АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21692 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексі 162-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 508 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 27 қарашасы
№ ҚР ДСМ-211/2020
Бұйрықпен бекітілген

АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 162-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;

      2) АИТВ инфекциясының бар-жоғына клиникалық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау – ақпараттық келісіммен клиникалық көрсетілімдер (оппортунистік аурулар, АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін синдромдар мен симптомдар) бар адамдарды міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау;

      3) АИТВ инфекциясының бар - жоғына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау – ақпараттық келісіммен халықтың жекелеген топтары арасында және әрбір АИТВ инфекциясы жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты адамдарды міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау;

      4) АИТВ -инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы – міндетті, анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарауды және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізетін ұйым;

      5) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – РМДСҰ) – АИТВ инфекциясына скринингтік, сараптамалық, төрелік зерттеулер және басқа да зертханалық зерттеулер жүргізетін денсаулық сақтау ұйымы;

      6) әлеуетті реципиент – тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) трансплантаттауды қажет ететін пациент;

      7) инфекцияның әлеуетті көздері – АИТВ басқа адамға белгілі бір жағдайларда: жыныстық жолмен, парентералдық жолмен (стерильденбеген құрал-саймандарды пайдаланғанда, гемотрансфузия, трансплантаттау кезінде, қан және оның компоненттерінің биологиялық материалымен жанасқан кезде), анадан ұрыққа тік жолмен берілуі мүмкін адамдар;

      8) құпия медициналық зерттеп-қарау – медицина қызметкерінің құпиясын сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      9) серонегативті терезе – жұқтыру сәтінен бастап антиденелер пайда болғанға дейінгі кезең, екі аптадан үш айға дейін созылады;

      10) халықтың негізгі топтары – өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары қаупіне ұшырайтын халық топтары;

      11) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 -тарау. АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі

      3. Адамдарды АИТВ-инфекциясына міндетті құпия медициналық зерттеп-қараудың алдында консультация беру бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігер немесе маман тестілеуге дейінгі консультация жүргізеді, қан алуды жүзеге асыратын медициналық ұйымның тестілеуге, консультация беруге және дербес деректерді ақпараттық жүйелерге енгізуге хабардар етілген келісімді ала отырып, тестілеуге дейінгі консультация береді.

      4. АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау үшін қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат бойынша жүргізіледі және зерттеулер жүргізу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына, РМДСҰ-ға жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. АИТВ-инфекциясының бар-жоғына зерттеу осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ-инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сай жүргізіледі.

      6. Ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ- инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібі екі кезеңнен – бірінші және растаушы кезеңнен тұрады.

      7. Бірінші кезең: бастапқы зерттеу (бұдан әрі – Т1) кезінде диагностикалық сезімталдығы 100% (сенімгерлік интервалдың 95% төменгі шегі – кемінде 99%) тест-жүйелерді пайдалана отырып, бір мезгілде бірінші және екінші типтегі АИТВ антиденелері және р24 вирустық антигені иммуноферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ) немесе иммунохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ИХЛТ) әдісімен немесе, электрохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ЭХЛТ) әдісімен айқындалады; осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігімен расталған сезімталдығы мен ерекшелігі бар төртінші буынның экспресс тестілерін пайдалана отырып, диагностикалық ерекшелігі – кемінде 99 % (95% төменгі сенім аралығы – кемінде 98%); 2 МЕ/мл-ден аспайтын талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің ең аз мөлшері).

      Экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде медициналық ұйымдарда зерттеп-қаралушыдан әрі тексеруге ақпараттық келісім алғаннан кейін жеке куәлігін немесе электрондық құжат бойынша цифрлық құжаттар сервисінен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдістерімен жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша зерттеулер жүргізу үшін қан алу жүргізіледі.

      Медициналық ұйымдардан тыс жүргізілген экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес бекітілген № 097/е нысаны бойынша көрсетілетін қызметті зертханалық зерттеуге жолдама одан әрі тексеру үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының немесе РМДСҰ зертханасына беріледі.

      ИФТ немесе ИХЛ немесе ЭХТ әдісімен АИТВ инфекциясының маркерлерін анықтауға әрбір қою кезінде жиынтықта қоса беріліп отырған бақылау үлгілеріне қосымша процестің тұрақтылығын бағалау үшін 2,0–2,5 диапазонындағы позитивтілік коэффициенті бар зертханалық бақылаудың ішіне қою жүргізіледі. Экспресс тестіні күнделікті пайдалану кезінде коммерциялық бақылау үлгілерін немесе "түтіктегі кептірілген үлгі" әдісімен дайындалған бақылау үлгілерін пайдалана отырып, сапаға бақылау жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Т1 теріс нәтиже алған жағдайда, зерттеп-қаралушыға "АИТВ теріс" нәтижесі беріледі.

      Зерттеп-қаралушы теріс нәтижені жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде зертханаға зерттеу үшін қан үлгісі түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қан алу орны бойынша алады. Нәтижені берер алдында тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Т1 оң нәтижесін алған кезде Т1–ден ерекшеленетін тест-жүйені немесе экспресс тестті пайдалана отырып, екінші зерттеу (бұдан әрі – Т2) жүргізіледі. Үшінші және төртінші буынның АИТВ-ға тестілерін пайдалануға жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер Т2 нәтижесі теріс болса, Т1 және Т2 тесттерін қолдана отырып, сол үлгіге қайта зерттеу жүргізіледі.

      11. Қайта зерттеуде екі теріс нәтиже алған кезде "АИТВ теріс" нәтижесі беріледі.

      12. Зерттеудің екі оң нәтижесін алған кезде көлемі кемінде бір миллилитр сарысудың үлгісі соңғы қойылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растаушы зерттеулер жүргізу үшін РМДСҰ зертханасына жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қарама-қайшы зерттеу нәтижелерін (Т1+, Т2 -) алған кезде нәтиже күмәнді болып саналады. Күнтізбелік 14 күннен кейін ересектерде АИТВ-инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібінің 1-кезеңіне сәйкес қайта қан алу және АИТВ-инфекциясына зерттеу жүргізіледі (РМДСҰ АИТВ-инфекциясының күмәнді нәтижесі туралы ақпаратты АИТВ-инфекциясына қайта тексеру үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына береді).

      14. Қайта тестілеуде күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кейін бірінші тестілеуде пайдаланылатын алдыңғы тесттерден ерекшеленетін тест-жүйелерде зерттеу жүргізіледі. Қарама-қайшы зерттеу нәтижелерін (Т1+, Т2 -) алған кезде үшінші серологиялық тестіні қолдана отырып қосымша зерттеу жүргізіледі. Теріс нәтиже жүргізілген үш зерттеудің екі теріс нәтижесі бойынша беріледі. Оң нәтиже жүргізілген үш зерттеудің екі оң нәтижесі бойынша беріледі. Жүкті әйелдерді тексеру жағдайында тестінің сезімталдығы 50 көшірме/мл-ден аспайтын АИТВ-ның молекулярлық - биологиялық тестілері (рибонуклеин қышқылын (бұдан әрі – РНҚ) сандық анықтау немесе АИТВ-ның провирустық дезоксирибонуклеин қышқылын (бұдан әрі – пДНҚ) анықтау) қосымша тест ретінде пайдаланылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Растаушы кезең: АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарынан алынған бастапқы оң үлгілерді растау ИФТ немесе ИХЛТ немесе экспресс тестілеу және растаушы иммундық блот (бұдан әрі – ИБ) немесе РМДСҰ зертханасында АИТВ ақуыздарының бейіні бар иммунохроматографиялық тест (2 ENV, GAG, POL) әдістерімен жүргізіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе РМДСҰ зертханасында экспресс тестілеуде теріс нәтиже алынған кезде ақпарат АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес күнтізбелік 14 күннен кейін қайта қан алуды және АИТВ-ға зерттеп-қарауды жүргізу үшін беріледі (1-кезең).

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. ИФТ немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестілеуде оң нәтиже алған кезде РМДСҰ зертханасында растаушы тест жүргізіледі: ИБ немесе АИТВ ақуыздарының бейіні бар иммунохроматографиялық тест (2 ENV, GAG, POL).

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. ИБ немесе АИТВ ақуыздары бейіні бар иммунохроматографиялық тесттің теріс нәтижесі (2 ENV, GAG, POL) және ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестте оң нәтиже алынған кезде ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалауды жүргізу тәртібіне сәйкес 1 немесе 3 айдан кейін бірінші кезеңнен бастап рет-ретімен қайта зерттеу жүргізіледі. ИФТ немесе ИХЛТ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні болмаған кезде және теріс ИБ болғанда 3 айдан кейін ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. АИТВ ақуызының бейіні бар (2 ENV, GAG, POL) иммунохроматографиялық тестінің немесе ИБ күмәнді нәтижесін және ИТ-да немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестте оң нәтижені алған кезде ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес күнтізбелік 14 күн немесе 1 ай өткен соң бірінші кезеңнен бастап рет-ретімен қайта зерттеу жүргізіледі.

      ИФТ немесе ИХЛТ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні және күмәнді ИБ болмаған кезде 1 айдан кейін ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі. Жүкті әйелдердің ИБ алғашқы күмәнді нәтижесі кезінде тестілеудің кейінгі мерзімдерінде қосымша тестілеуді жеке тәртіппен өткізу туралы мәселе шешіледі.

      Нәтиже теріс болғанда ПТР (АИТВ РНҚ) күнтізбелік 14 күннен кейін қайта зерттеу жүргізіледі.

      Жүкті әйелдерде үшінші триместрде ПТР (АИТВ РНҚ) нәтижесі оң болғанда антиретровирустық терапия тағайындалады.

      ИФТ-да немесе ИХЛТ-да және ИБ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні және ПТР теріс нәтижесі болмаған кезде 3 айдан аспайтын мерзімде АИТВ-ға антиденелерге спецификалық емес реакция немесе серобақылауға қою туралы мәселе шешіледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. ИБ оң нәтижесі немесе АИТВ ақуызының бейіні (2 ENV, GAG, POL) бар иммунохроматографиялық тест алынған кезде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына "АИТВ-ға антиденелер анықталды" нәтижесі беріледі. Тексерілетін адамнан қан алу жүргізілген медициналық ұйымға арналған нәтиже бланкісіне ИБ нөмірі және оның берілген күні енгізіледі. Бұрын АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылған адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде растаушы тестпен (ИБ немесе АИТВ ақуыздары бейіні бар иммунохроматографиялық тест (2 ENV, GAG, POL)) қайта зерттеу жүргізуге жол берілмейді.

      ИБ нәтижесі АИТВ-инфекциясына бастапқы зерттеуді орындайтын зертханаға қан үлгісі түскен сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде беріледі.

      21. Зерттеп-қаралушы АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымынан тестілік консультация жүргізе отырып, АИТВ-инфекциясына тесттің оң нәтижесін алады, оған мыналар кіреді: тестілеу салдарын бағалау, жеке қауіп факторларының болуын немесе болмауын айқындау, АИТВ-ның берілу жолдары және қорғану тәсілдері, АИТВ-жұқтырғандарға қолжетімді көмек түрлері туралы ақпарат беру.

      22. Тестілеуден кейінгі консультация беру барысында мыналар бағаланады: АИТВ инфекциясын диагностикалау нәтижесінде өзіне-өзі қол жұмсау қаупі, депрессия және психикалық денсаулық үшін басқа да салдарлар; АИТВ диагнозы қойылған әйелдер үшін интимдік серіктес тарапынан зорлық-зомбылық қаупі, мәртебені жария ету салдарлары. Стресс, агрессивті реакция, депрессия болған жағдайда пациентке психологтың көмегін ұсыну қажет.

      23. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеп-қаралатын адамды алынған нәтиже туралы жазбаша хабардар етеді, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді, сондай-ақ № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген № 095/е нысаны бойынша АИТВ жұқтырған адаммен құпия әңгімелесу парағына пациент қол қоюмен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 118-бабына сәйкес емделуден жалтарғаны және басқа адамдарды жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. АИТВ-инфекциясына зерттеудің оң нәтижесі кезінде адамнан дербес деректерді электрондық бақылау жүйесіне (бұдан әрі – ЭБ) енгізуге жазбаша хабардар етілген келісім алынады. Дербес деректерді енгізуден бас тартылған кезде ЭБ жүйесіне: иммундық блот (бұдан әрі – ИБ) нөмірі және күні, аты-жөні, туған күні, эпидемиологиялық анамнез деректері енгізіледі.

      25. Қан қызметі ұйымынан АИТВ инфекциясына арналған сарысудың алғашқы оң немесе күмәнді үлгілері таңбалау, буып-түю қағидаларының талаптарын сақтай отырып және ілеспе құжаты бар соңғы қойылған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі. Жіберілетін сарысу үлгісінің көлемі кемінде екі миллилитр.

      Қан қызметі ұйымынан алынған алғашқы оң немесе күмәнді үлгілерді зерттеу осы Қағидалардың 7-20-тармақтарына сәйкес АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының зертханасы полимеразды тізбекті реакцияның (бұдан әрі – ПТР) оң нәтижесі және ИФТ немесе ИХЛ немесе ЭХЛТ теріс немесе күмәнді нәтижесі бар биологиялық материалды алған кезде серонегативті терезе кезеңінде АИТВ инфекциясын сәйкестендіру үшін сезімталдығы 50 көшірме/мл–ден кем молекулярлық-биологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеу жүргізіледі. Тексерілетін донор АИТВ инфекциясының маркерлерінің болуын растағанға немесе алып тастағанға дейін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында серобақылауда болады.

      Донорлардағы АИТВ инфекциясына зерттеулердің нәтижелері қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, сарысуды растайтын зерттеулерге жіберген денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Трансплантаттау мен гемотрансфузия жүргізген медициналық ұйымдар АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау үшін реципиенттердің тізімдерін береді:

      тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында – шығарылғаннан кейін немесе қосалқы репродуктивтік технологиялар рәсімдерін орындағаннан кейін 3 тәулік ішінде.

      Реципиенттер облыстан, республикалық маңызы бар қаладан немесе астанадан тыс жерде тұрған жағдайда, медициналық ұйым реципиенттердің тізімін емдеуге жатқызу орны бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымына жібереді, олар кейіннен деректерді реципиенттің тұрғылықты жері бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына береді;

      АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін.

      Қайтыс болған жағдайда реципиенттің деректері АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу орны бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейін беріледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. АИТВ жұқтырған аналардан, АИТВ мәртебесі анықталмаған аналардан туған балаларды тексеру осы Қағидалардың 28-37 - тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      28. АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды алғашқы тексеру туғаннан бастап 48 сағатқа дейінгі жастағы АИТВ-ның провирустық ДНК (бұдан әрі – АИТВ пДНҚ) болуына ПТР әдісімен жүргізіледі. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 18 айға дейінгі балаларды тексеру кезінде ПТР әдісімен алғашқы тексеру жасына қарамастан эпидемиологиялық көрсетілімдер туындаған кезде жүргізіледі. Зерттеуге арналған биоматериал (капиллярлық қанның құрғақ тамшысының (бұдан әрі – КҚҚТ) үлгісі немесе көлемі кемінде 1 мл этилендиаминтетерасірке қышқылы (бұдан әрі - ЭДТА) бар жаңа алынған қан) РМДСҰ зертханасына жіберіледі. Кіндіктен алынған қанға зерттеу жүргізілмейді.

      29. 48 сағатқа дейінгі жаста теріс нәтиже алған кезде ПТР (АИТВ пДНҚ) әдісімен екінші зерттеу 6 апта жасында жүргізіледі. Биоматериал үлгісі (ЭДТА-дан немесе КҚҚТ-ден алынған жаңа алынған қан) РМДСҰ зертханасына жіберіледі.

      30. 6 аптада теріс нәтиже алған кезде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының маманымен бірге педиатр дәрігер медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында баланың жай-күйіне ай сайын клиникалық бақылау жүргізеді.

      31. ПТР әдісімен АИТВ пДНҚ болуына үшінші зерттеу балада АИТВ-инфекциясының клиникалық көрсетілімдері болмаған кезде 9 айлығында жүргізіледі. АИТВ-инфекциясының клиникалық симптомдары болған кезде жасына қарамастан АИТВ пДНҚ анықтауға қосымша зерттеу жүргізіледі.

      32. Туғаннан бастап 18 айға дейінгі балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібінің кез келген кезеңінде АИТВ пДНҚ-ның болуына ПТР-зерттеудің оң нәтижесін алған кезде күнтізбелік 14 күннен кешіктірілмейтін мерзімде биологиялық материалды (ЭДТА-мен қан плазмасы, көлемі кемінде 1,2 мл) қайта алу жүргізіледі. Биологиялық материал үлгісі ПТР әдісімен қан плазмасындағы АИТВ РНҚ–ны (бұдан әрі - АИТВ РНҚ-ның вирустық жүктемесі) сандық анықтауды жүргізу үшін РМДСҰ зертханасына жіберіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. АИТВ РНҚ вирустық жүктемесінің көрсеткіштерін 1 мл. плазмадағы 5000-нан астам көшірме алған кезде нәтиже оң деп есептеледі, "АИТВ-инфекциясы" диагнозы қойылады.

      34. АИТВ РНҚ вирустық жүктемесінің көрсеткіштерін 1 мл. плазмадағы 5000-ден кем көшірме алған кезде зерттеу нәтижесі белгісіз болып саналады. Осы Қағидалардың 29 және 31-тармақтарында айқындалған мерзімде АИТВ пДНҚ болуына ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі.

      35. 9 айлықта ПТР (АИТВ пДНҚ) теріс нәтиже алған кезде баланы ИФТ немесе ИХЛТ немесе 18 айлықта ЭХЛТ әдісімен тексеру жүргізіледі. Зерттеуге арналған материал (қан сарысуы кемінде 1 мл) РМДСҰ зертханасына жіберіледі.

      36. ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдісімен зерттеудің теріс нәтижесі болған жағдайда бала есептен шығарылады.

      37. 18 айлық балада ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдісімен зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда, осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес қосымша зерттеулер жүргізіледі.

      38. Клиникалық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясының бар-жоғына тексеруге мынадай аурулары, синдромдары мен симптомдары анықталған адамдар жатады:

      1) 1 айдан аса уақыт аралығында екі немесе одан да көп лимфа түйіндердің үлкеюі, персистирленген, жайылған лимфаденопатия;

      2) этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе бір айдан аса уақыт бойы қайталанған);

      3) түсіндіруге болмайтын ауыр кахексия немесе стандартты емдеуді нашар қабылдайтын (балаларда), тамақтанудың айқын бұзылулары, түсініксіз 10% және одан да артық салмақ жоғалту;

      4) 14 тәулік және одан да астам уақыт ішіндегі (балалардағы) ұзақтығы бір айдан асатын созылмалы диарея;

      5) себорейлік дерматит, қышымалы папулездік бөртпе (балаларда);

      6) ангулярлық хейлит;

      7) жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясы (синусит, ортаңғы отит, фарингит, трахеит, бронхит);

      8) белдік теміреткі;

      9) кез келген шашыраңшы эндемиялық микоз, терең микоздар (кокцидиоидоз, өкпеден тыс криптококкоз (криптококктық менингит), споротрихоз, аспергиллез, изоспороз, өкпеден тыс гистоплазмоз, стронгилоидоз, актиномикоз және басқалар);

      10) өкпе және өкпеден тыс туберкулез, оның ішінде перифериялық лимфотүйіндердің туберкулезінен басқа, атипті микобактериялары тудырған диссеминирленген инфекция диагнозы қойылған кезде және одан әрі АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау әрбір 6 ай сайын жүргізіледі;

      11) ауыз қуысының түкті лейкоплакиясы, қызыл иектің сызықтық эритемасы;

      12) әдеттегі емдеуге көнбейтін ауыр созылмалы қайталанатын пневмония және созылмалы бронхиттер (жыл бойы екі және одан көп реттік жиілікпен), симптомы жоқ және клиникалық айқын лимфоидтық интерстициальдық пневмония;

      13) сепсис, ішкі ағзалардың созылмалы және қайталанатын іріңді-бактериялық аурулары (пневмония, плевра эмпиемасы, менингит, менингоэнцефалиттер, сүйек және буындардың инфекциясы, іріңді миозит сальмонеллездік септицемия (Salmonella tiphi басқа), стоматиттер, гингивиттер, периодонтиттер және басқалар);

      14) пневмоцистік пневмония;

      15) ішкі ағзаларды зақымдайтын және тері мен шырышты қабықтарды, оның ішінде көзді созылмалы (бір айдан аса) зақымдайтын, қарапайым ұшықтың вирусы тудырған инфекциялар;

      16) кардиомиопатия;

      17) нефропатия;

      18) этиологиясы белгісіз энцефалопатия;

      19) үдемелі мультифокальдық лейкоэнцефалопатия;

      20) Капоши саркомасы;

      21) ісіктер, оның ішінде лимфома (бас миының) немесе В-жасушалы лимфома;

      22) орталық нерв жүйесінің токсоплазмозы;

      23) өңештің, бронхының, кеңірдектің, өкпенің, шырышты қабықтың, ауыз қуысының және мұрынның кандидозы;

      24) атипті микобактериялар тудырған диссеминирленген инфекция;

      25) этиологиясы белгісіз кахексия;

      26) қарапайым емдеуге келмейтін созылмалы қайталанатын пиодермия;

      27) әйелдердің жыныс мүшесі аумағының этиологиясы белгісіз ауыр созылмалы қабыну аурулары;

      28) әйелдердің жыныс мүшелерінің инвазивтік ісіктері;

      29) ауру басталғаннан кейін 3 айдан соң мононуклеоз;

      30) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (мерез, хламидиоз, трихомониаз, соз, гениталдық ұшық, вирусты папилломатоз және басқалар);

      31) В және С вирусты гепатиттері;

      32) ауқымды сулы кондиломалар;

      33) жайылған бөртпелері бар контагиоздық моллюск, ірі шорланған контагиоздық моллюск;

      34) бұрын дені сау болған адамдардағы алғашқы жарыместік;

      35) жүйелі түрде қан және оның компоненттерін құйдыратын, гемофилиямен және басқа да аурулармен ауыратын науқастар;

      36) жайылған цитомегаловирустық инфекция.

      39. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қарау жүргізіледі:

      1) ағзалардың (ағзаның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігінің), жыныстық жасушалардың донорларына – АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап трансплантаттау мақсатында биологиялық материалды алып қою операциясына немесе транспланттау рәсіміне, қосалқы репродуктивтік технологияға дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Донорлық қанның, оның компоненттерінің үлгілері "Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21362 болып тіркелген) сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп қаралады;

      2) биологиялық материал реципиенттеріне – АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап донорлық биологиялық материалды трансплантаттауға немесе гемотрансфузияға дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде және одан кейін 1 және 3 айдан кейін қайта. Реципиенттерді АИТВ инфекциясына тексеру күні 1 және 3 айдан кейін стационарлық жағдайда емдеу аяқталғаннан кейін көшірме эпикризінде көрсетіледі. Егер пациент бір емдеуге жатқызу ішінде бірнеше рет гемотрансфузия алған жағдайда, онда АИТВ-ға тексеру бірінші гемотрансфузия алдында және курс аяқталғаннан кейін 1 және 3 айдан кейін жүргізіледі. Тұрақты гемотрансфузия алатын, ұзақ мерзімді қан ауруы бар адамдар диагноз қойылған кезде және одан әрі әрбір 6 ай сайын АИТВ инфекциясына тексерілуге жатады. Биологиялық материал реципиенттерін тексеру АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі;

      3) гемодиализдегі адамдарға - әрбір 6 ай сайын;

      4) АИТВ жұқтырған жыныстық серіктестерге және инъекциялық есірткіні бірлесіп қолданатын серіктестерге - ИФТ әдісімен немесе экспресс тесттермен серіктесте АИТВ инфекциясы анықталған кезде бір рет және одан әрі, жалғасып жатқан байланыс кезінде – жылына 2 рет;

      5) денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмекке жүгінген кезде халықтың негізгі топтарына; инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарға (бұдан әрі – ИЕТ) – психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепке қою кезінде және бұдан әрі – жылына 2 рет; психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда стационарлық жағдайларда емделуге немесе оңалтуға жіберілген немесе түскен кезде – соңғы тестілеу күніне қарамастан;

      6) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне келіп түскен кезде қамауға алынған және сотталған адамдарға жоғарыда көрсетілген мекемелерге келіп түскеннен кейін 6 айдан соң, босатылар алдында, қалауы бойынша тергеу изоляторында немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ұстау кезеңінде, АИТВ жұқтырған адаммен жыныстық немесе парентералдық қатынаста болған кезде;

      7) осы Қағидалардың 28-37-тармақтарына сәйкес туғаннан бастап 18 айға дейінгі балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес АИТВ-жұқтырған аналардан, АИТВ-мәртебесі белгіленбеген аналардан туған балаларға;

      8) медициналық манипуляцияларды орындау кезінде зақымданған немесе зақымданбаған теріге, шырышты қабықтарға, жарақаттарға (дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медициналық құралмен тері жабындарын инъекциялау, кесу), инфекцияланған материалдың немесе биологиялық субстраттардың түсуіне байланысты авариялық жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға, медициналық манипуляцияларды орындау кезінде және жыныстық қатынас кезінде және байланыс болған сәттегі басқа да жағдайларда және одан әрі байланыс болған күннен бастап 1 және 3 айдан кейін жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарға. АИТВ инфекциясының әлеуетті көздері болып табылатын адамдар авариялық жағдайды тіркеу кезінде бір рет АИТВ инфекциясына экспресс тесттермен тексеріледі. Авариялық жағдайда зардап шеккендер авария болған кезде экспресс тесттермен және ИФТ немесе ИХЛТ әдісімен авариядан кейін 1 және 3 айдан кейін тексеруден өтеді. Барлық авариялық жағдайлар № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген № 049/е нысаны бойынша медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде авариялық жағдайларды тіркеу журналында тіркеледі;

      9) жұмысқа орналасу кезінде және одан әрі жылына 1 рет медициналық тексеруден өту кезінде диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізген медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне жылына 1 рет;

      10) әскери оқу орындарының талапкерлерін қоса алғанда, мемлекеттік авиация және аумқатық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерінде, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметшілерге, сондай-ақ келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызметке кіретіндерге;

      11) жүкті әйелдерге:

      екі рет – жүктілік бойынша және 28-30 апта мерзімінде есепке қою кезінде;

      аборт, өздігінен түсік тастау немесе қатып қалған жүктілік жағдайында жүктілікті тоқтатар алдында;

      АИТВ инфекциясына екі рет зерттеп-қарау нәтижесіз босандыру ұйымдарына түскендерге;

      бір рет тексерілгендерге - босануға түскенге дейін 3 аптадан астам;

      босандыру ұйымынан тыс босанған әйелдер;

      негізгі топтарға жататындар;

      АИТВ-оң жыныстық серіктесі немесе инъекциялық есірткіні қолданатын серіктесі бар;

      12) прокуратура, тергеу органдарының және (немесе) соттың сұрау салулары негізінде адамдарға;

      13) жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестеріне бір рет;

      14) нозокомиалды ошақтағы адамдарға: егер денсаулық сақтау ұйымынан шығарылғаннан кейін 3 айдан астам уақыт өтсе, байланыста болғандар АИТВ инфекциясының болуына бір реттік зерттеп-қараудан өтеді және теріс нәтиже кезінде бақылау тоқтатылады;

      15) 16 жасқа дейінгі балаларға анада АИТВ инфекциясы анықталған кезде 16 жасқа дейінгі балаларда АИТВ инфекциясы анықталған кезде, босанғаннан кейінгі кезеңде емшек сүтімен қоректендіру кезінде баланы жұқтыру қаупі бар әйелді жұқтыру жағдайларын анықтау үшін.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Р24 вирустық антигенін және бірінші және екінші үлгідегі АИТВ-ға антиденелерді анықтайтын экспресс тестпен АИТВ инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексеру жүргізіледі:

      1) босануға АИТВ инфекциясына екі рет зерт-теп-қарау нәтижесіз түскен; босануға түскенге дейін бір рет немесе үш аптадан астам зерттеп-қаралған; негізгі топтарға жататын; АИТВ-оң жыныстық серіктесі немесе инъекциялық есірткі пайдаланатын серіктесі бар немесе ме-дициналық мекемеден тыс босанған, кейін осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе ЭХЛТ-да қан үлгісін зерт-тейтін жүкті әйелдерге;

      2) АИТВ мәртебесін айқындау, тәуекел дәрежесін бағалау және байланыстан кейінгі антиретровирустық профилактиканы тағайындау мақсатында апат жағдайында зардап шеккендерге және адамдарға – апат кезінде ықтимал жұқтыру көздеріне;

      3) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінген кезде халықтың негізгі топтарына. Үкіметтік емес ұйымдарда қызылиек жанындағы сұйықтық бойынша тестті пайдалана отырып зерттеп-қарау жүргізіледі. Қауіп факторлары болған жағдайда, зерттеп-қаралушыға 3 айдан кейін қайта тексеруден өту ұсынылады;

      4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, оның ішінде стационар жағдайларында емделуге, АИТВ-ға экспресс тестілеу әдісімен шұғыл медициналық көмекке түсетін адамдарға. Экспресс тестілеу нәтижесі науқастың стационарлық картасына енгізіледі. Экспресс тесттің оң нәтижесі кезінде ақпарат одан әрі жұмыс істеу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі;

      5) АИТВ жұқтырған жыныстық серіктестерге және инъекциялық есірткіні бірлесіп қабылдайтын серіктестерге. Экспресс тесттің оң нәтижесі кезінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсете отырып, ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ-да растайтын зерттеулер жүргізіледі.

      6) капиллярлық экспресс тесттерді немесе қызылиек жанындағы сұйықтық бойынша тесттерді қолдана отырып, психикалық ден-саулықты қорғау саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін медициналық ұйымдарға немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында дәрігер-наркологтарға жүгінген кезде ИЕТ-ға;

      7) әрбір 6 айдан кейін осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясы-ның диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ-дағы қан үлгісін кейіннен зерттей отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы сала-сындағы қызметті жүзеге асыратын мемле-кеттік денсаулық сақтау ұйымдарында зерт-ханалық зерттеу жүргізу мүмкін болмаған кезде гемодиализ орталықтары мен бөлім-шелерінің пациенттеріне;

      8) клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша инвазивтік ем-шаралар алу үшін амбулаториялық бейіндегі медициналық ұйымдарға жүгінген кезде адамдарға;

      9) жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестеріне бір рет;

      10) биомінез құлықтық зерттеулерге қатысушыларға, оның ішінде халықтың негізгі топтары арасында таралуына эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезінде;

      11) АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша халық арасында жүргізілетін іс-шаралар мен акцияларға қатысушыларға;

      12) жастар денсаулық орталықтарына жылына 1 рет жүгінген кезде 16-дан 29 жасқа дейінгі жастарға.

      13) қабылдау-тарату орындарына, арнайы қабылдау орындарына, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түскен кездегі адамдарға.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. 16 жас және одан асқан кәмелетке толмағандарды АИТВ-инфекциясына ерікті түрде медициналық құпия зерттеп-қарау олардың қалауы бойынша, әрекетке қабілетсіз адамдарды – олардың заңды өкілдерінің келісімімен, Кодекстің 78-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. АИТВ-инфекциясы 18 жасқа дейінгі АИТВ жұқтырған адам анықталған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілдері хабардар етіледі.

      42. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, шетелдік консулдық мекемелердің жұмыскерлері және Қазақстан Республикасының аумағында артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын өзге де адамдар Кодекстің 162-бабының 4-тармағына сәйкес өздерінің келсімімен ғана АИТВ-инфекциясының бар-жоғына зерттеп-қаралудан өтеді.

      43. Экспресс тестілеу нәтижелері стационарлық пациенттің электрондық медициналық картасына немесе амбулаториялық пациенттің медициналық картасына деректерді енгізе отырып, экспресс тестілеу әдісімен АИТВ-ға зерттеулерді тіркеу журналында тіркеледі. Медициналық емес ұйымда экспресс әдіспен зерттеліп-қаралған адамдар (үкіметтік емес ұйымдар, зерттеулер немесе акциялар жүргізген кезде, жасырын түрде) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес АИТВ-ға зерттеулерді экспресс тестілеу әдісімен тіркеу журналында тіркеледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  АИТВ инфекциясының
бар- жоғына міндетті құпия
медициналық зерттеп-қарау
қағидаларына
қосымша

Экспресс тестілеу әдісімен АИТВ-ға зерттеулерді тіркеу журналы ________жылғы " " ________басталды ________жылғы " " ________аяқталды

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.01.2022 № ҚР ДСМ-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тіркеу №

БСК**/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

жынысы

Зерттеп-қарау коды

Экспресс тест серия немесе лот атауы, жарамдылық мерзімі

Зерттеп-қаралу күні мен уақыты

Зерттеуге арналған материал (сарысу, плазма, қан, қызылиек жанындағы сұйықтық (сілекей)

Экспресс тест зерттеу нәтижесі (оң немесе теріс немесе валидті емес

Биологиялық материалды ИФТ немесе ИХЛТнемесе ЭХЛТ-ға жіберу күні мен уақыты

Зерттеу ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдісімен

Экспресс тест жүргізетін қызметкердің тегі (анық)

Экспресс тест жүргізетін қызметкердің қолы

Тіркеу №

Талдау жасау күні

нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Ескертпе:

      *журнал электрондық форматта толтырылады, сақтау мерзімі - 3 жыл.

      ** БСК - бірегей сәйкестендіру коды. Анонимділікті, құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында ана атының алғашқы 2 әрпінен, әке атының алғашқы 2 әрпінен, жынысынан (1 –еркек немесе 2 – әйел) және туған жылының соңғы екі цифрынан жасалады.

      Мысалы: анасы - Гүлнар, әкесі - Ренат, ер адам, 1978 жылы туған, БСК - ГҮРЕ 178

      ИФТ - иммуноферменттік талдау.

      ИХЛТ - иммунохемилюминесценттік талдау.

      ЭХЛТ - электрохемилюминесценттік талдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады