"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 21742 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20738 болып тіркелген, 2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – жауапты орындаушы) өтінішті тіркеген сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Стандарттың 8-тармағымен қарастырылған ұсынылатын құжаттар толық болған жағдайда, жауапты орындаушы 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде өтінішті "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушімен құрылған тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.";

      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссия өтініштің қарауға келіп түскен күнінен бастап 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруге келісу туралы немесе теріс шешім шығарады.

      Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.";

      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жауапты орындаушы Комиссия шешімінің негізінде Комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына еңгізеді.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасының келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде рұқсатқа немесе дәлелді бас тартуға қол қояды. Жауапты орындаушы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 7-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  ";

      реттік нөмірі 8-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

кеңсеге:
1) аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі және/немесе архивтік үзінді және өзге құжаттар;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20310 болып тіркелген) Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының (бұдан әрі – Мемориалдық тақталар орнату қағидалары) 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;
3) қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі;
4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.
порталға:
1) аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік анықтаманың және/немесе архивтік құжаттың және/немесе архивтік үзіндінің және өзге құжаттардың электрондық көшірмелері;
2) Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының 6 және 7-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақта эскизінің электрондық көшірмесі;
3) қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
4) республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылатын ғимараттың немесе құрылыстың қасбеттерінде мемориалдық тақта орнатылған жағдайларда уәкілетті органның келісімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсіп министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады