"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 21738 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.

      Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат ұсыну мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға қосымша ақпаратты, жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.

      Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады.

      Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып дайындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемдер) мынадай факторлардың жиынтығы болып табылады:

      1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;

      2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемі (олар қажет болғанда) жекеше әріптес (концессионер) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын (жобаны іріктеу сатысында) ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) объектісі құнының кемінде он пайызын құрайды;

      4) жоба, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын және концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді;

      2) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. МЖӘ жобасын іске асыру туралы шешімді уәкілетті тұлға Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары не актілері негізінде, сондай-ақ МЖӘ жобасының басымдығы мен жеделдігін ескере отырып қабылдайды.

      МЖӘ жобасының басымдығын, жеделдігін айқындау кезінде уәкілетті тұлға:

      Ведомствоаралық жобалау тобының ұсынымдарын назарға алады;

      МЖӘ жобаларына басымдық беруді пайдаланады;

      кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен бастамалардың (осы бастамалар келіп түскен жағдайда) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін талдайды.

      МЖӘ жобаларына басымдық беру шеңберінде МЖӘ жобасын іске асырудың орындылық дәрежесі қаралады. Бірінші кезекте халықтың базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін МЖӘ жобаларын іске асыру қаралады.

      Егер МЖӘ басым жобалары бірнешеу болған жағдайда мұндай жобаларды іске асырудың жеделділік дәрежесі айқындалады.

      Бұл кезеңде МЖӘ жобасының алдын ала экономикалық және әлеуметтік тиімділігі айқындалады.

      МЖӘ жобалары халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасауға, жеке әріптестің инвестициялар тартуына, сондай-ақ МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жеке әріптестің МЖӘ объектісін пайдалануына бағдарланады.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса:

      түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсетумен, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;

      таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.

      Егер, әлеуетті жекеше әріптес бюджеттен төленетін сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасын бастамашылық жасаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген құжаттарды МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсыным тұжырымдауға МЖӘ дамыту орталығына жібереді.

      МЖӘ дамыту орталығына ұсынылған деректерді бағалау негізінде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға МЖӘ" жобасын жүзеге асыру негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап және жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Егер МЖӘ жобасына бизнес-план бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат ұсыну мақсатында, МЖӘ дамыту орталығы жетіспейтін ақпаратты, беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.

      Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, МЖӘ дамыту орталығы ұсынылған деректерді МЖӘ жобасына бизнес-планға ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып, уәкілетті тұлғаға қайтарады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті тұлға қорытындыны дайындау кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, бірінші басшының, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске жіберілетін МЖӘ дамыту орталығының ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып қорытындыны дайындайды.

      Бұл ретте мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынудың экономикалық орындылығы, оның ішінде болжамды мүмкіндігі осы Қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажет болған жағдайда, әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұрайды және (немесе) хаттаманы (хаттамаларды) ресімдей отырып, алдын ала келіссөздер жүргізеді.

      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап әлеуетті жекеше әріптестің қажетті ақпаратты ұсыну күніне дейін және (немесе) алдын ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды дайындау мерзімін тоқтатады.

      Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қорытындылары бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.

      Алдын ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған жағдайда және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күнінен аспайтын мерзімде бермеген жағдайда, енгізілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім қаралмайды.

      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңда, осы Қағидаларда, сондай-ақ МЖӘ шартына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Жасалған МЖӘ шартына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар МЖӘ шартының жобасы түрінде (МЖӘ шартына қосымша келісім) ресімделеді.

      Қосымша келісім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге тиіс.

      МЖӘ шартына, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асырудың мониторингі және (немесе) бағалануы нәтижелері бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде мемлекеттік әріптес қосымша келісімді мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындылары бойынша жекеше әріптеспен МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады.

      Жасалған МЖӘ шартына жекеше әріптестің МЖӘ объектісін пайдалану кезеңін алып тастау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.

      Тараптардың келісімі бойынша жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге мынадай талаптар сақталған жағдайда ғана жол беріледі:

      1) бюджет шығыстарының ұлғаймауын және мемлекеттік кірістің артуын көздейтін оң бюджеттік тиімділігі сақталуы және/немесе өсу (ақшалай мәнде);

      2) МЖӘ шартында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және/немесе көлеміне және/немесе қол жетімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы;

      3) МЖӘ жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің сақталуы немесе артуы.";

      171-19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171-19. Жекеше әріптестің кінәсінен МЖӘ шартында келісілген мерзім ішінде жобаны пайдалану фазасында МЖӘ шарты тоқтатылған жағдайда (бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын мерзімде) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу үшін шотқа мемлекеттік әріптес төлеген төлемдерді шегере отырып, МЖӘ объектісін салуға/реконструкциялауға/жаңғыртуға/құруға байланысты барлық жұмсалған және дәлелденген күрделі шығыстардың 100% дейінгі жиынтық мөлшеріне тең келетін соманы төлейді. Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлемдер сомасы бастапқыда концессия шартында көзделген инвестициялық шығындарды өтеу сомасынан аспауға тиіс";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын (бұдан әрі – ИШӨ) жеке, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірлесіп ұсынған кезде:

      ИШӨ инфляция деңгейіне индекстелмейді;

      Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.

      ИШӨ төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздейтін жобаларды қоспағанда, МЖӘ шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен МЖӘ объектісін пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.

      Бұл ретте МЖӘ шартында белгіленген ИШӨ төлеу мерзімі, жалпы мерзімді қысқартпай және ИШӨ төлемдерінің біркелкілігін сақтамай, МЖӘ объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, ерте кезеңдерге ауыстырылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады