"Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-4/263 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қарашада № 21666 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-4/263 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11746 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады