Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-206/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қарашада № 21681 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қарашасы
№ ҚР ДСМ-206/2020 бұйрыққа
қосымша

Азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларында рұқсат алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2023 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Реттік саны

Аурулардың атауы

АХЖ-10
коды бойынша

Психикалық және мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулар)

1

Симптоматикалық, психикалықты қоса алғанда органикалық бұзылулар

F00-F09

2

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары

F10-F19

3

Шизофрения, шизотиптік жағдайлар және сандырақты бұзыллары

F20-F29

4

Көңіл-күйдің бұзылулары (аффективті бұзылулар)

F30-F39

5

Невротикалық, стресске байланысты және соматоформалық бұзылулар

F40-F48

6

Физиологиялық бұзылулармен және физикалық факторлармен байланысты мінез-құлық синдромдары

F50-F59

7

Ересектердегі тұлғаның және мінез-құлықтың бұзылуы

F60-F69

8

Ақыл-ой кемістігі

F70-F79

9

Психологиялық дамудың бұзылулар

F80-F89

10

Әдетте балалық шақта және жасөспірім кезде басталатын эмоционалды бұзылушылықтар мен мінез-құлық бұзылушылар

F90-F98

11

Қосымша анықтауларсыз психологиялық бұзылулар

F99

Соқырлықты (бинокулярлық немесе монокулярлық) қоса алғанда, көрудің бұзылуы)

12

Бинокулярлық соқырлық

H54.0

13

Екі көз көруінің 3, 4, 5- санатта бұзылуы

H54.1

14

Бинокулярлық көрудің ауыр бұзылуы 2 санаттағы көру қабілетінің бұзылуы

H54.2

15

Бинокулярлық көрудің орташа бұзылуы көрудің 1-санаттағы бұзылуы

H54.3

16

Монокулярлық соқырлық Бір көздің көруінің 3, 4, 5-санаттағы бұзылуы және басқа көздің көруінің 0, 1, 2 немесе 9-санаттағы бұзылуы

H54.4

17

Монокулярлық көрудің ауыр бұзылуы және басқа көздің көруінің 0, 1 немесе 9-санаттағы бұзылуы

H54.5

18

Монокулярлық көрудің орташа бұзылуы Бір көздің көруінің 1-санаттағы бұзылуы және басқа көздің көруінің 0 немесе 9-санаттағы бұзылуы

H54.6

Көру қабілетінің белгісіз жоғалуы

19

Көру қабілетінің анықталмаған жоғалуы көру қабілетінің 9-санаттағы бұзылуы

H54.7

20

Көруді анықталмаған бұзылыстары (бинокулярлық) көру қабілетінің 9-санаттағы бұзылуы

H54.9

Кондуктивтік және нейросенсорлық естімей қалу

21

Туа біткен саңыраулық

H90

22

Ототоксикалық саңыраулық

H91.0

23

Кенеттен болған (идиопатиялық) саңыраулық

H91.2

24

Мутациялық саңыраулық

H91.3

25

Өтпелі ишемиялық саңыраулық

H93.0

26

Естіуді қабылдау аномалиясы

H93.2

27

Шудан туындаған естімей қалу

H83.3

28

Психогендік саңыраулық

F44.6

Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің бұзылуы

29

Жүре пайда болған саусақтардың болмауы

Z89

30

Қол саусақтарының жүре пайда болған қисаюы

M20.

31

Қол саусақтарының қисаюы және даму аномалиясы

Q66-Q68

32

Қол саусақтарының болмауы

Q71.3

Өткізгіш және сенсорлық естіу қабілетінің жоғалуы

33

Лабиринтопатия (Лабиринтная дисфункция)

H83.2,

34

Болезнь Меньера

H81.0

Неврологиялық ауру

35

Мидың травматикалық ауруы

N90.5

36

Гентингтон ауруы

G-10

37

Тұқым қуалайтын атаксия

G-11

38

Жұлынның бұлшықет атрофиясы

G-12

39

Паркинсон Ауруы

G-20

40

Дистония

G-35

41

Альцгеймер ауруы

G-30

42

Шашыраңқы склероз

G-24

43

Эпилепсия

G-40

44

Токсикалық энцефалопатия

G-93

45

Миелиттер

G-95

46

Параплегия, тетраплегия

G-82

47

Миастения

G-70

48

Миопатиялар

G-72



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады