Квазимемлекеттік сектордың 2021 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қарашада № 21607 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2021 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 5 қарашасы
№ 84 Бұйрықпен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың 2021 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

Р/с №

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары*

1

2

3

4

1

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

7 104 761

16 916

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

2 173 100

5 174

3

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

1 499

4

4

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы

-

-

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 420 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады