"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 624 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қарашада № 21624 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17226 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 11 қарашасы
№ 624 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 2 шілдедегі
№ 442 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Сыныптық біліктілікті айқындау ҚР ҚК әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беруді, растауды және төмендетуді қамтиды.

      3. Сыныптық біліктілік әскери қызметшінің атқаратын әскери лауазымына сәйкес қол жеткізген кәсіби деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және оқу жылының қорытынды тексеру нәтижелері бойынша беріледі (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда).

      4. Сыныптық біліктілікті айқындау ҚР ҚК әрбір әскери қызметшісінің (бұдан әрі – әскери қызметшілер) кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

      5. ҚР ҚК-да мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі:

      1) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер мен авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жерүсті авиациялық мамандарынан басқа):

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)";

      2) ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "ұшқыш (штурман) – мерген";

      3) авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша авиациялық жерүсті мамандары лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге:

      "3-сыныпты маман";

      "2-сыныпты маман";

      "1-сыныпты маман";

      "тәлімгер (шебер)";

      4) әскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне және ҚР ҚК қатарында сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарында әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, "3-сыныпты маман".

      6. "3-сыныпты маман", "2-сыныпты маман", "1-сыныпты маман", "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "тәлімгер (шебер)", "ұшқыш (штурман)" – мерген" сыныптық біліктілігін беруді, растауды және төмендетуді мыналар жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, бас басқармаларының, орталықтарының бастықтарына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтарына;

      2) бас басқармалардың бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, орталықтардың, әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлері (бастықтары) – бағынысты әскери қызметшілерге.

      7. ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы мен бастықтарына, ҚК бас басқармаларының бастықтарына, әскер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығына, сыныптық біліктілікті айқындау үшін Жоғары біліктілік комиссиясы тағайындалады. Жоғары біліктілік комиссиясының отырысына сыныптық біліктілік беру туралы материалдарды дайындауды және ұсынуды ҚР ҚК Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті жүзеге асырады. Жоғары біліктілік комиссиясының жұмыс тәртібі осы қағидалардың 3-тарауында айқындалған.

2-тарау. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету тәртібі

      8. Әскери қызметшілерге (ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа) сыныптық біліктілікті беру мынадай кезектілікпен жүргізіледі: "3-сыныпты маман", "2-сыныпты маман", "1-сыныпты маман", "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)" ("тәлімгер (шебер)").

      Сыныптық біліктілікті беру қорытынды тексеру (әскери оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау) нәтижелері бойынша жүргізіледі:

      1) "3-сыныпты маман" – әскери қызмет өткерудің барлық кезеңіне беріледі;

      2) "2-сыныпты маман" – кезекті берілгеннен кейін бір оқу жылы өткен соң;

      3) "1-сыныпты маман" – кезекті берілгеннен кейін екі оқу жылы өткен соң;

      4) "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "тәлімгер (шебер)" – кезекті берілгеннен кейін үш оқу жылы өткен соң.

      Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету осы қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің корабльдерінде (кемелерінде) немесе құрамасының (бөлімінің) қолбасшылығы (командир, штаб бастығы, командирдің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары) лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету мынадай болып жүргізіледі:

      1) кұрама (бөлім) қолбасшылығы үшін, құраманы (бөлімді) және құрама (бөлім) құрамында болатын барлық жобалардың кораблін (кемесін) дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;

      2) корабль (кеме) командирлері және командирдің аға көмекшілері (көмекшілері) үшін, корабльді (кемені) дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;

      3) жауынгерлік бөлім (топ) командирлері, корабль (кеме) старшиналары, команда старшиналары, бөлімше старшиналары үшін, бөлімшені дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;

      4) боцмандар мен техниктер үшін, өз жұмыс орнына дербес қызмет көрсетуге және лауазымын атқаруға рұқсат алғаннан кейін.

      Сыныптық біліктілігі бар және әскери-есептік мамандығын өзгертумен әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады. Кейіннен бар сыныптық біліктілікке сүйене отырып, осы қағидалардың 15 және 50-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілерді қоспағанда, осы қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындалады.

      9. Өкімде тұрған, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған әскери қызметшілердің, жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болған әскери қызметші әйелдердің сыныптық біліктілігі лауазымға тағайындалған, демалыс аяқталған кезде күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады.

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің әскери оқу орнында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын әскери қызметшілердің берілген сыныптық біліктілігі барлық оқу кезеңінде және оқу аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады.

      Баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстан келген әскери қызметшілердің, жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болған, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің әскери оқу орнында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын әскери қызметші әйелдердің сыныптық біліктілігі қорытынды тексеру жүргізілгеннен кейін келесі күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады.

      Әскери қызметшінің демалыста, қызметтік іссапарда, емделуде болу себебінен қорытынды тексеруге қатысуы мүмкін болмаған жағдайда оған берілген сыныптық біліктілік осы негіздер тоқтатылғанға дейін сақталады. Жоғарыда көрсетілген негіздер аяқталғаннан кейін әскери қызметшінің сыныптық біліктілігін айқындау мақсатында командир (бастық) осы қағидалардың талаптарына сәйкес тиісті бұйрықтар шығарумен ағымдағы жылдың соңына дейін үш реттен астам емес және келесі жылы екі айда бір рет бақылау сабақтарын қосымша ұйымдастырады.

      Қорытынды тексеруден өткен, бірақ жаңа қызмет орнына ауысу себебінен командирдің (бастықтың) бұйрығына қосылмаған әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік әскери қызметшінің жаңа қызмет орны бойынша біліктілік комиссиясының қорытындысы негізінде әскери қызметші ұсынған елтаңбалы мөрмен куәландырылған қорытынды тексерудің бақылау сабақтары нәтижелерінің жиынтық бағалау ведомосын қарағаннан кейін әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен беріледі, расталады немесе төмендетіледі.

      10. Қорытынды тексеру жүргізу уақытында жыл сайынғы медициналық тексеру нәтижелері бойынша немесе емделуден кейін емдік дене шынықтыру тобына енгізілген, ол үшін емдік дене шынықтыру жаттығулары ұсынылған әскери қызметшілер "дене шынықтыру дайындығы" оқу пәні бойынша бағаланбайды. Әскери қызметшінің сыныптық біліктілігін растау осы қағидаларда белгіленген қалған оқыту пәндерінің нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      11. Әскери қызмет міндеттерін орындаудан ішінара босатылуға мұқтаж әскери қызметші әйелдер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес "дене шынықтыру дайындығы", "саптық даярлық", "оқ ату даярлығы" оқыту пәндері бойынша қорытынды тексеруден өткен кезде бағаланбайды.

      Сыныптық біліктілікті растау осы қағидаларда белгіленген қалған оқыту пәндерінің нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      12. Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткерген әскери қызметшілердің ҚР ҚК-дағы әскери лауазымға тағайындаған кезде бар сыныптық біліктілігі кейіннен бар сыныптық біліктілікке сүйене отырып, осы қағидаларда белгіленген тәртіппен айқындаумен күнтізбелік жылдың соңына дейін сақталады.

      13. ҚР ҚК-дан шығарылған және келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі оқу жылындағы қорытынды тексеру нәтижелері бойынша расталады.

      14. Сыныптық біліктілікті растау:

      "2-сыныпты маман", "1-сыныпты маман" – жыл сайын;

      "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "тәлімгер (шебер)" – үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      15. Күнтізбелік есептеумен 25 және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар немесе 43 және одан да көп жасқа толған әскери қызметшілердің "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "тәлімгер (шебер)" сыныптық біліктілігі одан әрі растаусыз және оларды жыл сайынғы сыныптық біліктілікті айқындау жөніндегі бұйрыққа қосусыз әскери қызмет аяқталғанға дейін сақталады.

      16. Әскери қызметшілердің (ұшу әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа) даярлық деңгейі бақылау сабақтары барысында қорытынды тексеруді тапсыру (әскери оқу орындарында курсанттар мен кадеттерді қорытынды аттестаттау) кезінде айқындалады.

      Сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге бақылау сабақтары қорытынды тексеруге (әскери оқу орындарындағы курсанттар мен кадеттерді қорытынды аттестаттауға) шығарылатын оқыту пәндері бойынша әскери қызметшілердің теориялық және практикалық даярлығын тексеруді қамтиды.

      17. ҚР ҚК әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) қорытынды тексеруге белгіленген ҚР ҚК жауынгерлік даярлау бағдарламаларына (курстарына) сәйкес мынадай оқыту пәндері шығарылады:

      1) тактикалық (тактикалық-арнайы немесе арнайы) даярлық;

      2) саптық даярлық;

      3) оқ ату даярлығы (ату даярлығы);

      4) дене шынықтыру дайындығы;

      5) жалпыәскери жарғылар;

      6) мемлекеттік-құқықтық даярлық.

      18. ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚК бас басқармаларының, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының, жергілікті әскери басқару органдарының, орталықтардың, әскери оқу орындарының, әскери кафедралардың, ҚР ҚК түрлері бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының әскери қызметшілері үшін мынадай оқыту пәндері шығарылады:

      1) арнайы даярлық (құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігін ескере отырып);

      2) оқ ату даярлығы (ату даярлығы);

      3) дене шынықтыру дайындығы;

      4) жалпыәскери жарғылар;

      5) мемлекеттік-құқықтық даярлық.

      19. ҚР ҚК әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің практикалық дағдыларын және жауынгерлік қолдану жөніндегі міндеттерді орындай алуын тексеру жауынгерлік даярлық бағдарламаларында, оқ ату, жүргізу курстарында және жауынгерлік даярлық бойынша нормативтерде белгіленген оқу-жаттығу, сынақ және бақылау жаттығуларын орындау арқылы оқу-жаттығу полигондарында жүргізіледі.

      20. Кәсіби даярлық деңгейі бойынша әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі (ұшу әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа) мынадай болып айқындалады:

      1) "3-сыныпты маман" – барлық пәндерден "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес бағаланды;

      2) "2-сыныпты маман" – барлық тексерілген пәндерден "жақсы" деген бағадан төмен емес бағаланды;

      3) "1-сыныпты маман" – тексерілген пәндердің кемінде екеуінен, оның ішінде тактикалық (тактикалық-арнайы немесе арнайы) даярлықтан "өте жақсы", ал қалған пәндерден "жақсы" деген бағадан төмен емес бағаланды;

      4) "1-сыныпты маман – тәлімгер (шебер)", "тәлімгер (шебер)" – тексерілген пәндердің кемінде үшеуінен, оның ішінде тактикалық (тактикалық- арнайы немесе арнайы) даярлықтан "өте жақсы", ал қалған пәндерден "жақсы" деген бағадан төмен емес бағаланды.

      21. Егер әскери қызметші қорытынды тексеру (әскери оқу орындарындағы курсанттар мен кадеттерді қорытынды аттестаттау) барысында ең болмаса бір пән бойынша дәлелсіз себептермен бағаланбаған болса, әскери қызметшіге сыныптық біліктілікті беру, растау жүргізілмейді.

      22. Сыныптық біліктілікті бір сатыға төмендету осы қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады.

      23. Сыныптық біліктілікті төмендету бойынша шаралар қабылданған әскери қызметшілердің бір оқу жылы өткеннен кейін осы қағидаларда көзделген тәртіппен сыныптық біліктілік берілуге құқығы бар.

3-тарау. Біліктілік комиссияларының сыныптық біліктілікті айқындау бойынша жұмыс тәртібі

      24. Сыныптық біліктілікті айқындау үшін құрамында төраға, төрағаның орынбасары, кемінде үш мүше және хатшы бар комиссия құрылады. Комиссияның құрамы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығымен бекітіледі.

      25. Біліктілік комиссиясы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету материалдарын қарайды. Қажет болған жағдайда даярлық деңгейін (тапсырманы орындау сапасын) айқындау үшін қосымша мәліметтерді, оқу бағдарламаларын (курстарын) орындаудың есепке алу және есеп беру құжаттарын талап етеді. Жұмыс аяқталғаннан кейін осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету туралы акт (бұдан әрі – акт) жасалады.

      Актіге комиссия мүшелері қол қояды және ол комиссияны тағайындаған командирге (бастыққа) бекітуге ұсынылады. Акт бекітілгеннен кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін тиісті сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету құқығы берілген командирдің (бастықтың) сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету туралы бұйрығы шығарылады.

      26. Сыныптық біліктілікті беру туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15755 болып тіркелген) омырауға тағатын белгілерді табыс ету әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты жағдайда жүргізіледі.

      27. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету жөніндегі материалдар (акт, жиынтық бағалау ведомосы) тиісті әскери бөлімдердің (мекемелердің) штабтарында сақталады.

      28. Тиісті сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету туралы бұйрықтан үзінді әскери қызметшінің жеке ісіне қоса тігіледі.

4-тарау. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, растау және төмендету тәртібі

      29. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру "3-сыныпты маман" сыныптық біліктілігінен бастап реттілікпен жүргізіледі.

      Әскери қызметшілер қатарынан кезекті сыныптық біліктілікті беруге кандидатты күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық ұсынуға рұқсат етілмейді.

      30. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беру, төмендету құқығы мыналарға беріледі:

      1) "3-сыныпты маман" – әскери бөлім командиріне, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығына;

      2) "2-сыныпты маман" – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысына;

      3) "1-сыныпты маман", "ұшқыш (штурман) – мерген" – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына.

      Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге өткен күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша сыныптық біліктілікті растау құқығы ҚР ҚК әскери бөлімдерінің (мекемелерінің) командирлеріне (бастықтарына), бағынысты әскери қызметшілерге біліктілік комиссиясының актісі негізінде беріледі.

      31. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы басқармасының, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасына тікелей бағынысты бөлімдердің, сондай-ақ Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы береді.

      32. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі органының ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы береді.

      Біліктілік комиссиясының отырысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі органының ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беруге материалдарды дайындауды, ұсынуды және оны беру туралы бұйрық шығаруды ҚР ҚМ мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігін қадағалау департаменті жүзеге асырады. Біліктілік комиссиясының жұмыс тәртібі осы қағидалардың 3-тарауында белгіленген.

      33. Кезекті сыныптық біліктілікті беруге осы қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ұшқыштар мен штурмандарға сыныптық біліктілікті беруге арналған жағдайларына сәйкес мақсаты бойынша міндеттерді орындауға даярланған, осы қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген ұшқыштарға, штурмандарға арналған ең аз ұшу сағат нормаларын орындаған әскери қызметшілер ұсынылады.

      34. Ұшқыштар мен штурмандардың әуе кемесінің түріне, авиация тегіне және ұшудың параметрлеріне байланысты мақсаты бойынша міндеттерді орындауға әзірлігін айқындайтын жаттығулардың тізбесі Авиация тектерінің жауынгерлік (ұшу) даярлығы курсында (бұдан әрі – Курс) қамтылған.

      35. "3-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге, растауға теориялық білімін тексеруден барлық пәндерден "қанағаттанарлық" деген бағадан төмен емес бағамен өткен әскери қызметшілер ұсынылады.

      36. "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге, растауға теориялық білімін тексеруден "жақсы" деген бағадан төмен емес бағамен өткен әскери қызметшілер ұсынылады.

      37. "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беруге, растауға теориялық білімін тексеруден тексерілген пәндердің кемінде бесеуінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалғандары бойынша – "жақсы" деген бағадан төмен емес бағамен өткен әскери қызметшілер ұсынылады.

      38. "Ұшқыш (штурман) – мерген" сыныптық біліктілігін беруге теориялық білімін тексеруден тексерілген пәндердің кемінде алтауынан "өте жақсы" бағамен, ал қалғандары бойынша – "жақсы" деген бағадан төмен емес бағамен өткен әскери қызметшілер ұсынылады.

      39. Ұшқыштардың және штурмандардың ұшу даярлығы мен теориялық білімі деңгейінің сыныптық біліктілік беруге қойылатын шарттарға сәйкес келуі тексеру жүргізу арқылы айқындалады.

      40. Ұшу даярлығын тексеруді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидалары) талаптарына сәйкес сыныптық біліктілігі кандидат ұсынылғаннан және "2-сыныпты маман" біліктілігінен төмен емес ұшқыш құрамының адамдары тағайындалады.

      41. Ұшқыштардың, штурмандардың ұшу даярлығын тексеру:

      1) ұшқыштарды – ұшуды басқару техникасы және жауынгерлік қолдану (мақсаты бойынша қолдану) бойынша;

      2) штурмандарды – әуе навигациясы және жауынгерлік қолдану (мақсаты бойынша қолдану) бойынша жүргізіледі.

      42. Ұшу даярлығын тексеру ұшқыштарға, штурмандарға сыныптық біліктілік беруге арналған біліктілік талаптарына сәйкес келетін метеорологиялық жағдайларда жүзеге асырылады.

      43. Ұшу даярлығын бақылау тексеру бортында тексеруші адаммен бірге ұшуды орындаумен жүзеге асырылады, тексеруші адамдар көзбен шолып бақылау, Курс талаптарына сәйкес ұшу параметрлерін бағалау негізінде тиісті қорытынды береді.

      Егер тексеруші адамның әуе кемесінің бортында болуы мүмкін болмаған жағдайда, онда тексеру борттық немесе жерүсті объективті бақылау құралдарын пайдалана отырып, ұшу сапасын бағалаумен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тексеруші адамдар объективті бақылау құралдарын талдау, Курс талаптарына сәйкес ұшу параметрлерін бағалау негізінде тиісті қорытынды береді.

      44. Ұшу даярлығын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші кандидаттың сыныптық біліктілік беруге даярлық деңгейін бағалайды, ол туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысандағы кандидаттың ұшқыш кітапшасына тиісті жазба жасайды.

      45. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің теориялық білімін тексеру кезінде:

      1) авиациялық техника;

      2) әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулық (экипажға нұсқаулық);

      3) әуе кемесі типінің практикалық аэродинамикасы;

      4) ӘК бортындағы адамдарды құтқару және өмірін сақтау құралдары және оларды авариялық жағдайда қолдану;

      5) әуеайлақтың байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуде құралдарының тактикалық-техникалық деректері;

      6) авиациялық метеорология; 7) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін, ұшуды жүргізуді және ұшу даярлығын реттейтін құжаттар;

      8) мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы бекіткен әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты және авиациялық полигонның аэронавигациялық паспорты;

      9) шекара маңындағы жолақта ұшуды жүргізу шарттары бойынша білімдері тексеріледі.

      46. Ұшу даярлығын тексеру нәтижелері бойынша біліктілік комиссиясына осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данасы жолданады.

      47. Ұсынымға авиациялық бөлімнің мөрімен расталған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жоспарлы ұшу кестелерінен үзінділер;

      2) ауа райы бюллетенінің көшірмелері;

      3) ұшуды объективті бақылау материалдары.

      Тексеру нәтижелері бойынша ұсынымда әскери қызметшілер қатарынан кандидаттың даярлық деңгейінің сыныптық біліктілік беруге қойылатын талаптарына сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) туралы жазба жасалады және оң қорытынды жасалған жағдайда командир (бастық) сыныптық біліктілікті беру туралы қолдау көрсетеді.

      48. Ұсынымның бірінші данасы авиациялық бөлімнің штабында, екінші данасы сыныптық біліктілік беру туралы бұйрықтың шығарылған орны бойынша сақталады.

      49. Берілген сыныптық біліктілікті растау:

      1) "3-сыныпты маман" – жыл сайын;

      2) "2-сыныпты маман" – екі жылда бір рет;

      3) "1-сыныпты маман" – үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

      50. "Ұшқыш (штурман) – мерген" сыныптық біліктілігі расталмайды және қызмет өткерудің барлық кезеңіне беріледі.

      51. Сыныптық біліктілік ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге берілген жылы, сондай-ақ әуе кемесінің басқа түріне (модификациясына) қайта оқытып-үйретілген жылы ол ағымдағы жылы расталған болып саналады.

      52. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті растау бір жыл ішінде мынадай тексерулер жүргізу арқылы жүзеге асырылады:

      1) Курс талаптарына сәйкес ұшу даярлығы түрлері бойынша ұшуда;

      2) осы қағидалардың 45-тармағында көрсетілген оқыту пәндері бойынша териялық білімін.

      53. Денсаулық жағдайы бойынша ұшуға жіберілмеген ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік тек оқыту пәндері бойынша теориялық білімін тексеру нәтижелері бойынша ғана расталады.

      54. Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің жоғары оқу орнында күндізгі оқу нысанында білім алатын ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігі барлық оқу кезеңінде сақталады. Сыныптық біліктілікті растау оқу орнын бітіргеннен кейін сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.

      55. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген бағынысты әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін растауға баянатқа мыналар қоса беріледі:

      1) оқыту пәндері бойынша теориялық білімін тексеру актісінен үзінді (ерікті нысанда толтырылады);

      2) ұшуды басқару техникасы және жауынгерлік қолдану бойынша тексеру нәтижелері бар ұшқыш кітапшасынан үзінді (тексеру күні, түрі, метеорологиялық жағдайлар, жалпы бағасы);

      3) ұшуға денсаулық жағдайы бойынша жіберілмегені туралы растау құжаттары (құжаттардың көшірмелері) (қажет болған кезде).

      56. Өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігін растау ҚР ҚК әскери бөлімі (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығында, бағынысты әскери қызметшілерге біліктілік комиссиясының актісі негізінде жарияланады.

      57. Ұшқыш әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін бір сатыға төмендету осы қағидалардың 35 – 38-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген кезде жүзеге асырылады және оны беру (растау) құқығы берілген лауазымды адамның бұйрығымен біліктілік комиссиясының актісі негізінде жүзеге асырылады.

      58. Сыныптық біліктілігі төмендетілген әскери қызметшілер сыныптық біліктілікті беруге жалпы негіздерде, бірақ күнтізбелік бір жылдан ерте емес ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары нәтижелерінің жиынтық бағалау ведомосы(құрылымдық бөлімше, әскери бөлім көрсетіледі)

Р/с №

Әскери атағы, Т.А.Ә.

Лауазымы

Сыныптық біліктіліктің бар болуы
(кіммен берген, күні және бұйрық нөмірі)

Еңбек сіңірген жылдары
(күнтізбелік есептеумен)

Жасы
(жылдар, айлар)

Оқыту пәндері

Ұсынылатын сыныптық біліктілік
(беру, растау, төмендету)

Тактикалық (ТАД, АД) даярлық

Мемлекеттік-құқықтық даярлық

Оқ ату даярлығы

Дене шынықтыру дайындығы

Жалпыәскери жарғылар

Саптық даярлық

(басқарма, бөлім, бөлімше көрсетіледі)

1.

полковник
Баймұханов Әсет
Қанатұлы

штаб бастығы

"1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)" сыныптық біліктілігін растау
БК ___ ж. № __ бұйрығы

22 жыл
7 ай

41 жыл
9 ай

5

4

5

5

4

5

___ ж. № __ ҚР ҚМ бұйрығының 14-т. сәйкес "1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)" сыныптық біліктілігін кезекті растау
20___ жылы

2.

майор
Ахметов Рауан Кәрібайұлы

басқарма бастығы

"1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беру
БК ___ ж. № __ 2бұйрығы

19 жыл
5 ай

38 жыл
4 ай

5

5

4

5

5

4

___ ж. № __ ҚР ҚМ бұйрығының 8-т. сәйкес "1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)" сыныптық біліктілігі берілсін

3.

капитан
Қалиев Болат Естайұлы

бөлім бастығы

"1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігін беру
БК ___ ж. № __ бұйрығы

15 жыл
5 ай

33 жыл
4 ай

4

5

4

3

5

4

___ ж. № __ ҚР ҚМ бұйрығының 22-т. сәйкес "2-сыныпты маман" сыныптық біліктілігіне дейін төмендету

Одан әрі сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге ұсынылатын әрбір әскери қызметші бойынша

Құрылымдық бөлімше (әскери бөлім) бастығы (командирі) (лауазымды адамның қол қоюымен расталады)

      Ескертпе:

      1. Құрылымдық бөлімшенің (әскери бөлімнің) бастығы бағынысты жеке құрамға сыныптық біліктілікті беруге (растауға), төмендетуге ұсыну бойынша оларды бағалаудың жиынтық ведомосын қоса бере отырып, баянат (еркін нысанда) ұсынады. Баянатқа, жиынтық бағалау ведомосына құрылымдық бөлімшенің (әскери бөлімнің) бастығы қол қояды және белгіленген тәртіппен іс жүргізуде тіркеледі. Жоғарыда көрсетілген құжаттар біліктілік комиссиясының қарауына қағаз нұсқада (қол қойылған және тіркелген түпнұсқа) ұсынылады.

      2. 15 және 50-тармақтарда көрсетілген әскери қызметшілер санаты жиынтық бағалау ведомосына қосылмайды.

  Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
Әскери бөлім (құрылымдық
бөлімше) командирі (бастығы)
әскери атағы Т.А.Ә.
20 __ ж. "____" ______________

Сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге ұсыну бойынша біліктілік комиссиясы отырысының актісі (бұдан әрі кім екені көрсетіледі)

20___ ж. "___" __________

_____________ қ.

      1. Құрылымдық бөлімше (әскери бөлім) әскери қызметшілерінің кәсіби қызметті жүзеге асыруға әзірлігін және олардың даярлық деңгейін (сыныптық біліктілігін) айқындау мақсатында бұйрықпен (кімнің бұйрығы, күні, нөмірі және атауы көрсетіледі) мынадай құрамда комиссия тағайындалған:

      комиссия төрағасы;

      комиссия төрағасының орынбасары;

      комиссия мүшелері – 3 адамнан кем емес;

      комиссия хатшысы.

      Біліктілік комиссиясы 20___ оқу жылының қорытындысы бойынша сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге әскери қызметшілердің (құрылымдық бөлімшесі, басқармасы, бөлімі, бөлімшесі көрсетіледі) материалдарын қарау бойынша отырыс өткізді.

      2. Біліктілік комиссиясы қабылдаған шешім кестеде көрсетілген.

Р/с №

Әскери атағы, тегі, инициалдары және атқаратын лауазымы

Біліктілік комиссиясының қорытындысы

(басқарма, бөлім, бөлімше көрсетіледі)

1.

полковник Г.К. Кан, штаб бастығы

"1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)" сыныптық біліктілігі расталсын

2.

майор Р.Н. Ахметов, бөлім бастығы

"1-сыныпты маман – шебер (тәлімгер)" сыныптық біліктілігі берілсін

Одан әрі сыныптық біліктілікті беруге, растауға және төмендетуге ұсынылатын әрбір әскери қызметші бойынша

      Біліктілік комиссиясының төрағасы:

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      Біліктілік комиссиясы төрағасының орынбасары:

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      жоғары біліктілік комиссиясының мүшелері:

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      комиссия хатшысы:

      ә/атағы            тегі, инициалдары

      Ескертпе: актіге қол қойылып, бекітілгеннен кейін ол белгіленген тәртіппен іс жүргізуде тіркеледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау
қағидаларына
3-қосымша

Ұшқыштарға, штурмандарға сыныптық біліктілікті беру үшін шарттар

Ұшқыштар құрамына беруге ұсынылатын сыныптық біліктілік

Арналуы бойынша міндеттерді (жауынгерлік міндеттерді) орындауға әзірлігі*

Қонуға бет алу кезіндегі ұшуды басқару (әуе навигациясы) техникасы бойынша дайындық деңгейі*

"3-сыныпты маман"

күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда

күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайда

"2-сыныпты маман"

күндіз күрделі метеорологиялық жағдайда түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда

күндіз белгіленген ауа райы минимумында күрделі метеорологиялық жағдайда,
түнде қарапайым метеорологиялық жағдайда

"1-сыныпты маман"

түнде күрделі метеорологиялық жағдайда

түнде белгіленген ауа райы минимумында күрделі метеорологиялық жағдайда

"ұшқыш (штурман) – мерген"

әуе кемесінің мүмкіндіктерін толық пайдаланумен барлық пайдалану диапазонында

түнде белгіленген ауа райы минимумында күрделі метеорологиялық жағдайда нұсқаушы

      Ескертпе: егер ұшқыштар құрамы ұшуды тек жабдықталуы көрсетілген метеорологиялық жағдайларда міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейтін әуе кемесінде орындаса, онда шарттар оған қолданылмайды және Жауынгерлік (ұшу) даярлық курсына сәйкес белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау
қағидаларына
4-қосымша

Ұшқыштар, штурмандар үшін ұшу сағаттарының минималдық нормалары

р/с №

Әуе кемесінің түрі

"....сыныпты маман", "ұшқыш (штурман) – мерген"

Барлық әуе кеме түрлеріндегі ұшу сағаты

Жалпы

жаттықтырылған

1.

Жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, шабуылдаушы және оқу-жаттығу жауынгерлік (жаттықтыру) ұшақтары

3-сыныпты

200

60

2-сыныпты

350

200

1-сыныпты

500

300

мерген

1200

400

2.

Әскери-көлік, барлық мақсаттағы көлік ұшақтары

3-сыныпты

200

60

2-сыныпты

700

250

1-сыныпты

900

300

мерген

2000

400

3.

Барлық мақсаттағы тікұшақтар, поршеньді ұшақтар

3-сыныпты

200

60

2-сыныпты

450

200

1-сыныпты

650

300

мерген

1800

400

      Ескертпе: жаттықтыру ұшулары ұшуды тек әуе кемесінің командирі ретінде орындаған ұшқыш құрамы үшін ғана есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық
біліктілікті айқындау
қағидаларына
5-қосымша

      (бірінші парақ)

  Нысан

Ұсыным

      Сыныптық біліктілікті беруге ____________________________________

      Әскери атағы: _________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________________

      Туған күні: __________ Жеке нөмірі ______________________________

      Лауазымы: ____________________________________________________

      Оқу орнын бітірген күні: ________________________________________

      Берілген сыныптық біліктілігі, бұйрық деректемелері _______________

      Нормалар сонымен орындалған әуе кемесінің типі: _________________

Барлық әуе кеме түрлерінде ұшу сағаты

Жаттықтыру ұшуларына рұқсат беру күні

Мақсаты бойынша міндеттерді орындауға әзірлігін айқындайтын курстың
орындалған жаттығулары

Жалпы

Жаттықтыру

Күндіз

Түнде

Күндіз

Түнде

түнде белгіленген ауа-райы минимумында күрделі метеорологиялық жағдайда

қарапайым метеорологиялық жағдайда

күрделі метеорологиялық жағдайда

қарапайым метеорологиялық жағдайда

күрделі метеорологиялық жағдайда









      ҚОРЫТЫНДЫ: Ұшу және теориялық дайындық (кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) ".... сыныпты маман", "ұшқыш (штурман) – мерген" деңгейіне сәйкес келеді.

      Командир: ___________________________________________________

      (тексеруге ұсынатын адамның лауазымы)

      _____________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)

      20___ж. "____"____________

      М.О.

      (екінші парақтың беткі жағы)

Тексеру нәтижелері

      1. Ұшу даярлығы:

      1) ұшуды басқару техникасы (әуе кемесінің командирі үшін) немесе әуе навигациясы (экипаждың басқа мүшелері үшін):

      Курс жаттығуларының нөмірі мен атауы __________________________

      __________________________________________________________________

Күні

Әуе кемесінің түрі

Тәулік уақыты

Метеожағдайлар

Қондыру жүйесінің түрі

Жалпы бағасы







      _____________________________________________________________

      (тексерушінің лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      2) арналуы бойынша қолдану (жауынгерлік қолдану):

      Курс жаттығуларының нөмірі мен атауы және _____________________

      ____________________________________________________________

Күні

Әуе кемесінің түрі

Тәулік уақыты

Метеожағдайлар

Қондыру жүйесінің түрі

Жалпы бағасы







      ____________________________________________________________

      (тексерушінің лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

      (екінші парақтың артқы жағы)

      2. Теориялық білімі:

Оқыту пәні

Бағасы

Тексерушінің лауазымы, әскери атағы, тегі

Тексеру күні

Тексерушінің қолы

1.

Авиациялық техника





2.

Әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық (экипажға нұсқаулық)





3.

Әуе кемесі типінің практикалық аэродинамикасы





4.

Әуе кемесінің бортындағыларды құтқару және өмірін қорғауды қамтамасыз ету құралдары және оларды авариялық жағдайларда қолдану





5.

Байланыс және әуеайлақ ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының тактикалық-техникалық деректері





6.

Авиациялық метеорология





7.

Әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін, ұшуды жүргізу мен ұшу даярлығын реттейтін құжаттар





8.

Мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы бекіткен әуеайлақтың аэронавигациялық паспорттары мен авиациялық полигонның аэронавигациялық паспорттары





9.

Шекара маңындағы жолақта ұшуды жүргізу шарттары





      3. Қорытынды:

      Тексеру нәтижелері бойынша ұшу және теориялық дайындық деңгейі (кандидаттың әскери атағы, Т.А.Ә. (ол бар болған кезде) қойылған талаптарға сәйкес келеді, ".... сыныпты маман", "ұшқыш (штурман) – мерген" сыныптық біліктілігін беруге лайықты.

      20___ж. "____"____________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады