"Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 желтоқсанда № 21722 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 314 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 06.08.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 1-тармағының 1-2) тармақшасына және 287-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 болып тіркелген, "Заң газеті" 2007 жылғы 15 тамызда № 12 (1327) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтар сыныптамасында:

      "Қалдықтардың номенклатурасы" – 1-кестенің 148-нөмірі жаңа редакцияда жазылсын:

Нөмір

Топ

Кіші топ

Ұстаным

Қалдықтың атауы

148

5

5

2

Көмірсутек шикізатын меркаптандар мен күкіртті сутектен тазарту кезінде пайдаланылған сулы-сілтілі ерітінді, бейтараптандырудан өткен сулы-сілтілі ерітіндіні қоспағанда

      "AE мұнай өндіру және мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары" AE060-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

AЕ060

Көмірсутек шикізатын меркаптандар мен күкіртті сутектен тазарту кезінде пайдаланылған сулы-сілтілі ерітінді, бейтараптандырудан өткен сулы-сілтілі ерітіндіні қоспағанда

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады