"Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қарашада № 21672 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 04.01.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19882 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есептің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аумақтылығы бойынша жіберілген, бірақ ҚР ӘМ-нің жіберген аумақтық бөлімшесіне келіп түспеген атқарушылық құжат сот актілерін орындау жөніндегі тиісті органға келіп түскенге дейін есептен алынбайды.

      ҚР ӘМ-нің аумақтық бөлімшесі атқарушылық іс жүргізуді аумақтылығы бойынша жіберген кезде осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Атқарушылық құжатты орындау үшін аумақтылығы бойынша жіберу туралы" №1-нысандағы толтырылған бақылау карточкасын (бұдан әрі - №1-карточка), сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу материалдарын (борышкердің тиісті ауданның, қаланың немесе облыстың аумағында тұрып жатқанын растайтын анықтама, атқарушылық құжаттың ішінара орындалғаны туралы анықтама, болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты аумақтылығы бойынша жолдауы туралы қаулы) жібереді.

      Атқарушылық құжатты қабылдаған аумақтық бөлімше осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Атқарушылық құжатты орындау үшін аумақтылығы бойынша қабылдау туралы" № 2 нысанды бақылау карточкасын (бұдан әрі - № 2 карточка) толтырады, оны атқарушылық құжатты есептен алу үшін ҚР ӘМ-нің тиісті аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      № 1 және № 2 карточкалары – атқарушылық құжаттардың қозғалысын есепке алуға және аумақтылығы бойынша жіберілген және келіп түскен әрбір атқарушылық құжат бойынша басқа аймақтардағы ҚР ӘМ-нің аумақтық бөлімшелерімен салыстырып тексеру жүргізуге арналған.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. 6-бағанда – есептік кезеңде сот орындаушысының күші жойылған қаулыларының саны, 7-бағанда бұдан бұрын қабылданған шешім күшін жойғаннан кейін қайта басталған атқарушылық іс жүргізулер есепке алынады.";

      22-тармақ алып тасталсын.

      23-28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. 8-бағанда есептік кезеңде аумақтылығы бойынша орындауға жіберілген атқарушылық құжаттар есепке алынады.

      Атқарушылық құжаттарды аумақтылығы бойынша жіберу ҚР ӘМ-нің аумақтық бөлімшесі арқылы жүргізіледі.

      24. 9-бағанда есептік кезеңде орындауда болған атқарушылық іс жүргізулердің жалпы саны көрсетіледі. Аумақтылығы бойынша жіберілген атқарушылық құжаттар есепке алынбайды (ағымдағы жылы қозғалған атқарушылық іс жүргізулердің жыл басындағы қалдығы және күші жойылғаннан кейін қайта басталған атқарушылық іс жүргізулер).

      25. 10-бағанда іс жүргізуі есептік кезеңде аяқталған атқарушылық құжаттардың жалпы саны көрсетіледі. Атқарушылық іс жүргізу Заңның 49-бабында көзделген жағдайларда аяқталған болып саналады.

      26. 10-бағанның 11-бағанында қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізулердің саны есепке алынады.

      27. 12-бағанда сот орындаушысы борышкерден ақша қаражатын толықтай өндіріп алған немесе атқарушылық құжатта көзделген басқа да әрекеттер орындалған (борышкерге тиесілі мүлік өндіріп алушыға тапсырылды, жауапкер ү-жаңдан шығарып жіберілді немесе оған талап қоюшы кіргізілді, иеліктегі үй бөлінді немесе басқа да әрекеттер) атқарушылық құжаттар есепке алынады. Бұл ретте, атқарушылық іс жүргізудің аяқталғаны міндетті түрде белгіленеді және орындау талаптарында "сот орындаушысы" деп көрсетіледі.

      28. 10-бағанның 13-бағанында атқарушылық құжат ұсынылғанға дейін борышкер орындаған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі.

      14-баған Заңның 48-бабы негізінде өндіріп алушыға кері қайтарылған атқарушылық құжаттардың санын көрсетеді. 15-бағанда Заңның 49-бабы 3) тармақшасы негізінде кері қайтарылған атқарушылық құжаттар есепке алынады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. 19-бағанда есептік кезеңнің соңына орындалмаған құжаттардың қалдығы есепке алынады, олардың ішінде 20-бағанда ішінара орындалған атқарушылық іс жүргізулер көрсетіледі.";

      33-тармақ алып тасталсын;

      34-36 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. 21-бағанда кезеңдік орындауға жіберілген атқарушылық құжаттар көрсетіледі.

      35. 22-бағанда барлық тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда – оның негізінде атқарушылық құжат берілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сот актісін орындауды тоқтата тұру құқығы ұсынылған сот немесе лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот белгілі бір мерзімге орындауды кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған жағдайда тоқтата тұрумен байланысты.

      36. 24-бағанда борышкер болып танылған заңды тұлға қайта құрылған немесе заңмен белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздігі (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау туралы шешімді қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайлардағы тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі.

      25-бағанда Заңның 38-бабы 1-тармағының 1)-13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы шығарылған қаулылардың жалпы саны есепке алынады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Соттардың әкімшілік істер туралы қаулылары бойынша айыппұлдар 32-жолда көрсетіледі, олардың ішінде 33-жолда соттың әкімшілік қаулылары бойынша сот шығындары есепке алынады, уәкілетті органның қаулылары бойынша айыппұлдар 34-жолда есепке алынады.";

      53-тармақ алып тасталсын;

      54, 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. 35-жолда әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттар көрсетіледі.

      55. 36-жолда мүліктік емес сипаттағы өзге де атқарушылық құжаттар (үй-жайдан шығарып жіберу, оған кіргізу, жұмысқа қалпына келтіру туралы, заттық дәлелдемелерді жою туралы, құрылысты бұзу және борышкерлерді белгілі бір әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы атқарушылық құжаттар) көрсетіледі. 36-жолдан 37-жолға үй-жайдан шығарып жіберу (оған кіргізу), 38-жолға заңсыз құрылысты бұзу, 39-жолға баламен қарым-қатынас тәртібі көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. 40-жолда атқарушылық іс жүргізулердің қорытынды сомасы көрсетіледі.";

      59-63 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. 5-бағанда аумақтылығы бойынша қабылданған сомалар есепке алынады.

      60. 6-бағанда есептік кезеңде сот орындаушысының күші жойылған қаулылары бойынша сомалар есепке алынады, 7-бағанда бұдан бұрын қабылданған шешім күшін жойғаннан кейін қайта басталған атқарушылық іс жүргізулер бойынша сомалар есепке алынады.

      61. 8-бағанда есептік кезеңде аумақтылығы бойынша орындауға жіберілген сомалар есепке алынады.

      62. 9-бағанға есептік кезеңде аумақтылығы бойынша жіберілген атқарушылық құжаттарды есепке алмастан, есептік кезеңде өндіріп алуға жататын барлық сомалар кіреді.

      Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша тұрақты сомаларды, сондай-ақ берешектерді анықтау туралы қаулыға сәйкес соманы көрсету қажет.

      63. 10-бағанда есептік кезеңде іс жүргізуі аяқталған не тоқтатылған құжаттар бойынша сомалар көрсетіледі, 11-бағанда 10-бағаннан қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша сомалар есепке алынады.";

      64-тармақ алып тасталсын;

      65, 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. 10-бағанның 12-бағанында тікелей сот орындаушысы өндіріп алған сомалар көрсетіледі.

      Бұл ретте, 12-бағанға сот орындаушысы толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттар бойынша ғана өндіріп алған сомалар қосылады.

      66. 13-бағанда борышкер атқарушылық құжат ұсынылғанға дейін төлеген атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады, 14-бағанда Заңның 48-бабы негізінде өндіріп алушыға кері қайтарылған құжаттар бойынша сомалар көрсетіледі.";

      71, 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. 19-бағанда есептік кезеңнің соңындағы құжаттардың қалдық сомасы көрсетіледі, олардың ішінде 20-бағанда ішінара өндіріп алынған сомалар көрсетіледі.

      72. 21-бағанда кезеңдік орындауға жіберілген атқарушылық құжаттар бойынша сомалар есепке алынады.

      22-бағанда барлық тоқтатыла тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің сомасы көрсетіледі. Олардың ішінде 23-бағанда – соның негізінде атқарушылық құжат берілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сот актісін орындауды тоқтата тұру құқығы ұсынылған лауазымды адам немесе сот қаулы шығарған, сондай-ақ сот белгілі бір мерзімге орындауды кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған жағдайда тоқтата тұрумен байланысты";

      73-тармақ алып тасталсын;

      74, 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. 24-бағанда борышкер болып танылған заңды тұлға қайта құрылған немесе заңмен белгіленген тәртіппен сот дәрменсіздігі (банкроттық) туралы іс жүргізуді қозғау жөніндегі шешімді қабылдаған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайлардағы тоқтата тұрылған атқарушылық іс жүргізулердің саны көрсетіледі.

      75. 25-бағанда борышкер ерікті түрде төлеген атқарушылық санкцияның өндіріп алынған 10% сомалары көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 75-1 тармағымен толықтырылсын:

      "75-1. 26-бағанда Заңның 38-бабы 1-тармағының 1)-13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулылар бойынша сома есепке алынады.";

      көрсетілген Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулықтың 5-қосымшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық көшірмесінің құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 20 қарашасы
№ 143 бұйрығына 1 қосымша
  нысан

      № 4-нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп

      № 1-кесте. Атқарушылық құжаттардың қозғалысы

Атауы


Есепті кезеңнің басындағы атқарушылық іс жүргізудің қалдығы

Есепті кезеңде қозғалған атқарушылық іс жүргізулер

олардың ішінен

Есепті кезеңде сот орындаушысы қаулыларының күші жойылды

қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулер

ортақ тәртіпте өндіріп алынғаны

аумақтық тиесілігіне қарай қабылданғаны



1

2

3

4

5

6

Үкімдер бойынша айыппұлдар

1







Сотталғандардың мүлкін тәркілеу

2







Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу

3







Сот үкімдері бойынша жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу

4







Қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу

5







оның ішінде

қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсанды өндіріп алу

6







Мемлекет пайдасына өндіріп алу:

7







оның ішінде

мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер пайдасына өндіріп алу

8







материалдық нұқсанды өндіріп алу

9







зиянды өндіріп алуға кінәлі лауазымды адамдардан өндіріп алу

10







Мемлекет пайдасына мемл. баж салығын өндіріп алу

11







Мемлекеттен өндіріп алу

12







оның ішінде

Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне байланысты мемлекеттен зиянды өндіріп алу

13







Меншік нысанына байланыссыз заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың пайдасына өндіріп алу

14







оның ішінде

екінші деңгейдегі банктердің пайдасына өндіріп алу туралы

15







Жеке тұлғалардың пайдасына өндіріп алу

16







оның ішінде

жалақыны өндіріп алу туралы

17







зейнетақыны және жәрдемақыны өндіріп алу туралы

18







алименттерді өндіріп алу туралы

19







олардың ішінде

балаларды асырауға

20







жұбайын (зайыбын) асырауға

21







ата-анасын асырауға

22







қамқоршылық және қорғаншылық органдарының пайдасына

23







аға-інілері мен апа-қарындастарының пайдасына

24







Халықаралық, шетелдік соттардың және төреліктер шешімдері бойынша

25







Атқарушылық әрекеттерді іске асыру кезінде келтірілген шығындарды өтеу туралы сот орындаушысының қаулысы бойынша

26







Атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысы бойынша

27







Мәжбүрлеп орындау туралы прокурордың қаулысы бойынша

28







Жеке сот орындаушысы қызметі төлемінің сомасын бекіту туралы оның қаулысы бойынша

29







Жеке тұлғалардың берешектерін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары

30







Атқарушылық жазбалар

31







Сот қаулылары бойынша айыппұлдар

32







оның ішінде

Соттың әкімшілік қаулылары бойынша сот шығындары

33







Уәкілетті органның қаулылары бойынша айыппұлдар

34







Әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу

35







Мүліктік емес сипаттағы басқа да атқарушылық құжаттар

36







олардың ішінде

Көшіру (көшіріп әкелу)

37







заңсыз құрылысты бұзу

38







баламен қарым-қатынас тәртібі

39







Атқарушылық іс жүргізудің барлығы

40







      Кестенің жалғасы

Бұдан бұрын қабылданған шешімнің күші жойылғаннан кейін атқарушылық іс жүргізулер қайта жаңартылды

Аумақтық тиесілігіне қарай жіберілгені

Есепті кезеңде орындауда болған атқарушылық іс жүргізулердің жалпы саны

Іс жүргізуі есепті кезеңде аяқталған атқарушылық құжаттардың жалпы саны

оның ішінде

қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулері бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізулердің саны

тікелей сот орындаушылары орындаған құжаттар

атқарушылық құжатты ұсынғанға дейін борышкердің орындағаны

өндіріп алушыға қайтарылған атқарушылық құжаттар

соттың немесе басқа мемл.органдардың талабы бойынша қайтарылған атқарушылық құжаттар

7

8

9

10

11

12

13

14

15




















































































































































































































































































































































































Белгіленгеннен артық мерзімде аяқталған құжаттардың саны (Заңның 39-бабы)

Есепті кезеңнің аяғындағы орындалмаған құжаттардың қалдығы

оның ішінде

Заңның 38-бабы 1-тармағының 1)-13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды

тоқтатылғаны

оның ішінде

Ішінара өндіріп алынды

мерзімді орындаудағы атқарушылық құжаттар бойынша

Тоқтатылғандардың барлығы

оның ішінде

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 1-тармағы 6) тармақшасы бойынша тоқтатылғаны

Заңның 42-бабының 6) тармақшасы бойынша тоқтатыла тұрды

Заңның 42-бабының 2) тармақшасы бойынша тоқтатыла тұрды

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25































      №4-нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп.

      № 2-кесте. Орындауға келіп түскен атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алулардың мөлшері, теңгемен

Атауы


Есепті кезеңнің басындағы соманың қалдығы

Есепті кезеңнің басындағы қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша сома

олардың ішінен

қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулер

ортақ тәртіпте өндіріп алынған сома

аумақ бойынша қабылданғаны



1

2

3

4

5

Үкімдер бойынша айыппұлдар

1






Сотталғандардың мүлкін тәркілеу

2






Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу

3






Сот үкімдері бойынша жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу

4






Қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу

5






оның ішінде

қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық нұқсанды өндіріп алу

6






Мемлекет пайдасына өндіріп алу:

7






оның ішінде

мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер пайдасына өндіріп алу

8






материалдық нұқсанды өндіріп алу

9






зиянды өндіріп алуға кінәлі лауазымды адамдардан өндіріп алу

10






Мемлекет пайдасына мемл.баж салығын өндіріп алу

11






Мемлекеттен өндіріп алу

12






оның ішінде

Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне байланысты мемлекеттен зиянды өндіріп алу

13






Меншік нысанына байланыссыз заңды тұлғалардың және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың пайдасына өндіріп алу

14






оның ішінде

екінші деңгейдегі банктердің пайдасына өндіріп алу туралы

15






Жеке тұлғалардың пайдасына өндіріп алу

16






оның ішінде

жалақыны өндіріп алу туралы

17






зейнетақыны және жәрдемақыны өндіріп алу туралы

18






алименттерді өндіріп алу туралы

19






олардың ішінде

балаларды асырауға

20






жұбайын (зайыбын) асырауға

21






ата-анасын асырауға алименттерді өндіріп алу туралы

22






қамқоршылық және қорғаншылық органдарының пайдасына

23






аға-інілері мен апа-қарындастарының пайдасына

24






Халықаралық, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша

25






Атқарушылық әрекеттерді іске асыру кезінде жасалған шығындарды өтеу туралы сот орындаушысының қаулысы бойынша

26






Атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысы бойынша

27






Мәжбүрлеп орындау туралы прокурордың қаулысы бойынша

28






Жеке сот орындаушысы қызметі төлемінің сомасын бекіту туралы оның қаулысы бойынша

29






Жеке тұлғалардың қарызын өндіріп алу туралы салық бұйрықтары

30






Атқарушылық жазбалар

31






Сот қаулылары бойынша айыппұлдар

32






оның ішінде

Соттың әкімшілік қаулылары бойынша сот шығындары

33






Уәкілетті органның қаулылары бойынша айыппұлдар

34






Әкімшілік істер бойынша мүлікті тәркілеу

35






Мүліктік емес сипаттағы өзге де атқарушылық құжаттар

36






Оның ішінде

көшіру (көшіріп әкелу)

37






заңсыз құрылысты бұзу

38






баламен қарым-қатынас тәртібі

39






Атқарушылық іс жүргізудің барлығы

40






      Кестенің жалғасы

Есепті кезеңдегі сот орындаушысының күші жойылған қаулылары бойынша сомалар

Бұдан бұрын қабылданған шешім күшін жойғаннан кейін қайта басталған атқарушылық іс жүргізулер бойынша сомалар

Аумақ бойынша жіберілді

Есепті кезеңде өндіріп алуға жататын сома

іс жүргізулері есепті кезеңде аяқталған құжаттар бойынша сома

6

7

8

9

10










































































































































































































оның ішінде

Заңмен белгіленгеннен артық мерзімде аяқталған құжаттар бойынша сома (Заңның 39-бабы)

қайта қозғалған атқарушылық іс жүргізулер бойынша

тікелей сот орындаушылары өндіріп алған сома

атқарушылық құжатты ұсынғанға дейін борышкердің төлеген сомасы

өндіріп алушыға қайтарылған құжаттар бойынша сома

соттың немесе өзге мемл. органдардың талабымен қайтарылған құжаттар бойынша сома

тоқтатылған іс жүргізулер бойынша сома

оның ішінде

Заңның 47-бабының 1-тармағы 6-тармақшасы бойынша тоқтатылғандар бойынша сомасы

11

12

13

14

15

16

17

18

























      Кестенің жалғасы

Есепті кезеңнің аяғындағы сомалардың қалдығы

оның ішінде

10% атқарушылық санкцияның өндіріп алынған сомасы

Заңның 38-бабы 1-тармағының 1)-13) тармақшалары тәртібінде атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулылар бойынша сома

Ішінара өндіріп алынғандар

мерзімді орындаудағы атқарушылық құжаттар бойынша

тоқтата тұрылған іс жүргізулер бойынша

оның ішінде

Заңның 42- бабының 6) тармақшасы бойынша тоқтата тұрылды

Заңның 42-бабының 2) тармақшасы бойынша тоқтатыла тұрылды

19

20

21

22

23

24

25

26

























      №4 нысан. Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы есеп

      №3-кесте. Алименттерді өндіріп алу туралы

атауы


Есепті кезеңде алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлердің жалпы саны

Есепті кезеңде асырау үшін алименттер өндіріп алынатын балалардың саны

Есепті кезеңнің басындағы атқарушылық іс жүргізулердің қалдығы

олардың ішінде

Алименттер бойынша берешектер сомасы (берешекті анықтау туралы қаулылар бойынша)

Есепті кезеңде қозғалған атқарушылық іс жүргізулер

Олардың ішінде

Алименттер бойынша берешек сомасы (берешекті анықтау туралы қаулылар бойынша)

Берешекті анықтау туралы қаулылары шығарылған атқарушылық іс жүргізулердің саны

берешекті анықтау туралы қаулылары шығарылған атқарушылық іс жүргізулердің саны



1

2

3

4

5

6

7

8

алименттерді өндіріп алу туралы

1









олардың ішінде

балаларды асырауға

2









жұбайын (зайыбын) асырауға

3









ата-анасын асырауға алименттерді өндіріп алу туралы

4









қамқоршылық және қорғаншылық органдардың пайдасына

5









аға-інілері мен апа-қарындастарының пайдасына

6










Есепті кезеңде орындауда болған атқарушылық іс жүргізулердің жалпы саны

олардың ішінде

Алименттер бойынша берешек сомасы (берешекті анықтау туралы қаулылар бойынша)

Іс жүргізуі есепті кезеңде аяқталған атқарушылық құжаттардың жалпы саны

олардың ішінде

Алименттер бойынша берешек сомасы (берешекті анықтау туралы қаулылар бойынша)

Есепті кезеңнің соңына аяқталмаған құжаттардың қалдығы

олардың ішінде

Алименттер бойынша берешек сомасы (берешекті анықтау туралы қаулылар бойынша)

берешекті анықтау туралы қаулылары шығарылған атқарушылық іс жүргізулердің саны

берешекті анықтау туралы қаулылары шығарылған атқарушылық іс жүргізулердің саны

берешекті анықтау туралы қаулылары шығарылған атқарушылық іс жүргізулердің саны

9

10

11

12

13

14

15

16

17




























  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2020 жылғы 20 қарашасы
№ 143 Бұйрығына 2 қосымша
  "Сот актілерін орындау
бойынша жұмыс туралы" № 4
есептің нысанын қалыптастыру
жөніндегі нұсқаулықтың
1-қосымшасы
  4.0-нысан

Атқарушылық құжатты есепке алу жөніндегі электронды ақпараттық есепке алу құжаты

Құжаттың орындауға келіп түскені туралы мәліметтер:
1. Атқару парағының нөмірі: ________________________________________________
Сот актісінің шығарылған күні: 20__жылғы "___"______
1.1. Соттағы азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істің нөмірі (уәкілетті органның әкімшілік қаулысының нөмірі): ______________________________________________________
2. Атқару парағының берілген күні: 20__жылғы "___"______
3. Атқарушылық құжатты шығарған орган: _________________________________________
3.1. Азаматтық іс бойынша талапкер: (анықтамалық бойынша)
4. Атқарушылық құжаттың атауы ("Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы (бұдан әрі - Заң): (анықтамалық бойынша)
5. Заңның 38-бабы 1-тармағының 1-13-тармақшасы тәртібінде бас тартылды: (анықтамалық бойынша)
5.1. Бас тартылған күні: 20__жылғы "___"______
5.2. Заңның 38-бабы 5-тармағы тәртібінде кері қайтарылған органның, адамның атауы:
_______________________________________________________________________
(Өндіріп алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), аумақтық органның атауы):
______________________________________________________________________________
6. Атқарушылық іс жүргізу қозғалған күні: 20__жылғы "___"______
6.1. Аумақтық органның атауы: (анықтамалық бойынша)
6.2. Атқарушылық іс жүргізудің толассыз нөмірі: _______________________________
7. Атқарушылық құжаттың орындауға келіп түскен күні: 20__жылғы "___"______
7.1. Атқарушылық құжат келіп түсті: (анықтамалық бойынша)
7.2. Атқарушылық құжатты жеткізу тәртібі: (анықтамалық бойынша)
8. Талаптардың санаты: (анықтамалық бойынша)
8.1. Талаптар санатына қосымша: (анықтамалық бойынша)
9. Талаптың мәні: ________________________________________________________
_______________________________________________________________________
10. Өндіріп алу сомасы: (теңге) ____________________________________________
10.1. Ортақ тәртіпте: (анықтамалық бойынша)
10.2. Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулылардың күші жойылды:
20__жылғы "___"______
10.3. Ішінара өндіріп алынған сомалар (теңге):___________________________

Борышкер туралы мәліметтер: жеке тұлға, заңды тұлға (анықтамалық бойынша)
Жеке тұлғаға арналған:
11. Борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _________________________
________________________________________________________________________
Туған күні: 20__ жылғы "___"______
11.1. Жеке куәлігінің нөмірі: ________, кім берген:________, қашан берілген:
20__ жылғы "___"______
11.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________
11.3. Жұмыс орны: (анықтамалық бойынша)
11.4. Атқарып отырған лауазымы: (анықтамалық бойынша)
11.5. Шетелдік адам: (анықтамалық бойынша)
11.6. Шетелдіктер үшін заматтық алған елі: ______________________________________
11.7. Тұрғылықты жері: ________________________________________________________
11.8. Борышкердің жынысы (анықтамалық бойынша)
Заңды тұлға үшін:
12. Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы: __________________________________
12.1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________
12.2. Есеп айырысу шотының нөмірі: ________________________________________
13. Борышкердің заңды мекенжайы: _________________________________________

Өндіріп алушы туралы мәліметтер
14. Өндіріп алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): _____________________
14.1. Туған күні: 20__жылғы "___"______
14.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________
14.3. Шетелдік адам: (анықтамалық бойынша)
14.4. Тұрғылықты жері:________________________________________________________
Алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша адамдар жөніндегі мәліметтер:
14.5. Адамның пайдасына өндірілген сома (анықтама бойынша)

14.6. (Баланың) тегі

14.7. Аты

14.8. Әкесінің аты (болған жағдайда)

14.9. Туған күні





14.10. Баланың жынысы: (анықтамалық бойынша)
14.11. Балалардың саны ____
15. Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің атауы: __________________________________
15.1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________
16. Өндіріп алушының заңды мекенжайы: ____________________________________
17. Электрондық ақпараттық есепке алу құжатын толтырған адам: (анықтамалық бойынша)
17.1. Сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ___________________________________________________________________________
17.2. ЭАЕҚ толтырған лауазымды адамның жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады