"Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 366 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 87 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қарашада № 21667 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 04.09.2024 № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 17.09.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 455 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 39 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17674 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес "Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттарда:

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға

елеулі

      ";

      Көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теле-, радиокомпанияларға қатысты Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39.

Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға таратпау бойынша талаптың сақталуы
 





      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________Р. Даленов
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
__________А. Балаева

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады