Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қаңтарда № 26685 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ПМБ бар адамды динамикалық байқауға алу кезінде бастапқы қарап-тексеруді жүргізеді, динамикалық байқау тобын, қарап-тексеру кезеңділігін, денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды, жеке тәсілді ескере отырып, емдеудің жеке жоспарын, оңалтудың жеке бағдарламасын және басқа да іс-шараларды жасайды, деректер "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес айқындалатын нысанындағы электрондық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – ЭАЖ) енгізіледі;";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады

      1) есірткі құралдары – "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулері бар 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи текті заттар;

      2) мас болу жағдайы – ПБЗ-ның жіті уыттануы салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй;

      3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру (бұдан әрі – медициналық куәландыру) – есірткілік, алкогольдік масаңдық және басқа ПБЗ-дан масаң күйде болу жағдайын анықтау мақсатында адамды амбулаториялық зерттеп-қарау;

      4) медицина қызметкері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      5) психикаға белсенді әсер ететін заттар – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да есеңгірететін заттар);

      6) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдану және мас болу фактісін анықтау осы медициналық куәландыруды жүргізу үшін "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) анықталған тәртіп бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдану және мас болу фактісін анықтауға медициналық куәландыру жүргізу бойынша денсаулық сақтау саласында қосымша білім алған медицина қызметкері бар мемлекеттік медициналық ұйымдарда тәулік бойы жүзеге асырылады.

      7. Медициналық куәландыруды жүргізу алдында медицина қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттармен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттармен танысып, медициналық куәландыруға жіберілген немесе келген адамды сәйкестендіруді жүзеге асырады.

      Медициналық куәландыру қорытындысында куәландырушы адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін құжаттар болмаған кезде (бұдан әрі – Қорытынды) жіберген адамның немесе куәландырылатын адамның сөздерінен паспорттық деректерді алу туралы міндетті түрде көрсете отырып, адамның ерекше белгілері көрсетіледі. Қорытынды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттардың немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттардың болмауы куәландырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

      Медициналық куәландыруға жіберілген адамның жеке басын анықтау медицина қызметкерінің құзыретіне кірмейді.";

      осы Қағидаларға 1-қосымшамен бекітілген Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қорытындысы осы бұйрыққа сәйкес 1-қосымшада жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;

      2) АИТВ инфекциясының бар-жоғына клиникалық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау – ақпараттық келісіммен клиникалық көрсетілімдер (оппортунистік аурулар, АИТВ инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін көрсететін синдромдар мен симптомдар) бар адамдарды міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау;

      3) АИТВ инфекциясының бар - жоғына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау – ақпараттық келісіммен халықтың жекелеген топтары арасында және әрбір АИТВ инфекциясы жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде белгілі бір аумақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты адамдарды міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау;

      4) АИТВ -инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы – міндетті, анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарауды және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізетін ұйым;

      5) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – РМДСҰ) – АИТВ инфекциясына скринингтік, сараптамалық, төрелік зерттеулер және басқа да зертханалық зерттеулер жүргізетін денсаулық сақтау ұйымы;

      6) әлеуетті реципиент – тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) трансплантаттауды қажет ететін пациент;

      7) инфекцияның әлеуетті көздері – АИТВ басқа адамға белгілі бір жағдайларда: жыныстық жолмен, парентералдық жолмен (стерильденбеген құрал-саймандарды пайдаланғанда, гемотрансфузия, трансплантаттау кезінде, қан және оның компоненттерінің биологиялық материалымен жанасқан кезде), анадан ұрыққа тік жолмен берілуі мүмкін адамдар;

      8) құпия медициналық зерттеп-қарау – медицина қызметкерінің құпиясын сақтауға және зерттеп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      9) серонегативті терезе – жұқтыру сәтінен бастап антиденелер пайда болғанға дейінгі кезең, екі аптадан үш айға дейін созылады;

      10) халықтың негізгі топтары – өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары қаупіне ұшырайтын халық топтары;

      11) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау үшін қан алу меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат бойынша жүргізіледі және зерттеулер жүргізу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына, РМДСҰ-ға жіберіледі.";

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірінші кезең: бастапқы зерттеу (бұдан әрі – Т1) кезінде диагностикалық сезімталдығы 100% (сенімгерлік интервалдың 95% төменгі шегі – кемінде 99%) тест-жүйелерді пайдалана отырып, бір мезгілде бірінші және екінші типтегі АИТВ антиденелері және р24 вирустық антигені иммуноферменттік талдау (бұдан әрі – ИФТ) немесе иммунохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ИХЛТ) әдісімен немесе, электрохемилюминесценттік талдау (бұдан әрі – ЭХЛТ) әдісімен айқындалады; осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала біліктілігімен расталған сезімталдығы мен ерекшелігі бар төртінші буынның экспресс тестілерін пайдалана отырып, диагностикалық ерекшелігі – кемінде 99 % (95% төменгі сенім аралығы – кемінде 98%); 2 МЕ/мл-ден аспайтын талдамалық сезімталдық (р24 антигенінің ең аз мөлшері).

      Экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде медициналық ұйымдарда зерттеп-қаралушыдан әрі тексеруге ақпараттық келісім алғаннан кейін жеке куәлігін немесе электрондық құжат бойынша цифрлық құжаттар сервисінен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдістерімен жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша зерттеулер жүргізу үшін қан алу жүргізіледі.

      Медициналық ұйымдардан тыс жүргізілген экспресс тесттің оң нәтижесі болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес бекітілген № 097/е нысаны бойынша көрсетілетін қызметті зертханалық зерттеуге жолдама одан әрі тексеру үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының немесе РМДСҰ зертханасына беріледі.

      ИФТ немесе ИХЛ немесе ЭХТ әдісімен АИТВ инфекциясының маркерлерін анықтауға әрбір қою кезінде жиынтықта қоса беріліп отырған бақылау үлгілеріне қосымша процестің тұрақтылығын бағалау үшін 2,0–2,5 диапазонындағы позитивтілік коэффициенті бар зертханалық бақылаудың ішіне қою жүргізіледі. Экспресс тестіні күнделікті пайдалану кезінде коммерциялық бақылау үлгілерін немесе "түтіктегі кептірілген үлгі" әдісімен дайындалған бақылау үлгілерін пайдалана отырып, сапаға бақылау жүргізіледі.

      8. Т1 теріс нәтиже алған жағдайда, зерттеп-қаралушыға "АИТВ теріс" нәтижесі беріледі.

      Зерттеп-қаралушы теріс нәтижені жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде зертханаға зерттеу үшін қан үлгісі түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қан алу орны бойынша алады. Нәтижені берер алдында тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      9. Т1 оң нәтижесін алған кезде Т1–ден ерекшеленетін тест-жүйені немесе экспресс тестті пайдалана отырып, екінші зерттеу (бұдан әрі – Т2) жүргізіледі. Үшінші және төртінші буынның АИТВ-ға тестілерін пайдалануға жол беріледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Зерттеудің екі оң нәтижесін алған кезде көлемі кемінде бір миллилитр сарысудың үлгісі соңғы қойылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растаушы зерттеулер жүргізу үшін РМДСҰ зертханасына жіберіледі.";

      14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қайта тестілеуде күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кейін бірінші тестілеуде пайдаланылатын алдыңғы тесттерден ерекшеленетін тест-жүйелерде зерттеу жүргізіледі. Қарама-қайшы зерттеу нәтижелерін (Т1+, Т2 -) алған кезде үшінші серологиялық тестіні қолдана отырып қосымша зерттеу жүргізіледі. Теріс нәтиже жүргізілген үш зерттеудің екі теріс нәтижесі бойынша беріледі. Оң нәтиже жүргізілген үш зерттеудің екі оң нәтижесі бойынша беріледі. Жүкті әйелдерді тексеру жағдайында тестінің сезімталдығы 50 көшірме/мл-ден аспайтын АИТВ-ның молекулярлық - биологиялық тестілері (рибонуклеин қышқылын (бұдан әрі – РНҚ) сандық анықтау немесе АИТВ-ның провирустық дезоксирибонуклеин қышқылын (бұдан әрі – пДНҚ) анықтау) қосымша тест ретінде пайдаланылады.

      15. Растаушы кезең: АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарынан алынған бастапқы оң үлгілерді растау ИФТ немесе ИХЛТ немесе экспресс тестілеу және растаушы иммундық блот (бұдан әрі – ИБ) немесе РМДСҰ зертханасында АИТВ ақуыздарының бейіні бар иммунохроматографиялық тест (2 ENV, GAG, POL) әдістерімен жүргізіледі.

      16. ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе РМДСҰ зертханасында экспресс тестілеуде теріс нәтиже алынған кезде ақпарат АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес күнтізбелік 14 күннен кейін қайта қан алуды және АИТВ-ға зерттеп-қарауды жүргізу үшін беріледі (1-кезең).

      17. ИФТ немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестілеуде оң нәтиже алған кезде РМДСҰ зертханасында растаушы тест жүргізіледі: ИБ немесе АИТВ ақуыздарының бейіні бар иммунохроматографиялық тест (2 ENV, GAG, POL).

      18. ИБ немесе АИТВ ақуыздары бейіні бар иммунохроматографиялық тесттің теріс нәтижесі (2 ENV, GAG, POL) және ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестте оң нәтиже алынған кезде ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясын диагностикалауды жүргізу тәртібіне сәйкес 1 немесе 3 айдан кейін бірінші кезеңнен бастап рет-ретімен қайта зерттеу жүргізіледі. ИФТ немесе ИХЛТ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні болмаған кезде және теріс ИБ болғанда 3 айдан кейін ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі.

      19. АИТВ ақуызының бейіні бар (2 ENV, GAG, POL) иммунохроматографиялық тестінің немесе ИБ күмәнді нәтижесін және ИТ-да немесе ИХЛТ-да немесе экспресс тестте оң нәтижені алған кезде ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес күнтізбелік 14 күн немесе 1 ай өткен соң бірінші кезеңнен бастап рет-ретімен қайта зерттеу жүргізіледі.

      ИФТ немесе ИХЛТ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні және күмәнді ИБ болмаған кезде 1 айдан кейін ПТР әдісімен зерттеу жүргізіледі. Жүкті әйелдердің ИБ алғашқы күмәнді нәтижесі кезінде тестілеудің кейінгі мерзімдерінде қосымша тестілеуді жеке тәртіппен өткізу туралы мәселе шешіледі.

      Нәтиже теріс болғанда ПТР (АИТВ РНҚ) күнтізбелік 14 күннен кейін қайта зерттеу жүргізіледі.

      Жүкті әйелдерде үшінші триместрде ПТР (АИТВ РНҚ) нәтижесі оң болғанда антиретровирустық терапия тағайындалады.

      ИФТ-да немесе ИХЛТ-да және ИБ-да АИТВ-ға антиденелер титрлерінің оң серпіні және ПТР теріс нәтижесі болмаған кезде 3 айдан аспайтын мерзімде АИТВ-ға антиденелерге спецификалық емес реакция немесе серобақылауға қою туралы мәселе шешіледі.";

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеп-қаралатын адамды алынған нәтиже туралы жазбаша хабардар етеді, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді, сондай-ақ № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген № 095/е нысаны бойынша АИТВ жұқтырған адаммен құпия әңгімелесу парағына пациент қол қоюмен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 118-бабына сәйкес емделуден жалтарғаны және басқа адамдарды жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қан қызметі ұйымынан АИТВ инфекциясына арналған сарысудың алғашқы оң немесе күмәнді үлгілері таңбалау, буып-түю қағидаларының талаптарын сақтай отырып және ілеспе құжаты бар соңғы қойылған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі. Жіберілетін сарысу үлгісінің көлемі кемінде екі миллилитр.

      Қан қызметі ұйымынан алынған алғашқы оң немесе күмәнді үлгілерді зерттеу осы Қағидалардың 7-20-тармақтарына сәйкес АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

      АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының зертханасы полимеразды тізбекті реакцияның (бұдан әрі – ПТР) оң нәтижесі және ИФТ немесе ИХЛ немесе ЭХЛТ теріс немесе күмәнді нәтижесі бар биологиялық материалды алған кезде серонегативті терезе кезеңінде АИТВ инфекциясын сәйкестендіру үшін сезімталдығы 50 көшірме/мл–ден кем молекулярлық-биологиялық тестілерді қолдана отырып, қосымша зерттеу жүргізіледі. Тексерілетін донор АИТВ инфекциясының маркерлерінің болуын растағанға немесе алып тастағанға дейін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымында серобақылауда болады.

      Донорлардағы АИТВ инфекциясына зерттеулердің нәтижелері қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, сарысуды растайтын зерттеулерге жіберген денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

      26. Трансплантаттау мен гемотрансфузия жүргізген медициналық ұйымдар АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау үшін реципиенттердің тізімдерін береді:

      тіркелген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымында – шығарылғаннан кейін немесе қосалқы репродуктивтік технологиялар рәсімдерін орындағаннан кейін 3 тәулік ішінде.

      Реципиенттер облыстан, республикалық маңызы бар қаладан немесе астанадан тыс жерде тұрған жағдайда, медициналық ұйым реципиенттердің тізімін емдеуге жатқызу орны бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымына жібереді, олар кейіннен деректерді реципиенттің тұрғылықты жері бойынша АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына береді;

      АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін.

      Қайтыс болған жағдайда реципиенттің деректері АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу орны бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейін беріледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Туғаннан бастап 18 айға дейінгі балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібінің кез келген кезеңінде АИТВ пДНҚ-ның болуына ПТР-зерттеудің оң нәтижесін алған кезде күнтізбелік 14 күннен кешіктірілмейтін мерзімде биологиялық материалды (ЭДТА-мен қан плазмасы, көлемі кемінде 1,2 мл) қайта алу жүргізіледі. Биологиялық материал үлгісі ПТР әдісімен қан плазмасындағы АИТВ РНҚ–ны (бұдан әрі - АИТВ РНҚ-ның вирустық жүктемесі) сандық анықтауды жүргізу үшін РМДСҰ зертханасына жіберіледі.";

      39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қарау жүргізіледі:

      1) ағзалардың (ағзаның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бөлігінің), жыныстық жасушалардың донорларына – АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап трансплантаттау мақсатында биологиялық материалды алып қою операциясына немесе транспланттау рәсіміне, қосалқы репродуктивтік технологияға дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Донорлық қанның, оның компоненттерінің үлгілері "Донорларды медициналық куәландыруға, медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-113/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21362 болып тіркелген) сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп қаралады;

      2) биологиялық материал реципиенттеріне – АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау күнінен бастап донорлық биологиялық материалды трансплантаттауға немесе гемотрансфузияға дейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде және одан кейін 1 және 3 айдан кейін қайта. Реципиенттерді АИТВ инфекциясына тексеру күні 1 және 3 айдан кейін стационарлық жағдайда емдеу аяқталғаннан кейін көшірме эпикризінде көрсетіледі. Егер пациент бір емдеуге жатқызу ішінде бірнеше рет гемотрансфузия алған жағдайда, онда АИТВ-ға тексеру бірінші гемотрансфузия алдында және курс аяқталғаннан кейін 1 және 3 айдан кейін жүргізіледі. Тұрақты гемотрансфузия алатын, ұзақ мерзімді қан ауруы бар адамдар диагноз қойылған кезде және одан әрі әрбір 6 ай сайын АИТВ инфекциясына тексерілуге жатады. Биологиялық материал реципиенттерін тексеру АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі;

      3) гемодиализдегі адамдарға - әрбір 6 ай сайын;

      4) АИТВ жұқтырған жыныстық серіктестерге және инъекциялық есірткіні бірлесіп қолданатын серіктестерге - ИФТ әдісімен немесе экспресс тесттермен серіктесте АИТВ инфекциясы анықталған кезде бір рет және одан әрі, жалғасып жатқан байланыс кезінде – жылына 2 рет;

      5) денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмекке жүгінген кезде халықтың негізгі топтарына; инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарға (бұдан әрі – ИЕТ) – психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепке қою кезінде және бұдан әрі – жылына 2 рет; психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда стационарлық жағдайларда емделуге немесе оңалтуға жіберілген немесе түскен кезде – соңғы тестілеу күніне қарамастан;

      6) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне келіп түскен кезде қамауға алынған және сотталған адамдарға жоғарыда көрсетілген мекемелерге келіп түскеннен кейін 6 айдан соң, босатылар алдында, қалауы бойынша тергеу изоляторында немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ұстау кезеңінде, АИТВ жұқтырған адаммен жыныстық немесе парентералдық қатынаста болған кезде;

      7) осы Қағидалардың 28-37-тармақтарына сәйкес туғаннан бастап 18 айға дейінгі балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес АИТВ-жұқтырған аналардан, АИТВ-мәртебесі белгіленбеген аналардан туған балаларға;

      8) медициналық манипуляцияларды орындау кезінде зақымданған немесе зақымданбаған теріге, шырышты қабықтарға, жарақаттарға (дезинфекциялық өңдеуден өтпеген медициналық құралмен тері жабындарын инъекциялау, кесу), инфекцияланған материалдың немесе биологиялық субстраттардың түсуіне байланысты авариялық жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға, медициналық манипуляцияларды орындау кезінде және жыныстық қатынас кезінде және байланыс болған сәттегі басқа да жағдайларда және одан әрі байланыс болған күннен бастап 1 және 3 айдан кейін жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарға. АИТВ инфекциясының әлеуетті көздері болып табылатын адамдар авариялық жағдайды тіркеу кезінде бір рет АИТВ инфекциясына экспресс тесттермен тексеріледі. Авариялық жағдайда зардап шеккендер авария болған кезде экспресс тесттермен және ИФТ немесе ИХЛТ әдісімен авариядан кейін 1 және 3 айдан кейін тексеруден өтеді. Барлық авариялық жағдайлар № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бекітілген № 049/е нысаны бойынша медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде авариялық жағдайларды тіркеу журналында тіркеледі;

      9) жұмысқа орналасу кезінде және одан әрі жылына 1 рет медициналық тексеруден өту кезінде диагностика мен емдеудің инвазиялық әдістерін жүргізген медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне жылына 1 рет;

      10) әскери оқу орындарының талапкерлерін қоса алғанда, мемлекеттік авиация және аумқатық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерінде, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметшілерге, сондай-ақ келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызметке кіретіндерге;

      11) жүкті әйелдерге:

      екі рет – жүктілік бойынша және 28-30 апта мерзімінде есепке қою кезінде;

      аборт, өздігінен түсік тастау немесе қатып қалған жүктілік жағдайында жүктілікті тоқтатар алдында;

      АИТВ инфекциясына екі рет зерттеп-қарау нәтижесіз босандыру ұйымдарына түскендерге;

      бір рет тексерілгендерге - босануға түскенге дейін 3 аптадан астам;

      босандыру ұйымынан тыс босанған әйелдер;

      негізгі топтарға жататындар;

      АИТВ-оң жыныстық серіктесі немесе инъекциялық есірткіні қолданатын серіктесі бар;

      12) прокуратура, тергеу органдарының және (немесе) соттың сұрау салулары негізінде адамдарға;

      13) жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестеріне бір рет;

      14) нозокомиалды ошақтағы адамдарға: егер денсаулық сақтау ұйымынан шығарылғаннан кейін 3 айдан астам уақыт өтсе, байланыста болғандар АИТВ инфекциясының болуына бір реттік зерттеп-қараудан өтеді және теріс нәтиже кезінде бақылау тоқтатылады;

      15) 16 жасқа дейінгі балаларға анада АИТВ инфекциясы анықталған кезде 16 жасқа дейінгі балаларда АИТВ инфекциясы анықталған кезде, босанғаннан кейінгі кезеңде емшек сүтімен қоректендіру кезінде баланы жұқтыру қаупі бар әйелді жұқтыру жағдайларын анықтау үшін.

      40. Р24 вирустық антигенін және бірінші және екінші үлгідегі АИТВ-ға антиденелерді анықтайтын экспресс тестпен АИТВ инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тексеру жүргізіледі:

      1) босануға АИТВ инфекциясына екі рет зерт-теп-қарау нәтижесіз түскен; босануға түскенге дейін бір рет немесе үш аптадан астам зерттеп-қаралған; негізгі топтарға жататын; АИТВ-оң жыныстық серіктесі немесе инъекциялық есірткі пайдаланатын серіктесі бар немесе ме-дициналық мекемеден тыс босанған, кейін осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясының диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес ИФТ-да немесе ИХЛТ-да немесе ЭХЛТ-да қан үлгісін зерт-тейтін жүкті әйелдерге;

      2) АИТВ мәртебесін айқындау, тәуекел дәрежесін бағалау және байланыстан кейінгі антиретровирустық профилактиканы тағайындау мақсатында апат жағдайында зардап шеккендерге және адамдарға – апат кезінде ықтимал жұқтыру көздеріне;

      3) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінген кезде халықтың негізгі топтарына. Үкіметтік емес ұйымдарда қызылиек жанындағы сұйықтық бойынша тестті пайдалана отырып зерттеп-қарау жүргізіледі. Қауіп факторлары болған жағдайда, зерттеп-қаралушыға 3 айдан кейін қайта тексеруден өту ұсынылады;

      4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, оның ішінде стационар жағдайларында емделуге, АИТВ-ға экспресс тестілеу әдісімен шұғыл медициналық көмекке түсетін адамдарға. Экспресс тестілеу нәтижесі науқастың стационарлық картасына енгізіледі. Экспресс тесттің оң нәтижесі кезінде ақпарат одан әрі жұмыс істеу үшін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі;

      5) АИТВ жұқтырған жыныстық серіктестерге және инъекциялық есірткіні бірлесіп қабылдайтын серіктестерге. Экспресс тесттің оң нәтижесі кезінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсете отырып, ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ-да растайтын зерттеулер жүргізіледі.

      6) капиллярлық экспресс тесттерді немесе қызылиек жанындағы сұйықтық бойынша тесттерді қолдана отырып, психикалық ден-саулықты қорғау саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін медициналық ұйымдарға немесе медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында дәрігер-наркологтарға жүгінген кезде ИЕТ-ға;

      7) әрбір 6 айдан кейін осы Қағидалардың 6-20-тармақтарына сәйкес ересектер мен 18 айдан асқан балаларда АИТВ инфекциясы-ның диагностикасын жүргізу тәртібіне сәйкес ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ-дағы қан үлгісін кейіннен зерттей отырып, АИТВ инфекциясының профилактикасы сала-сындағы қызметті жүзеге асыратын мемле-кеттік денсаулық сақтау ұйымдарында зерт-ханалық зерттеу жүргізу мүмкін болмаған кезде гемодиализ орталықтары мен бөлім-шелерінің пациенттеріне;

      8) клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша инвазивтік ем-шаралар алу үшін амбулаториялық бейіндегі медициналық ұйымдарға жүгінген кезде адамдарға;

      9) жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестеріне бір рет;

      10) биомінез құлықтық зерттеулерге қатысушыларға, оның ішінде халықтың негізгі топтары арасында таралуына эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезінде;

      11) АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша халық арасында жүргізілетін іс-шаралар мен акцияларға қатысушыларға;

      12) жастар денсаулық орталықтарына жылына 1 рет жүгінген кезде 16-дан 29 жасқа дейінгі жастарға.

      13) қабылдау-тарату орындарына, арнайы қабылдау орындарына, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына түскен кездегі адамдарға.";

      43-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "43. Экспресс тестілеу нәтижелері стационарлық пациенттің электрондық медициналық картасына немесе амбулаториялық пациенттің медициналық картасына деректерді енгізе отырып, экспресс тестілеу әдісімен АИТВ-ға зерттеулерді тіркеу журналында тіркеледі. Медициналық емес ұйымда экспресс әдіспен зерттеліп-қаралған адамдар (үкіметтік емес ұйымдар, зерттеулер немесе акциялар жүргізген кезде, жасырын түрде) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес АИТВ-ға зерттеулерді экспресс тестілеу әдісімен тіркеу журналында тіркеледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшамен бекітілген АИТВ-ға зерттеулерді экспресс тестілеу әдісімен тіркеу журналы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-6
Бұйрыққа 1-қосымша
  Психикаға белсенді әсер
ететін заттарды тұтыну фактісін
және масаң күйде екенін
анықтау үшін медициналық
куәландырудан өткізу
қағидаларына
1-қосымша

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы

            Осы факт бойынша куәландыру бастапқы, қайталама (қажеттісінің астын сызу).

            1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _______________________________________________________________________

      Жасы (туған жылы)

      _______________________________________________________________________

      Жеке басын растайтын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (болған кезде)

      _______________________________________________________________________

      Жұмыс орны, лауазымы

      _______________________________________________________________________

      Кім және қашан куәландыруға жіберді (нақты уақыты) немесе өзі жүгінді

      _______________________________________________________________________

      Куәландыру күні және нақты уақыты

      _______________________________________________________________________

      Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер, мейіргер)

      _______________________________________________________________________

      2. Куәландырудың себебі:

      _______________________________________________________________________

      3. Куәландырылушының сыртқы түрі:

      _______________________________________________________________________

      4. Мінез-құлық: шиеленісті, жабық, тітіркенген, қозған, агрессивті, эйфориялық, сөйлейтін,

      мазасыз, тұрақсыз көңіл-күй, ұйқышылдық, тежелген, өзінің жағдайына шағымдар, тыныш (қажеттісінің астын сызу)

      _______________________________________________________________________

      5. Сананың жай-күйі, орынға, уақытқа, жағдайға және жеке тұлғаға бағдарлау

      _______________________________________________________________________

      6. Сөйлеу қабілеті: сөйлеудің байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеу

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      7. Вегетативті тамырлық реакциялар (тері жабындарының, көздің , тілдің шырышты

      қабықтарының жай-күйі, тершеңдік, сілекей ағу)_____________________________

      _______________________________________________________________________

      Тыныс алу: жылдам, баяу

      _______________________________________________________________________

      Пульс ______________________артериялық қысым __________________________

      Көз қарашықтары: тарылған, кеңейтілген, жарыққа реакция

      _______________________________________________________________________

      Жан-жағына қараған кездегі нистагм

      _______________________________________________________________________

      8. Қозғалу аясы

      _______________________________________________________________________

      Мимика: енжар, жанды

      _______________________________________________________________________

      Жүру (теңселу, жүру кезінде аяқтың жан-жаққа кетуі), бұрылу арқылы жүру (бұрылу кезінде теңселу)

      _________________________________________________________________________

      Ромберг позасындағы тұрақтылық

      _________________________________________________________________________

      Дәл қозғалыстар (монетаны еденнен көтеру, саусақ-мұрын сынамасы)

      _________________________________________________________________________

      Қабақтың, тілдің, саусақтардың дірілдеуі

      _________________________________________________________________________

      9. Нейропсихиатриялық аурулардың, мидың органикалық зақымдануы, физикалық шаршау

      белгілері бар ма. Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен)

      _________________________________________________________________________

      10. Алкогольді, психоактивті заттарды соңғы қолдану туралы мәліметтер: субъективті,

      объективті (құжаттар бойынша, сөздер бойынша)

      _________________________________________________________________________

      11. Алкогольдің иісі

      _________________________________________________________________________

      12. Шығарылған ауада және организмнің биологиялық ортасында алкогольдің болуы:

      а) ауа аспапта зерттелді

      _________________________________________________________________________

      Зерттеу уақыты мен нәтижелері

      _________________________________________________________________________

      қайта зерттеу

      _________________________________________________________________________

      б) биологиялық орта (орталар) (несеп, сілекей, қан) зерттелді

      _________________________________________________________________________

      __________________________________әдістері________________________________

      сынама алу уақыты ________________________________________________________

      Зерттеу уақыты мен нәтижелері _____________________________________________

      13. Медициналық тексеріп-қараудың немесе ұсынылған құжаттардың басқа да деректері

      ________________________________________________________________________

      14. Қорытынды (куәландырылушының жай-күйі психикаға белсенді әсер ететін заттарды

      пайдалану фактісін және мас болу жай-күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды

      жүргізу қағидаларының 13-тармағында көзделген тұжырымдамаларда сараланады):

      ________________________________________________________________________

      Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің қолы

      ________________________________________________________________________

      Куәландыру нәтижесімен таныстым

      ________________________________________________________________________

      (куәландырылатын адамның қолы)

      Куәландыру нәтижелерімен таныстым, бірақ қол қоюдан бас тарттым

      ________________________________________________________________________

      Медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы

      Куәгерлер (мүдделі емес адамдар) (куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды

      бағалай алмаған және (немесе) медициналық куәландырудан және (немесе) танысудан

      және (немесе) қол қоюдан бас тартқан жағдайда):

      1. _________________________________________________ қолы

      2. _________________________________________________ қолы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-6
Бұйрыққа 2-қосымша
  АИТВ инфекциясының
бар- жоғына міндетті құпия
медициналық зерттеп-қарау
қағидаларына
қосымша

Экспресс тестілеу әдісімен АИТВ-ға зерттеулерді тіркеу журналы ________жылғы " " ________басталды ________жылғы " " ________аяқталды

Тіркеу №

БСК**/ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

жынысы

Зерттеп-қарау коды

Экспресс тест серия немесе лот атауы, жарамдылық мерзімі

Зерттеп-қаралу күні мен уақыты

Зерттеуге арналған материал (сарысу, плазма, қан, қызылиек жанындағы сұйықтық (сілекей)

Экспресс тест зерттеу нәтижесі (оң немесе теріс немесе валидті емес

Биологиялық материалды ИФТ немесе ИХЛТнемесе ЭХЛТ-ға жіберу күні мен уақыты

Зерттеу ИФТ немесе ИХЛТ немесе ЭХЛТ әдісімен

Экспресс тест жүргізетін қызметкердің тегі (анық)

Экспресс тест жүргізетін қызметкердің қолы

Тіркеу №

Талдау жасау күні

нәтиже

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Ескертпе:

      *журнал электрондық форматта толтырылады, сақтау мерзімі - 3 жыл.

      ** БСК - бірегей сәйкестендіру коды. Анонимділікті, құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында ана атының алғашқы 2 әрпінен, әке атының алғашқы 2 әрпінен, жынысынан (1 –еркек немесе 2 – әйел) және туған жылының соңғы екі цифрынан жасалады.

      Мысалы: анасы - Гүлнар, әкесі - Ренат, ер адам, 1978 жылы туған, БСК - ГҮРЕ 178

      ИФТ - иммуноферменттік талдау.

      ИХЛТ - иммунохемилюминесценттік талдау.

      ЭХЛТ - электрохемилюминесценттік талдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады