"Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 773 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21636 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13046 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық полиция басқармаларының және бөлімдерінің (бұдан әрі – ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ) бірінші басшыларына жүктеледі.

      3. Табиғатты қорғау іс-шараларына табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ жергілікті полиция қызметінің бастықтары жүзеге асырады.";

      4 - тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – Уәкілетті мемлекеттік органдар) қоршаған ортаны қорғау, күзету, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша көмек көрсету;

      3) экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және сотқа дейінгі тергеп-тексеру.";

      5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      2) ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ішкі істер органдарының табиғатты қорғау полиция бөліністерінің басшы құрамы лауазымдары "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 463 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес орналасады".";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің жеке құрамы мен көлік және басқа да техникалық құралдары тек тікелей мақсаты бойынша пайдаланылады. Жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ), ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығының өкімі бойынша бұл қызметтің күштері мен құралдары бұқаралық іс-шаралар өткізу және төтенше жағдайлар кезінде табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуды әлсіретуге жол бермей, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін тартылады.";

      11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ПД, Көліктегі ПД-ның тергеу, анықтау және криминалдық полиция бөліністерімен экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады.";

      12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған іс-шараларға қатысады және көрсетілген бағытта уәкілетті мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыреті шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қоршаған ортаны қорғау, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға қарсы күреске қатысу бойынша ішкі істер органдары қызметінің нәтижелері туралы ақпарат анықтама түрінде ресімделіп ПД, Көліктегі ПД-ға тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне ұсынылады. Жинақталған анықтама ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 15-іне жолданады.

      ПД, Көліктегі ПД-ға жолданған анықтамаларға ішкі істер органының бастығы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда ҚАПББ жергілікті полиция қызметінің бастығы қол қояды, ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне жолданатын анықтамаға ПД, Көліктегі ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы қол қояды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Табиғатты қорғау полициясы бөліністері қызметінің нәтижелері жарты жылда бір рет ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрілігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады