"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2020 жылғы 12 қарашадағы № 20-42-3.3.17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қарашада № 21696 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19491 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесінің бастығы
Н.Онжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Еңбек және

      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      _______________________________________

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2020 жылғы 12 қарашадағы
№ 20-42-3.3.17 бұйрығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының ТІЗІЛІМІ

Буын Саты Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Қызмет басшысы: талдау; коммуникациялар; медиаконтенті ілгерілету; стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл.
Әкімшілік-қаржы қызметінің басшысы - бас бухгалтер

1-1

Қызмет басшысының орынбасары: талдау; медиаконтенті ілгерілету.
Бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист

В блогы (негізгі персонал)

В1

2

Бас сарапшы

3

Жетекші сарапшы

4

Кеңесші

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр жұмысы жөніндегі инспектор, заңгер, экономист-мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бухгалтер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады