БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссияны жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатын адамдарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен құрады.";
мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын (мерзім Комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) Комиссия құрамын қайта қарайды және өзектендіреді.
9-2. Комиссияны құру кезінде жергілікті атқарушы орган мүдделер қақтығысына жол бермеуді қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | М. Журебеков |