Білуге тиіс:

      бақыланатын кино-фото өнімдердің стандарттары мен техникалық шарттарын, оны дайындаудың технологиялық режимін;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратураның құрылысы мен жұмыс істеу принципін.

28-параграф. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 5-разряд

      61. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын кинофотоөнімнің теріс сорттарының стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;

      оны шығаруға шешімді беру;

      рәсімделген кинофотопродукцияны оралған материалдың сапасын тексерумен және мөрленуін көзбен тексеру, оның физико-механикалық сынақтарын және параметрлерін өлшеуді жүргізу;

      арнайы камералардың немесе кинофотоаппараттардың көмегімен ашық және жабық павильондарда перспективті түсірілімдерді жасау;

      қатаң белгіленген режимдегі көрмеге қойылған материалдарды химиялық-фотографиялық өңдеу;

      фотографиялы бейненің және эмульсиялы қабаттың жағдайының сапасын бағалау;

      кинофотоөнімнің кіші партияларыынң сапасы және үлкен партияларды жинақтау жайлы қортындыны дайындау;

      өнімдерге паспорт ресімдеу;

      қабылдап алушы-тұтынушыға кинофотоматериалдардың арнайы түрлерін ұсыну;

      кинофотоматериалдарды дайындауды бақылайтын бақылаушылардың жұмысын қорытындылау;

      біліктілігі төмен жарықсезгіш бақылаушыларға басшылық жасау.

      62. Білуге тиіс:

      табиғи және павильонды түсірілімдерді әртүрлі жағдайларда бақылау және экспозициясын анықтау тәсілдерін;

      дайын кинофотоөнімнің мақсатын және оны өңдеудің технологиясын.

29-параграф. Желатиндеу аппаратшысы, 2-разряд

      63. Жұмыс сипаттамасы:

      анағұрлым жоғары білікті желатиндеу аппаратшысының басшылығымен желатиндеу машинасының жекелеген тораптарына қызмет көрсету;

      транспортер лентасына желатинді гельді механикалы салу үшін торшалар орнату;

      желатинді гельдерді торшаларды кептіруге жіберу;

      торшаларды ақаулау;

      қызмет көрсетіліп жатқан торларды тазарту;

      әр партиядан кейін немесе желатинді еріткіштернің сортынан кейін бөлмені стерильдеу.

      64. Білуге тиіс:

      желатиндеу технологиялық процесін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымын.

30-параграф. Желатиндеу аппаратшысы, 3-разряд

      65. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары желатиндеу аппаратшысының басшылығымен желатиннің әртүрлі маркаларына арналған желатинді ерітінділерді фракциялар бойынша пісіру әдісімен алудың технологиялық процесін жүргізу;

      желатинді ерітінділерді қабылдау, сақтау және өлшеуіштерге және желатиндеу машинасының фильеріне беру;

      желатин ерітінділерін дайындау, сүзу, беру, оларды сақтау режимін реттеу;

      жинақтан қақты шығару, оны жуу және корзинадан қатты қалдықтарды шығару және оны жуу;

      булы табақшаларды, стакандарды жинау және демонтаждау;

      фильтрлайтын құрылғыларды дайындау;

      талдау жүргізу үшін сынамаларды алу;

      желатинді еріткіштерді партия және ассортимент бойынша есептеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан тораптарды және коммуникацияларды стерильдеу және тазарту;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

      66. Білуге тиіс:

      желатинді қайнату, желатиндеу технологиялық процесін;

      тиелетін шикізаттың, желатин ерітінділерінің, еріткіштердің физикалық-химиялық қасиеттерін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылым принципін.

31-параграф. Желатиндеу аппаратшысы, 4-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы:

      фракция бойынша қайнату тәсілімен желатиннің бір-екі маркасы үшін желатинді еріткіштерді алу технологиялы процессін, толассыз желатиндеу-жазу агрегаттарында еріткіштерді желатиндеу процесін жүргізу;

      күлген айналдырылған оссейннің партиясын құрау, күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау және оларды мөлшерлеу;

      сынамаларды алу;

      желатинді еріткіштерді жинақтаушыға жіберу;

      еріткіштерлерді мөлшерлеу және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті жүргізу, желатиндейтін лентаға еріткіштерді құю жуандығы мен қалыңдығын, еріткіштердің концентерациясына байланысты лентаның қозғалужылдамдығын және кесу және тарту процестерін реттеу;

      коммуникацияны, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды стерильдеу, тазалығын бақылау және олардың жұмысындағы ақаулығын жою.

      68. Білуге тиіс:

      фракция бойынша желатинді қайнату технологиялық процесін;

      құю, желатиндеу, кесу және жаю процесін;

      күлген айналдырылған оссеиннің, желатин ерітінділерінің, желатиннің сапалы көрсеткіштерін, желатинді өндіру технологиялық процесінің схемасын;

      сынамаларды алу қағидаларын;

      қызмет көрсетелеп жатқан жабдықтардың құрылымын.

32-параграф. Желатиндеу аппаратшысы, 5-разряд

      69. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі фракциялы желатин ерітінділерін алу үшін коллагенді қайнатудың технологиялық процесін, желатиннің барлық сұрыптарын қырғыш жылу алмастырғыштарда желатиндеу және үздіксіз жұмыс істейтін таспалы кептіргіштерде желатинді кептіру процесін жүргізу;

      шикізаттың әрбір түрі бойынша еріткіштерді, қоспаларды мөлшерлеуді есептеуді жүргізу;

      желатиндеудің температуралы режимін, ауаны салқындату температурасын және ылғалдығын, кептірудің температуралы режимін және студняны кептірге жіберуді, оның аймақтан-аймаққа жіберілуін бақылау және реттеу;

      студняның сапасын органолептикалық бақылау;

      желатинді кептіру, ылғалдығын бақылау және реттеу процесін жүргізу;

      желатиннің шығуын есептеу;

      кептіргіштердің дуалды шахталарындағы ауа фильтрларын әзірлеу, мерзімді ауыстыру және тазарту;

      технологиялық жабдықтың ақауларын жою, оны баптау және ағымдағы жөндеу.

      70. Білуге тиіс:

      коллагенді қайнатудың, желатинизациялаудың, кондицияланған ауаны дайындаудың, таспалы кептіргіштерде желатинді кептірудің технологиялық процесін;

      желатиннің барлық ассортиментінің физика-химиялық қасиеттерін, техникалық шарттары мен стандарттарын;

      зертханалық талдау жүргізу, компоненттерді мөлшерлеуді есептеу және желатинді пісірудің оңтайлы режимін таңдау әдістемесін;

      технологиялық жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс істеу принципін.

33-параграф. Калибрлеу аппаратшысы, 2-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы калибрлеу агрегатында шроттарды калибрлеу;

      тасымалдайтын шнекке экстракторлардың астыңғы бункерлерінен шротты түсіру;

      оросительді жүйелі жылтырататын агрегатта шротты жуу технологиялық процесін жүргізу және шөмішті элеваторларға жуылған шротты тасымалдау;

      арнайы жабдықтың көмегімен тасымалдайтын шнекке шротты жіберуді реттеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан учаскеде оросительді жүйені және толқынды жүйені бақылау.

      72. Білуге тиіс:

      шротты жуу, калибрлеу және тасымалдау технологиялық схемасын;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      тасымалдау шнегіне шротты беруді реттеу қағидаларын.

34-параграф. Калибрлеу аппаратшысы, 3-разряд

      73. Жұмыс сипаттамасы:

      калибрлеу агрегатында шротты калибрлеу;

      толқынды-жуу сүзгіштерді, көпшөмішті элеваторларды, қайталама үгітетін үгіткіш машиналарға қызмет көрсету;

      шротты элеваторларға бір уақытты жуу және қайта үгітумен қайта тасымалдау;

      шротты шөмішті элеваторларға және үгіткіш машиналарға берілуін реттеу;

      қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықтың жұмысын бақылау, іске қосу және тоқтату, оның жұмысындағы ақауларды жою.

      74. Білуге тиіс:

      қалдықтарды калибрлеу және балқыту технологиялық схемасын;

      шротқа қойылатын технологиялық шарттарын;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      улы заттарды қолдану қағидаларын.

35-параграф. Калибрлеу аппаратшысы, 4-разряд

      75. Жұмыс сипаттамасы:

      толассыз жұмыс істейтін агрегатта шротты калибрлеу технологиялық процесін жүргізу;

      агрегаттың барлық тораптарын қосу;

      шроттың калибрлы барабанға тасымалдануын, жуылуын және тиелуін бақылау;

      толассыз жұмыс жасайтын калибрлы барабандарда шротты ыстық суда жуумен механикалы калибрлеу операциясын жүргізу;

      калибрленген шротты жуатын толқынды илеуіштер арқылы қайта жуумен және үгітілуімен түсіру;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту;

      біліктілігі төмен калибрлеу аппаратшыларыды басқару.

      76. Білуге тиіс:

      шротты калибрлеу технологиялық процесін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың, бекіту арматурасының құрылымын және коммуникация схемасын;

      улы еріткіштермен жұмыс жасаған кезде сақтандыру шараларын және қағидаларын;

      шротты дайындауға арналған техникалық шарттар мен технологиялық регламент;

      еріткіштер мен шроттың физика-химиялық қасиеттерін;

      шрот сапасын талдау әдістемесін.

36-параграф. Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      77. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысының басшылығымен айналмалы аппараттарда біркелкі коллагенді массаны алғанға дейін коллагеннің құрамын қопсыту және әктің қалдығын бейтараптандыру үшін гольді кесіндіні тұзды қышқылмен өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды және коммуникацияларды жұмысқа дайындау;

      құнарландырылған тұзды қышқылды қабылдау және өлшейтін бактарлы онымен толтыру;

      құнарландырылған тұзды қышқылды, ерітіндіні және суды мөлшерлеу;

      гольді кескіндерді аппараттарға тиеу және аспалы крандардың көмегімен дайын өнімді түсіру;

      іріктелген ерітінділерді ағызу;

      сынамаларды іріктеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау және оны жөндеу жұмыстарынан қабылдау.

      78. Білуге тиіс:

      негізгі және қосалқы жабдықтарды, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      коммуникация схемасын, бейтараптандыру және қышқылмен өңдеудің технологиялық схемасын;

      қолданылатын шикізаттың, қосалқы материалдың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және техникалық қасиеттерін;

      сынама алу қағидаларын және талдау жүргізу әдістемесін.

37-параграф. Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы, 5-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:

      айналмалы аппараттарда біркелкі коллагенді массаны алғанға дейін тұзды қышқылмен гольді кесіндіні өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

      жуу сулары мен материалдың "рН" технологиялық процесін, ерітінді концентрациясын, су беру жылдамдығын бейтараптандыру, жуу және пиклеу, бақылау және реттеу;

      қышқылмен өңдеу сапасын анықтау, сынамаларды талдау нәтижелері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және көзбен қарап тексеру бойынша аралау;

      тұз қышқылының мөлшерін оның концентрациясына, пісіп-жетілу дәрежесіне және шөп кесу түріне байланысты есептеу;

      өңделген ерітіндіні ағызу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты қосу және тоқтату, ақауларын жою, жөндеу жұмыстарына дайындау және оны жөндеу жұмыстарынан қабылдау;

      қышқылдандыруға арналған аппараттарға, өлшеуіштерге, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларға қызмет көрсету;

      талдау жасау;

      технологиялық режимнің сақталуын бақылау;

      пайдаланылатын материалдарды есепке алу, өндірістік журналда жазбалар жүргізу;

      кесіндіні қышқылды өңдеу аппараттарын реттеу;

      біліктілігі төмен кесіндіні қышқылды өңдеу аппаратшыларына басшылық жасау.

      80. Білуге тиіс:

      кесіндіні қышқылды өңдеу технологиялық процесі мен параметрлерін және оларды реттеу қағидаларын;

      қолданылатын аспаптардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін, коммуникация схемасын;

      шикізаттың, қосалқы материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін;

      сынама алу қағидаларын және талдау жүргізу әдістемесін.

38-параграф. Кинопленкаларды айқындаушы, 2-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары кинопленканы айқындаушының басшылығымен айқындайтын машинаның жарық жағында экспонирланған қара-ақ позитивті химия-фотографиялық өңдеу процесін жүргізу;

      қара-ақ позитивті айқындайтын машинаның жарық жағында айқындау бойынша бөлек операцияларды жүргізу, машинадан айқындалған қара-ақ позитивті түсіру;

      бөліктерді немесе бөлек роликтарды айналдыру, ілеспе құжатнаманы толтыру және қорапқа салу;

      позитивтарды келесі операцияға жіберу;

      кептіретін айқындайтын машинаның кептіретін шкафында кептіру режимін бақылау.

      82. Білуге тиіс:

      көрініс кезінде пленканы жуу және кептіру режимдерін;

      маңызды бөлшектердің мақсатын және қызмет көрсетіліп жатқан айқындауыш машинаның жұмыс істеу принципін;

      қара-ақ кинопленкаларды фотографиялық өңдеудің негіздерін.

39-параграф. Кинопленкаларды айқындаушы, 3-разряд

      83. Жұмыс сипаттамасы:

      фильмкөшірмелерін және фонограммаларды, бланк-фильмдерді, матричті, дубль-позитивті және басқада кинопленкаларды айқындайтын машинаның жарық жағында химия-фотографиялық өңдеу процесін жүргізу;

      өңдеу кезінде кинопленканың үстіңгі жағының техникалы жағдайын, температурасын, айналымын және өңделіп жатқан ерітінділердің деңгейін бақылау;

      айқындау машинасын іске қосуға дайындау, пленкамен зарядтау, бактарды ерітінділермен толтыру;

      кинопленканы тану, бекіту, ағарту, жуу және кептіру режимдерін бақылау;

      мөлшерлеу құрылғыларының жұмысын бақылау;

      ілеспе құжаттаманы толтыру, ілеспе паспортқа сәйкес кинопленка сынамаларын сыныптау;

      қызмет көрсетілетін жабдыққа профилактикалық күтім жасау.

      84. Білуге тиіс:

      гидротипия әдісімен алынған көп қабатты пленкаларда және фильм көшірмелерінде қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін өңдеу технологиясын;

      өңдеу ерітінділерінің құрамын;

      әртүрлі үлгідегі айқындағыш машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

      мөлшерлеу құрылғыларының жұмыс істеу принципін;

      фонограммаларды қайта көрсету приставкасының құрылғысын.

40-параграф. Кинопленкаларды айқындаушы, 4-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:

      белсенсіз жарық жағдайында әртүрлі жүйелі айқындайтын машиналардың қараңғы бөлігінде белгіленген режим бойынша фильмкөшірмелерін, фонограмма негативтерін химия-фотографиялық өңдеу процесін жүргізу;

      айқындайтын машинаның лента созғыш трактың бәсеңдету;

      жарықты орнату үшін эталонды нормаланған сынамаларды өңдеу.

      86. Білуге тиіс:

      қара-ақ және түрлі-түсті кинопленкаларды өңдеуде өңделіп жатқан ерітінділердің құрамын;

      өңделіп жатқан ерітінділердің кинопленканың фотографиялы құрамына тиер әсерін.

41-параграф. Кинопленкаларды айқындаушы, 5-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ аралық позитивтердің, контратиптердің, бақылау көшірмелерінің, фонограммалардың оптикалы негативтерінің, фильмкөшірмелерін айқындайтын машиналарда белсенсіз жарық немесе қараңғыда химия-фотографиялық өңдеу процесін жүргізу;

      бақылау сенситограммалардың және сынамалардың көмегімен өңдеу процесін бақылау;

      мөлшерлегіштердің, психрометрлердің, тамшы үрлегіштердің, тамшы сорғылардың, ерітінділердің кері ағымының, айқындаушы машиналардың циркуляциясы мен турбуленттеу жүйелерінің жұмысын бақылау.

      88. Білуге тиіс:

      мөлшерлейтің құрылғыларда, айқындайтын машинаның кептіретін шкафтарында және ерітінділерде температуралы режимді реттеу автоматты жүйесінің құрылымын;

      коммуникация схемасын;

      кинопленкаларды айқындайтын машиналардың әртүрлі конструкцияларына тасымалдаудың негізгі тәсілдерін.

42-параграф. Кинопленкаларды айқындаушы, 6-разряд

      89. Жұмыс сипаттамасы:

      аралық түрлі-түсті позитивтерді, контратиптерді, бақылау және аттестациялы фильмдерді, негативтерді айқындайтын машиналарда белсенсіз жарықта немесе толықтай қараңғыда химия-фотографиялық өңдеу процесін жүргізу;

      фильм материалдарының барлық түрін таңдау және реттеу.

      90. Білуге тиіс:

      кең экранды, кең форматты және басқада фильм көшірмелерін өңдеу технологиясын;

      сенситометрлі мәліметтер бойынша айқындаудың режимін реттеу қағидаларын;

      жарықты орнатудың негізгі тәсілдерін;

      фильм материалдарын реставрациялау тәсілдерін;

      өңделіп жатқан компоненттердің құрамын және мақсатын;

      айқындайтын машиналардың әртүрлі жүйесінің конструкциясын.

      91. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

43-параграф. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 2-разряд

      92. Жұмыс сипаттамасы:

      ыстық престеу тәсілімен арнайы пресс-станоктарда коррекс ленталарын дайындау;

      өлшемі бойынша кіші және орташа форматты фотошыныны пішу;

      фотохроматикалық фотопластинкаларды және жарықфильтрларды арнайы жартылай автоматты станоктарда кесу;

      эталонға сәйкес қолдан басылған қара-ақ және түрлі-түсті диапозитивті фильмдерді экземплярларға кесу;

      біліктілігі жоғары кинофотоматериалдарды өңдеушінің басшылығымен компостерда реттелетін жиектердің роликтарын тесу операцияларын орындау;

      жартылайавтоматтарда кинофотопленкалардың бөлек қиықтарын жапсыру, пленканың роликтарына зарядтайтын ракордтарды жапсыру;

      кинофотоматериалдарды қолдан немесе қарапайым механизмдердің көмегімен орау.

      93. Білуге тиіс:

      диапозитивті фильмдерді кесу технологиясын;

      кинофотопленкаларды және фотоқағаздарды перфорациялау;

      кинофотопленкаларды жапсыру қағидаларын және фильмкөшірмелерін басу технологиясын;

      кинофотопленкалардың физико-химиялық қасиеттерін және ассортименті;

      жартылай автоматтар түйіндерінің өзара әрекеттесуі;

      жұмыс үй-жайының жарық техникалық режимін;

      кинофотоматериалдарды орау тәсілдерін және оған қойылатын талаптар.

44-параграф. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 3-разряд

      94. Жұмыс сипаттамасы:

      фотошыныны ірігабаритті өлшемдерге пішу, арнайы жартылай автоматты станоктарда изохроматикалы және ерекше ассортименттерді кесу;

      диафильмдерді машинада кесу;

      позитивті кинофотопленкаларды және фотоқағаздарды, кинонегативті және арнайы пленкаларды перфорациялы машиналарда перфорациялау технологиялық процесін жүргізу;

      кинофотопленкалардың, фотоқағаздың, қабатталған фото-шынының және жарық сүзгілерінің жаппай сұрыптарын арнайы станоктарда бракқа шығару;

      арнайы футажды машиналарда жарықсезгіш кинофотопленкалардың роликті перфорациялау жиектері бойынша футтардың тізбе бойынша нөмірлерін жарық арқылы таңбалау процессін жүргізу;

      арнайы жартылай автоматтарда кинофотопленкаларды ролик-бобинкларға бобиндау;

      кинофотопленканың бөлек қиықтарын жапсыру немесе кинофотопленкаларды өндіру барысында жапсыратын жартылай автоматтарда қорғаныс ракордының арнайы пленкаларының роликтарының шетіне жапсыру;

      кинофотоматериалдарды автоматтарда орау.

      95. Білуге тиіс:

      кинофотоматериалдарды: кесу, перфорациялау, футаж, бобинирлеу, желімдеу, визитаж өңдеу процесінің технологиясын;

      кинофотоматериалдардың ассортиментін және физикалық-химиялық қасиеттерін;

      қызмет көрсетілетін машиналардың, станоктардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін және оларды реттеу қағидаларын.

45-параграф. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 4-разряд

      96. Жұмыс сипаттамасы:

      бойлық-ленталы, көлдеңен-кесетін машиналарда позитивті және негативті түрлі-түсті кинофотопленкаларды, түрлі-түсті қағаздарды жолақтарға және форматтарға пішу;

      кесу және жарық арқылы таңбалау қосалқы операцияларын орындау барысында электронды құрылғылы машиналарда рулондарды кесу;

      арнайы негативті авиапленкаларды перфорарлау, арнайы станоктарда фотоқағаздарды перфорарлау және кесу процесін жүргізу;

      кинофотопленкалардың, техникалық пленкалардың, фотопластинкалардың, ядерлық зерттеулерге арналған материалдардың, арнайы және техникалық фотоқағаздардың арнайы сорттарын станоктар мен бақылау құрылғыларында жарамсыз деп тану;

      фотопленкаларды ролик-бобиндарда бобиндау, оларды кассеталарға, арнайы автоматтардағы пеналдарға салу;

      рационалды пішуді және дайын өнімнің шығуын есептеу;

      автоблоктауды және автоматиканы тексеру;

      перфорациялы станоктарға кинонегативтердің ролик-катушкасын және арнайы пленкаларды салу;

      сынамаларды алу;

      шыныны жазықтыққа тексеру кезінде телевизиялық бақылау құрылғысына, кесу машинасына, бракераж-метраж станогына немесе жартылай автоматқа, форматты бұйымдарға арналған визитаж үстелдеріне, үлдір ұштарын кесу автоматтарына қызмет көрсету;

      есептеуіш бойынша роликтың белгіленген метраждарға кинопленка, арнайы пленкалар, фотопленкалар, фотоқағаздар рулондарын бөлу;

      жарамсыз бөлшектерді бақылау және кесу;

      роликтарды, дайын қаңылтырларды, жарамды фотоөнімдерді есепке алу және қаңылтырларды қағазбен қаптау;

      шынының параметрлерін және майысу көрсеткіштерінің геометрикалы параметрлерін анықтау;

      ақау және бұзылулардың, көбік қалыптасуын, жиектердің ақаулары барлығын тексеру;

      ақаулардың сыныптары мен түрлері бойынша ақауы бар шыныны есепке алу;

      өнімдерді өңдеудің келесі сатысына жіберу;

      қалдықтарды тапсыру;

      роликтарды визитаждау, пленканың әр ролигінің симметриясын өлшеу.

      97. Білуге тиіс:

      жарықтехникалы бұйымдарды өңдеу технологиясын және олардың физика-химиялық қасиеттерін;

      қызмет көрсетіліп жатқан тораптардың және жабдықтардың өзара әрекеттесуін;

      жұмыс орнындағы жарықтехникалық режимін.

46-параграф. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 5-разряд

      98. Жұмыс сипаттамасы:

      кино және арнайы пленкалардың негативті сорттарын жалақтарға және форматтарға электронды жабдықты машиналарда кесу процесін жүргізу;

      техникалы пленкаларды құрғақ пленкалы фоторезис, антифрикциялы төсемдерді және басқада материалдарды механикалы жұмыс істейтін машиналарда кесу, бақылау сынамаларын тексеру;

      фотопленкаларды ролик-бобиндарға бобиндау, оларды бағдарламалы басқарылатын автоматтарда кассеталарға, пеналдарға салу;

      жергілікті басқару пультімен орау торабына рулонды жеткізу;

      кинофотопленканың өңделетін партиясына арналған құжаттамамен танысу және оны өңдеу және жинақтау әдісін нақтылау;

      кинофотопленканың үлгілерін қарау және біліктілігі төмен кинофотоматериалдарды өңдеушілерді нұсқаулау;

      жартылай жүргізулі микроэлектроникаға арналған жоғары рұқсат етілетін фотопластиналарды жарамсыз деп тану;

      түсіп тұрған және өтпелі жарықта фотопластиналардың ақаулықтарын табу;

      бөлменің температуралы, гигрометрлі және жарықтехникалы режимді реттеу;

      кесетін машинада жарамдылық бағасын және белгіленуді талап ететін кинофотопленканың білігін визитаждау, оларды орнатуға рұқсат беру;

      бобиндау автоматына пленканы салу;

      қол режимінде автоматты қосу және оның жұмысын автоматты режимде тексеру;

      кассеталарды автомат ұяларына салу, пленка салынған кассеталарды пеналдарға түсіру;

      пленканы созу, катушкаларды алып беру, қысылған ауаның қысымын бақылау;

      жарық таблосы жұмысының дыбыстық және жарық сигнализациясының көмегімен дефектоскоптау.

      99. Білуге тиіс:

      кинофотоматериалдарды және техникалы пленкаларды өңдеудің технологиялық процесін;

      жарық сезгіш бұйымдардың физика-химиялық қасиеттерін және өңдеу технологиясын;

      өңдеудің автоматтандырылған процесіне арналған жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдардың құрылымы, кинематикалық схемалары;

      кинофотоматериалдарға арналған стандарттар мен техникалық шарттар.

47-параграф. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 6-разряд

      100. Жұмыс сипаттамасы:

      иондаушы және радиоактивті бейтараптандырғыштары бар кесу машиналарында жолақтар мен форматтарға теріс, айналымдағы кино - және арнайы пленкаларды және фотоқағазды кесу процесін жүргізу;

      автоматтандырылған кесетін машиналарда техникалық пленкаларды жолақтарға кесу;

      өңделіп жатқан өнімнің ассортиментіне байланысты жұмыс бөлмесінде температуралы, гигрометрлі және жарықтехникалы режимін сақталуын бақылау;

      электронды және басқада бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процесінің параметрлерін реттеу;

      біліктілігі төмен кинофотоматериалдарды өңдеушілердің жұмысын басқару;

      жабдықты жөндеуге дайындауға және оны жөндеуден қабылдауға қатысу;

      белгіленген өндіріс құжатнамасын жүргізу.

      101. Білуге тиіс:

      кинофотоматериалдардың өңдеу технологиялық процесін;

      қолданылатын жабдықтың және оған кіретін барлық механизмдердің құрылғысын, конструктивтік ерекшеліктерін және пайдалану қағидаларын;

      пайдаланылатын электрондық және бақылау-өлшеу аспаптарының, ионизаторлардың, бейтараптандырғыштардың және басқа да автоматты құрылғылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін.

      102. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

48-параграф. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 2-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары кинонегіздерді және техпленкаларды құюшы-аппаратшының басшылығмен кинопленкаларды қабаттау химиялық ерітінділерді әзірлеу технологиялық процесінің бөлек операцияларын орындау;

      қабаттауға арналған ерітінділерді әзірлеуге қажетті ерітінділер мен басқада заттарды қабылдау және есеп жүргізу;

      балқытқыштарды жұмысқа және реактивтерді тиеуге дайындау;

      сынамаларды алу;

      реакторлардан дайын ерітінділерді түсіру, ерітінділерді фильтрлау, оларды шығынды емкостьқа салуды бақылау;

      қолданылып жатқан ыдыстарды, инвентарьды және жабдықтарды жуу және тазалау.

      104. Білуге тиіс:

      химиялық ерітінділерді дайындау технологиялық процесін;

      қабаттау ерітінділерін мақсатын және физика-химиялық қасиеттерін;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын және жұмыс істеу принципін.

49-параграф. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 3-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      шикізатты жинақтау және тиеу, көпіршіктерді жою және термостаттау сатыларында кинофотонегізат үшін коллодий дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

      құю машинасында өртке қарсы қабаттарды жасау, оларды кинофотонегізге және техникалық пленкаларға суару, кинофотонегізді және өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы пленкаларды қабаттау, лактау, кептіру және орау процесін жүргізу;

      пленка түзетін заттарды, пластификаторларды және еріткіштерді жеткізу;

      шикізатты орау, өлшеу және малаксерларға тиеу;

      бойлкрлі құрылғылардың, коллодияны жылытқыштарды, помптардың жұмысын, термостаттау бөлмелеріндегі температураны және фильтрлардағы қысымды бақылау;

      коллодияның жылытқыш арқылы өту жылдамдығын және олардағы температураны сақтауын реттеу;

      коллодияны құятын машиналарға жіберу;

      шикізатты реакторларға салу, ерітінділерді араластыру, сүзгілеу және дайын ерітінділерді ыдыстарға беру;

      қабаттарды жағу камераларына, кептіру барабандарына, каландрларға, орау және орау механизмдеріне, орау арбаларына, ток түсіргіштерге қызмет көрсету;

      қабат астындағы бөлімдерден лактарды жеткізу;

      жылдамдықты, ауаның температурасын, негіздің созылуын, қабаттың түсуін, лактарды, ерітінділерді, қабатастарының оралуының қалыңдығын реттеу;

      құятын машинаны қосуға дайындау, негізді реттейтін жиектермен жапсыру, жапсыру орындарын бекіту;

      сынамаларды зертханалық талдау үшін алу;

      қолданылып жатқан инвентарьды және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды жуу;

      құятын машиналарды орайтын арбалармен қамтамасыз ету;

      дайын өнімді қоймаға тапсыру.

      106. Білуге тиіс:

      химиялы ерітінділерді, колодияны, лакты жағуды және қабаттарды жағудың технологиялық процесін;

      қабатастарлы ерітінділерді, коллодияны, лакты, кинофотонегіздің физика-химиялық қасиеттерін және мақсатын;

      құю, қабат асты машиналарына май құю схемасын, қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципін.

50-параграф. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      107. Жұмыс сипаттамасы:

      үздіксіз жұмыс істейтін бір фильерлік құю машиналарында коллодий, тәттілендірудің химиялық ерітінділерін дайындаудың, кинофототоптардың барлық ассортиментінің негізін құю, кинофото-және техникалық пленкаларға арналған лавсандық негізді қосымша өңдеудің технологиялық процестерін жүргізу;

      еріткіштерді мөлшерлеу, малаксерды жұмысқа дайындау, оны тиеу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының деректері және коллодий тұтқырлығы сынамалары бойынша азоксаж процесін қадағалау;

      коллодийдің сүзуге түсуін және помпаларға, сүзгілерге, аралық сыйымдылықтарға және жұмыс термостаттарына тиеуді бөлуді реттеу;

      әртүрлі жүйелі фильтр-престерде фильтрлау процесін жүргізу;

      ерітінділердің, шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу, олардың сапасын тексеру, мөлшерлеу, сүзу және дайын ерітінділерді ыдыстарға беру;

      коллодияның құятын фильераға түсуін, қабат пен лактың кюветқа түсуін, негіздің қалыңдығын, газауа қосындысының концентрациясын реттеу;

      бос катушканы орау түйініне орнату, негізді катушкаға салу, құйылған негізді алу;

      ілеспе паспортта ақаулы орындарды белгілей отырып, құйылатын негіздің сапасын көзбен шолып бақылау;

      өңделген төс етектерді (айналы қабатты) машинаның құятын тораптарының жез лентасынан түсіру;

      қосымша қабаттарды жағу сапсын көзбен бақылау;

      қызмет көретіліп жатқан тазарту, жуу, майлау, жұмысын тексеру, қолданылып жатқан аппаратураға және коммуникацияға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.

      108. Білуге тиіс:

      кинофотонегіздерді және техпленканы дайындау рецептурасын, әзірлеу технологиялық процесін;

      коллодияны, химиялы ерітінділерді, лакты, негіздің қабаттарын әзірлеуде қолданылатын компоненттердің физика-химиялық қасиеттерін және оларға қойылатын техникалық талаптар;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын;

      коллодиа-өткізгіш схемасын;

      коллодийді тазарту кезінде ерітіндінің, шикізаттың қажетті мөлшерін және сүзу сатысын есептеу әдістемесін;

      негізді құю процесінде түзілетін газ-ауа қоспасының қасиеттері мен концентрациясын;

      бу-ауа қоспасының рұқсат етілген концентрациясын.

51-параграф. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      109. Жұмыс сипаттамасы;

      жоғары өнімді екі-фильерлік машиналарда немесе бір мезгілде бірнеше құрама құю машиналарында өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы кинофотопленка мен пленкалардың барлық ассортиментін құю, коллодий дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

      кинофотопленкалар мен техникалық пленкаларға арналған лавсан негізін қосымша өңдеу процесін жүргізу;

      еріткіштерді, компоненттерді, қоспаларды есептеу, мөлшерлеу, сапасын бақылау;

      конденсаторлардың жұмысын бақылау, қатты салқындату тәсілімен еріткіштердің рекуперация режимін реттеу;

      негіздің сапасын және қалыңдығының сапасын бақылау;

      сынамаларды іріктеу, айналы қабатты сабындау және кептіру;

      негіздерді шашатын білікшелермен қосымша өңдеу бойынша агрегаттарға қызмет көрсету;

      қосымша қабаттарды құралдарға салу сапасын бақылау;

      қабаттарды жағу, кептіру режимін, негізді созудың жылдамдығын реттеу;

      қызмет көрсетілетін учаскеде температуралық және ауа режимдерін орнату;

      негізгі және қосалқы жабдықтарды профилактикалық тексеру.

      110. Білуге тиіс:

      өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы кинофотопленкалар мен пленкалардың барлық түр-түрін негізге құюдың технологиялық процесін және техникалық шарттарын;

      қабаттарды жағу және негіздерді кептіру процесін;

      коллодияның, лактың, қабаттын, қолданылып жатқан ерітінділердің физика-химиялық қасиеттерін;

      негізді құю процесінде пайда болатын газ-ауа қоспасының қасиеттері мен рұқсат етілген концентрациясын;

      газ-ауа коммуникацияларының схемасын, негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы мен өзара әрекетін.

52-параграф. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      111. Жұмыс сипаттамасы:

      алдыңғы пышақтың реттеуші кескіні бар және кептіргенге дейін ұлғайтылған қуаты бар үлдір құраушы ерітінділердің жоғары концентрациясы кезінде өнімділігі жоғары екіфильерлік машиналарда кинофотонегізді құюдың технологиялық процесін жүргізу;

      негізге қосымша қабаттарды көп қабатты жағу, арнайы рецепт бойынша дайындалған қабаттарды жағу процесін жүргізу;

      құятын машинаның оңтайлы жұмыс режимін таңдау және процесті бақылау;

      қатты салқындату тәсілімен ерітінділерді рекуперация режимдерін реттеу;

      құйылған негіздің қалыңдығын өлшеу және оның сапасын бақылау;

      өнімнің ассортиментіне және жағылатын композицияға байланысты қосымша қабаттарды жағудың сызбасын өзгерту;

      қолданылып жатқан аппаратураға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.

      112. Білуге тиіс:

      негізді құю және триацетат-целлюлоза және полиэтилен-терефталат негізіне әртүрлі композициялардың қосымша қабаттарын жағудың технологиялық процесін, осы қабаттардың мақсатын және олардың құрылымын;

      газ-ауа қоспасының қасиеттері мен рұқсат етілген концентрациясын, газ-ауа коммуникацияларының схемасын.

53-параграф. Коллагенді массаны құраушы, 4-разряд

      113. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары коллагенді массаны құраушының басшылығымен әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшалары үшін белгіленген жабысқақ коллагенді массаны құрау және гомогенизациялау;

      сынақ престерінде талшықталған үгінділер мен коллагенді массаның жабысқақтығын анықтау;

      салқындату жүйесінің жұмысын бақылау және реттеу;

      қолданылып жатқан жабдықтарды тазарту, жуу, оны жөндеу жұмыстарына тапсыру және жөндеуден қабылдау.

      114. Білуге тиіс:

      ақуызды қабықшаның ассортименті;

      қолданылып жатқан шикізаттың және коллагенді массаның физика-химиялық қасиеттерін;

      бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын, мақсатын және қолданылу қағидаларын.

54-параграф. Коллагенді массаны құраушы, 5-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшалары үшін белгіленген жабысқақ коллагенді массаны құрау және гомогенизациялау;

      консервленген тәсіліне, "рН" және жабысқақтығына байланысты талшықталған үгіндінің өндіріс партиясын құрау;

      компоненттердің санын есепке алу және оны сынама және органолептикалы бағалау нәтижесі бойынша гомогенизациялау кезінде түзету;

      алынған коллагенді массаның қажетті жабысқақтығын, температурасын және толықтай құрғақ заттың қажет етілетілген баптауын қамтамасыз ету;

      қолданылып жатқан жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою;

      технологиялық журналға жазба жүргізу.

      116. Білуге тиіс:

      коллагенді массаны өндіру технологиялық схемасын;

      пайдаланылатын шикізат пен дайын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттар;

      ақуыз қабығының ассортименті;

      қолданылатын шикізат пен коллаген массасының физика-химиялық қасиеттерін;

      коллаген массасының органолептикалық сипаттамасын және оның сапасын анықтау әдістерін.

55-параграф. Контролер-визитажшы, 3-разряд

      117. Жұмыс сипаттамасы:

      магнитті ленталардың массалы сорттары және біруақытта роликтарды және рулондарды монтаждайтын бракеражды-монтажды станокта бариттөсетекті техникалы талаптарға сәйкес визитаждау;

      роликтарды, магнитті ленталардың блоктарын немесе бариттөсетектің рулондарын қабылдау және олардың паспортты мәліметтерімен танысу;

      визитаж станогының тарқату дискісіне ролик немесе орамды орнату, таспаны немесе барит төсемді бағыттаушы роликтер мен орау түйініне салу;

      шағылысқан және өтетін жарықта қарау жолымен өнімнің сапасын бақылау, ақаулы кесектерді алып тастау;

      ілеспелі құжатнаманы толтыру.

      118. Білуге тиіс:

      магнитті ленталардың және бариттөсетектің физика-химиялық қасиеттерін;

      шығарылатын магнитті ленталарға қойылатын техникалық шарттар;

      айналдырудың регламенттелген жылдамдығын;

      ақаулардың түрлерін;

      жұмыс кеңістігінің гигрометрлі режимін;

      визитажды станоктың құрылымын және жұмыс істеу принципін.

56-параграф. Контролер-визитажшы, 4-разряд

      119. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы тағайындаулы аз сериалы магнитті ленталарды немесе біруақытта роликтарды және рулондарды монтаждаумен визитажды-метражды жартылай автоматта, баритті төсетектің арнайы сорттарын техникалы талаптарға сәйкес визитаждау;

      визитажды жартылай автоматтың орайтын тораптарына роликті немесе рулондарды орнату;

      лентаны және бариттөсетекті бағыттайтын роликтарға және орам тораптарына салу;

      өнімнің сапасын шағылысқан және өтетін сәуледе қарау тәсілімен бақылау, ақаулы қиықтарды жою;

      физико-механикалық сынақтар үшін сынамаларды алу;

      роликтің метражын, рулонды өлшеу және жалпы метражды есептеу;

      ілеспе құжатнамаларды толтыру;

      біліктілігі төмен контролер-визитажшыларға басшылық жасау.

      120. Білуге тиіс:

      магнитті ленталардың немесе бариттөсемдердің физика-механикалық қасиеттерін;

      өңделіп жатқан магнитті ленталардың электроакустикалық қасиеттерін;

      визитаж-монтаждық жартылай автоматтың құрылғысын және жұмыс принципін.

57-параграф. Күлге айналдыру аппаратшысы, 3-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      кальций оксиінің гидратының ерітіндісімен күлдеудің технологиялық процесін жүргізу;

      технологиялы журналдағы жазба бойынша күлдердегі оссейннің қалыпын тексеру;

      өңделген ерітіндіні ағызу, оссейнға белгіленген концентрация бойынша жаңа ерітінді құю;

      қысылған ауаның көмегімен оссейнді химиялы ерітіндімен мерзімді араластыру;

      күлге айналдырудың режимін бақылау және реттеу;

      күлге айналдырғыштардағы белгіленген коэфициенттерді сақтау;

      титрлау арқылы әк ерітіндісінің концентрациясын анықтау;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың және бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмысын бақылау.

      122. Білуге тиіс:

      оссеинді күлдеудің технологиялық процесінің мәнін;

      күлге андалдырылған оссейн, әк ерітіндісіне қойылатын техникалық шарттар;

      желатиннің физика-химиялық қасиеттерін;

      оссейннің күлге айналу деңгейін анықтау;

      оссейнді араластырғыш автоматты құрылғысының жұмыс істеу принципін.

58-параграф. Күлге айналдыру аппаратшысы, 4-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары золка аппаратшысының басшылығымен үздіксіз жұмыс істейтін мацерациялық батареяларда мацерация және декантация әдісімен шротты деминерализациялау процесін жүргізу;

      ауыстырып тиеу машиналарында кальций тотығы гидраты ерітіндісімен оссеинді күлдеу процесін жүргізу;

      концентрацияланған тұз қышқылын цистернаға қабылдау және оның қажетті мөлшерін есептеу;

      белгіленген құнарлық бойынша тұзды қышқылдың ерітіндісін дайындау және оны шротты мацеризациялау чандарына жіберу;

      қышқыл суды төгу және жинау, оларды тұз қышқылын сұйылту және батарея жүйесіне қосу қондырғысына айдау;

      шротты қысылған ауамен араластыру;

      сынамаларды алу, іріктелген сілтілердің құнарлығын анықтау;

      қалдық майларды сабындау арқылы кетіру және жанама желатинқұрамдас емес ақуыздарды (муцин, эластин және тағы басқа) бұзу операцияларын жүргізу;

      паспортты мәліметтерге сәйкес оссейнді күлге айналдырғыштарға сору;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау;

      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратура мен коммуникацияларға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.

      124. Білуге тиіс:

      технологиялық регламентін және мацерация схемасын;

      күлге айналдыру технологиялық схемасын;

      тұзданған оссеиннің техникалық шарттарын;

      оссеиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;

      сынама алу қағидаларын, қышқыл ерітінділерін дайындау тәртібін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысын.

59-параграф. Күлге айналдыру аппаратшысы, 5-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      шроттарды деминерализациялау процесін, екі корпусты күлге айналдыратын аппаратта оссейнді алдын-ала күлге айналдыру технологиялық процесін жүргізу;

      оссейн партияларын калибр және физикалық белгілері бойынша іріктеу және жинақтау, тұзды қышқылдың және сілтілерді зертханалық талдаулардың мәліметтері бойынша толассыз бақылау арқылы ағымын реттеу;

      оссейннің физика-химиялық жарамдылығын және шикізатты бейтараптардыруға берілуін көзбен және органолептикалық анықтау;

      сабындау тәсілімен қалдық майды жою;

      оссейнді қалдық маймен араластыру;

      сынамаларды алу, желатин ерітіндісінің құнарлығының артуы бойынша және органолептикалы желатин ерітіндісінің құнарлығының өсуімен және талшықтың құрамы арқылы оссейннің даярлығын анықтау;

      шикізаттын, калибрдың түрлері және күлге айналдыру мерзімі бойынша оссейннің партиясын жинақтау;

      біліктілігі төмен күлге айналдыру аппаратшыларға басшылық жасау.

      126. Білуге тиіс:

      химиялық ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасын және мацерациялау, күлдеу процестерін;

      дайын өнімге техникалық шарттар;

      оссеиннің, шроттың техникалық және физика-химиялық қасиеттерін, сынамаларды алу қағидаларын;

      реакциялық ортаның сипаттамасын анықтауға талдау жүргізу әдістемесін;

      тұз қышқылының қасиеттерін;

      шротты сапалы өңдеудің оңтайлы шарттарын;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс істеу принципін.

60-параграф. Күлге айналдыру аппаратшысы, 6-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      келесі бейтараптандыру қышқыл және декантация қайтарма тоқтар эрлифті жүйесін пайдалана отырып толассыз мацерация тәсілімен шротты тұзды қышқылмен деминерализациялау технологиялық процесін жүргізу;

      мацерация процесінің аяқталуының уақытын анықтау;

      тұзды қышқылдарды және қышқыл сулардың айналымын бақылау;

      мацерания процесінің технологиялы режимнен ауытқу себептерін жою және алдын-алу;

      ақырғы сынамаларын алу;

      ақырғы сынамаларға талдау жүргізу;

      тұз қышқылының қоспаларын есептеу;

      тұзды қышқылдың ерітіндісін автоматты режимде құнарлық өлшегішті пайдаланып дайындау;

      жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою.

      128. Білуге тиіс:

      мацерацияның процесін және технологиялық схемасын;

      дайын өнімге арналған техникалық шарттар;

      шрот пен оссеиннің, тұз қышқылының техникалық және физика-химиялық қасиеттерін;

      талдау жүргізу әдістемесін.

61-параграф. Қалыптайтын машинаның машинисі, 5-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      қалыптайтын машиналарда әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшасын қалыптау процесін жүргізу;

      коллагенді массаны жіберуді, қалыптайтын қалпақшалардың айналымын, қабықшаның созылу дәрежесін, кептіру желісінде оның өту жылдамдығын, ауаны және басқада параметрлерді салқындату жүйесінің жұмыстарын реттеу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша қалыптау процесін бақылау және берілген диаметрді, қалыңдықты және қабықшаның қабырғаларының рұқсат етілген біржақтылығын бақылау.

      130. Білуге тиіс:

      коллагенді массаға және ақуызды қабықшаның стандарттарын және техникалық шарттарын;

      ақуызды қабықшаның ассортиментін;

      қалыптайтын машинаның құрылымын және бөлек тораптарының мақсатын;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын, мақсатын және оларды пайдалану қағидаларын.

62-параграф. Құйылған шыныны және фотопластинканы түсіруші, 3-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      белсенсіз жарық немесе толықтай қараңғылық жағдайында өлшемдеріне, сорттарына және нөмірлеріне сәйкес штатив-станоктарынан шикі жарықсезгіш фотопластинкаларды бір-бірлеп түсіру;

      қабатталған шыныны қабаттайтын машинаның транспортерінен түсіру, машинаны тазарту, қабаттың сорты, өлшемі, жағу қалыңдығына байланысты жылдамдықты ауыстыру;

      қолданылып жатқан фотоэмульсияның және жағылып жатқан қабаттың сапасын көзбен көру арқылы бақылау;

      бақылау сынақтар үшін сынамаларды алу.

      132. Білуге тиіс:

      жарықсезгіш эмульсияны шыныға қабаттау және құю технологиялық процесін;

      фотопластинкалардың әртүрлі сорты үшін жарықтехникалық режимін;

      қабаттау сапасын бақылау әдістемелерін, сынамаларды алу қағидаларын.

63-параграф. Құйылған шыныны және фотопластинканы түсіруші, 4-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      құятын машинаның транспортерінен оны әртүрлі қозғалыс жылдамдығында радиоактивті зерттеу үшін шикі жарықсезгіш фотопластиналарды немесе фотоматериалдарды бір-бірлеп түсіру;

      толықтай қараңғыда немесе белсенсіз жарық жағдайында фотопластинкаларды сорты және өлшемдері бойынша арнайы станоктарға тік етіп орнату;

      құятын машинаның транспортерін баптау, жағылып жатқан эмульсияның сорты, өлшемі және қалыңдығына байланысты оның жылдамдығын реттеу;

      көзбен бақылау арқылы суару сапасын бақылау;

      бақылау сынақтары үшін сынамаларды алу;

      жұмыс орнындағы жарықтехникалы режимді бақылау.

      134. Білуге тиіс:

      жарықсезгіш эмульсияны шыныға құю технологиялық процесін;

      жарықсезгіш пластинкалардың фотографиялық қасиеттерін;

      құюдың сапасын анықтау тәсілдерін.

64-параграф. Құятын машинаға шыныны төсеуші, 2-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы:

      транспортерға немесе құятын машинаның рольгангына әртүрлі өлшемді және конфигурациялы қабатталған фотошыныны бір-бірлеп салу;

      транспортердің жұмысын бақылау және оның жұмысын реттеу;

      құятын машинаны және қосалқы жабдықты тазарту және жуу;

      фотоплатинкалардың әртүрлі сорттары үшін жарықтехникалық режимді сақтау.

      136. Білуге тиіс:

      фотостеклоға және фотопластинкаларға техникалық шарттар;

      суару машинасының түйіндерінің өзара әрекеттесу принципін;

      фотопластинкалардың әртүрлі сорттары үшін жарықтехникалық режимін.

65-параграф. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 2-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      вакуум-кептіргіштерде және толассыз жұмыс істейтін тотықтырғыш пештерде ферромагнитті ұнтақты тотықтандыру және кептіру технологиялы процесін жүргізуде бөлек операцияларды жүргізу;

      дезинтеграторларға және тотықтандыратын пешке пастаны, ферромагнитті ұнтақты тиеу-түсіру, мөлшерлеу.

      138. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс істеу режимін.

66-параграф. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 3-разряд

      139. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнетитті кептіру және тотықтырушы аппаратшының басшылығымен магнетитқа темір тотығын қалпына келтіру, магнетитті және теміртотыққан пигментті кептіру және жуу технологиялық процесін жүргізу;

      сутекті пешті герметизациялау, дайындау, темір тотығын пешке салу;

      рессивердің рампасын сутек толтырылған баллонмен қамтамасыз ету;

      магнетитті пештен шығару және оны өлшеу;

      біліктілігі жоғары кептіру және магнетитті тотықтыру аппаратшысының басшылығымен қайта қалыпқа келуді, жууды, кептіруді, магнетитті және ферромагнитті ұнтақты тотықтыру технологиялы процессін реттеу және бақылау;

      синтезден кейін суспензияларды жуатын аппараттарға қабылдау, маточникті жинау және өнімді қайта жууға тапсыру;

      ылғалды пастаны тасымалдауды бақылау;

      пастаны түсіру және кейінгі өңдеуге жіберу;

      дайын өнімді өлшеп-орау және оны қоймаға тапсыру.

      140. Білуге тиіс:

      темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялық регламентін;

      қайта қалыпқа келтіретін және тотықтандыратын пештердің құрылымын және эксплуатациялау қағидаларын;

      магнитті ленталардың сапасына сульфаттардың әсер етуі;

      жуудың тәсілдерін;

      коммуникацияның схемасын;

      ферромагниттік ұнтақтың техникалық шарттарын.

67-параграф. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 4-разряд

      141. Жұмыс сипаттамасы:

      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пеште магнетитқа темірдің тотығын қайта қалыпқа келтіру технологиялық процесін, теміртотықты пигментті және ферромагнитті ұнтақты жуу, ферромагнитті ұнтақты кептіру және тотықтандыру процесін жүргізу;

      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пешті герметикалыққа тексеру;

      темір тотығын мөлшерлеу;

      темір тотығын магнетитта қайта қалыпқа келтіру процесін реттеу;

      магнетитті келесі операцияға тапсыру;

      жуу технологиялы процесін құралдар және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу;

      дайын өнімді түсіру және құнарландыратын кептіруге жіберу;

      үздіксіз жұмыс істейтін тотықтырғыш пештің және турбиналы-сөрелік кептіргіштердің жұмысын, мазутты, сығылған ауаны беруді, кептіру және тотығу процесін көзбен және аспаптар бойынша бақылау;

      дайын өнімді партия бойынша жинақтау;

      біліктілігі төмен магнетитті кептіру және тотықтандыру бойынша аппаратшыларға басшылық жасау.

      142. Білуге тиіс:

      темір тотығын магнетитке қалпына келтірудің, ферромагниттік ұнтақтарды жуудың, кептірудің және тотықтандырудың технологиялық процесін;

      технологиялық параметрлерді түзету әдістемесін;

      қалпына келтіру сутегі пешінің герметикалығын тексеру тәсілдерін;

      жуылған судан ферромагниттік ұнтақтардан сынама алу әдісін;

      ферромагниттік ұнтақтың техникалық шарттарын.

68-параграф. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 5-разряд

      143. Жұмыс сипаттамасы:

      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пеште темір тотығын қайта қалыпқа келтіру технологиялық процесін жүргізу;

      магнетитті тиеу және түсіруді бақылау;

      темір тотығын қайта қалпына келтіру жылдамдығын, уақытын, қайта қалыпқа келтірілетін сутекті пештің аймақтары бойынша берілген температураны реттеу;

      магнетиттің сапасын көзбен анықтау;

      сынамаларды алу;

      талдау нәтижелері бойынша технологиялы параметрлерді түзету.

      144. Білуге тиіс:

      суспензияны синтездеу кезінде болатын химиялық реакциясын;

      магнетитта темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялық процесін;

      алынатын шикізатқа, дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар;

      сутектің қасиеттерін;

      зиянды және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс істеу қағидаларын.

69-параграф. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 6-разряд

      145. Жұмыс сипаттамасы:

      қайта қалыпқа келтіргіштің әртүрлі жіберу тәсілімен магнетитта темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялы процесінің барлық кезеңін жүргізу;

      әртүрлі электржинақтаушымен жоғары температуралы пештердің технологиялық режимін реттеу;

      вакуум-трансформатордың көмегімен гетит пен магнетитті тиеу және түсіру;

      шикізаттың сапасын, дисперсностылығын және магнетитті қалыпқа келтіруді көзбен анықтау;

      зертханалық талдаудың мәліметтері бойынша технологиялы режимді түзету;

      біліктілігі төмен магнетитті кептіру және тотықтандыру бойынша аппаратшыларға басшылық жасау;

      дайындық және жөндеу жұмыстарын жасауды ұйымдастыру, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің есебін жүргізу.

      146. Білуге тиіс:

      сутекті өлек беруде және темір тотығының түр өзгертуінде магнетитті темір тотығынан синтездеу;

      магнетитті тотықтыру кезінде магнитті ұнтақты синтездеу;

      жоғары температуралы пешті эксплуатациялау қағидаларын және тәртібін;

      дезинтеграторлардың, вакуум-насостардың, циклондардың, қондырғылардың, мөлшерлеуші-шнектердің, гидрожапқыштың жұмыс принципін;

      зиян және жарылғыш құралдарды ұстау технологиялық регламенті мен қағидаларын.

70-параграф. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 3-разряд

      147. Жұмыс сипаттамасы:

      аудио және видео кассеталардың торабтарын магнитофондарға қолдан немесе ілеспелі жұмыс жасайтын жартылай автоматтарда жинау;

      кассета корпусына осьті қолмен престеу;

      жартылай автоматты құрылғыларда катушканың ракордтарын престеу;

      арнай құрылғыларда аудио және видео кассеталардың бөлек тораптарын жетілдіру;

      граммометрлердің және калибрлардың көмегімен майысудың күшіне байланысты қыспа тораптарын реттеу;

      құрылғыларда аудио және видео кассеталардың бөлек тораптарының өзара құралуын тексеру, жартылай автоматты құрылғыларда кассеталарды пломбирлеу.

      148. Білуге тиіс:

      аудио және видео кассеталардың тораптарын жинауға қойылатын техникалық талаптар;

      аудио және видео кассеталарды жинау барысында операциялардың орындалу ілеспелілігін;

      қолданылатын құрылғылар мен жабдықтарды пайдалану қағидаларын;

      жиналған өнімдерді сынау тәсілдерін.

      149. Жұмыс үлгілері:

      1) жапсырмалар – футлярға салу;

      2) тығын, төсем, ролик – кассетаға қою;

      3) футлярлар - құрау;

      4) роликтар, катушкалар, пружиналар - жинақтау.

71-параграф. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 4-разряд

      150. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай автоматты құрылғыларда аудио және видео кассеталардың тораптарын магнитофондар үшін құрау;

      жартылай автоматты жұмысқа дайындау;

      созудың жылдамдығын есептеу;

      біруақытта автоматтарда бірнеше білекшелерді престеу;

      жинақталатын бөлшектердің қасиеттеріне байланысты тежеу торабын, штамптардың жылжымалы элементтерінің жүрісін баптау;

      бақылау-өлшеу құрылғыларының және автоматика құралдарының көмегімен жартылай автоматты құрылғыларды реттеу;

      автоматты құрылғыларда лента қысқышты дайындау;

      жартылай автоматты құрылғыда аудио және видео кассеталардың корпустарына таңба салу;

      әмбебап бақылау құралдарында кассеталардың техникалы сипаттамасын тексеру.

      151. Білуге тиіс:

      жартылай автоматты құрылғыларда аудио және видео кассеталарды жинау технологиясын;

      жартылай автоматты құрылғылардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын;

      аудио және бейне кассеталардың техникалық сипаттамаларын тексеру және есептеу қағидаларын.

      152. Жұмыс үлгілері:

      1) біліктер – жартылай автоматты кесу және галттау;

      2) қыспа тораптары - құрау;

      3) лентақыспалар – автоматты кесу және электроөткізгішті жапсыру.

72-параграф. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 5-разряд

      153. Жұмыс сипаттамасы:

      аудио және видео кассеталардың тораптарын азгабаритті магнитофондарға жартылай автоматты және автоматты пультпен басқарылатын желілерде құрау;

      операцияларды орындаудың белгілі бір дәйектілігіне желі тораптарының жұмысын баптау және реттеу;

      бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көмегімен желілердің жұмыс режимінің: дайындамаларды кейінгі операцияларға беру жылдамдығы, пневмо-жүйедегі қысым, тораптар қуаты және тұтынылатын энергия параметрлерін реттеу;

      желілер жұмысының әртүрлі жылдамдықтары кезінде жиынтықтаушы бөлшектердің, дайындамалардың шығысын және өнімнің шығысын есептеу;

      желілердің жекелеген тораптарының жұмысындағы ақаулар мен ақауларды анықтау және жою.

      154. Білуге тиіс:

      жартылай автоматты және автоматты желілерде аудио және видео кассеталарды жинау технологиялық процесін;

      қолданылатын жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматика құралдарының конструктивтік ерекшеліктерін;

      аудио және видео кассеталардың технологиялы параметрлерін іріктеу және есепке алу қағидаларын;

      аудио және видео кассеталардың және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

      155. Жұмыс үлгілері:

      1) ракордтар - белгілейтін элементтерін кесу, екі бобиндарға бекіту;

      2) ракордтар және магнитты ленталар - жартылай автоматтардағы бобиндарға салу және бекіту;

      3) экрандар және қысым тораптары - кассеталарға салу.

73-параграф. Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы, 2-разряд

      156. Жұмыс сипаттамасы:

      толассыз жұмыс істейтін құятын агрегаттарда әртүрлі тағайындаудағы магнитті ленталарды құю технологиялық процесінің бөлек операцияларын орындау;

      магнитті лентаның құятын агрегаттардың толықтай кептіру аймақтарынан өтуін, температуралы, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіші бойынша кептірудің әуе режимін реттеу;

      құйылған магнитті лентаның орамының сапасын бақылау, фрикциялық құрылғының орамының қалыңдығын және біркелкілігін реттеу;

      магнитті таспаның құю орамдарын алу және жаңа катушкаларды салу;

      қолданылатын агрегаттар мен құрылғыларға профилактикалық қызмет көрсетуге қатысу;

      дайын магнитті таспаны қоймаға тапсыру.

      157. Білуге тиіс:

      магнитті лентаны құю технологиялық процесін;

      магниттік таспаны құю процесінде пайда болатын ауа қоспасының қасиеттері мен концентрациясын;

      құйылатын магниттік таспаның физикалық-химиялық қасиеттерін және дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар;

      кептіру агрегатының құрылысын.

74-параграф. Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы, 3-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құйып алушы-аппаратшының басшылығымен әртүрлі тағайындаудағы құятын агрегаттарда әртүрлі магнитті ленталарды құю технологиялық процесін жүргізу;

      фильерларды орнату, бақылау-өлшеу құрылғыларының көмегімен негіздің қалыңдығын өлшеу және реттеу;

      коллодияны фильерға жіберуді реттеу және осы процесті бақылау;

      агрегат бункеріне смоланы дайындау және тиеу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша құятын агрегаттардың алдыңғы барабандарының температураларын реттеу;

      үгітетін машиналарда қалдықтарды үгіту;

      жез лентаны арнайы ерітінділермен мерзімді сүртіп тұру.

      159. Білуге тиіс:

      магнитті ленталарды құятын агрегаттарда құю технологиялық процесін;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың жұмыс істеу принципін және құятын агрегаттарды реттеу.

75-параграф. Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы, 4-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті лентаны құйып алушы-аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс жасайтын құятын агрегаттарды, балқытатын агрегаттарда әртүрлі тағайындаудағы магнитті ленталарды құю технологиялық процесін жүргізу;

      бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша магниттік таспаны құюдың технологиялық процесін бақылау және оны берілген параметрлер бойынша реттеу;

      бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері бойынша магнитті лактарды жағу және жағылып жатқан қабаттың белгіленген қалыңдығын реттеу;

      жез лентаның өтуін бақылау және оның қырлы ығысуын реттеу;

      зертханалық талдау үшін сынамаларды іріктеу;

      дайын өнімнен рулонды кесу және түсіру;

      қызмет көрсетілетін агрегаттардың профилактикалық күтімін қамтамасыз ету;

      дайын өнімге ілеспе паспортты толтыру.

      161. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін агрегаттарда магниттік таспаларды құю процесінің технологиялық схемасын;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;

      газ-ауа коммуникацияларының схемасын;

      құю режимін, құю агрегатының тораптарын реттеу әдістерін;

      сынама алу қағидаларын.

76-параграф. Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы, 5-разряд

      162. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құйып алушы-аппаратшының басшылығымен балқытатын агрегаттарда немесе автоматтандырылған экструдерларда әртүрлі тағайындаулы магнитті ленталарды құю технологиялық процессін жүргізу;

      қалпақшаны және фильерларды дайындау және орнату, цилиндр аймағын және қалпақшаны белгіленген температураға дейін жылыту;

      бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты жүйелердің көмегімен жабдықты баптау, магнитті таспаларды құю процесін бақылау және реттеу;

      өндіріліп жатқан магнитті ленталардың сапасын бақылау;

      балқытатын агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

      өндірістік журналда жазба жүргізу.

      163. Білуге тиіс:

      автоматтандырылған экструдерларда магнитті ленталарды құю технологиялық схемасын;

      балқыту агрегатына кіретін механизмдердің құрылысын, конструктивтік ерекшеліктерін және пайдалану қағидаларын;

      агрегаттарды электрмен қоректендіру схемасын;

      негіз қалыңдығын бақылау әдістерін;

      қызмет көрсетілетін жабдықты баптау тәсілдерін.

77-параграф. Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы, 6-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      изотропты қалыңдық өлшегіштермен жабдықталған автоматтандырылған экструдерларда әртүрлі тағайындаулы магнитті ленталарды құю технологиялық процесін жүргізу;

      экструзия, құйылым, шикізаттың түріне және шығарылып жатқан өнімнің талап етілетін түріне байланысты магнитті ленталарды салқындату және орау режимін таңдау;

      электронды және басқада бақылау-өлшеу құралының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесті бақылау және реттеу;

      шикізаттың шығынын есептеу;

      біліктілігі төмен магнитті лентаны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарына басшылық жасау.

      165. Білуге тиіс:

      магнитті ленталарды экструзиялаудың технологиясын;

      берілген параметрлерге механизмдерді реттеу қағидалар мен тәсілдерін;

      бөлек тораптардың жұмыстарының режимы және ілеспелілігі;

      пайдаланылатын шикізаттың шығысын, дайын өнімнің шығымын есептеу әдістемесін;

      автоматты жабдықтарды басқару схемасын.

78-параграф. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құюшы-аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс істейтін фильерлі машинада магнитті лакты пленкаға құю технологиялық процесті жүргізу;

      орауды, кептіруді және фильерлі машиналарға пленканы орауды бақылау, дайын өнімді түсіру және оны қоймаға тапсыру;

      соңғы талдау үшін үлгілерді алу;

      қосалқы жабдықтардың жұмыс істеуін бақылау;

      жолдама карточкаларды толтыру.

      167. Білуге тиіс:

      қолданылып жатқан барлық негіздердің және магнитті ленталарды өндіріс технологиясын;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын;

      газ-ауа қоспасының қасиеттері мен рұқсат етілген концентрациясын;

      қосалқы жабдықты іске қосу және тоқтату тәртібін;

      фильер машиналарының ауа және шикізат қоректік коммуникацияларының схемасын.

79-параграф. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      168. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті лентаны құюшы-аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс істейтін фильерлі машинада немесе экструзионды машинада пленкаға лак құю технологиялық процесін жүргізу;

      қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың құятын қалпақшаларын реттеу;

      құятын агрегаттарға құюдың жылдамдығын, әр дайындау аймағына жеке жіберілетін және түсетін ауаның мөлшерін және негізді кептіру арқылы оңтайлы жұмыс режимін таңдау;

      лак пен катализатордың берілуін, берілетін ауаның температурасын, негіздің тартылуын, қызмет көрсетілетін машиналардың визитаждық торабында суару сапасын бақылау, реттеу және оларды баптау;

      технологиялық журналға жазба жүргізу.

      169. Білуге тиіс:

      магниттік лакты пленкаға суару процесінің рецептурасы мен технологиялық схемасын;

      қызмет көрсетілетін машиналардың конструктивтік ерекшеліктерін, жұмыс істеу принципін, пайдалану және баптау қағидаларын;

      шығарылатын магниттік таспаның стандарттары мен техникалық шарттарын.

80-параграф. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      экструзиялы машинада немесе толассыз жұмыс істейтін құятын машиналарда магнитті лакты құю технологиялық процесін жүргізу;

      тазартылған суда ультрадыбыстық толқындар арқылы кейіннен ыстық тегістеліп жылтыратылған металды валда тегістеу арқылы негізді құюға дайындау;

      процесті автоматты немесе қолдан жүргізу кезінде қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды қосу және тоқтату;

      лак пен катализатордың қатынасына, қолданылатын қабаттың қалыңдығына, магниттік лактың тұтқырлығына және растрлық біліктің сызығына байланысты суару жылдамдығын реттеу арқылы оңтайлы режимді таңдау;

      кептіру аймақтары бойынша берілетін және сорылатын ауаның ауа ағыны көлемінің арақатынасын таңдау;

      лак құбырларындағы магниттік лактың тұрақты қысымын қамтамасыз ететін, магнитті лакты ракель пышағымен алғаннан кейін беру, суару машинасы тораптарының синхронды жұмысын қамтамасыз ететін автоматты құрылғыларды бақылау және реттеу;

      суарылатын магниттік таспаның сапасын сыртқы түрі, төгілу ені, жұмыс қабатының қалыңдығы, электр-акустикалық және физикалық-механикалық сынақтар нәтижелері бойынша бақылау;

      біліктілігі анағұрлым төмен магнитті таспаларды құю аппаратшыларының жұмысына басшылық ету;

      дайын өнімге құжаттаманы толтыру.

      171. Білуге тиіс:

      магнитті лакты суару машинасында суару процесінің технологиялық схемасын;

      магниттік лактың сипаттамаларын, оны суаруға дайындаудың технологиялық схемасын;

      суару машинасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін блоктау және сигнал беру жүйелерін;

      барлық технологиялық параметрлерді синхрондау қағидаларын;

      шикізат шығынын және дайын өнімнің шығуын есептеу әдістемесін.

81-параграф. Магнитті ленталарды кесуші, 2-разряд

      172. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды кесушінің басшылығымен бойлық-кесетін машиналарда магнитті ленталарды кесу бойынша бөлек операцияларды орындау;

      бойлық кесетін машиналарға рулондарды тасымалдау;

      орайтын тораптарға магнитті лентаның рулонын орнату;

      орайтын валдарға катушкаларды салу;

      арнайы металды науаға және торлардан магнитті ленталармен катушкаларды түсіру және алу;

      келесі операцияларға магнитті ленталарды тасымалдау.

      173. Білуге тиіс:

      өңделетін магниттік таспалардың физика-химиялық қасиеттерін;

      магниттік таспаларды кесу бойынша жекелеген операцияларды орындау тәсілдерін;

      кесу машинасының негізгі түйіндерінің өзара әрекеттесу шарттарын.

82-параграф. Магнитті ленталарды кесуші, 4-разряд

      174. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі конструкциялы кесетін машиналарда магнитті және жапсыратын ленталарды белгіленген өлшемдегі жолақтарға кесу;

      магнитті ленталардың рулонын орайтын тораптарға орнату және орайтын жиектерді кесетін және қабылдау-орау механизмдеріне жіберу;

      ракордтарды жапсыру, кесу машинасын іске қосу, автобұғаттауды және автоматиканы тексеру, басқару пультінен кесу режимін реттеу;

      кесілген таспалардың сапасын тексеру, ақаулы жерлерді жою немесе белгілеу, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою;

      ілеспе құжатнаманы толтыру;

      біліктілігі төмен магнитті ленталарды кесушілерді басқару.

      175. Білуге тиіс:

      магниттік таспалардың физикалық-механикалық қасиеттері және өңдеу технологиясын;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен жұмыс істеу принципін;

      үй-жайлардың термогигрометриялық режимін.

83-параграф. Магнитті ленталарды перфораторлаушы, 2-разряд

      176. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды перфораторлаушының басшылығымен арнайы машиналарда магнитті ленталарды перфорлау технологиялық процесінің бөлек операцияларын орындау;

      компостерда роликтардың реттеуші жиектердін тесу;

      ролик-катушкаларды перфорациялы машиналарға тасымалдау және оларды магнитті ленталарды келесі өңдеу сатысына жіберу;

      перфорациялы машиналарды жинақтарын перфорациялы кесілулерден мерзімді тазарту;

      қалдықтарды жинау және тиеу;

      перфорациялы машиналардың жұмыстарын бақылау және олардан перфорланған роликтарды түсіру.

      177. Білуге тиіс:

      ленталарды перфорлау процесін;

      магнитті ленталардың ассортиментін және олардың қасиеттерін.

84-параграф. Магнитті ленталарды перфораторлаушы, 3-разряд

      178. Жұмыс сипаттамасы:

      перфорлау машиналарында магнитті ленталарды перфорлау технологиялық процесін жүргізу;

      перфорациялы машиналарды және автоматика құралдарын тексеру;

      магнитті таспаның ролик-катушкасын тарқататын торапқа толтыру және тесілетін таспаны біліктер жүйесі мен тесетін механизм арқылы қарау торабына өткізу;

      тесетін құралдың жұмысын және перфорлаушы лентаның созылуын бақылау;

      перфорация симметрияларын реттеу;

      перфорлаудың сапасын көзбен бақылау және зертханалық талдау үшін сынамаларды алу;

      перфорланған ролик-катушканы алу және қорапқа салу;

      қосалқы заттаңбаны және өндіріс журналын толтыру;

      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды перфораторлаушыларды басқару;

      перфораторлаушы машиналардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

      179. Білуге тиіс:

      тесілетін таспалар ассортиментінің физика-химиялық қасиеттерін;

      перфорациялық машинаның құрылымы мен жұмыс істеу принципін;

      жұмыс бөлмесіндегі гигрометриялық және жарықтехникалық режимдерін.

85-параграф. Майтазарту аппаратшысы, 3-разряд

      180. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары май тазалау аппаратшысының басшылығымен техникалық майды алдын ала тұндыру және тазалау технологиялық процесін жүргізу;

      экстракция бөлімшесінен мисцеллаларды қабылдау, сорғыларды іске қосу және тоқтату, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен коммуникацияларды дайындау, тазартылған техникалық майды айдау үшін ыдыстар мен автоцистерналарды тазалау және дайындау, шламды түсіру.

      181. Білуге тиіс:

      гидротазарту процесінің технологиялық схемасын;

      техникалық май мен еріткіштердің физика-химиялық қасиеттерін;

      улы еріткіштермен және қышқылмен жұмыс істеу кезіндегі қағидалар мен сақтық шараларын;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысын.

86-параграф. Майтазарту аппаратшысы, 4-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      булау және тұндыру әдісімен техникалық майды тазартудың технологиялық процесін жүргізу;

      ластанған суды май тұтқыш арқылы алдын ала тұндыру және жою, қайта тұндырудан кейін бөгде қоспалары бар ақуызды заттарды алып тастау;

      температуралық режимді бақылау, майдың тазалық дәрежесіне сынама алу, тауарлық техникалық майдың сорттылығын анықтау;

      технологиялық журналды жүргізу, дайын өнімді есепке алу;

      біліктілігі анағұрлым төмен май тазалау аппаратшыларын басқару.

      183. Білуге тиіс:

      гидротазарту процесінің технологиялық схемасын;

      техникалық май мен еріткіштердің физика-химиялық қасиеттерін;

      улы еріткіштермен және қышқылмен жұмыс істеу кезіндегі қағидалар мен сақтық шараларын;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысын.

87-параграф. "Момент" фотожинағының монтажшысы, 3-разряд

      184. Жұмыс сипаттамасы:

      фотожинақтың позитивтіқ және негативтіқ катушкаларын монтаждау;

      кесу станоктарында және престерде позитивтік, төсеу, теріс және басқа таспалар мен жабысқақ фиксатор бағыттамаларын кесу;

      қажетті жартылай фабрикаттарды дайындау, зертханалық сынақтар үшін сынамаларды іріктеу, жинақты түпкілікті таңбалау.

      185. Білуге тиіс:

      фото жинақтың негативті және позитивті таспаларының физика-химиялық және механикалық қасиеттерін;

      жартылай фабрикаттар мен дайын фото өнімдердің стандарттары мен техникалық шарттарын.

88-параграф. "Момент" фотожинағының монтажшысы, 4-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:

      "Момент" фотожинағының негативті және позитивті материалдарымен катушкаларды монтаждау;

      жарықсезгіш материалды алдын-ала визитаждау және жинайтын жиектерін мүсіндеп кесу;

      позитивты лентада және төсейтін қағазда кадрлардың кесігін және терезелердің тетігін сәйкестігін тексеріп жарықсезгіш негативті және позитивті ленталарды катушкаға орау;

      төсем қағазбен позитивті фотоқағазды пресс-утюгпен жапсыру;

      айқандайтын паста толтырылған капсулалы позитивті лентаны монтаждау;

      негативті лентаның ракордың позитивті лентаға жапсыру;

      кесу және монтаждау жабдықтарын баптау;

      біліктілігі төмен "момент" фотожинағының монтаждаушыларын басқару.

      187. Білуге тиіс:

      "Момент" фотокөшірмесінің негативті және позитивті материалдарының физика-химиялық және механикалық қасиеттерін;

      жартылай фабрикаттар мен дайын фотоөнімдердің стандарттары мен техникалық шарттарын;

      сынама алу қағидаларын.

89-параграф. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 2-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      сериялық позитивтің техникалық сапасын тексеру;

      жұмыс ерітінділеріне талдау жүргізуге қатысу;

      баспаға нарядтарды ресімдеу және ақаулы фонограммалар мен фильм көшірмелерін түзету;

      сенситограммаларды денситометрге қою, оларды денситометрде өлшеу;

      көшіру аппараттарының экрандары мен баспа терезелерінің жарықтандырылуына өлшеу жүргізу.

      189. Білуге тиіс:

      пленканы өндіру және өңдеу технологиясы бойынша жалпы мәліметтер;

      пленкамен жұмыс істеу тәсілдері мен қағидаларын.

90-параграф. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 3-разряд

      190. Жұмыс сипаттамасы:

      фонограммалармен фильм көшірмесінің техникалы, фотографиялы сапасын бақылау;

      дыбысталудың, ілеспеліліктің, фонограммалардың қалыңдығын, түрлі-түсті фильмкөшірмесін рестраврациядан кейін сапасын тексеру;

      дайын өнімнге сенситометрлі бақылау;

      жұмыс ерітінділеріне талдау жүргізу.

      191. Білуге тиіс:

      қара-ақ және түсті пленкаларды, фильм көшірмелерін өндіру және өңдеу технологиясын;

      кинофильмдерді көрсету режимін;

      дайын өнімнің стандарттарын, техникалық шарттарын, сенситометриялық сипаттамаларын.

91-параграф. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 4-разряд

      192. Жұмыс сипаттамасы:

      экспортқа арналған қара-ақ фильм материалдарының, аралық позитивтердің, контратиптердің, бақылау көшірмелерінің, фонограммалар негативтерінің, гидротипияға арналған пленкалардың, реставрациядан кейінгі аралық фильм материалдарының, қара-ақ фильм көшірмелерінің техникалық және фотографиялық сапасын бақылау;

      матрицаларды және бланкфильмдерді гидротипті орын ауыстыруға дайындау, осы процесті бақылау;

      кинофильмнің бөлшектерін рестраврациядан кейін монтаждау және экранда тексеру;

      түрлі-түсті және ақ-қара үлдір үшін өңдеу режимін орнату;

      түсіп жатқан химикаттарға талдау жүргізу, фиксажды және жуатын суларда күмістің барын анықтау.

      193. Білуге тиіс:

      қарсы сипалау технологиясын;

      дыбысты жазу және ойнату негіздерін;

      өңдеу ерітінділерінің, сенситометрлердің рецептурасын;

      химия негіздерін;

      қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын.

92-параграф. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 5-разряд

      194. Жұмыс сипаттамасы:

      түсті фильм материалдарының, аралық позитивтердің, контратиптердің, бақылау көшірмелерінің, ағымдағы 35-милиметрлі негатив пен позитивтің техникалық және фотографиялық сапасын, дыбысталу сапасын, үндестігін, оптикалық тығыздығы мен магниттік фонограммалар деңгейін бақылау;

      экспортқа арналған түрлі-түсті фильмкөшірмесін, кең форматты фильм көшірмесін және 35-миллиметрлі фильмкөшірмесін кинопроекцияның жоғары жылдамдығында бақылау;

      фильм материалдарының сенситометрлі көрсеткіштерін және геометриялы параметрлерін өлшеу;

      фильм материалдарының барлық түрінің техникалы жағдайын қолданылу процессі кезінде немесе реставрациядан кейін бақылау;

      эталонды немесе тәжірибелі фильм көшірмесін қарау және тексеру;

      пленканың техникалы жағдайын немесе перфорацияның сапасын анықтау;

      қорғаныс жиектерін жапсыру;

      ілеспе құжатнаманы толтыру;

      ақаулы орындарын жарамсыз деп тану;

      түзетілген бөліктерден фильмдерді монтаждау және оларды экранда тексеру.

      195. Білуге тиіс:

      алғашқы фильм материалдарын дайындау технологиялық процесін;

      кинопроекция технологиясының және техникасының негіздерін;

      киноөндіріс технологиясының негіздерін.

      196. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

93-параграф. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 6-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:

      ағымдағы 70-миллиметрлі негативті және позитивті, барлық форматтағы бейнелерді, эталонды көшірмелерді, магнитті фонограммалардың түпнегізін, "шу және әуен" магнитті фонограммаларын, аралық позитивті, контративті және бақылау көшірмесін кинофильм бойынша фильм материалдарының жинағының техникалы және фотографиялы сапасын тексеру;

      сенситометрлі бақылау және жинақтың сапасы жайлы қорытынды жасау;

      өткен жылдарда өндірілген кинофильмдердін фильм материалдарын және шет елде өндірілген жинақтарды, реставрациядан кейін техникалы тозған фильмдерді бақылау және апробациялау;

      негативті материалдарға қосымша мөлшерленген жарық түсіруді бақылау;

      пленка өндіретін фабрикалардан түсетін жарықсезгіш материалдардың сапасы жөнінде қорытынды жасау;

      техникалық құжаттаманы ресімдеу.

      198. Білуге тиіс:

      негативті және аралық материалдарды әзірлеу технологиясын;

      фотография, сенситометрия, фильм көшірмелерін көшіру процесінің негіздерін.

      199. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

94-параграф. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшы, 2-разряд

      200. Жұмыс сипаттамасы:

      синтетикалы бояуларды өндіруге арналған жартылай фабрикаттарды синтездеу технология процесінің қосалқы операцияларын орындау;

      қызмет көрсетіліп жатқан аппараттарды тазарту, жуу және құрау;

      шикізатты әкелу, орамын шешу;

      қатты заттарын үгіту және жуу;

      дайын аспаларды араластыру;

      біліктілігі анағұрлым жоғары синтетикалық бояғыштар өндіру аппаратшысының басшылығымен шикізатты аппараттарға тиеу және дайын өнімді түсіру;

      дайын өнімге арналған ыдысты дайындау, оны өлшеп орау және орау.

      201. Білуге тиіс:

      ерітінділерді дайындау, қатты заттарды ұсақтау қағидалары;

      қызмет көрсетілетін аппараттарды бөлшектеу және құрастыру қағидалары және оларды тазалауға қойылатын талаптар.

95-параграф. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшы, 3-разряд

      202. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары синтетикалы бояуларды өндіру бойынша аппаратшының басшылығымен синтетикалы бояуларды өндіруге арналған жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялы процесін жүргізу;

      ерітінділерді дайындау, өлшеу кезінде дәлме-дәлдікті талап етпейтін шикізатты мөлшерлеу;

      шикізатты және ерітінділерді аппаратқа тиеу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бөлек аппаратта синтездеу технологиялы процесін жүргізу;

      талдау жүргізу үшін сынамаларды алу;

      қосалқы жабдықты қосу және тоқтату.

      203. Білуге тиіс:

      жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялық процесін;

      қышқылдар мен сілтілер, натрий нитраты және басқалары ерітінділерін дайындау, қатты, күйдіргіш және зиянды заттарды ұсақтау, тез тұтанатын заттарды тасымалдау, тиеу және түсіру қағидаларын;

      қолданылып жатқан шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының мақсатын және оларды пайдаланып технологиялық процесті басқару қағидаларын.

96-параграф. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 4-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес синтетикалы бояуларды өндіру үшін жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялық процесін жүргізу;

      шикізатты және жартылай фабрикаттарды түсіруді бақылау;

      қалыптастыру, тотықтану, нитрлау, диазотирлау, конденсация және тазалау процестерін жүргізу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестерді реттеу.

      205. Білуге тиіс:

      синтетикалық бояғыштарға арналған жартылай фабрикаттарды өндіру технологиясын;

      қолданылып жатқан аппаратураның құрылымын.

97-параграф. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшы, 5-разряд

      206. Жұмыс сипаттамасы:

      технологиялық регламентке және жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес синтезделген жартылай өнімдерден жасалған органикалы бояуларды (сенсибилизаторлар) синтездеу технологиялық процесін жүргізу;

      вакуумды айдаудың көмегімен жартылай фабрикаттарды тазарту процесін жүргізу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен және талдаудың нәтижесі бойынша бояуларды өндіру технологиялық процесін реттеу;

      өндірісті бақылау және талдау жүргізу үшін сынама алу;

      дайын өнімді түсіру;

      шикізаттың шығының, жартылай фабрикаттардың шығына есеп жүргізу және есеп жүргізетін технологиялық карталарда жазба жүргізу;

      шикізаттың және дайын өнімнің шығуын есепке алу.

      207. Білуге тиіс:

      органикалық жартылай фабрикаттарды және бояуларды өндіру технологиясын;

      қолданылып жатқан аппаратураларды дайындау қағидаларын;

      қызмет көрсетілетін аппараттар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын;

      қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен бояғыштардың физика-химиялық және техникалық қасиеттерін, стандарттары мен техникалық шарттарын;

      шикізатқа қойылатын талаптар.

98-параграф. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшы, 6-разряд

      208. Жұмыс сипаттамасы:

      органикалық бояғыштарды (сенсибилизаторларды) синтездеудің технологиялық процесін жүргізу және технологиялық регламент пен жұмыс нұсқаулығына сәйкес оларға арналған жартылай өнімдерді синтездеу процесін бақылау;

      алынатын компоненттердің санына және реакция жүрісіне байланысты қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тиеу уақытын есептеу;

      жұмыс барысында регламенттелген параметрлерді: температура, қысым, вакуум, органикалы өнімдердің химиялы түзілу процесін бақылау және реттеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою;

      біліктілігі төмен синтетикалы бояуларды өндіру бойынша аппаратшылардың жұмыстарын басқару;

      бояудың әрбір синтезі бойынша технологиялық процесс көрсеткіштерінің журналында жазба жүргізу.

      209. Білуге тиіс:

      органикалық жартылай өнімдер мен бояғыштар өндірісінің технологиясын;

      қолданылатын шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен бояғыштардың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, стандарттары мен техникалық шарттарын.

99-параграф. Тоқыма автоматтарының автоматшысы, 3-разряд

      210. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары тоқыма автоматтарының автоматшысының басшылығымен тоқыма автоматтарында ақуызды қабықшаның жиектерін тоқу;

      ылғалдайтын еріткіштерні дайындау және ақуызды қабықшаның жиектерін жұмсарту;

      тоқыма автоматын қабықша және шпагатпен толтыру;

      дайын өнімді тароға салу және орауға жіберу;

      тоқыма автоматтарын баптау, тазалау және майлау.

      211. Білуге тиіс:

      тоқу автоматтарының құрылғысын, жұмыс істеу принципін және баптау қағидаларын;

      ақуыз қабығына, қосалқы материалдарға, сондай-ақ қабық ұштарын байлау сапасына қойылатын талаптар.

100-параграф. Тоқыма автоматтарының автоматшысы, 4-разряд

      212. Жұмыс сипаттамасы:

      тоқыма автоматтарында ақуызавтоматтарының жиектерін тоқу;

      тоқыма автоматтарының іліп алатын горфирлейтін, тоқитын және пакеттейтін құрылымының толассыз, ілеспелі жұмысын реттеу және қамтамасыз ету;

      тоқу сапасын бақылау және арнайы құрылғыдағы түйіннің беріктігін тексеру;

      тоқу автоматтарын баптау, қажет болған жағдайда - автоматты жартылай автоматты жұмыс режиміне ауыстырып қосу;

      өндіріс журналына жазба жүргізу.

      213. Білуге тиіс:

      ақуызды қабықшаларға және қосалқы материалдарға қойылатын техникалық шарттарын;

      тоқу автоматтарының кинематикалық схемалары мен баптау тәсілдерін;

      ақуыз қабықшасының ұштарын байлау сапасына қойылатын талаптарды.

101-параграф. Түзететін жарықфильтрларды мөрлеуші, 2-разряд

      214. Жұмыс сипаттамасы:

      целлулоидты түзету жарық сүзгілерін арнайы визитаж-ойып жазу станогында штампылау;

      станоктың кесетін құрылғыларын тексеру;

      визитаждау және мөрлеу үшін пакеттерді, пленкалардың роликтарын жеткізу;

      арнайы визитажды үстелде боялған роликтың ленталарын орау және сапасын тексеру және ақаулы орындарын жарамсыз деп тану;

      денситометрде роликтың қалыңдығының басын және аяғын өлшеу;

      визитажды-кескіш станокқа таңбалайтын құрылғыны орнату, роликты салу және станокты қосу;

      кесілудің сапасын және жарықфильтрларға таңбалайтын белгілерді жағудың дұрыстығын бақылау;

      есептейтін механизмнің жұмысын мерзімді бақылау;

      жарықфильтрларды конверттерге жинау және салу;

      дайын өнімді есептеу, бақылау үлгілерін дайындау;

      қалдықтарды және ақауларды тапсыру.

      215. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті позитивті пленкаларда басу принципін;

      жарықфильтрлардың сапасына қойылатын талаптар;

      штамптың тораптарының әрекеттесуін, мөрлеу тәсілдерін.

102-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 3-разряд

      216. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары түсті және жарықты қоюшының жазбалары бойынша баспаның барлық түрлері үшін түсті-жарықты паспортты дайындау;

      жарықфильтрларды кассетаға толтыру;

      түзетілетін жарықфильтрларды және тозған түсті паспорттарды сорттау;

      жұмыс түсті-жарықты паспорттың жазба паспортқа сәйкестігін тексеру.

      217. Білуге тиіс:

      түзетілетін жарықфильтрларының сипаттамасын;

      түсті-жарықты фильтрларды жасаудың тәртібін;

      түсті-жарықты паспорттарды дайындау үшін қолданылып жатқан жабдықтардың құрылымын;

      фильм көшірмелерінің стандарттары мен техникалық шарттарын, оларды өндірудің технологиялық регламенттерін.

103-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 4-разряд

      218. Жұмыс сипаттамасы:

      визуалды сынамалар және арнай аппараттар мен жабдықтардың көмегімен қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін контратиптен, қара-ақ контратиптерді, аралық позитивтерді, контратиптен бақылау көшірмелерін және фонограмма негативінен баспа режимін іріктеу және бекіту.

      219. Білуге тиіс:

      қара-ақ фильм материалдарын өңдеу технологиясын;

      сенситометр негіздерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларын пайдалану қағидаларын;

      фильм көшірмелерінің стандарттарын және техникалық шарттарын.

104-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 5-разряд

      220. Жұмыс сипаттамасы:

      баспа режимін және ағымдағы 16 және 35 миллиметрлі негативтерді өңдеу, қара-ақ және түрлі-түсті негативтерден фильм көшірмелерін, түрлі-түсті контратиптерді және аралық позитивтерді іріктеу және орнату;

      контратипті басу үшін қара-ақ аралық позитивке жарықты орнату;

      білікті баспа фильтрлерін эталон бойынша массалы баспа үшін анықтау.

      221. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті фильм материалдарын өндіру технологиясын;

      түрлі-түсті көп қабатты кинопленкалар және түрлі-түсті сенситометр жайлы негізгі мәліметтерін;

      түс тану негіздерін;

      кинокөшіретін аппараттардың және айқындайтын машиналардың құрылымын;

      бастапқы фильм материалдарын басу кезінде және оларды өте ұзақ сақтау кезінде пайда болатын ақауларды;

      фильм материалдарын сақтау тәсілдерін.

105-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 6-разряд

      222. Жұмыс сипаттамасы:

      басу және 70-миллиметрлі негативтерді өңдеу, эталонды (бақылау) көшірмелерді, экспортқа арналған фильмкөшірмелерін іріктеу және режимдерін орнату;

      қара-ақ фильм көшірмелерін және аралық позитивтерді басып шығару кезінде негативтерге, оның ішінде боялған (вирирленген) жарыққа орнату;

      баспаның барлық түрлері үшін түс-жарық паспорттарын қайта есептеу;

      экранда сынама роликтарын, негативтен бастапқы материалдар жинағының көшірмесін, эталонды (бақылау) көшірмелерді соңғы рет тексеріп қарау;

      перифериялы құрылғыларды және машинограммаларды пайдаланып түсті және жарық орнату технологиялық процесін жүргізу.

      223. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті пленкаларды өндіру технологиясын;

      түрлі-түсті кинопленкалардың құрылымын және ерекшеліктерін;

      көп қабатты пленкаларда және гидротипия әдісімен фильм көшірмелерін басып шығару және өңдеу процестерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын;

      өте ұзақ уақыт сақтау барысында фотографиялы қабаттың градациялы сипаттамасының өзгеруін.

106-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 7-разряд

      224. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ және түрлі-түсті ағымдағы позитивтерді басу үшін білікті форфильтрларды таңдау және орнату;

      "FILMLAB" фирмасының "COLORMASTER 2000" түсталдаушысында немесе басқа фирмалардың аналогты аппараттарында түсті қою;

      "FACIT" аппаратында немесе "RGB"- және "FCC"- кодты аналогты аппараттарда аддитивті түсті паспортты дайындау;

      кинопленкаларды өндіруші-фирмалардың талаптарына сәйкес "LAD" шкалаларының көмегімен позитивті өңдеу процесін бақылау;

      сынама көшірмелерінің, бастапқы материалдардың жинағының көшірмесін, эталонды, фестивальды және экспортты кинокөшірмелерді негативтен көшіру режимін бақылау;

      экранда фильмкөшірмелерінің барлық түрлерін тексеру.

      225. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті кино және фото пленкаларды өндіру технологиясын, олардың құрылым ерекшеліктерін;

      компьютердің және "MS-DOS" операциялық жүйесінің, түс анализаторының бағдарламалық жасақтамасының жұмыс істеу принципін;

      "LAD" шкалаларының көмегімен фильм материалдарының сапасын тура бақылау тәсілдерін;

      әртүрлі пленкаларды басу және өңдеу процестерін.

      226. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

107-параграф. Түсті және жарықты қоюшы, 8-разряд

      227. Жұмыс сипаттамасы:

      "LAD" шкалаларының көмегімен дубль-позитивтарды және кинофильм контратиптерін "ECN-2" процесі бойынша өңделетін импортты кинофильм контраттиптерін басу режимін таңдау және орнату;

      негативті және позитивті кинопленкалардың жаңа түрлерін, сонымен қоса кинопленкалардың жаңа түрлерін түсталдаушыда қайта бағдарламалау;

      кинофильмнің бастапқы қайта монтаждауында аддитивті "RGB" және "FCC" түсті паспорттарды дайындау;

      титрларға және кадр ішіндегі фондарға фондарды дайындау;

      дубль-позитивті және дубль-негативті кинопленкалардағы тұтылуларды басу үшін жұмыс позитивін таңбалау.

      228. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті кино және фотопленкаларды өндіру технологиясын, кинопленкаларды басу және өңдеу процестерін;

      компьютердің және "MS-DOS" операциялы жүйесінің жұмыс істеу принципін;

      түсталдаушының перифериялы құрылғыларына қажетті бағдарламалы өзгертулерді енгізу әдістемесін;

      түстану және сенситометрия негіздерін;

      аралық позитивтерге, контратиптерге және эталонды фильмкөшірмелеріне қойылатын техникалық талаптарын.

      229. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

108-параграф. Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы, 3-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары ферментті препаратты дайындаушын аппаратшының басшылығымен бактерия дақылын өсіруге арналған құнарландыратын құралдарды стирильдеуге және дайындау технологиялық процесін жүргізу;

      құнарландырылатын құралдардың компоненттерін мөлшерлеу және ерітінділерді дайындау;

      жоғары температурада құнарландыратын ортаны стирильдеу және автоклавтарда және ферментаторларда қысым арқылы стерильдеу;

      құнарландыратын ортаны салқындату, ыдыстарды және аппараттарды стирильдеу, бөлмені дезинфекциялау;

      қосалқы жабдықтарға: желдеткіштерге, сүзгілерге, компрессорларға, сепараторларға және сорғыларға қызмет көрсету.

      231. Білуге тиіс:

      ферментті препаратты өндіру технологиялық схемасын;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының және коммуникациялардың жұмыс істеу принципін.

109-параграф. Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы, 4-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы:

      триацетатты кинофотопленкадан эмульсиялы қабаттарды жууға арналған бактерия дақылдарын себу және өсіру технологиялы процесін жүргізу;

      себетін мартериалдардың оның белсенділігіне байланысты құнарландырылатын компоненттерін есептеу;

      автоклавтарда және ферментаторларда құнарландырылатын құралдарды мөлшерлеу, тиеу және стирильдеу;

      аппараттарда құнарландыратын ортаға биомассаны егу;

      ферменттеу және араластыру процестерін, термостаттағы қоректендіру ортасының температурасын, ферментатор арқылы өтетін сығылған ауаның мөлшерін реттеу;

      құнарландыратын ортаның және алынатын ферментті ерітіндінің сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен және физико-химиялық талдаудың нәтижесі бойынша бақылау;

      қарапайым физико-химиялы талдауларды (ерітіндінің белсенділігін, ерітіндінің "рН" ортасын, бактерияның дақылдарының тазалығын және өзгелер) жүргізу;

      технологиялық процесті жүргізу журналына көрсеткіштерді жазу;

      біліктілігі төмен ферментті препараттарды дайындау аппаратыларына басшылық жасау.

      233. Білуге тиіс:

      ферментті препаратты өндіру технологиялық схемасын;

      ферментті препаратты өндірудің биохимиялық негіздерін және технологиялық процесінің мәнін;

      қолданылып жатқан шикізаттың және дайын өнімнің физика-химиялық қасиеттерін;

      ферментатордың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және жұмыс істеу принципін.

110-параграф. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 2-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің роликтарын қалыңдығын субъективті бағалау тәсілін пайдаланып, түрлі-түсті тоның және бейненің контрастылығы, бөліктері және атаулары бойынша жинақтау;

      фильм көшірмесінің бөліктеріне ілеспе папорттың сәйкестігін тексеру;

      қорғаныс раккордын жапсыру;

      скрепкаларды жою, арнайы жабдықтарда фильм көшірмелерін жапсыру;

      металды қораптарға роликтарды салу және зат таңбаларын ресімдеу;

      үлкен сыйымдылықтың рулондарына бөлек роликтарды біріктіру;

      дайын роликтарды салу кезінде - ракордтардың барлығын және сапасын тексеру;

      жинақталған фильм көшірмесін тіркеу.

      235. Білуге тиіс:

      пленкамен жұмыс істеу және фильм көшірмелерінің желімдеулерін жүргізу және ракордтарды желімдеу қағидаларын;

      фильм көшірмелерін түсі мен сурет тығыздығы бойынша жинақтау кезіндегі рұқсат етілген ауытқуларды;

      фильм көшірмелерін орау қағидаларын, роликтерді үлкен көлемдегі орамдарға біріктіру тәсілдерін;

      фильм көшірмесіндегі техникалық шарттарын.

111-параграф. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 3-разряд

      236. Жұмыс сипаттамасы;

      фильмкөшірмелерін атаулары, қанықтығын субъективті бағалау тәсілін пайдалана отырып форматтары, түсті тонына және бейненің контрастығына байланысты жинақтау;

      тиісті мекен-жай бойынша қажетті фильмкөшірмелерінің санын жинақтау;

      фильм көшірмелерінің бөліктерінің ілеспе зат таңбасына сәйкес келуін тексеру;

      бақылау қызметінің компостерінің және басқада белгілерінің барын тексеру;

      кестеге сәйкес фильмкөшірмесінің күнделікті түсімін тіркеу;

      қабылдау-тапсыру құжаттарын дайындап даяр фильмкөшірмесін тапсыру.

      237. Білуге тиіс:

      фильмдерді жинақтау тәртібін;

      қанықтығының нөмірлері және бақылау сынасының бояуы бойынша фильмкөшірмелерінде біркелкі бөліктерді теру тәсілдерін;

      даяр фильмкөшірмелерін сақтау шараларын және нормаларын;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын.

112-параграф. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 4-разряд

      238. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай автоматты денситометрлерде өлшеу деректері бойынша фильмдердің атаулары, форматтары бойынша фильм көшірмелерін жинақтау;

      электронды есептейтін машина мен электронды-есептейтін кешендерден алынған бақылау шкалаларының қанықтығының машинограмдылығын шешу;

      шешудің мәліметтері бойынша фильмкөшірмелерін іріктеу;

      фонограммалардың қанықтығын өлшеу мәліметтеріне сәйкес фильмкөшірмелерінің бөліктерін іріктеу;

      фестиваль және авторлық ашылуларды өткізуге үшін экспортқа тағайындалған фильмкөшірмесін жинақтау және рәсімдеу.

      239. Білуге тиіс:

      машинограммалардың түрлерін және оларды шешуді;

      экспортқа арналған фильмкөшірмелерінің жинағының техникалық құжатнамасына толықтырулар.

113-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 3-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі экспозициялы кинокөшіретін аппараттарда қара-ақ фильмкөшірмелерінің контратипінен массалы басылым жасау және қайта жасауларды басу;

      біліктілігі жоғары фильм материадарын көшірушінің басшылығымен кідіртілген аппаратурада және көшірудің бекітілген режимінде 32 жәнне 35-миллиметрлі негативтерге және фильм көшірмелеріне массалы және жеке-дара оптикалы немесе электрлі фонограммаларды көшіру;

      тұрақты басылым режимін таңдау және қолдану;

      басылым терезелерінің жарықтығын бақылау және реттеу;

      басылым процесін, алынатын материалдардың жағдайын және позитивті пленкаларды басылым барысында бақылау және тасымалдайтын құралдардың жағдайын бақылау.

      241. Білуге тиіс:

      қара-ақ кинопленкаларды химия-фотографиялық өңдеу технологиясын;

      дыбысбасу және дыбыстау негіздерін;

      басылымға арналған алынатын материалдарды, магнитті ленталармен және фильм көшірмелерін баптау қағидаларын;

      жұмыс істеу принципін және кинокөшіретін аппараттарды эксплуатациялау қағидаларын.

114-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 4-разряд

      242. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі кинокөшіретін аппараттарда түрлі-түсті фильмкөшірмелерінің контратипінен массалы басылым және экспортқа арналған фильмкөшірмелерін басу;

      ағымдағы 16 және 35-миллимертрлі негативті басып шығару;

      фонормалларды 32 және 35-миллиметрлі негативтерде арнайы аппараттарда оптикалық көшіру;

      әрбір сыналатын үлдір осіне түс режимін автоматты реттеу үшін паспорт пен фор-сүзгіні зарядтау;

      жазу режимін таңдау және дыбыс жазу аппаратурасының барлық жиынтығын баптау;

      арнайы аппараттарда магнитті ұзыншалармен фильм көшірмелеріне магнитті фонограммаларды электрлі көшіру, стереофонды, көпұзыншалы магнитті фонограммаларды көшіру.

      243. Білуге тиіс:

      пленканың әртүрлерін өңдеудің химия-фотографиялық процесінің технологиясын;

      кинокөшіру аппараттарының жұмыс істеу принципін және оларды эксплуатациялау қағидаларын;

      дыбыс басу және дыбыстау процесін;

      көшіретін магнитті және оптикалы фонограммалардың көшіру жинағына кіретін аппаратураның мақсатын және құрылымын.

115-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 5-разряд

      244. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ және алынатын түрлі-түсті фильм материалдарының негативтарынан, дезанаморфльмді аралық позитивердің контратиптерінен, кең экранды фильмкөшірмелерінен, әртүрлі жүйелі кинокөшіретін аппараттардың кеңформатты материалдарынан басу;

      фильм көшірмелерін және субтитрлармен контратиптерді, түрлі-түсті аз тиражды және біржолғы фильмкөшірмелерін, ағымдағы 70-миллиметрлі негативті басу;

      бақылай және аттестациялы фильмдерді дайындау, сынама тәсірілдерді түсіру;

      фонограммаларды қайта басу режимін таңдау және орнату;

      дыбыс басатын аппараттардың жұмысын бақылау;

      32 және 35-милиметрлі оптикалы фонограммаларды және 35-миллиметрлі магнитті алынатын студиялы материалдарды басу;

      дыбыс бақылаулары көмегімен және құрылғылар бойынша көшірілген фильмкөшірмелерінің фонограммаларын магнитті түпнұсқамен сапасын салыстыру;

      көшіру кезінде дыбыс бұзылуларының себептерін табу және жою;

      жабдыққа профилактикалы жөндеу жұмыстарын жасауға қатысу.

      245. Білуге тиіс:

      жарық және түсті орнатудың негіздерін;

      пленкалардың фотографиялық және геометриялық сипаттамаларын;

      оптикалық және магниттік фонограммаларды жазудың физикалық және технологиялық тәсілдерін;

      пленкаларды өңдеудің және дайындаудың және магнитті ұзыншаларды құюдың технологиясын;

      кинокөшіретін аппараттардың әртүрлі модельдерінің принциптік схемаларын;

      дыбысбасатын аппараттардың құрылымын және тораптарының жұмыстарын;

      электротехника негіздерін, көшіру кезінде дыбыстың бұзылуының пайда болу себептерін.

116-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 6-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы:

      аралық позитивтер мен контратиптерді контактілі және оптикалық басып шығару, оның ішінде кең экранды және қарапайым нұсқаларды әртүрлі конструкциялы оптикалық баспа аппараттарында кең форматты фильмдерден көшіру;

      негативтерден фильм көшірмелерін массалы көшіру;

      ақырғы және аттестациялы фильмдерді, алғашқы материалдарды субтитрларымен және ілеспелі паспорттарымен басу;

      иммерсиямен кинокөшіретін аппараттарда жұмыс жасау;

      негативті кинопленкаларды қосымша мөлшерлі жарықтандыру бойынша жұмыстарды жүргізу;

      кинокөшіретін аппараттарды баптау және көшіру барысында олардың жұмысын реттеу.

      247. Білуге тиіс:

      кинопленкаларды оптикалы көшіру технологиясын;

      өңдеудің ілеспелілігінің таңдау тәсілдерін;

      басылымның режимін анықтау қағидаларын;

      әртүрлі жүйелі кинокөшіретін аппараттарды дәлме-дәлдікке тексеру тәсілдерін және қағидаларын.

117-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 7-разряд

      248. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ және түрлі-түсті алғашқы фильм материалдарын, негативтерден аралық позитивтерді және белсенсіз жарықта немесе қараңғыда "RYB"-кодты түрлі-түсті паспорттарды пайдаланумен контратиптерді аддитивті басылымды кинокөшірім аппараттарында контактті және оптикалық басу;

      күнтұтылуын және жарқырауын, алғашқы материалдарды субтитрлармен басу;

      кинокөшіру аппараттарын баптау және басу және көшірме жасау процесінде олардың жұмысын реттеу.

      249. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі кинокөшіру аппараттарының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      жарықберудің негіздерін, әртүрлі кинопленкаларды өңдеу және басылым процестерін;

      сыртқы түріне және таңбасына қарай пленканың түрін анықтау тәсілдерін;

      кинокөшіретін аппараттарды дәлме-дәлдікке тексеру тәсілдерін және қағидаларын.

      250. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

118-параграф. Фильм материалдарын көшіруші, 8-разряд

      251. Жұмыс сипаттамасы:

      актиникалық емес жарықтандыру кезінде және қараңғыда "RYB" және "ZCC" - кодтары бар түс паспорттарын қолдана отырып, ретрофиттік блокпен және электрондық жарық клапандарымен жабдықталған аддитивті баспаның кинокөшіру аппараттарында контактілі және оптикалық басып шығару;

      "Dolby Herro" жүйесін пайдаланып дыбысты оптикалық басу аппараттарында фонограммалардың негативтерін оптикалы басу.

      252. Білуге тиіс:

      кинокөшіретін аппараттардың және дыбысты оптикалық басу аппараттарының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      жарықберудің негіздерін;

      оптикалы және магнитті баспаларды жазу қағидаларын;

      әртүрлі кинопленкаларды басып шығару ерекшеліктерін.

      253. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

119-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 2-разряд

      254. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм көшірмелерін жөндеу, жапсырмаларды түзету, әртүрлі ластардан қолдан тазарту;

      біліктілігі жоғары фильм материалдарын қалпына келтірушінің басшылығымен қалыпқа келтіру машинасында фильм көшірмесінің фотоқабатын қалпына келтіру;

      қалпына келтіру машинасын белгіленген технологияға сәйкес кинопленкамен зарядтау;

      ілеспе құжаттар мен жұмыс журналдарын ресімдеу.

      255. Білуге тиіс:

      кинопленкалардың түрлері мен қасиеттерін;

      әртүрлі негіздер үшін қолданылатын желімнің құрамын;

      қолданылып жатқан желімнің сапасына қойылатын талаптар және оны сақтау қағидаларын;

      психромердің құрылымын және мақсатын;

      фильм материалдарын қалпына келтіру кезінде қолданылатын ерітінділердің концентрациясын, қасиеттерін және мақсатын;

      ілеспе құжатнаманы рәсімдеу қағидаларын.

120-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 3-разряд

      256. Жұмыс сипаттамасы:

      белгіленген режимге сәйкес қара-ақ және түрлі-түсті фильмкөшірмелерін қайта қалпына келтіру және қайта қалпына келтіру машиналарына қорғаныс жабуын жағу;

      қайта қалпына келтіру машинасына кинопленкаларды тиеу;

      қайта қалпына келтіру машиналарында фильмкөшірмелерін өтуін бақылау;

      қара-ақ фильмкөшірмелерін фотоқабатты қайта қалпына келтіруге дайындау және оны қайта қалпына келтіру;

      бастапқы фильм материалдарын жөндеу, перфорациялық жолды қалпына келтіру, қолданылатын жабдықты профилактикалық тексеру.

      257. Білуге тиіс:

      қайта қалпына келтіру ісінің негіздерін;

      кинопленкалардың түрлерін және олардың қасиеттерін;

      фильм көшірмесін қайта қалпына келтіру технологиясын;

      қайта қалпына келтіру машиналарының құрылымын және эксплуатациялау қағидаларын;

      қайта қалпына келтіру кезінде қоладынлатын ерітінділердің қасиеттерін және мақсатын;

      кинопленкаларды орау және жапсыру қағидаларын;

      фильм материалдарын кептіру және оларды пайдалану қағидаларын;

      белгіленген нормативтік техникалық құжатнаманы.

121-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 4-разряд

      258. Жұмыс сипаттамасы:

      түпнұсқа құқығында сақталып жатқан қара-ақ фильмкөшірмесінің фотоқабатын, түрлі-түсті фильмкөшірмесін, контратиптерді, аралық позитивтерді және фонограмма негативтерін бекітілген өңдеу режиміне сәйкес қайта қалпына келтіретін машиналарда қайта қалпына келтіру;

      фотоқабатты, негіздерді қайта қалпына келтіруге дайындау, қара-ақ контратиптердің негіздерін, аралық позитивтерді және фонограммаларды қайта қалпына келтіру;

      түпнұсқа құқығында сақталып жатқан қара-ақ фильмкөшірмелерін үшін қайта қалпына келтіру режимін таңдау;

      шет елдік фирмалардан түсетін фильмкөшірмелерінде болатын: балауызды, эфироцеллюлозды, казеинді және өзгелерді қорғаныс қабатын болуын анықтау;

      бастапқы материалдарды орташа және күрделі жөндеу, ақаулы перфорацияларды жөндеу, өрескел кесілген жапсырмаларды қайта жасау, майды, пленканы, бляшкаларды қолмен тазалау;

      фильмкөшірмелерін, контратиптерді, аралық позитивтерді ультрадыбыс машинасында тазарту.

      259. Білуге тиіс:

      қара-ақ және түрлі-түсті пленкаларды өңдеу, контратиптердің фотослосын, аралық позитивтерді, фонограммаларды қалпына келтіру және оларға қорғаныш жабындарын жағу технологиясын;

      қара-ақ контратиптердің, аралық позитивтер мен фонограммалардың негіздерін қалпына келтіру технологиясын;

      таңбалау машинасының құрылысын, оны пайдалану қағидаларын;

      эксплуатация және қайта қалпына келтіру процесінде фильм материалдарында пайда болатын ақауларды;

      гидротипті баспа жайлы жалпы мәліметтер;

      түрлі-түсті бейнені (гидротиптік, көп қабатты, вирирленген) қалыптастыру тәсілі бойынша фильм көшірмелерін анықтау әдістерін.

122-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 5-разряд

      260. Жұмыс сипаттамасы:

      қара-ақ және түрлі-түсті бейне негативтерінің фотоқабатын қайта қалпына келтіру және оларға қорғаныс жабуын жағу;

      қайта қалпына келтіру машиналарында консервациалы-қайта қалпына келтіру және антисептикалы өңдеу;

      қайта қалпына келтіруге қара-ақ және түрлі-түсті бейне негативтерін дайындау, қолмен жылтырату;

      бейненің қара-ақ және түрлі-түсті негативтерін, түрлі-түсті контратиптерді және аралық позитивтерді қайта қалпына келтіруге дайындау және қайта қалпына келтіру;

      фильм материалдарының үстіңгі бетінің жағдайын, технологиялы операциялардың және режимдердің ілеспелілігінің сақталуын, ерітінділерді концентрациялауды бақылау;

      негіздің деформациялау деңгейін анықтау;

      негативті материалдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      ультрадыбысты машинада бейненің негативтерін тазарту, оларды антистатикалы өңдеу;

      негіздің және фотоқабаттың лак қабатының барын және оның түрін анықтау;

      фотоқабатты және фильм материалдарының барлық түрін негіздерін қайта қалпына келтіру режимдерін және рецептурасын, тәсілдерін таңдау.

      261. Білуге тиіс:

      фильм материалдарының негіздерін және бейне негативтерінің фотоқабатын қалпына келтіру технологиясын;

      консервациялы-қайта қалпына келтіру және негативтерді антисептикалы өңдеу, кептірудің температурасын және ылғалдылық жүйені реттеу автоматты жүйесінің жұмыс істеу принципін;

      пленкалардың әртүрін өңдеуге қолданылатын ерітінділердің рецептурасын;

      негіздердің араласқан түрлерінен тұратын негативтерді кептіру ерекшеліктерін;

      негативтердің фотослойын қолмен жылтырату қағидаларын;

      қолданылып жатқан фотоматериалдарға стандарттар және техникалық шарттарын;

      ультрадыбысты машиналардың негізгі тораптарының мақсатын.

123-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 6-разряд

      262. Жұмыс сипаттамасы:

      отандық және шетелдік өндірістің бірегей киноматериалдарын, көркемдік және тарихи құндылығы бар бастапқы фильм материалдарын реставрациялау бойынша жұмыстардың барлық түрлерін орындау;

      фильм материалдарын қайта қалпына келтірудің тәсілдерін, рецептурасын және өңдеу режимдерін таңдау;

      эмульсияның көкпен, гидролизбен ақаулану дәрежесін және қабаттану дәрежесін анықтау.

      263. Білуге тиіс:

      ерекше киноматериалдарды қайта қалпына келтіру технологиясын;

      қайта қалпына келтіру машиналарының типтерін және жұмыс істеу принципін;

      пленкалардың әртүрін өңдеуге арналған ерітінділердің рецептурасын және қасиеттерін;

      сақтау, өңдеу және кинопленкаларды эксплуатациялау процесінде пайда болған ақаулардың түрлерін, пайда болу себептерін және алдын-алу тәсілдерін.

      264. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

124-параграф. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 7-разряд

      265. Жұмыс сипаттамасы:

      өте нәзік, сапасы төмен механикалы, механикалы ақаулары бар, жамаулары бар, 1 пайыздан астам перфорация адымы бойынша шөгулі бастапқы фильм материалдарын барлық түрлеріне қалпына келтіру жұмыстарын орындау;

      көк басқан негативтерді фундисидті өңдеу;

      ұзақ сақтауға жататын фильм материалдарын консервациялық-реставрациялық өңдеу;

      фильм материалдарының барлық түрлерін қалпына келтіру әдістерін, рецептураларын және режимдерін таңдау.

      266. Білуге тиіс:

      ақаулардың түрлерін, олардың пайда болу себептерін және жою әдістерін;

      бастапқы фильм материалдарын қалпына келтіру технологиясын;

      консервациялық-реставрациялық өңдеу технологиясын;

      фильм материалдарының барлық түрлерін өңдеуге арналған ерітінділердің рецептурасын.

      267. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

125-параграф. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 3-разряд

      268. Жұмыс сипаттамасы:

      регламентке және жұмыс нұсқаулығына сәйкес әртүрлі өлшемді және конфигурациялы фотошыныларды бір-бірлеп транспортерға және мерзімді қозғалысты рольгангқа салу;

      транспортердің жұмысын қадағалау;

      негізгі және қосалқы жабдықтарды тазарту және жуу;

      әртүрлі фотпластиналарға арналған жарықтехникалы режимді бақылау.

      269. Білуге тиіс:

      фотошыныға және фотопластиналарға қойылатын техникалық талаптарын;

      құятын машинаның тораптарының өзара қарым-қатынас принципін;

      әртүрлі фотопластинаның сорттарының жарықтехникалық режимін.

126-параграф. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 4-разряд

      270. Жұмыс сипаттамасы:

      мерзімді жұмыс істейтін қабаттайтын машиналарда фотошыныны бірқабатты және көпқабатты қабаттау және автоматтандырылған желіде химиялы өңдеу технологиялық процесін жүргізу;

      фотошыныны химиялы өңдеу үшін қажетті концентрациялы жұмыс ерітінділерін дайындау;

      супышақтарын (водяных) және шыныны өңдейтін пышақтарды жұмысын реттеу және орнату;

      өндіріс желісіне шыныны алып беретін автоматтың жұмысын басқару;

      транспортердің қозғалыс жылдамдығына байланысты қабаттандырылған шыныны температуралы және ауалы кептіру процесін реттеу;

      қабаттарды жағу үшін ванналарды орнату;

      арнайы ерітінділермен қабаттардың сапасын сынауды өткізу;

      будың, судың және жұмыс ерітінділерінің санының қысымына байланысты фотошыныны қабаттау процесін реттеу;

      фотошынының ластанғандығына және сапасына байланысты қышқылдандырылған ерітіндінің концентрациясын реттеу;

      қабаттандыратын машиналардың және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау, іске қосу және тоқтату;

      мерзімді жұмыс жасайтын қабаттандыратын машиналарда қабаттау процесін жүргізу кезінде біліктілігі төмен фотошыныны құюшы-аппаратшыларға басшылық жасау.

      271. Білуге тиіс:

      фотошыныны бірқабатты және көпқабатты қабаттау технологиялық процесін;

      фотошыныны қабаттау процесінің техникалық шарттарын;

      қолданылатын шикізаттың қасиеттерін;

      технологиялық процесті бақылау әдістерін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымын және жұмыс істеу принципін.

127-параграф. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 5-разряд

      272. Жұмыс сипаттамасы:

      фотошыныны арнайы химиялы өңдеу және қабаттарды жағу және жиектенуге қарсы қабаттарды фотошыныға жағылып жатқан қабаттардың адгезия және тазалық талаптарын жасау үшін электронды басқарумен автоматты желіде технологиялық процесті жүргізу;

      ультрадыбыстық генераторлардың көмегімен фотошыныны өңдеу процесінің режимін реттеу;

      фотошыныны су және химиялы ерітіндімен жууды бақылау;

      ультрадыбысты виграторлардың, химиялы өңдеу үшін форсундардың, механикалы тазартудың тораптарының жұмысын бақылау;

      арнайы тағайындаулы фотошыныны көпқабатты қабаттау процесін жүргізу;

      жұмыс ерітінділерінің барлығына байланысты қабаттау процесін реттеу;

      қабаттайтын машиналардың жұмысын бақылау және қабаттаудың сапасын бақылау;

      технологиялық журналды толтыру;

      біліктілігі төмен фотошыныны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару.

      273. Білуге тиіс:

      фотошыныны арнайы химиялы тазалау мен қабаттаудың технологиялық процесін;

      фотошынының физика-химиялық қасиеттерін;

      қолданылатын шикізаттың техникалық шарттарын, қасиеттерін;

      берілген концентрациялы ерітінділерді дайындау тәсілдерін;

      техникалы процесті бақылау әдістемесін;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымын және жұмыс істеу принципін.

128-параграф. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы, 3-разряд

      274. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары фотоэмульсияларды дайындауға және суаруға мөлшерлеуші аппаратшының басшылығымен фотоэмульсияларды суару кезінде қоспалар үшін бояғыштар мен компоненттер ерітінділерін дайындау және мөлшерлеу процесін жүргізу;

      арнайы жабдықталған камераларда фотоэмульсияларды сақтау;

      химикаттарды алу, орамын ашу, оларды өлшеу және мөлшерлеу;

      бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен температуралы режимді және еріткіштерні дайындау процессінің ұзақтығын бақылау;

      дайын еріткіштерлерді фильтрлау және термостаттау, фотоэмульсияны қабылдау және оларды сортына, партиясына, нөмірлеріне байланысты қабылдау, сынамаларды іріктеу;

      сақтау кезінде фотоэмульсияның жағдайын, түсіп жатқан эмульсиялардың партиясының паспортын тексеру;

      технологиялық процесті жүргізу, фотоэмульсияларды нөмірі және партиясы бойынша барлығын және қозғалысын есептеу;

      берілген рецептураға сәйкес фотоэмульсияны мөлшерлеуге қатысу.

      275. Білуге тиіс:

      фотоэмульсияларды дайындаудың технологиялық схемасын, ерітінділерді дайындау рецептурасы мен процесін;

      қолданылатын химиялық реагенттердің физика-химиялық қасиеттері мен мақсатын;

      фотоэмульсиялардың қасиеттерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын және жұмыс істеу принципін.

129-параграф. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы, 4-разряд

      276. Жұмыс сипаттамасы:.

      еріткіштерлерді, компоненттерді және суда еритін қоспаларды фотоэмульсияны синтездеу үшін әзірлеу, мөлшерлеу технологиялық процесін жүргізу;

      фотоэмульсияны сақтау, сәулегесезгіш фотоэмульсияларды құю кезінде қоспаларды қосу;

      химиялы реагенттердің техникалы талаптарға сәйкес екендігін тексеру;

      асылмаларды және жасалып жатқан еріткіштерлер мен қоспаларды есептеу;

      талдау үшін сынамаларды іріктеу;

      дайын фотоэмульсияларды қабылдау, оларды сорты, партиясы және нөмірі бойынша қабылдау;

      сақтаудың бекітілген термогигрометрикалы режимін сақтау және қолдау;

      фотоэмульсияларды есептеу, мөлшерлеу және шығару;

      сақтау камералары үшін ауа баптағыштарды дайындау және қосу;

      фотоэмульсияны әр атауы үшін жарық техникалық режимді сақтау.

      277. Білуге тиіс:

      барлық атаулы фотоэмульсия еріткіштерлерін дайындау технологиялық схемасын;

      фотоэмульсиялардың, қолданылып жатқан химикаттардың физика-химиялық қасиеттерін;

      фотоэмульсиялардың фотографиялық сипаттамаларын, оларды сақтау қағидаларын;

      жарық-техникалық режимін, қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принципін.

130-параграф. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы, 5-разряд

      278. Жұмыс сипаттамасы:

      метанолды, этанолды және ацетанолды бояулар еріткіштерндісін дайындау және түрлі-түсті компоненттерді құюға дайындау барысында фотоэмульсияға кіргізу үшін технологиялық процесті жүргізу;

      қоспалар асылмасын және бояуларды есептеу;

      бояуларды және түрлі-түсті компоненттерді аналитикалы таразыда өлшеу, оларды паста түрінде немесе спиртті еріткіштер ретінде дайындау;

      температуралы режимді және еріткіштерлерді және қоспаларды әзірлеу ұзақтығын реттеу;

      дайын еріткіштерлерді фильтрлеу;

      талдау үшін сынамаларды іріктеу;

      берілген мөлшерге дейін еріткіштер концентрациясын жеткізу;

      дайын еріткіштерлерді, сублимирлеуші қоспаларды фотоэмульсияны құюға дайындау операциясына жіберу;

      қолданылып жатқан химиялы реагенттердің стандартқа сәйкес екенін тексеру;

      жолдама заң белгілерді және өндіріс журналын толтыру;

      қолданылып жатқан шикізаттың және химикаттардың шығының есептеу;

      біліктілігі төмен фотоэмульсияларды құю және әзірлеу аппаратшы-мөлшерлеушілерді басқару.

      279. Білуге тиіс:

      сенсибилизирлайтын қоспаларды енгізу кезінде фотоэмульсияда жүретін химиялық процесін;

      фотоэмульсияларға қойылатын физикалық-химиялық қасиеттерін, техникалық талаптар және олардың мақсатын;

      қоспа және еріткіштерлерді дайындау рецептурасын және процесін;

      улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысын, жұмыс істеу принципін;

      қолданылып жатқан шикізаттарға және улыхимикаттардан талап етілетін техникалық шарттар мен стандарттарды.

131-параграф. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 2-разряд

      280. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофотопленкалар мен фотопластинкаларды суару процесінде: эмульсиялық-суару агрегаттарының кептіргіштерінде фотоматериалдардың барлық түржиынын фотоэмульсияларды кептіру, тар суару машиналарында фотоқағаздарды және кинофотопленкаларды өз бетінше орау және біліктілігі анағұрлым жоғары фотоэмульсияларды кең суару машиналарында аппаратшы-суарушының басшылығымен кинофотопленка мен фотоқағазды орау жекелеген жұмыстарды орындау;

      фестоно-өңдеу механизмінің жұмысын бақылау, тартып алынған жүк көліктерін ілу және алу;

      қолмен арбаларды жеткізу, фото-негіздерді орау, тасымалдау, ауаны сүзу үшін сүзгілерді жасау;

      пленканың созылуын, транспортердің жұмысын, үздіксіз қозғалатын кинофотоматериалдар фестондарының жағдайын бақылау;

      фестон таяқшаларын, тартатын жүк көліктерін жеткізу, жарамдылығын және тазалығын тексеру, таяқтарды фестон түзгіштерге салу, таяқтарды беру жартылай автоматының жұмысын бақылау, суару агрегатына қызмет көрсету, орау жылдамдығын реттеу, пленканың тартылуын және орау сапасын бақылау;

      қайта тиеу арбасынсыз қайта толтыруға қатысу;

      оралған осьтерді алдын ала ораумен қоймаға тасымалдау, суару машинасын тазалау, жуу.

      281. Білуге тиіс:

      киноматериалдарды орау және тасымалдау қағидаларын;

      кинофотопленкалардың негізіне қойылатын техникалық шарттарын, физикалық-химиялық қасиеттерін;

      электркөтергіштерді эксплуатациялау қағидаларын;

      таяқтарды түсіруге арналған орауыш агрегат пен механизмнің жұмыс істеу принципін.

132-параграф. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 3-разряд

      282. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары фотоэмульсияны құюшы-аппаратшының басшылығымен кинофотопленканы және фотопластинкаларды құю технологиялық процесін жүргізу;

      эмульсия-суару агрегаттарын кептіргіштерде фотоматериалдардың барлық түржиыны фотоэмульсияларының қабаттарын кептіру, фотоэмульсияларды суарғаннан және өнімділігі жоғары кең суару машиналарында кептіргеннен кейін кинофотопленкаларды орау процесін жүргізу;

      кептіру аймақтарында термогигрометриялық режимді, фестондарды орау, тегістеу және желімдеу жылдамдығын, кейіннен өңдеуге жүк электр көтергіштеріне фотопластинкаларды беруді, суару нөмірлері, сұрыптары мен форматтары бойынша өнімді есепке алуды қамтамасыз ету;

      кинофотопленканы қайта тиеу арбасынсыз катушкаларға салу;

      орау, жылдамдығын және суару машиналары жұмысының синхрондылығын реттеу;

      эмульсия негізінің тартылуын, суару және орау сапасын, таяқтарды түсіруге арналған механизмнің жұмысын бақылау.

      283. Білуге тиіс:

      фотоматериалдарды суару, кептіру, орау технологиялық процесінің мәнін мен режимін;

      кинофотоматериалдардың әртүрлі сорттарына арналған жарықтехникалық режимін;

      көлік механизмдерінің, қолданылатын бақылау-өлшеу және тіркеу аспаптарының жұмыс істеу принципін және пайдалану қағидаларын.

133-параграф. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      284. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары фотоэмульсияны құюшы-аппаратшының басшылығымен кинофотопленкаларды, техникалық пленкаларды, фотоқағаздарды, фотопластинкаларды технологиялық процесті жүргізу немесе екінші құйылым қалпақшасында фотоэмульсияны құю процесін өзеркімен жүргізу;

      шағын суару машиналарында позитивтік фотоматериалдар мен ядролық зерттеулерге арналған материалдарды кептіру процесін жүргізу;

      кептіру тоннеліне, эмульсия - суару агрегатының кептіру камераларына қызмет көрсету;

      құятын тораптарды және құйылымды ламинирлеу тораптарын дайындау;

      суару машиналарына фото негіз, ламинатор - қорғау материалын салу;

      суару жылдамдығына байланысты фотоэмульсия мен фотосезімтал композицияның қажетті мөлшерін есептеу;

      эмульсиялы қабаттың және жарықсезгіш композицияның физика-химиялық парамертлерін бақылау;

      кинофотонегіздің тасымалдайтын құрылғыларының жұмыстарын мерзімді тексеру;

      эмульсия-суару машинасының әртүрлі аймақтарындағы термогигрометриялық режимді, катен ерітіндісінің концентрациясын, берілетін ауаның мөлшерін, ауа баптау камераларының жұмыс режимін бақылау және реттеу;

      зертханалы талдауға алынатын сынамаларды іріктеу;

      біліктілігі төмен фотоэмульсияня құюшы-аппаратшыларды басқару;

      суару машинасын профилактикалық тексеру.

      285. Білуге тиіс:

      фото-негіздерді суару мен кептірудің технологиялық процесін, кинофотопленка, фотоқағаз және техникалық пленка өндірісінің схемасын;

      фотоқағаздарды және техпленкаларды, кинофотопленкалардың физика-химиялық қасиеттерін;

      суару машинасы тораптарының құрылысын және жұмыс істеу принципін.

134-параграф. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      286. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофотопленкалардың барлық ассортиментінің құю технологиялы процесін, енді құю машиналарының қалпақшасының екінші жартысындағы техпленкаларды немесе фотоқағаздарды, фотопластинкаларды және техпластинкаларды экструдердің негізгі қалпақшасында құю барысында технологиялық процесті жүргізу;

      эмульсияның, жарыққа сезімтал композицияның және қосымша ерітінділердің шығынын есептеу;

      желімдеу орнын айдау, эмульсия бетінен ауа көпіршіктерін алып тастау;

      жарықсезгіш композициялардың құятын қабаттарының біркелкілігін және қалыңдығын, бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен құюдың белгіленген жылдамдығын температуралы режимін реттеу;

      құюдың және ламинаттаудың сапасын бақылау;

      эмульсиялы қабаттың, кептірудің сапасын, пленканың ылғалдану дәрежесін, фотоқағаздың төзімділігін анықтау;

      дефектоскоптың, корректорлардың, вакуум-рольгангтың жұмысын, пленканың және "ауа жастықтарындағы" фотоқағаздың орналасуын н бақылау;

      ауаны фильтрлау камераларының, қиыстырмалы-созылатын каналдардың, ауажібергіштердің жағдайын және жұмыстарын бақылау;

      фотоэмульсияның құйылу жылдамдығына байланысты транспортердің қозғалысының жылдамдығын түзету;

      біліктілігі төмен фотоэмульсияны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару.

      287. Білуге тиіс:

      фотоэмульсияны кептіру және құю технологиялық схемасын;

      кинофотопленкалардың, техпленкалардың, фотоэмульсиялардың қорғаныс және жиектенуге қарсы қабаттардың физика-химиялық және фотографиялық қасиеттерін;

      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының, автоматиканың, кептіретін туннельдердің, фильтрлы және салқындатқыш құрылғылардың құрылымын және жұмыс істеу принципін.

135-параграф. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      288. Жұмыс сипаттамасы:

      қарқынды жұмыс істейтін суару машиналарында кинофотопленкалардың, техникалық пленкалардың, түсті және техникалық фотоқағаздар мен фотопластинкалардың барлық ассортиментін көп қабатты суарудың технологиялық процесін жүргізу;

      жеткізу және құйылған негіздерді және бариттітөс етегті қоймаға жеткізу автоматты желісін басқару;

      фотоэмульсияның барлық ассортиментінің құю жылдамдығын, жарықсезгіш композицияның қажетті санын есепке алу және түзету;

      суару машиналарының тораптарын суаруға дайындау, машинаны фото-негізмен толтыру, желімдеу орнын айдау;

      құйылымның және ламинаттаудың сапасын бақылау;

      құятын машинаның бөлек тораптарының жылдамдығын ілестіру;

      эмульсиялы қабаттарды кептірудің термогигрометрикалы режимін, жарықсезгіш композициялардың және ламинаттау процесін бақылау;

      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратураға және коммуникацияға қарапайым жөндеу жұмыстарын орындау;

      біліктілігі төмен фотоэмульсияны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару.

      289. Білуге тиіс:

      фотоэмульсияны құю технологиялық процесін;

      кинофотоматериалдардың фотохимиялық және фотографиялық қасиеттерін;

      құятын машиналардың тораптарының, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмыс істеу принципін.

      290. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

136-параграф. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 2-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотүсіретін жарықфильтрларды дайындау бойынша: жуу, сүрту және өлшемі, қалыңдығы және жуан ақаулары бойынша жарықфильтрларды құю үшін шыныларды жарамсыз деп тану дайындау операцияларын орындау;

      жапсырылған және кептірілген: органикалы еріткіштердің көмегімен жарықфильтрларды бальзамның ағуынан тазарту, тазартылған жарықфильтрларды жуу, жиектеу станоктарында периметрі бойынша жиектейтін қағаздарды жолақтарға жиектеу және сүрту жарықфильтрларды өңдеу;

      жиектелген жарықфильтрларды жуу және сүрту;

      дайын өнімді орау және таңбалау;

      қағазбен рамкаларды оған аэрографиялы тәсілдермен бояудың ерітінділерін жағу үшін бейтарап-сұр шкалаларды дайындау.

      292. Білуге тиіс:

      түсірілім жарықфильтрлардың шыны әзірлемелерін жуу және тазарту бойынша жұмыстарды орындау, дайын өнімді өңдеу, орау және таңбалау қағидаларын;

      электрожылытқыш құралдармен жұмыс жасау қағидаларын;

      бейтарап-сұр шкалаларды өндіруде қағазды дайындау тәсілдерін;

      органикалы еріткіштердің қасиеттерін.

137-параграф. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 3-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы:

      толассыз жұмыс жасайтын біркюветті құятын машиналарда фотоматериалдардың әртүрлеріне лак ерітінділерін құю технологиялық процесін жүргізу;

      кинофотопленкаларды өндіруде қолданылатын жарықфильтрлардың ассортиментін дайындау;

      біркюветті құятын машинаға лакты тиеуді реттеу, оған фотоматериалды салу және құю процессін бақылау;

      қызмет көрсетіп жатқан құятын машинаға жіберу және оған бір-бірлеп қабатталған фотошыныны салу;

      ерітіндіні құятын мөлшерлейтін құрылғыға тиеу және оны фотошыныға жағу процесін бақылау;

      жарықфильтрларды алдын-ала кептіру, дайын өнімді машинадан түсіру.

      294. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетіліп жатқан құятын машиналарың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      фотоматериалдардың физика-химиялық қасиеттерін;

      жарықфильтрларды құю және кептіру технологиялық процесін;

      жарықфильтрлардың стандарттарын және техникалық шарттарын.

138-параграф. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 4-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы:

      толассыз жұмыс жасайтын көпкюветті құятын машиналада фотоматериалдардың әртүрлеріне лак ерітінділерін құю технологиялық процесін жүргізу;

      16 және 35-миллиметрлі фильмкөшірмелеріне ферромагнитті жолдарға және көпкюветті құятын машиналарға өңделмеген пленкаларды құю;

      біртекті түсіретін жарықфильтрларды ашық тәсілмен құю;

      түзететін, коррекциялы және зертханалық жарықфильтрларды құю;

      фотоматериалдарды құю және кептірудің оңтайлы режимдерін таңдау;

      құюдың жылдамдығына байланысты кюветтерге лакты ерітінділердің түсуін реттеу;

      құю процессінде магнитті жолдардың құйылу қалыңдықтарын және берілген параметрлерді бақылау;

      фотошыныға және фотоқағазға бояулардың ерітінділерін бояушашқыштардың көмегімен жағу және оларды кептіру;

      эталонды үлгілер бойынша бейтарап-сұр шкалаларды дайындау;

      орайтын жарықфильтрларды жапсыру;

      түрлі-түсті денситометрде, спектродензографта, спектофотометрде жарықфильтрларды тексеру;

      жарықфильтрларды белсенділікке бақылау.

      296. Білуге тиіс:

      құятын машиналардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын және жұмыс істеу принципін;

      фильмкөшірмесін дайындау технологиялық процесін;

      жарықфильтрларды құюға арналған қорлы сулы және жеатинді бояулардың ерітінділерін дайындаудың технологиясын және рецептурасын;

      бейтарап сұр-шкалаларды дайындауда жұмыс технологиясын және қағидаларын, жарықтехника негіздерін;

      өңделіп жатқан өнімнің стандарттарын және техникалық шарттарын.

139-параграф. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 5-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      магнитті жолдарды фильмкөшірмелерінде құю және арнайы машиналарда, кинотүсіретін және көлеңкеленген жарықфильтрларында өңделмеген пленканы құю технологиялық процесін жүргізу;

      бақылау-өлшеу құрылғыларының және эталонның көмегімен құюдың берілген қалыңдығын орнату және реттеу;

      талап етілетін режимдерді таңдау және орнату;

      берілген спектрофотометриялық сипаттама бойынша көлеңкеленген түсіру жарық сүзгілерін суару үшін бояғыштардың су және желатинді ерітінділерінің рецептурасын жасау және дайындау;

      күрделі жарықфильтрларды: бейтарап-сұр және түрлі-түсті мәжбүрлеп құю тәсілімен, желатинді боялған пленкаларды (фолия) дайындау;

      желатинді илеу тәсілімен жұмсартатын диффузиялы фильтрларды дайындау.

      298. Білуге тиіс:

      пленканы, көлеңкелі және күрделі жарықфильтрларды өңдеу және дайындау технологиясын;

      қолданылатын ерітінділер және олардың пленкаға әсер етуін;

      хромирленген желатинмен жұмыс істеу технологиясын, электротехника негіздерін;

      қолданылатын материалдар мен дайын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттарын.

140-параграф. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 6-разряд

      299. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотүсірілім және өзгелер жарықфильтрларды құю технологиялық процесін жүргізу;

      кинооператормен өңделген эскиздер бойынша күрделі түсірілім жарықфильтрлеріне есептеу және дайындау;

      анилинді бояуларға спектрофотометрикалы және физикалы сынақ жүргізу және сынақ журналын жүргізу;

      жарықфильтрлардың рецептурасын басқа партиялардың бояуларынының өзгеруімен және өзге спектрофотометрикалы сипаттамаға байланысты түзету;

      спектродензографтың шағылысқан жарығында, әмбебап фотометрде және фотоэлектрикалы спектрофотометре өлшемдерді жүргізу;

      жарықфотометрлерге, жаңа рецептураларды бөлшектеу және жарықфильтрлардың түрлеріне сынама құюларды жүргізу;

      диффузиялық жарық сүзгілерін аэрографиялық тәсілмен, түсті бақылау шкалаларын, кинофотоматериалдардың сапасын анықтау бағдарламаларын және кинотүсірілім аппаратурасының, оптиканың және ғылыми-зерттеу зертханаларының жұмысын анықтауға арналған күрделі бағдарламаларды жасау;

      кинотүсірілім оптикасы мен ғылыми-зерттеу зертханаларының өзге де аппаратурасының жұмыс сапасын тексеру кезінде шағылысқан және өтетін жарықта жұмыс жүргізу үшін сынақ радиалды және анаморфотты мирларын дайындау;

      интерфереционды жарықфильтрларын іріктеу және жапсыру.

      300. Білуге тиіс:

      түсті кинофотоматериалдарды түсіру және өңдеу, кинофотототүсірілім және өзге де жарық сүзгілерінің әртүрлі түрлерін жасау технологиясын;

      кинофотоматериалтану, оптика, фотохимия және түстану негіздерін;

      зертханалы жұмыстардың техникасын, кинотүсіру техникасының негіздерін.

      301. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

141-параграф. Электролизершы, 3-разряд

      302. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары электролизершының басшылығымен өңделген фиксаждың күміс құрамдас ерітіндісінен күмісті регенерациялау, жуылатын сулардан электролиз тәсілімен, келесі орталықфигуралаумен электролитті өң беру бойынша бөлек операцияларды жүргізу;

      ванналарға электролиз және электролитті өң берушіні құю;

      күмістің бар екенін анықтау үшін үлгілерді алу;

      электролиз ванналарынан пайдаланылған фиксаждың құрамдас бактарына құю және құрамында күмісі бар суспензияны центрифуганың қысымды багына айдау;

      металлды және күкіртті күмісті үгіту, орау.

      303. Білуге тиіс:

      электролиз және электролитті өң берудің технологиялық процесін;

      коммуникация схемасын;

      сынамаларды алу қағидаларын;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымын.

142-параграф. Электролизершы, 4-разряд

      304. Жұмыс сипаттамасы:

      өңделген фиксаждың құрамында күмісі бар ерітінділерінен, жуу суларынан күмісті электролиз, электролиттік күкірттеу әдістерімен, кейіннен центрифугалау және өзге де әдістермен регенерациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

      электролиз режимін орнату, электролиздің барысын және құрамында күмісі бар фиксаждың түсуін, фиксаж бен құрамында күмісі бар судың күкірттенуін бақылау;

      құрамында күмісі бар суспензиядан күкіртті күмісті алу, күкіртті күмісті кептіру;

      ванналар катодтарынан металл күмісті алу, өлшеу және металл және күкірт күмісін қоймаға жіберу.

      305. Білуге тиіс:

      күмісті регенерациялау технологиялық процесін;

      электролизды және өң беретін ванналардың жұмыс істеу режимдерін;

      күмісқұрамдас қалдықтарды және күмісті есепке алу және сақтау қағидаларын.

143-параграф. Электролизершы, 5-разряд

      306. Жұмыс сипаттамасы:

      күмістің концентрациясын бақылаудың және электрмен қоректендіру параметрлерін реттеудің дистанциялық автоматты құрылғылары бар автоматтандырылған қондырғыларда әртүрлі химиялық құрамның құрамында күмісі бар өңделген фиксациялайтын ерітінділерден күмісті регенерациялаудың технологиялық процесін жүргізу;

      экспресс-талдау тәсілдерімен ерітінділерде күмістің барын анықтау;

      электролиз процесінде күмісқұрамдас ерітінділерді жіберу жүйесін және автоматтандырылған мөлшерлейтін құрылғылардың жұмысын бақылау;

      күмісқұрамдас тұнбаларды өлшеу және орау;

      кептіру құрылғыларының жұмысын бақылау;

      қайтадан талдау үшін бекітетін ерітінділерді регенерациялау;

      күмістің алғашқы есебін жүргізу.

      307. Білуге тиіс:

      электролитті және электрохимиялы тұнба тәсілдерімен регенерациялау технологиялық процесін;

      регенерация кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының құрылысын;

      ерітінділерде күмістің барын бақылау тәсілдерін;

      күмісқұрамдас қалдықтарды сақтау қағидаларын;

      электротехника және электрохимия негіздерін;

      күмісті алғашқы есептеу бойынша нұсқаулық құжатнамасын.

144-параграф. Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші, 2-разряд

      308. Жұмыс сипаттамасы:

      эмульсияланбаған пленкалардың негізіне арналған осьтерді кесу машинасына жеткізу және машинаның тарқату торабына орнату;

      машинаға негіз құюға қатысу, орайтын құрылғыға катушкалар мен бобиналарды орнату, дайын бұйымдарды алу және оларды орауға тасымалдау;

      буып-түю материалдарын дайындау, негізді буып-түю, оны тығыз фиксациясы бар жәшіктерге салу, жәшікті жабу және оны таңбалау;

      кесетін машиналарды профилактикалы баптауға қатысу.

      309. Білуге тиіс:

      негіздердің физика-химиялық қасиеттерін;

      кесетін машинаның тораптарының әрекеттесуін;

      кесілудің және ораудың сапасына қойылатын талаптарын.

145-параграф. Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші, 3-разряд

      310. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі конструкциялы кесетін машиналарда эмульсияланбаған пленкалардың негіздерінің рулондарын кесу, негізді біліктерді кесуге және орауға дайындау, негізді кесу бөлмесінде термогигрометрлі режимді реттеу, кесу форматын пышақтардың орнын ауыстыру тәсілімен орнату;

      орайтын тораптарға біліктерді орнату және кесетін машиналарға негізді тиеу, орайтын тораптарды зарядтау, машинаны қосу, кесетін машинаға негізді қою және созу жылдамдығын реттеу;

      кесетін машинаның жұмысын бақылау және негізді оны орау және кесу процесінде визитаждау, дайын өнімді орайтын тораптан келесі операцияға жіберу үшін және орау үшін шешіп алу;

      біліктілігі төмен эмульсияланбаған пленкаларды кесушілерге басшылық жасау.

      311. Білуге тиіс:

      негіздердің физика-механикалық қасиеттерін;

      барлық сорттардың негізі үшін стандарттар мен техникалық шарттарын;

      кесу машиналарын реттеу қағидаларын, негізді кесу және қайта орау тәсілдерін.

3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

      312. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (32-шығарылым) БТБА-ға қосымшада көрсетілген.

  Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығының
(32-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с №

Кәсіптің атауы

Разрядтар диапазоны

Беті

1.

Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы

3-4

3

2.

Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор

7-8

4

3.

Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы

4-5

6

4.

Ақуызды қабықшаларды өлшеуші

3

7

5.

Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы

3-4

7

6.

Бастапқы материалдарды дайындаушы

1-5

8

7.

Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы

3; 5

11

8.

Бутафоль пленкасын кептіруші

3-4

12

9.

Вагонетші

2-3

13

10.

Гидротипті өндіріс машинисі

3-6

14

11.

Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы

2-5

16

12.

Желатиндеу аппаратшысы

2-5

18

13.

Калибрлеу аппаратшысы

2-4

21

14.

Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы

4-5

22

15.

Кинопленкаларды айқындаушы

2-6

24

16.

Кинофотоматериалдарды дайындаушы

2-6

26

17.

Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы

2-6

30

18.

Коллагенді массаны құраушы

4-5

34

19.

Контролер-визитажшы

3-4

35

20.

Күлге айналдыру аппаратшысы

3-6

36

21.

Қалыптайтын машинаның машинисі

5

39

22.

Құйылған шыныны және фотопластинканы түсіруші

3-4

39

23.

Құятын машинаға шыныны төсеуші

2

40

24.

Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы

2-6

41

25.

Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы

3-5

44

26.

Магнитты ленталарды құйып алушы-аппаратшы

2-6

46

27.

Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы

4-6

49

28.

Магнитті ленталарды кесуші

2; 4

50

29.

Магнитті ленталарды перфораторлаушы

2-3

51

30.

Майтазарту аппаратшысы

3-4

52

31.

"Момент" фотожинағының монтажшысы

3-4

53

32.

Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы

2-6

54

33.

Синтетикалы бояуларды өндіруші аппаратшы

2-6

57

34.

Тоқыма автоматтарының автоматшысы

3-4

59

35.

Түзететін жарықфильтрларды мөрлеуші

2

60

36.

Түсті және жарықты қоюшы

3-8

61

37.

Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы

3-4

64

38.

Фильм көшірмелерін жинақтаушы

2-4

65

39.

Фильм материалдарын көшіруші

3-8

67

40.

Фильм материалдарын қалпына келтіруші

2-7

70

41.

Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы

3-5

74

42.

Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы

3-5

76

43.

Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы

2-6

78

44.

Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы

2-6

82

45.

Электролизершы

3-5

86

46.

Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші

2-3

87


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады