"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-7) тармақшасына, "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының 24-тармағы 5-бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет, спорт және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 234 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21119 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 24 тамызда эдектронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"
2 | В021 | Орындаушылық өнер | 100 | 49 | 149 |
"; |
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"
5 | В024 | Өнертану | 7 | 2 | 9 |
"; |
8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"
8 | В027 | Театр өнері | 32 | 8 | 40 |
"; |
12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"
12 | В039 | Мәдениеттану | 0 | 0 | 0 |
"; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
"Магистратура" 1 бөлімі келесі редакцияда жазылсын:
"
Бөлім 1. Магистратура | |||
Бөлімше 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
1 | М006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | 2 |
2 | М022 | Музыкатану | 3 |
3 | М023 | Аспаптық орындаушылық | 9 |
4 | М024 | Вокалдық өнер | 2 |
5 | М025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | 5 |
6 | М026 | Композиция | 2 |
7 | М027 | Дирижирлеу | 2 |
8 | М028 | Режиссура | 4 |
9 | М029 | Театр өнері | 1 |
10 | М030 | Эстрада өнері | 1 |
11 | М032 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | 1 |
12 | М033 | Бейнелеу өнері | 4 |
13 | М034 | Өнертану | 3 |
14 | М037 | Арт-менеджмент | 1 |
15 | Барлығы | 40 | |
Бөлім 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
16 | М025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | 5 |
17 | М028 | Режиссура | 5 |
18 | М029 | Театр өнері | 7 |
19 | М030 | Эстрада өнері | 5 |
20 | М031 | Хореография | 2 |
21 | М032 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | 5 |
22 | М033 | Бейнелеу өнері | 10 |
23 | М034 | Өнертану | 8 |
24 | М035 | Сән, дизайн | 1 |
25 | М037 | Арт-менеджмент | 5 |
26 | Барлығы | 53 | |
Бөлімше 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
27 | М022 | Музыкатану | 2 |
28 | М023 | Аспаптық орындаушылық | 14 |
29 | М024 | Вокалдық өнер | 4 |
30 | М025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | 9 |
31 | М026 | Композиция | 1 |
32 | М027 | Дирижирлеу | 5 |
33 | Барлығы | 35 | |
Бөлімше 4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | |||
34 | М031 | Хореография | 3 |
35 | М034 | Өнертану | 2 |
36 | М037 | Арт-менеджмент | 3 |
37 | Барлығы | 8 | |
38 | Қорытынды | 136 |
". |
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |