Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.09.2024 № 387 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 30.09.2024 № 79 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға қатысты тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
Тексеру парағы
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің
_________________________________________________________ саласында/аясында
138 және 139-баптарына сәйкес
__________________________________________________________________ қатысты
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
тексеруді/профилактикалық бақылауды және қадағалауды белгілеу туралы акт
____________________________________________________
№, күні
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________
__________________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жекесәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
__________________________________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмей ді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Зардап шеккендердің өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, еңбек қызметімен байланысты ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаларға, сондай-ақ екі және одан да көп жұмыскермен бір мезгілде болған топтық жазатайым оқиғаларға арнайы тергеп-тексеру жүргізу | ||||
2. | Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс беруші, жұмыскер және төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторы арасында туындаған келіспеушіліктер туралы қорытынды шығаруы | ||||
3. | Жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарды мониторингтеу | ||||
4. | Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардың еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мерзімді есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың ақпараттық жүйесінің базасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың күйін мониторингтеу нәтижелерін уақтылы ұсынуы | ||||
5. | Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу журналын жүргізу |
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________________ _______________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ___________________ ______________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)