"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 51) және 94) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі ҚР ДСМ-42 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18573 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 03 мамырда тіркелді) күші жойылды деп танылсын;
2) "Дәрілік заттардың бағаларын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № ҚР ДСМ-42 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 17 маусымдағы № ҚР ДСМ-68/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20871 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2020 жылғы 22 маусымда тіркелді).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсаны № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) шекті бағалар үстеме бағаларды мен реттеу, қалыптастыру қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 51) және 94) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биоаналогиялық дәрілік препарат (биоаналог, биологиялық ұқсас дәрілік препарат, биосимиляр) – тіркелген биологиялық түпнұсқалық дәрілік препараттың немесе референттік дәрілік препараттың әсер етуші затының нұсқасын қамтитын және ол бойынша сапа, биологиялық белсенділік, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері бойынша салыстырмалы зерттеулер негізінде ұқсастығы (ұқсастығы) көрсетілген биологиялық дәрілік препарат;
2) бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына арналған шекті баға – бөлшек саудада өткізуді одан жоғары бағамен жүзеге асыруға болмайтын, бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесіне енгізілген ДЗ саудалық атауына арналған баға;
3) бөлшек саудада үстеме баға – бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаны қалыптастыру үшін пайдаланылатын, ДЗ бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға байланысты пайда мен шығыстарды қамтитын регрессивті шкала бойынша көтерме саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаға үстеме;
4) бөлшек саудада үстеме бағаның регрессивті шкаласы – көтерме саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаның шамасына байланысты пайыздық мәтіндегі бөлшек үстеме баға шкаласы;
5) бірегей дәрілік препарат – қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін растайтын клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық толық зерттеулердің нәтижелерін қамтитын дерекнама негізінде әлемдік фармацевтика нарығында бірінші болып тіркелген және орналастырылған жаңа әсер етуші заты бар дәрілік препарат;
6) ДЗ халықаралық патенттелмеген атауы – ДЗ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы (бұдан әрі – ХПА);
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ДЗ мен медициналық бұйымдардың (бұдан әрі – МБ) айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) ДЗ және МБ-ның айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – мемлекеттік сараптама ұйымы) – ДЗ мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
9) ДЗ және МБ-ның мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген ДЗ және МБ туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс;
10) ДЗ-ға референттік баға белгілеу – ДЗ өндіруші елінде оны сату кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жеткізілімдердің нақты бағасы, референттік елдердегі дәрілік нысанын, концентрациясын және дозасын ескере отырып, сол белсенді заты бар, бір өндірушісінің ДЗ өтінім беруші ұсынған Франко-зауыты бағаларына негізделген ДЗ сауда атауына арналған бағаларды талдау жүйесі;
11) ДЗ өлшем бірлігі (сатып алу бірлігі) – ДЗ үшін дозаланбаған (бөлінбеген) дәрілік нысанның мөлшерленген (бөлінген) немесе бастапқы ораумен шектелген көлем (салмақ) бірлігі;
12) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
13) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
14) көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген баға – ДЗ-ны көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасынан, сапаны бағалауға арналған шығыстардан, маркетингке арналған шығыстардан, сондай-ақ өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейін әкелінетін ДЗ үшін көлік шығыстарынан және кеден төлемдерынан тұратын ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаны қалыптастыруға арналған ДЗ-ның саудалық атауына арналған есептік базалық баға;
15) көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына арналған шекті баға – көтерме саудада өткізуді одан жоғары бағамен жүзеге асыруға болмайтын, бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесіне енгізілген ДЗ саудалық атауына арналған баға;
16) көтерме саудада үстеме баға – ДЗ көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға байланысты пайда мен шығыстарды қамтитын, регрессивті шкала бойынша тіркелген бағаға үстеме баға;
17) көтерме саудада үстеме бағаның регрессивті шкаласы – көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ тіркелген бағасының шамасына байланысты пайыздық мәтіндегі көтерме үстеме баға шкаласы;
18) қайта өндірілген дәрілік препарат (генерик) – әсер етуші заттардың сандық және сапалық құрамы да, дәрілік нысаны да бірегей дәрілік препаратпен бірдей болатын және бірегей дәрілік препаратқа биобаламалылығы биоқолжетімділікті тиісті зерттеулермен расталатын дәрілік препарат. Түрлі тұздар, эфирлер, изомерлер, изомерлер қоспалары, әсер етуші заттың жиынтығы немесе туындылары, егер олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі айтарлықтай ерекшеленбесе, нақ сол әсер етуші зат болып танылады. Заттары тез босап шығатын, ішуге арналған түрлі дәрілік нысандар биоқолжетімділікті зерттеулер шеңберінде нақ сол дәрілік нысан болып танылады;
19) өндірушінің шекті бағасы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде ДЗ, сондай-ақ МБ бағаларын реттеу қағидаларына сәйкес бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесіне енгізілген ДЗ саудалық атауына арналған шекті көтерме және бөлшек сауда бағаларын есептеу үшін базалық баға болып табылатын, ДЗ саудалық атауына өндіруші беретін баға;
20) өтініш беруші – тіркеу куәлігін өндіруші, иеленуші немесе ұстаушы болып табылатын немесе тіркеу куәлігін өндірушінің, иеленушінің немесе ұстаушының уәкілетті өкілі болып табылатын ДЗ-ның бағасын тіркеу немесе тіркелген бағасын қайта тіркеу үшін өтініш, құжаттар мен материалдарды беруге құқылы жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында әкелінген және (немесе) өндірілген ДЗ немесе МБ айналысы саласындағы өтініш берген сәтте ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған өзге де субъектілер;
21) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
22) референттік баға белгілеу порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекеттік сараптама ұйымының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
23) референтті елдер – Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі кредиттейтін санаттан Дүниежүзілік Банктің жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың бағалау деңгейі бойынша жіктемесіне сәйкес жоғары, орташа деңгейден жоғары немесе орташа деңгейден төмен елдер тобына жататын, Қазақстан Республикасымен макроэкономикалық салыстырылатын Еуропа және Орталық Азия өңірінің елдері (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Греция, Латвия, Литва, Польша, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Хорватия, Чехия, Эстония);
24) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына арналған шекті баға – Қазақстан Республикасында тіркелген ДЗ саудалық атауына арналған баға, одан жоғары ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде сатып алу жүргізілуі мүмкін емес;
25) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаның регрессивті шкаласы – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген ДЗ бағасының шамасына және (немесе) МӘМС жүйесіне тәуелді пайыздық мәнде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме баға шкаласы;
26) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға – Қазақстан Республикасында тіркелген ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына арналған баға, одан жоғары ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде сатып алу жүргізілуі мүмкін емес;
27) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті бағаны қалыптастыру үшін өндірушінің бағасынан, сапаны бағалауға арналған шығыстардан, ал өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейін әкелінетін ДЗ үшін – көліктік шығыстардан және кеден төлемдерінен тұратын ДЗ-ның саудалық атауына арналған есептік базалық баға;
28) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме баға – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сатып алумен, сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен байланысты пайда мен шығыстарды қамтитын, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ-ның сауда атауына шекті бағаны қалыптастыру үшін пайдаланылатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде регрессивті шкала бойынша ДЗ тіркелген бағасына үстеме;
29) тіркелген баға – өнім беруші ДЗ бірыңғай дистрибьюторға жеткізуге міндеттенетін сатып алу нәтижелері бойынша айқындалған ДЗ бағасы;
30) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
31) DDP ИНКОТЕРМС 2010 – Халықаралық сауда палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Дәрілік заттардың бағаларын реттеу тәртібі
3. Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік сараптама ұйымы:
1) ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді;
2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді;
3) көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ сауда атауына шекті бағалар жобасын қалыптастыру;
4) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастыруды;
5) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастыру;
6) көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын қалыптастыру;
7) заңды күшіне енген сот актілері негізінде және өтініш берушінің өтініші бойынша еркін нысанда жүзеге асырылатын ДЗ-ға тіркелген бағаларды кері қайтарып алуды;
8) осы Қағидаларға сәйкес өтініш берушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Бағаны реттеу мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:
1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін:
көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру;
референтті баға қалыптастыру негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;
көтерме үстеме бағаларды қалыптастыру;
көтерме саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;
бөлшек саудадағы үстеме бағаларды қалыптастыру;
бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;
көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;
2) ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған ДЗ үшін:
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына тіркелген баға туралы қорытынды беру;
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаларды қалыптастыру;
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды қалыптастыру;
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6. Бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаларды қайта тіркеу және ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен (бұдан әрі – теңге) жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Өтініште, сондай-ақ жеткізудің нақты бағасын растайтын құжаттарда, инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмелерінде, сондай-ақ келісімшарттпен немесе теңгемен сатып алу туралы шартта көрсетілген бағалардың шетел валютасын айырбастау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдынғы өтініш беру ай бойынша шетелдік валюталардың орташа ресми бағамдары (орташа айырбас бағамы) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) шетел валюталарының тізбесінде ресми айырбастау бағамы болмаған жағдайда, референттік елдердегі баға ақпараты https://treasury.un.org сайтында Біріккен ұлттар ұйымының Қазынашылығы ұсынған алдыңғы айдағы транзакциялар бойынша есеп айырысу мөлшерлемесіне сәйкес Америка Құрама Штаттарының долларымен беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Шетел валюталарына қатысты теңгенің айырбастау бағамы ай сайын 10 пайызға немесе одан да астам өзгерген жағдайда және (немесе) нақты жылдық инфляция нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен 1,5 есе асатын жағдайда дәрілік заттар саудадағы атауларына арналған шекті бағалар өндірушінің бағасына уәкілетті орган ұсынатын пайыздық мәннің үсеме бағасы арқылы қалыптасады.
9. Теңгенің шетел валюталарына айырбастау бағамы 10 немесе одан да көп пайызға өзгерген және (немесе) нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасының нақты жылдық инфляциясы 1,5 еседен астам азайған жағдайда, шекті бағалар өндірушінің бағасынан уәкілетті орган ұсынатын пайыздық мәнді шегеру арқылы дәрілік заттар саудадағы атауы бойынша қалыптастырылады.
10. Бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу кезінде жеткізу және келісімшарттардың немесе ДЗ сатып алу туралы шарттардың нақты бағасын растайтын құжаттарда көрсетілген бағаға сәйкес әкелу сәтіндегі келісімшарт немесе ДЗ сатып алу туралы шарттар күніне және тіркелген бағаны тіркеуге немесе қайта тіркеуге өтініш берген күнгі, тіркелген бағаны тіркеуге немесе қайта тіркеуге өтініш берген күннің алдындағы айдағы валюталардың орташа бағамдарының айырмасына сәйкес бағаға валюталық түзету теңгесімен жүргізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Өтінім беруші бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін берген ақпарат, оны мемлекеттік сараптама ұйымына, уәкілетті органға, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ монополияға қарсы органға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сауда атауына шекті бағаларды келісу кезінде берген жағдайларды қоспағанда, құпия болып табылады.
Атқаратын лауазымы, ережесі немесе міндеттемелерін орындауы салдарынан, оның ішінде аудит жүргізу кезінде құпия ақпаратқа рұқсаты бар адамдар оны сақтайды және оны қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізу, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезеңінде ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті бағаларды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі – ерекше тәртіп) жүзеге асырылады.
Ерекше тәртіп кезінде уәкілетті орган мемлекеттік сараптама ұйымына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін, сондай-ақ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті бағаларды қалыптастыру үшін, осы Қағидалардың 30, 35 және 59-тармақтарында белгіленген үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін маркетингтік шығыстарды қоспағанда, ХПА бойынша ДЗ тізімін жібереді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Дәріхана жағдайында дайындалған дәрілік препараттардың бағасын дәріхана ұйымы айқындайды.
3-тарау. Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін жобасын қалыптастыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесінің жобасын қалыптастыру, көтерме және дәрілік заттардың саудалық атауына бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу және қайта тіркеу
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13-1. Мемлекеттік сараптама ұйымы тіркелген, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тіркеу куәлігі бар ДЗ негізінде ағымдағы жылғы 15 қаңтар мен 15 шілдедегі жағдай бойынша көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесі жобасын (бұдан әрі – Тізбе жобасы) қалыптастырады.
Тізбенің жобасына:
1) рецептуралық;
2) бір ХПА шеңберінде ДЗ екеуден аспайтын саудалық атауы бар және (немесе) бір ХПА шеңберінде ДЗ саудалық атауларының екеуден аспайтын өндірушісі бар рецептісіз ДЗ;
3) Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ДЗ мен МБ тізбесіне және (немесе) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған ДЗ мен МБ тізбесіне енгізілген рецептісіз ДЗ енгізілуге жатады.
Мемлекеттік сараптама ұйымы монополияға қарсы органмен келісу және бекіту үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кодекстің 245-бабының 1-тармағына сәйкес бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесін уәкілетті орган бекіткенге дейін 40 күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын жібереді.
Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.06.2024 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13-2. Монополияға қарсы орган көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын, мемлекеттік сараптама ұйымының деректері негізінде қалыптастырылған дәрілік заттардың сауда атауына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеуді немесе қайта тіркеуді келіседі.
Ескерту. Қағидалар 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған ДЗ бағасы дәрілік нысаны, дозасы, концентрациясы, көлемі және өлшеп-орау ескеріле отырып, әрбір саудалық атауына жеке тіркеледі немесе тұтыну қаптамасы үшін қайта тіркеледі.
15. Қазақстан Республикасындағы ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу үшін өтініш беруші мемлекеттік сараптама ұйымына осы Қағидаларға 1-1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 10 сәуірге немесе 10 қазанға дейінгі кезеңде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі-өтініш) ұсынады. ДЗ туралы мәліметтер өтініште ДЗ-қа тіркеу куәлігіне сәйкес көрсетіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Егер бір тіркеу куәлігінің шеңберінде ДЗ тұтыну қаптамаларының, дозаларының, дәрілік нысандарының және өлшеп-ораудың бірнеше нұсқалары тіркелген жағдайда, өтініш беруші әрбір нұсқа үшін жеке өтініш ұсынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Өтініштің электрондық нысаны мемлекеттік сараптау ұйымының сайтында Порталда онлайн режимде (www.ndda.kz) беріледі, қағаз тасымалдағыштағы құжаттарды одан әрі ұсына отырып немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттарды ұсынбай электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.
Қағаз жеткізгіште құжаттар өтініш берген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда мемлекетік сараптама ұйымы оны қараусыз сайтқа (www.ndda.kz) берілген өтінішті жояды.";
Егер өтініштің электрондық нысанына электрондық цифрлық қолтаңба қойылған жағдайда, құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсыну талап етілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Отандық өндірушілер үшін:
1) көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыруға құқық беретін өтініш берушінің растайтын құжаты (сенімхат, шарт, авторизациялау туралы хат және т.б.);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің фирмалық бланкінде уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін жұмсалған шығыстар туралы ақпарат:
қауіпсіздік пен сапаны бағалауға іс жүзінде шығыстар туралы деректер;
маркетингтік шығыстардың деректерін қамтиды;
3) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өтініш беру сәтінде аяқталған, ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген ДЗ үшін ДЗ өндірісін растайтын құжаттар: тауарлардың сапасы туралы қорытындының көшірмесін ұсынады;
4) мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар – мемлекеттік тіркеуге өтініш ұсынылады.
Шетелдік өндірушілер үшін:
1) референттік елдердегі Франко-Зауыт бағасы туралы және іс жүзінде жеткізу бағасы туралы ақпарат беру құқығын қоса алғанда, өтініш берушінің көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны тіркеуді немесе қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизациялау туралы хат және т. б.);
2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексі 252-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздемелерде әкелу жағдайларын қоспағанда, ДЗ бағасын (инвойстың (жүкқұжаттың), шот-фактураның), соңғы 12 айға (іс жүзінде жеткізілген жағдайда) бағаны растайтын құжаттың көшірмесі.
Соңғы 12 айда нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Көрсетілген кезеңде нақты жеткізілмеген кезде өтініш беруші өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде жеткізілмегенін растайды;
3) кедендік декларацияның көшірмесі
4) ДЗ бағасы туралы ақпаратпен ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданылып жүрген ДЗ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
5) ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде жұмсалған шығыстар туралы ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің фирмалық бланкінде, уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылып, ұсынылады және мыналарды:
Қазақстан Республикасының шекарасына дейін өндірушіден көлік шығыстары үшін іс жүзіндегі шығыстардың деректерін;
кедендік төлемдерді;
сапаны бағалауға шығыстарды;
маркетингке шығыстарды қамтиды;
6) тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өтініш беру сәтінде өткен ДЗ үшін ДЗ тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе өндірілген, ДЗ әкелу және өндіру расталған құжаттарды: тауралардың сапасы туралы қорытындының көшірмесі, сондай-ақ кедендік декларацияның көшірмесі.
7) мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар – мемлекеттік тіркеуге өтініш ұсынылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Қазақстан Республикасының аумағына тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін әкелінген, өтініш беру сәтінде тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған әкелінетін ДЗ үшін көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасына іс жүзінде жеткізу бағасы туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Соңғы 12 айда іс жүзінде жеткізу болмаған жағдайда алдыңғы 12 ай кезеңіне ДЗ қалдығы болған жағдайда құжаттардың көшірмесін ұсынады.
Олардың тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өтініш берілген сәтте тоқтатылған ДЗ үшін көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
20. Құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған жағдайда Порталда өтінім қалыптастырылмайды. Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметті нақтылау қажеттілігі немесе талап етілген ақпарат болмаған жағдайда Порталда өтініш берушінің жеке кабинетінде жоғарыда санамаланған ескертулерді жою қажеттілігі туралы хабарлама орналастырылады.
21. Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін мемлекеттік сараптама ұйымына қағаз жеткізгіште құжаттарды одан әрі ұсынумен немесе электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, Порталда хабарлама орналастырған сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қағаз жеткізгіште құжаттарды ұсынбай Порталда фирмалық бланкте қағаз нысанда тиісті ақпаратты ұсынады.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсынылғаннан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға сәйкес 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Сұрау салынған ақпаратты ұсыну мерзімі асып кеткен не құжаттарды толық көлемде және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайда ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
23. Өтініш беруші жүгінген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сараптама ұйымы өтініш беруші ұсынған деректердің негізінде ДЗ саудалық атауына референттік баға белгілеуді және осы Қағидалардың талаптарына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ұсынылатын тіркелген бағаға немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу бағасына сәйкестік мониторингін жүзеге асырады.
24. ДЗ сауда атауына референттік баға белгілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы бағаны тіркейді немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны қайта тіркейді:
1) Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ-ға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы референттік елдердегі Франко-Зауыт бағасының орташа мәнінен аспайды немесе референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде өндіруші елдегі Франко-Зауыт бағасының мәнінен аспайды;
2) әкелінетін ДЗ-ға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы жеңілдікті шегергендегі ДЗ бағасын (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмесі) растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен жоғары емес;
3) әкелінетін ДЗ-ға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы ДЗ-ның тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын ДЗ-ны сатып алу туралы шартта немесе шартта бағаны растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен аспайды;
4) өтініште көрсетілген маркетингтік шығыстар Қазақстан Республикасы үшін көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасының мәнінен 30% - дан аспайды;
5) өтініште көрсетілген өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндіруші бағасының мәнінен 15% - дан аспайды.
Осы тармақта көрсетілген критерийлерге тіркелген баға сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттік сараптау ұйымы осы Қағидалардың 4 қосымшасына сай нысанда көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағаны тіркеуден және тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тарту хатын жолдайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Отандық өндірушінің ДЗ-да көтерме және бөлшек саудада сату үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу көтерме және бөлшек саудада сату үшін өндірушінің шекті бағасы, сондай-ақ сапаны бағалауға және маркетингке жұмсалатын нақты шығыстар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасы, сондай-ақ өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі нақты көлік шығыстары, кедендік төлемдер, сапаны бағалау шығыстары және маркетингке арналған шығыстар негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген баға тіркелгенге дейін соңғы 24 ай ішінде әкелінетін ДЗ Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілімдер болмаған кезде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген баға мынадай негізде тіркеледі немесе қайта тіркеледі:
1) ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын ДЗ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың;
2) референттік елдерде немесе өндіруші елдегі Франко-Зауыттың бағасы туралы мәліметтерді референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде береді.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді беруі көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады. ДЗ саудалық атауына бекітілген шекті бағаларға дұрыс емес деректер анықталған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органды хабардар етеді.
2-параграф. Көтерме саудадағы үстеме бағаларды және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру
29. ДЗ-ны көтерме саудада өткізуге арналған көтерме үстеме бағалар үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 21%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 20%;
3) құны 1000 теңгеден жоғары және 3000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 19,5%;
4) құны 3000 теңгеден жоғары және 5000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 19%;
5) құны 5000 теңгеден жоғары және 10000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 18,5%;
6) құны 10000 теңгеден жоғары және 20000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 18%;
7) құны 20000 теңгеден жоғары және 40000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 16%;
8) құны 40000 теңгеден жоғары және 100000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 14%;
9) құны 100000 теңгеден жоғары және 200000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 12%;
10) құны 200000 теңгеден жоғары және 500000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 11%;
11) құны 500000 теңгеден асатын ДЗ үшін 10% құрайды.
30. ДЗ-дағы көтерме үстеме бағалар ерекше тәртіп кезінде үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және мыналарды құрайды:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 10,5%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 10 % ;
3) құны 1 000 теңгеден жоғары және 3 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9,75% - ды құрайды;
4) құны 3 000 теңгеден жоғары және 5 000,00 теңгеге дейін ДЗ үшін 9,5% - ды құрайды;
5) құны 5 000 теңгеден жоғары және 10 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9,25% - ды құрайды;
6) құны 10 000 теңгеден жоғары және 20 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9 % ;
7) құны 20 000 теңгеден асатын және 40 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 8% - ды құрайды;
8) құны 40 000 теңгеден жоғары және 100 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 7 % ;
9) құны 100 000 теңгеден асатын және 200 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 6 % ;
10) құны 200 000 теңгеден асатын және 500 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 5,5 % ;
11) құны 500 000 теңгеден жоғары ДЗ үшін 5%.
31. Көтерме саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру тұтыну қаптамасына көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаның шамасын негізге ала отырып, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін сараланған көтерме үстеме бағаны тіркелген бағаға қосу жолымен жүргізіледі.
32. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Егер патенттік қорғау қолданысы өткенге дейін 2 жыл бірегей ДЗ немесе биологиялық бірегей дәрілік препараттың саудалық атауына шекті баға белгіленбеген жағдайда отандық өндірушінің қайта өндірілген немесе биоаналогтық препаратына ұқсас шекті баға ХПА-мен үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес үсетеме бағаларды ескере отырып, ДЗ дәрілік түрі, дозасын, концентрациясын, көлемі мен өлшеп-орауын есепке ала отырып басқа өндірушілердің әкелінетін ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған тіркелген бағаның барынша жоғары мәнінен жоғары емес баға қалыптастырылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-параграф. Бөлшек саудадағы үстеме бағаларды және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру
34. ДЗ-ны бөлшек саудада өткізуге арналған бөлшек үстеме баға үстеме бағаның регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда СЖ үшін 55%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 45%;
3) құны 1000 теңгеден жоғары және 3000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 35%;
4) құны 3000 теңгеден жоғары және 5000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 33%;
5) құны 5000 теңгеден жоғары және 7500,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 30%;
6) құны 7500 теңгеден жоғары және 10000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 27%;
7) құны 10000 теңгеден 13500,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 25%;
8) құны 13500 теңгеден жоғары және 20000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 22%;
9) құны 20000 теңгеден жоғары және 40000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 20%;
10) құны 40000 теңгеден жоғары және 100000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 15%;
11) құны 100000 теңгеден асатын ДЗ үшін 10% құрайды.
35. ДЗ-ға бөлшек үстеме баға ерекше тәртіп кезінде үстеме бағаның регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және мыналарды құрайды:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 27,5%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 22,5% - ды құрайды;
3) құны 1 000 теңгеден жоғары және 3 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 17,5% - ды құрайды;
4) құны 3 000 теңгеден жоғары және 5 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 16,5% - ды құрайды;
5) құны 5 000 теңгеден жоғары және 7 500,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 15,5% - ды құрайды;
6) құны 7 500 теңгеден жоғары және 10 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 13,5% - ды құрайды;
7) құны 10 000 теңгеден жоғары 13 500,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 12,5%;
8) құны 13 500 теңгеден жоғары және 20 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 11 % ;
9) құны 20 000 теңгеден асатын және 40 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 10 % ;
10) құны 40 000 теңгеден жоғары және 100 000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 7,5 % ;
11) құны 100 000 теңгеден жоғары ДЗ үшін 5%.
36. Бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру тұтыну қаптамасына көтерме саудада өткізу үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаның шамасын негізге ала отырып сараланған бөлшек үстеме бағаның ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағасына қосу жолымен жүргізіледі.
37. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Егер патенттік қорғау қолданысы өткенге дейін 2 жыл бірегей ДЗ немесе биологиялық бірегей дәрілік препараттың саудалық атауына шекті баға белгіленбеген жағдайда отандық өндірушінің қайта өндірілген немесе биоаналогтық препаратына ұқсас шекті баға ХПА-мен үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес үсетеме бағаларды ескере отырып, ДЗ дәрілік түрі, дозасын, концентрациясын, көлемі мен өлшеп-орауын есепке ала отырып басқа өндірушілердің әкелінетін ДЗ саудалық атауына көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған тіркелген бағаның барынша жоғары мәнінен жоғары емес баға қалыптастырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру, , төтенше жағдайларды енгізу, әлеуметтік, Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезеңде Кодекстің 23-бабына сәйкес жаңадан тіркелген дәрілік заттардың шекті бағасы келесі шекті бағалар бекітілгенге дейін көтерме сауда арқылы қалыптасады және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес бағаны тіркеуге өтінішті кейіннен бере отырып, дәрілік заттардың дозасын, концентрациясын, көлемін және өлшеп-оралуын ескере отырып, ұқсас халықаралық патенттелмеген атаулары бар басқа өндірушілердің әкелінетін ДЗ саудалық атауына бекітілген шекті бағаның орташа мәнінен аспайтын көтерме және бөлшек саудадағы бағалар қалыптастырылады.
40. Кодекстің 251-бабының 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес төтенше жағдайлардың салдарларының алдын алу және (немесе) жою үшін уәкілетті орган айқындған тәртіппен берілетін қортыныдының (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына әкелу кезінде тіркелмеген дәрілік заттарға шекті баға:
1) тұтыну қаптмасы үшін үстеме бағаның регрессивтік шкаласына сәйкес көтерме үстеме бағаны әкелу бағасына (инвойс) қосу жолымен көтерме сату үшін;
2) бөлшек саудада өткізу үшін-тұтыну қаптамасы үшін үстеме бағаның регрессивтік шкаласына сәйкес бөлшек үстеме бағаны көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаға қосу жолымен көтерме саудада өткізу үшін қалыптастырылады.
41. Мемлекеттік сараптама ұйымы ағымдағы жылғы 10 сәуірге немесе 10 қазанға дейінгі кезеңде ұсынылған жаңадан тіркелген ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастырады.
Тиісті жартыжылдық аяқталғанға дейін 40 күнтізбелік күннен кешіктірмей көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалардың жобасын мемлекеттік сараптама ұйымы Кодекстің 245-бабының 2-тармағына сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіту үшін уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Егер көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны қайта тіркеу ағымдағы жылғы 10 сәуірге немесе 10 қазанға дейінгі кезеңде жүргізілмеген жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы осы Қағидалардың 33 және 38-тармақтарының талаптарын ескере отырып, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына бұрын бекітілген шекті бағалар негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағалар жобасын қалыптастырады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру тәртібі
1-параграф. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу тәртібі
43. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ бағалары дәрілік нысанын, дозасын, концентрациясын, тіркеу туралы өтініш берілген күнгі көлемін ескере отырып, ДЗ әрбір саудалық атауына жеке өлшем бірлігі үшін тіркеледі немесе қайта тіркеледі.саудалық атауына өлшем бірлігі үшін жеке тіркеледі немесе қайта тіркеледі.
44. Бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасындағы ДЗ сауда атауына қайта тіркеу үшін өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік сараптама ұйымының кеңсесіне (көрсетілетін қызметті берушіге) не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады www.egov.kz (бұдан әрі – веб-портал), өтініш берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Егер бір тіркеу куәлігінің шеңберінде тұтыну қаптамаларының, дозаларының, ДЗ дәрілік нысандарының бірнеше нұсқалары тіркелген жағдайда, өтініш беруші өлшем бірлігі үшін нұсқалардың әрқайсысы үшін жеке өтініш береді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Өтініштің көшірмесінде оның қабылданған күнін, уақытын, өтінішті қабылдаған қызметкердің атын, әкесінің атын (бар болса), тегін көрсете отырып, кеңседе тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.47. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
Отандық өндірушілер үшін:
1) өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін шығыстар туралы ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде:
сапаны бағалауға нақты жұмсалған шығыстардың деректері;
3) тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өтініш беру сәтінде аяқталған, ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген ДЗ үшін ДЗ өндірісін растайтын құжаттар: тауарлардың сапасы туралы қорытындының көшірмесі ұсынылады;
4) мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады тіркеу – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш.
Шетелдік өндірушілер үшін:
1) референттік елдердегі Франко-зауыттың бағалары және нақты жеткізілім бағалары туралы ақпарат беру құқығын қоса алғанда, өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
2) Кодекстің 252-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздерде әкелу жағдайларын қоспағанда, жеткізудің нақты бағасын көрсете отырып, соңғы 12 айдағы (нақты жетку болған кезде) ДЗ бағасын растайтын құжаттардың көшірмелері (инвойстардың (жүкқұжаттың), шот-фактураның көшірмелері).
Соңғы 12 айда нақты жеткізу болмаған кезде алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады;
3) кедендік декларация көшірмесі;
4) ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын ДЗ бағасы туралы ақпараты бар ДЗ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
5) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде нақты жұмсалған шығыстар туралы ақпарат:
өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары;
кедендік төлемдер;
сапаны бағалауға арналған шығыстар;
6) тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өтініш беру сәтінде өткен ДЗ үшін ДЗ тіркеу куәлігінің қолданысының мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе өндірілген, ДЗ әкелу және өндіру расталған құжаттарды: тауарлардың сапасы туралы қорытындының көшірмесі, сондай-ақ кедендік декларацияның көшірмесін;
7) тіркеу куәлігі жоқ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетіндер үшін электрондық үкімет веб-портал алынған Қазақстан Республикасының аумағына ДЗ әкелуге уәкілетті органның рұқсатының көшірмесі;
8) мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш.
Түпнұсқа патенттелген ДЗ келісімшарттық өндірісінің тапсырыс берушілері үшін:
1) өтініш берушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуді немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуді жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (сенімхат, шарт, авторизация туралы хат);
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылған өтініш берушінің фирмалық бланкісінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу үшін шығыстар туралы ақпарат:
сапаны бағалауға нақты жұмсалған шығыстардың деректері;
3) өтініш берілген сәтте тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ДЗ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін ДЗ өндірісін растайтын құжаттар ұсынылады;
4) мемлекеттік тіркеуге берілген ДЗ үшін мемлекеттік тіркеуге берілгенін растайтын құжаттар ұсынылады тіркеу – ДЗ мемлекеттік тіркеуге өтініш;
5) ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданыста болатын ДЗ өндірушісінің бағасы туралы ақпараты бар түпнұсқа патенттелген ДЗ-ды келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісімен ұзақ мерзімді жеткізу шартының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген жағдайда осы тармақта белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері электрондық форматта қоса беріледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өтініш берілген сәтте тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасына іс жүзінде жеткізу бағалары туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Соңғы 12 айда іс жүзінде жеткізілмеген жағдайда, ДЗ қалдықтары болған жағдайда алдыңғы 12 ай кезеңі үшін құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өтініш берілген сәтте тоқтатыла тұрған тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Талап етілетін ақпарат болмаған немесе ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы порталда жоғарыда аталған ескертулерді жою қажеттігі туралы хабарлама орналастырады.
50. Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін порталда онлайн (online) режимде өтініш берушінің фирмалық бланкісінде жазбаша нысанда тиісті ақпаратты мемлекеттік сараптама ұйымына ұсынады, одан әрі қағаз жеткізгіштегі немесе ЭЦҚ қойылған құжаттарды қағаз жеткізгіштегі құжаттарды ұсынбай порталда ескертулерді жою туралы хабарлама орналастырылған сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
51. Осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсынылғаннан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға сәйкес 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Сұрау салынған ақпаратты ұсыну мерзімі асып кеткен не құжаттарды толық көлемде және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайда ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы өтініш берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
52. Мемлекеттік сараптама ұйымы (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) жүгінген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ДЗ саудалық атауына референттік баға белгілеуді және осы Қағидалардың талаптарына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркеуге бағасына немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуге ұсынылғандарға сәйкестігі мониторингін жүзеге асырады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. ДЗ саудалық атауына референттік баға белгілеуді мониторингілеу және талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы (көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуге немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде береді:
1) Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ-ға өндірушінің ұсынылған бағасы өтініште берілген референттік елдердің санынан егер референттік елдердің саны үштен аз болған жағдайда Франко-зауыт бағасының үш ең төмен бағаларының анағұрлым жоғары мәнінен аспаса, ТМККК жүйесінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы референттік елдердің ұсынған саны Франко-Зауыт бағасының анағұрлым жоғары мәнінен аспайды. Референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өндіруші елдегі Франко-Зауыт бағасының мәнінен аспайды;
2) ДЗ бағасын растайтын құжаттарда көрсетілген өндірушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ұсынатын бағасы, жеңілдікті шегергенде, ДЗ соңғы әкелу бағасын растайтын құжаттарда (инвойс (жүкқұжат) немесе шот-фактура көшірмесі) көрсетілген бағалар мәнінен аспайды;
3) өтініште көрсетілген өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндіруші бағасының мәнінен 15%-дан аспайды;
4) өндірушінің әкелінетін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ұсынылған бағасы ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын келісімшартта немесе сатып алу туралы шартта ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалар мәнінен жоғары емес.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға осы тармақта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеуден немесе қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді (осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54 ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде отандық өндірушінің, сондай-ақ келісімшарттық өндірістің тапсырыс берушісінің бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасының, сондай-ақ сапаны бағалауға арналған шығыстарының негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Әкелінетін ДЗ-ға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндіруші бағасының, сондай-ақ көліктік, кедендік төлемдер мен сапаны бағалауға арналған шығыстардың негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Бағаны тіркегенге дейін соңғы 24 ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ДЗ жеткізілімдері болмаған жағдайда ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға мынадай негізде тіркеледі немесе қайта тіркеледі:
1) ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген кезде қолданылатын ДЗ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың;
2) референттік елдерде немесе өндіруші елдегі Франко-Зауыттың бағасы туралы мәліметтерді референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде береді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеуден немесе қайта тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына бекітілген шекті бағалардың дұрыс емес деректері анықталған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органды хабардар етеді.
57-1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу ДЗ саудалық атауына осы Қағидаларға 9-2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш беру Мемлекеттік қызмет көрсетумен веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-3-қосымшада көзделген.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағидалар 57-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың саудалық атауына үстеме бағаны және шекті бағаларды қалыптастыру тәртібі
58. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ-да үстеме бағалар үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 20%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 19,5%;
3) құны 1000 теңгеден жоғары және 3000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 19%;
4) құны 3000 теңгеден жоғары және 5000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 18%;
5) құны 5000 теңгеден жоғары және 10000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 17%;
6) құны 10000 теңгеден жоғары және 20000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 16,5%;
7) құны 20000 теңгеден жоғары және 40000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 16%;
8) құны 40000 теңгеден жоғары және 100000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 15,5%;
9) құны 100000 теңгеден жоғары және 200000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 15%;
10) құны 200000 теңгеден жоғары және 500000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 14,5%;
11) құны 500000 теңгеден асатын ДЗ үшін 14% құрайды.
59. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ДЗ-дағы үстеме бағалар ерекше тәртіп кезінде үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және мыналарды құрайды:
1) құны 350,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 10%;
2) құны 350 теңгеден жоғары және 1000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9,75% - ды құрайды;
3) құны 1000 теңгеден жоғары және 3000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9,5% - ды құрайды;
4) құны 3000 теңгеден жоғары және 5000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 9 % ;
5) құны 5000 теңгеден жоғары және 10000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 8,5% - ды құрайды;
6) құны 10000 теңгеден асатын және 20000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 8,25% - ды құрайды;
7) құны 20000 теңгеден асатын және 40000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 8 % ;
8) құны 40000 теңгеден жоғары және 100000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 7,75% - ды құрайды;
9) құны 100000 теңгеден асатын және 200000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 7,5% - ды құрайды;
10) құны 200000 теңгеден асатын және 500000,00 теңгеге дейін қоса алғанда ДЗ үшін 7,25% - ды құрайды;
11) құны 500000 теңгеден жоғары ДЗ үшін 7%.
60. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ-ның саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ өлшем бірлігі үшін тіркелген баға шамасына қарай сараланған үстеме бағаны қосу жолымен жүргізіледі.
61. Мемлекеттік сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде сауда-саттық атауына шекті бағалар жобасын қалыптастыруды ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағалар негізінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жыл сайын берілген бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы өтініштерге жүзеге асырады.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті бағалар жобасын қалыптастыру кезінде ДЗ бекітілген шекті бағаларымен салыстырғанда шекті бағалар 10 және одан да көп пайызға асқан жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы өндірушінің бағасы, әкелу бағалары, шығыстары бойынша және уәкілетті органдардың референттік елдердегі ресми сайттарының деректері бойынша бағаларға 11-қосымшаға сәйкес талдау жүргізеді ДЗ дозасын, концентрациясын, көлемін және өлшеп-орауын ескере отырып, ұқсас ХПА-мен уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61-1. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы 10 жұміс күнінен аспайтын мерзімде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Қағидалар 61-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61-2. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың қалыптастырылған жобасына мемлекеттік сараптама ұйымы жүйесінде салыстырмалы кесте түрінде тіркелген баға мен үстеме бағаны көрсете отырып, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына бекітілген шекті бағаларға шығыстардың есептеу-негіздемесін қоса береді.
Ескерту. Қағидалар 61-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61-3. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қайта өндірілген дәрілік препарат (генерик) немесе биоаналогтың дәрілік препаратқа ДЗ сауда атауына шекті баға, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде түпнұсқа немесе биологиялық түпнұсқа дәрілік препарат ДЗ саудалық атауына шекті бағадан патенттік қорғау қолданысы өткенге дейін 3 жылда белгіленген соңғысының орташа мәнінен төмен қалыптастырылады:
генерик үшін-30 %-ға;
биоаналогтық дәрілік препарат үшін-10 %-ға.
Ескерту. Қағидалар 61-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Мемлекеттік сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағалардың жобасын 10 сәуірге дейінгі мерзімде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды Кодекстің 245-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекіту үшін уәкілетті органға жібереді.
62-1. Монополияға қарсы орган мемлекеттік сараптама ұйымының деректері негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган жіберетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сауда атауына шекті бағалар жобасын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қалыптастырған күннен бастап 40 күнтізбелік күн ішінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті бағалар жобасын келіседі Осы Қағиданың 62-сі.
Ескерту. Қағидалар 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
64. Бірегей/биологиялық бірегей дәрілік препарат үшін ДЗ-ның саудалық атауына шекті баға патенттік қорғау қолданысы аяқталғанға дейін 2 жыл белгіленбеген жағдайда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қайта өндірілген немесе биоаналогтық дәрілік препаратты отандық өндірушінің ДЗ саудалық атауына шекті бағаны, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаны ескере отырып, ДЗ мөлшерін, дәрілік нысанын, концентрациясын және көлемін ескере отырып, ұқсас халықаралық патенттелмеген атауы бар басқа өндірушілердің ДЗ-да әкелінетін ДЗ саудалық атауына тіркелген бағаның ең жоғары мәнінен жоғары емес қалыптастырылады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды қалыптастыру
66. ДЗ үшін халықаралық патенттелмеген атауына шекті баға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына ең төменгі үш шекті бағаның ең төменгі мәнінен аспауы тиіс. Осы Қағидалардың 64 тармақта сәйкес бекітілген ТМККК шеңберінде ДЗ саудалық атауына және МӘМС жүйесіне тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген және ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жеткізілетін отандық тауар өндірушінің шекті бағасы болған жағдайда ХПА-ға шекті баға тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде жеткізілетін отандық тауар өндірушінің ДЗ саудалық атауына шекті баға бойынша айқындалады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Орфандық ДЗ үшін халықаралық патенттелмеген атаудағы шекті баға халықаралық патенттелмеген атаудағы референттік елдердің бағаларын талдау негізінде анықталады. Егер орфандық ДЗ жылдық қолданудың мәлімделген құны 3000 АЕК-тен асса және (немесе) осындай көрсеткіштері бар тіркелген ДЗ болса, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша шекті баға орфандық ДЗ-ның клиникалық-экономикалық сипаттамаларын ескере отырып анықталады.
68. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы 10 жұмыс күні ішінде, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына бекітілген шекті бағаларды ескере отырып, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағалар жобасын қалыптастырады уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.68-1. Қазақстан Республикасында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына белгіленген шекті бағалар болмаған кезде мемлекеттік сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ХПА-ға шекті бағалар жобасын қалыптастыруға жол беріледі:
1) инвойстарда (жүкқұжаттарда) көрсетілген бағалардың мәні негізінде немесе Қазақстан Республикасына соңғы әкелудің шот-фактураларында және келісімшартта немесе ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ өлшем бірлігі үшін үстеме бағаның регрессивті шкаласына сәйкес үстеме бағаны қосу жолымен кемінде 12 ай кезеңдегі ДЗ сапасын бағалау үшін мемлекеттік сараптама ұйымына берілген ДЗ сатып алу туралы шартта;
2) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес референттік елдердегі уәкілетті органдардың ресми сайттарының деректері бойынша ДЗ дозаларын, концентрациясын және көлемін ескере отырып, ұқсас ХПА бар орташа бағалардың орташа мәні деңгейінде іс жүзінде жеткізу бағалары болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ХПА үшін шекті бағалардың жобасын қалыптастыруға жол беріледі;
3) референттік елдердегі уәкілетті органдардың ресми сайттарының деректері бойынша ДЗ дозаларын, концентрациясын және көлемін ескере отырып, ұқсас ХПА бар орташа бағалардың орташа мәні деңгейінде бағаларды қалыптастыруға арналған деректер болмаған Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы құратын халықаралық ұйымдардың ашық дереккөздерде орналастырылған бағалары негізінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ХПА шекті бағалар жобасын қалыптастыруға жол берілед.
Ескерту. Қағидалар 68-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ДЗ мен (немесе) МБ-ға Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын қалыптастыру тәртібі
69. Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын қалыптастыру:
1) DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарында қойылған ДЗ мен (немесе) МБ-ға тіркелген бағасына Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын қосу арқылы;
2) Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын және осы Қағидалардың 70-тармағында белгіленген мөлшерде DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарынан өзгеше шарттарда қойылған ДЗ мен (немесе) МБ тіркелген бағасына қосымша үстеме бағаны қосу арқылы;
3) Бірыңғай дистрибьютордың кедендік баждар мен алымдарды төлеуге байланысты шығыстарын және бірыңғай дистрибьюторға жеткізуге байланысты өзге де шығыстарды өнім беруші өтеген жағдайларда ДЗ мен (немесе) МБ тіркелген бағасына Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын қосу арқылы;
4) ДЗ мен (немесе) МБ бірлігі үшін кедендік баждар мен алымдарды төлеуге арналған шығындар сомасына бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын қосу арқылы, ДЗ мен (немесе) бірыңғай дистрибьюторға нөлдік баға бойынша (тегін) жеткізу кезінде;
5) ДЗ мен (немесе) МБ-ны DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарында бірыңғай дистрибьюторға нөлдік баға бойынша жеткізген немесе өнім беруші бірыңғай дистрибьютордың кедендік баждар мен алымдарды төлеуге байланысты шығыстарын және бірыңғай дистрибьюторға нөлдік баға бойынша ДЗ мен (немесе) МБ жеткізуге байланысты өзге де шығыстарды өтеген жағдайларда ДЗ мен (немесе) МБ бірлігі үшін үстеме баға 0,01 теңге мөлшерінде белгіленгенде жүзеге асырылады.
70. ДЗ мен (немесе) МБ бағаларына үстеме баға регрессивті шкала бойынша сараланған пайыздарда белгіленеді. Бұл ретте белгіленген баадан бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бір өлшем бірлігіне құны 100 000,00 теңгеге дейін ДЗ және (немесе) МБ үшін 7 %;
2) бір өлшем бірлігіне құны 100 000,01-ден 139 999, 99-ға дейін теңгеде өзгеретін ДЗ және (немесе) МБ үшін 6 %;
3) бір өлшем бірлігіне құны 140 000,00 теңгеден басталатын ДЗ және (немесе) МБ үшін 5 %.
71. ДЗ белгіленген бағасынан бірыңғай дистибьютордың үстеме бағасы ерекше тәртіп кезінде мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) бір өлшем бірлігі үшін құны 100 000,00 теңгеге дейін ДЗ үшін 3,5 %;
2) бір өлшем бірлігі үшін құны 100 000,01-ден бастап 139 999, 99 теңгеге дейін ДЗ үшін 3 %;
3) бір өлшем бірілігі үшін құны 140 000,00 теңгеге дейін ДЗ үшін 2,5 %.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.72. ДЗ және (немесе) МБ бағаларына қосымша үстеме баға бір көзден сатып алу тәсілімен ДЗ және (немесе) МБ сатып алу кезінде белгіленеді:
1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы белгіленген бағаға - 7 % мөлшерінде.
2) шетелдік өндірушілер арқылы (дайындаушы зауыт) арқылы белгіленген бағаға - 3 % мөлшерінде.
73. Бірыңғай дистрибьютор сатып алу үшін бөлінген соманы есептеуді осы Қағидаларға 70-тармаққа сәйкес, ал ерекше тәртіпте 71-тармаққа сәйкес мынадай тәртіпте жүргізеді: Сатып алу бағасы = шекті баға - үстеме бағаны шегереміз. Бұл ретте ДЗ және (немесе) МБ Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алу кезінде, сондай-ақ DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарынан өзгеше жағдайларда ДЗ және (немесе) МБ жеткізу кезінде шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) қосымша үстеме баға да шекті бағадан шегеріледі.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылының операторын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
Ескерту. Қағидалар 74-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. Қағидалар 6-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
75. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
76. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № № | Саудалық атауы | Халықаралық патенттелмеген атауы * | Дәрілік нысан | Өндіруші | Тіркеу куәлігі |
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 1-1 қосымша |
|
Нысан | |
___________________________ ___________________________ (мемлекеттік сараптама ұйымының атауы) |
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы өтініш
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін ақпарат береміз
1. Өтініш беруші
1.1. Дәрілік затты өндіруші
Атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Байланысатын адам | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы | ||
Ел | ||
Заңды тұлға | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Байланысатын адам | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
1.3. Қазақстан Республикасында бағаны тіркеу рәсімі кезінде іс-қимылды жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлға немесе компания, өкілдік
Атауы (немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды тұлға | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Сенімхат туралы деректер | № сенімхат | |
Берілген күні | ||
Жарамдылық мерзімі |
2. Дәрілік зат туралы ақпарат
1. | Саудадағы атауы | ||||
2. | Қазақстан Республикасында тіркеу куәлігінің нөмірі мен күні | ||||
3. | Дәрілік зат (қажеттісін белгілеу керек) | ||||
4. | Халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса) | ||||
5. | Құрамы | ||||
6. | Дәрілік нысан | ||||
7. | Мөлшер | ||||
8. | Ерітінді | ||||
9. | Көлем | ||||
10. | Қайталама (тұтынушылық) қаптамадағы саны | ||||
11. | Анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеуге сәйкес коды (АТХ коды) | ||||
12. | Енгізу тәсілдері | ||||
13. | Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бұрын тіркелген баға туралы мәліметтер | ||||
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін тіркелген бағаны тіркеу күні | |||||
14. | Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған отандық өндірушінің шекті бағасы (тұтыну орамасы үшін) | ||||
ДЗ Қазақстан республикасының аумағында бұрын сатылды | иә | жоқ | |||
15. | Әкелінетін ДЗ үшін көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған өндірушінің шекті бағасы (тұтыну орамасы үшін) | Тұтыну қаптамасы үшін баға | Тұтыну қаптамасы үшін бағасы валютамен | Тұтыну қаптамасы үшін бағасы теңгемен | |
ДЗ Қазақстан республикасының аумағына бұрын жеткізілді | иә | жоқ | |||
ДЗ бағасын растайтын құжаттардың деректері (тұтыну қаптамасы үшін) | Тұтынушы қаптамасы үшін инвойс валютасындағы баға | Валютадағы тұтынушылық қаптаманың бағасы (шетелдік) | Тұтынушылық қаптама үшін инвойс бағасы теңгемен | ||
ДЗ бағасын растайтын келісім-шарттың, шарттың және т. б. деректері (тұтынушылық қаптама үшін) | Тұтыну қаптамасы үшін ДЗ жеткізуге арналған нақты келісімшарттың, шарттың немесе т. б. валютасындағы баға | Валютадағы тұтынушылық қаптаманың бағасы (шетел) | Тұтынушылық қаптамасы үшін ДЗ жеткізуге арналған нақты келісімшарттың, шарттың немесе т. б. бағасы теңгемен | ||
Дәрілік затты мемлекеттік тіркеу бар референттік елдердегі немесе өндіруші елдегі Франко-Зауыттың бағасы туралы мәліметтер (тұтыну қаптамасы үшін) |
Ел | Сауда атауы | Референттік елдегі тұтыну қаптамасындағы саны | тұтыну орамы үшін Франко-Зауыт бағасы | ҚР-да тіркелген тұтыну орамындағы ДЗ санына қайта есептегенде Франко-Зауыт бағасы | Валюта | Франко-Зауыт бағасы теңгемен | Болмау себебі | |
Әзербайжан | ||||||||
Беларусь | ||||||||
Болгария | ||||||||
Мажарстан | ||||||||
Грекия | ||||||||
Латвия | ||||||||
Литва | ||||||||
Ресей | ||||||||
Польша | ||||||||
Румыния | ||||||||
Словакия | ||||||||
Словения | ||||||||
Түркия | ||||||||
Хорватия | ||||||||
Чехия | ||||||||
Эстония | ||||||||
Өндіруші ел* | ||||||||
16. | Шығыстар туралы деректер (тұтынушылық қаптама үшін) | |||||||
Атауы | Теңге, тұтынушылық қаптама үшін | |||||||
Көліктік шығыстар | ||||||||
Кедендік шығыстар | ||||||||
Сапаны бағалауға шығыстар | ||||||||
Маркетингке шығыстар | ||||||||
17. | Көтерме және бөлшек саудада сату үшін тіркелген баға |
Дәрілік заттардың бағасы туралы ұсынылған ақпараттың шынайылығына кепілдік беремін.
Дәрілік заттардың бағаларындағы барлық өзгерістер туралы хабарлауға, сондай-ақ референттік баға белгілеуді жүргізу және дәрілік заттарға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін қажетті өтініш пен материалдарды ұсынуға.
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған шығыстардың есеп-негіздемесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Сапаны бағалауға шығыстардың есебі:
А – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген сапаның бағалау шығыстары, теңге;
В1, B2,B3…Bn – өтінішті берудің алдыңғы күніне 12 айда ҚҚС ескере отырып сапаны бағалау рәсімінің құны;
С1,C2,C3….Cn – ДЗ қаптамасының саны;
n – әкелу сандары.
Кедендік төлемдердың есебі:
D – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген кедендік төлемдер, теңге;
E1,E2…En – өтінішті беру күнінің алдындағы 12 ай үшін кедендік төлемдер; С1,C2,C3….Cn – ДЗ қаптамасының саны;
n – әкелу сандары.
2) Көліктік шығыстардың есебі:
F – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген көліктік шығыстар, теңге;
G1,G2, G3…Gn – өтінішті беру күнінің алдындағы 12 ай үшін көліктік шығыстар мөлшері;
С1,C2,C3….Cn – ДЗ қаптамасының саны;
n – әкелу сандары.
*Алдыңғы айға орташа есеппен Ұлттық Банктің ресми курсы – (қажет болған жағдайда)
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасында тіркеу рәсімдері кезінде іс-қимыл жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлғаның/компанияның, өкілдіктің атауы
__________шығ. № ___
КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ ҮШІН БАҒАНЫ ТІРКЕУГЕ НЕМЕСЕ ТІРКЕЛГЕН БАҒАНЫ ҚАЙТА ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ФРАНКО-ЗАУЫТ БАҒАЛАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында бағаны тіркеу рәсімі кезінде іс-әрекеттерді жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлғаның немесе компанияның, өкілдіктің атауы
КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ ҮШІН БАҒАНЫ ТІРКЕУДЕН НЕМЕСЕ ТІРКЕЛГЕН БАҒАНЫ ҚАЙТА ТІРКЕУДЕН ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Осымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) мынаны хабарлайды.
Дәрілік затқа көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы өтініштерді қарау кезінде, атап айтқанда:
№ п/п | Баға белгілеу порталындағы бірегей код | Дәрілік заттың саудалық атаы |
1 | ||
2 |
Сараптау ұйымының қызметкерлері мынаны анықтады: (керектісін белгілеу)
Құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы және (немесе) ескертулерді жою жөніндегі екінші хабарламадан кейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларда мазмұндалатын мәліметтердің түгел болмауы | |
Мемлекеттік сараптау ұйымы сұрататын ақпаратты ұсыну мерзімі 7 жұмыс күнінен аспайды | |
Жалған мәліметтер беру | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасы өтініште берілген референттік елдер қатарынан Франко-зауыт бағасының орташа мәнінен асып түседі | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасы өндіруші елдегі Франко-зауыт бағасының мәнінен асып түседі | |
(Референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркелмеген жағдайда) | |
Әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы жеңілдікті шегергендегі ДЗ бағасын (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмесі) растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен жоғары | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасы жеңілдікті шегергендегі дәрілік заттың бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда және ДЗ сатып алу туралы келісімшартта немесе шартта көрсетілген бағалардың мәнінен асып түседі |
Осы арқылы, Дәрілік заттың шекті бағаларын және үстеме бағасын реттеу, қалыптастыру қағидаларының" 22 тармағына, 24 тармағына, сондай-ақ 28 тармағына сәйкес:
"22. Осы Қағидалардың 21 тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсынудан кейін, мемлекеттік сараптау ұйымы ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға сәйкес 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сұралатын ақпаратты беру не құжаттар ұсыну мерзімі асып кеткен және (немесе) олардағы мәліметтер толық болмаған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көтерме бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.".
"24. ДЗ сауда атауына жасалған референттік баға белгілеу нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы келесі өлшемшарттарға сәйкес көтерме және бөлшек саудада өткізуге арнналған бағаны тіркейді немесе тіркелген бағаны қайта тіркейді:
1) өндіруші ұсынатын Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек сауда үшін ұсынған арналған өндірушінің шекті бағасы референтті елдердің ұсынылған санынан Франко-Завод бағасының ең жоғары мәнінен аспайды. бағасының ең жоғары мәнінен аспайды. ;
2) әкелінетін ДЗ-ға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы жеңілдікті шегергендегі ДЗ бағасын (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмесі) растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен аспайды;
3) әкелінетін ДЗ-ға көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің берілген шекті бағасы ДЗ бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш беру сәтінде қолданыстағы ДЗ-ны сатып алу туралы келісімшартта немесе шартта ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалардың ең жоғары мәнінен аспайды;
4) өтініште көрсетілген маркетингтік шығыстар Қазақстан Республикасы үшін көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің шекті бағасының мәнінен 30% - дан аспайды;
5) өтініште көрсетілген өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндіруші бағасының мәнінен 15% - дан аспайды.
Осы тармақта көрсетілген критерийлерге тіркелген баға сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттік сараптау ұйымы осы Қағидалардың 4 қосымшасына сай нысанда көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағаны тіркеуден және тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тарту хатын жолдайды.";
"28. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
ДЗ сауда атауына бекітілген шекті бағаларға дұрыс емес деректер анықталған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органды хабардар етеді.".
Сараптама жасау ұйымы жоғарыда аталған дәрілік заттарға бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
__________________ ________________ ___________________________
лауазымы қолы ТАӘ (бар болса)
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына шекті бағалар
№ р/с | Саудадағы атауы | Халықаралық патенттелмеген атауы * | Дәрілік нысан | Өндіруші | Тіркеу куәлігі | Өндірушінің шекті бағасы | Көтерме саудада өткізу үшін шекті баға | Бөлшек саудада өткізу үшін шекті баға |
Ексертпе:
*Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес халықаралық патенттелмеген атау дәрілік заттың құрамында бірнеше заттар болған жағдайда қолданылмайды.
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан | |
__________________________ __________________________ (мемлекеттік сараптама ұйымының атауы) |
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы өтініш
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың бағасын тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін ақпарат береміз
1. Өтініш беруші
1.1. Дәрілік затты өндіруші
Атауы | ||
Ел | ||
Заңды тұлға | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Байланысатын адам | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы | ||
Ел | ||
Заңды тұлға | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Байланысатын адам | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Лауазымы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
1.3. Қазақстан Республикасында бағаны тіркеу рәсімі кезінде іс-қимылды жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлға/компания, өкілдік
Атауы (немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды тұлға | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | ||
Сенімхат туралы деректер | № Сенімхат | |
Берілген күні | ||
Жарамдылық мерзімі |
2. Дәрілік зат туралы ақпарат
1. | Саудалық атауы | |||||||||
2. | Қазақстан Республикасында тіркеу куәлігінің нөмірі мен күні | |||||||||
3. | Дәрілік заттың түрі | |||||||||
4. | Халықаралық патенттелмеген атауы (бар болса) | |||||||||
5. | Құрам | |||||||||
6. | Дәрілік нысан | |||||||||
7. | Мөлшер | |||||||||
8. | Ерітінді | |||||||||
9. | Көлем | |||||||||
10. | Қайталама (тұтынушылық) қаптамадағы саны | |||||||||
11. | Анатомиялық-терапиялық-химиялық жіктеуге сәйкес коды (АТХ коды) | |||||||||
12. | Енгізу тәсілдері | |||||||||
13. | ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бұрын тіркелген баға туралы мәліметтер | |||||||||
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеу күні | ||||||||||
14. | ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде отандық өндірушінің бағасы (өлшем бірлігі үшін) | |||||||||
ДЗ Қазақстан республикасының аумағында бұрын сатылды | иә | жоқ | ||||||||
15. | Әкелінетін ДЗ үшін ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде өндірушінің бағасы (өлшем бірлігі үшін) | Валюта | Өлшем бірлігі үшін баға | Өлшем бірлігі үшін баға теңгемен | ||||||
ДЗ Қазақстан республикасының аумағына бұрын жеткізілді | иә | жоқ | ||||||||
ДЗ бағасын растайтын құжаттардың деректері (өлшем бірлігі үшін) | Өлшем бірлігі үшін инвойс валютасындағы баға | Валюта | Теңгемен өлшем бірлігі үшін инвойс бағасы | |||||||
ДЗ бағасын растайтын құжаттардың деректері (өлшем бірлігі үшін) | Өлшем бірлігі үшін ДЗ жеткізуге арналған нақты келісімшарттың, шарттың немесе т.б. валютасындағы баға | Валюта | Өлшем бірлігі үшін ДЗ жеткізуге арналған нақты келісімшарттың, шарттың немесе т. б. бағасы | |||||||
Дәрілік затты мемлекеттік тіркеу бар референттік елдердегі немесе өндіруші елдердегі Франко-Зауыт бағасы туралы мәліметтер (тұтыну орамы үшін) | ||||||||||
Ел | Сауда атауы | Референттік елдегі тұтыну орамасындағы саныстране | Тұтыну орамы үшін Франко-Зауыт бағасы | Өлшем бірлігіне есептелген Франко-Зауыт бағасы | Валюта | Франко-Зауыт бағасы теңгемен | Болмау себебі | |||
Әзербайжан | ||||||||||
Беларусь | ||||||||||
Болгария | ||||||||||
Мажарстан | ||||||||||
Грекия | ||||||||||
Латвия | ||||||||||
Литва | ||||||||||
Россия | ||||||||||
Польша | ||||||||||
Румыния | ||||||||||
Словакия | ||||||||||
Словения | ||||||||||
Түркия | ||||||||||
Хорватия | ||||||||||
Чехия | ||||||||||
Эстония | ||||||||||
Өндіруші ел* | ||||||||||
16. | Шығыстар туралы деректер (өлшем бірлігі үшін) | |||||||||
Атауы | Теңге, өлшем бірлігі үшін | |||||||||
Көлік шығындары | ||||||||||
Кедендік төлемдер | ||||||||||
Сапаны бағалауға арналған шығыстар | ||||||||||
17. | ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға |
Кепілдік беремін: дәрілік заттардың бағасы туралы ұсынылған ақпараттың шынайылығына.
Дәрілік заттар бағаларындағы барлық өзгерістер туралы хабарлауға, сондай-ақ референттік баға белгілеуді жүргізу және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттарға бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін қажетті өтініш пен материалдарды ұсынуға.
Күні _____________________________________ ТАӘ (бар болса)
* референттік елдерде мемлекеттік тіркеу болмаған жағдайда
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шығыстардың есеп-негіздемесі Сапаны бағалауға шығыстардың есебі:
А – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген сапаның бағалау шығыстары, теңге;
В1, B2, B3 Bn – өтінішті берудің алдыңғы күніне 12 айда ҚҚС ескере отырып сапаны бағалау рәсімінің құны;
С1, C2, C3 Cn – ДЗ қаптамасының саны (құтылар, ампулалар, таблеткалар, пластырлер және т.б.);
n – әкелу сандары.
Кедендік төлемдердың есебі:
D – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген кедендік төлемдер, теңге;
E1, E2 En – өтінішті беру күнінің алдындағы 12 ай үшін кедендік төлемдер;
С1, C2, C3 Cn – ДЗ қаптамасының саны (құтылар, ампулалар, таблеткалар, пластырлер және т.б.);
n – әкелу сандары.
Көліктік шығыстардың есебі:
F – тұтынушы қаптамасына өтініште көрсетілген көліктік шығыстар, теңге;
G1, G2, G3 Gn – өтінішті беру күнінің алдындағы 12 ай үшін көліктік шығыстар мөлшері;
С1, C2, C3.Cn – ДЗ қаптамасының саны (құтылар, ампулалар, таблеткалар, пластырлер және т.б.);
n – әкелу сандары.
*Алдыңғы айға орташа есеппен Ұлттық Банктің ресми курсы – (қажет болған жағдайда).
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында тіркеу рәсімдері кезінде іс-қимыл жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлғаның немесе компанияның, өкілдіктің атауы
__________шығ. №____
ТМККК ШЕҢБЕРІНДЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БАҒАНЫ ТІРКЕУГЕ НЕМЕСЕ ТІРКЕЛГЕН БАҒАНЫ ҚАЙТА ТІРКЕУГЕ АРНАЛҒАН ФРАНКО-ЗАУЫТ БАҒАЛАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ
Ескерту. 8-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2022 № ҚР ДСМ-56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында бағаны тіркеу рәсімі кезінде іс-әрекеттерді жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлғаның немесе компанияның, өкілдіктің атауы
ТМККК ШЕҢБЕРІНДЕ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БАҒАНЫ ТІРКЕУГЕ НЕМЕСЕ ТІРКЕЛГЕН БАҒАНЫ ҚАЙТА ТІРКЕУГЕ ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мынаны мәлімдейді. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың бағасын тіркеу немесе тіркелген бағасын қайта тіркеу туралы өтініштерді қарау кезінде, атап айтқанда:
№ р/р | Баға белгілеу порталындағы бірегей код | Дәрілік заттың саудалық атауы |
1 | ||
2 |
Сараптама ұйымының қызметкерлері мыналарды анықтады:
(қажеттісі белгіленсін)
Ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттарды толық емес көлемде және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің толық болмауы | |
Мемлекеттік сараптама ұйымы сұрататын ақпаратты ұсыну мерзімі 7 жұмыс күнінен асады | |
Жалған мәліметтер беру | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін өндірушінің бағасы өтінішінде берілген референттік елдер қатарынан Франко-Зауыт бағаларының орташа мәнінен асып түседі. | |
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ДЗ үшін өндірушінің ұсынылған бағасы ДЗ бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданыста болған ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалар мәнінен жоғары | |
Әкелінетін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің ұсынылған бағасы ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданыста болатын келісімшартта немесе сатып алу туралы шартта ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалар мәнінен жоғары емес | |
Өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары Қазақстан Республикасы үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндіруші бағасының мәнінен 15% - дан асады |
Осы арқылы, 51-тармаққа, 53-тармаққа, сондай-ақ "Дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларының" 57-тармағына сәйкес:
"51. Осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес қосымша ақпарат ұсынылғаннан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға сәйкес 10 жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Сұрау салынған ақпаратты ұсыну мерзімі асып кеткен не құжаттарды толық көлемде және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайда ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы өтініш берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.";
"53. ДЗ-ның сауда атауына референттік баға белгілеудін нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы бағаны тіркейді немесе мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны немесе тіркелген бағаны қайта тіркейді:
1) Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің ұсынылған бағасы өтініште берілген референттік елдер ішінен Франко-зауыттың ең төменгі үш бағасының ең жоғары мәнінен аспайды, егер референттік елдер саны үштен кем болса, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы референттік елдердің ұсынылған санының Франко-зауыт бағасының ең жоғары мәнінен аспайды. Референттік елдерде ДЗ мемлекеттік тіркеу болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өндіруші елдегі Франко - зауыт бағасының мәнінен аспайды;
2) әкелінетін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің ұсынылған бағасы жеңілдікті шегере отырып, ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе соңғы әкелудің шот-фактурасының көшірмесі) көрсетілген бағалардың мәнінен жоғары емес;
3) өтініште көрсетілген өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндіруші бағасының мәнінен 15%-дан аспайды;
4) әкелінетін ДЗ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің ұсынылған бағасы ДЗ тіркелген бағасын тіркеуге не қайта тіркеуге өтініш берген сәтте қолданыста болатын келісімшартта немесе сатып алу туралы шартта ДЗ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалар мәнінен жоғары емес.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға осы тармақта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаның бағасын тіркеуден немесе қайта тіркеуден (осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) дәлелді бас тартуды жібереді.";
"57. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеуден немесе қайта тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сауда атауына бекітілген шекті бағалардың дұрыс емес деректер анықталған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті органды хабардар етеді.".
Сараптама ұйымы жоғарыда аталған дәрілік заттарға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесі үшін бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
________________ ______________ __________________________________________
лауазымы қолы аты-жөні ТАӘ (болған жағдайда)
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 9-1 қосымша |
|
Нысан |
Мониторинг және талдау нәтижелері бойынша қорытынды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың сауда атауына референттік баға белгілеу
Ескерту. Қағидалар 9-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өтініш беруші:
1.1. Өндіруші
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі және (немесе) ұстаушысы
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.3. Сенім білдірілген тұлға
Атауы (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Сенімхаттың деректері o | сенімхаттың № | |
Берілген күні | ||
Қолданылу мерзімі |
2. Дәрілік зат (бұдан әрі – ДЗ) туралы ақпарат:
1. ДЗ атауы _____________________________________________
2. Тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні______________________________________
3. Дәрілік түрі ________________________
4. Саны в тұтынушылық қаптамада _______
5. Көлем ____________________________________
6. Шоғырлану ______________________________
7. Дозасы _________________________________
* Өтініштегі, сондай-ақ жеткізілімдердің нақты бағасын растайтын құжаттардағы, шот-фактураның (шот-фактураның) немесе шот-фактураның көшірмелеріндегі, сондай-ақ келісімшарттағы немесе сатып алу-сату шартындағы бағалардың шетел валютасын айырбастау кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ДЗ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініші (орташа айырбастау бағамы) берілгенге дейінгі орташа айдағы шетел валюталарының ресми бағамдарын пайдаланады.
Кезінде болмауы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген шетел валюталарының тізіміндегі валюталардың ресми бағамы "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген), бағасы туралы ақпарат референттік елдерде Америка Құрама Штаттарының долларымен сайтта Біріккен Ұлттар Ұйымының қазынашылығы ұсынған өткен айдағы операциялардың болжамды бағамына сәйкес ұсынылады https://treasury.un.org.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың сауда атауына бағаны тіркеуге, қайта тіркеуге баға__________ бір өлшем бірлігі үшін теңге
маман құрылымдық бөлімшенің
______________________________________________________________ _______
қолы Аты-жөні (болған жағдайда оның болған жағдайда)
басшы құрылымдық бөлімшенің
______________________________________________________________ _______
қолы Аты-жөні (болған жағдайда оның болған жағдайда)
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 9-2 қосымша |
|
Нысан |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың сауда атауына бағаны тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш
Ескерту. Қағидалар 9-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) дәрілік заттың (бұдан әрі – ДЗ) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін ақпарат береміз ________________
1. Өтініш беруші:
1.1. Өндіруші
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі және (немесе) ұстаушысы
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.3. Сенім білдірілген тұлға
Атауы (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Сенімхаттың деректері o | сенімхаттың № | |
Берілген күні | ||
Қолданылу мерзімі |
2. ДЗ туралы ақпарат:
1. Саудалық атауы _____________________________________________
2. Қазақстан Республикасындағы (ЕАЭО) тіркеу куәлігінің нөмірі мен күні _______
3. Дәрілік заттың түрі ________________________
4. Халықаралық патенттелмеген атауы (болған жағдайда) ____________________
5. Құрамы ____________________________________________
6. Дәрілік түрі ________________________________
7. Саны в тұтынушылық қаптамада ______________
8. Көлем ____________________________________________
9. Шоғырлану _____________________________________
10. Анатомиялық-терапиялық-химиялық сәйкес коды жіктелімдер (АТХ коды) _____
11. Мөлшері _______________________________________
12. Енгізу тәсілдері ________________________________
Күні__________
Аты-жөні (бар болса) _______________ лауазымы ________ қолы ______
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 9-3 қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу"
Ескерту. Қағидалар 9-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) 1)Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) отандық өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын тіркеу;
2) 2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде отандық өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын қайта тіркеу;
3) 3) ТМККК шеңбрінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шетелдік өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын тіркеу;
4) 4) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шетелдік өндірушілер үшін дәрілік заттардың бағасын қайта тіркеу
1 | Атауы көрсетілетін қызметті берушінің | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК) |
2 | Тәсілдері ұсыну мемлекеттік органның қызметтер |
1) Тіркелей "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы" ШЖҚ |
3 | Мерзім көрсету мемлекеттік органның қызметтер | 15 жұмыс күні |
4. | Нысан көрсету мемлекеттік органның қызметтер | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Нәтиже көрсету мемлекеттік органның қызметтер |
1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың (бұдан әрі – ДЗ) бағасын тіркеу туралы мәліметтер. |
6 | Алынатын төлем мөлшері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ақылы негізде жеке және заңды түрде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің |
1) қызмет көрсетушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, Еңбек Кодексінің 63-бабына сәйкес және еңбек тәртіптемесінің қағидаларына сәйкес әрбір қызмет көрсетуші жұмыс берушімен жұмыс кестесі бекітіледі. |
8 | Құжаттар мен мәліметтер тізбесі, талап етілетін тұлғалардың у көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін |
ТМККК үшін және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ сауда атауына бағаны тіркеуге және (немесе) қайта тіркеуге өтініш: |
9 |
|
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың сауда атауына шекті бағалар
№ р/с № | Саудадағы атауы | Халықаралық патенттелмеген атауы * | Дәрілік нысаны, дозасы, концентрациясы, көлемі, өлшеп-орамы, | АTX коды | Тіркеу куәлігі | Өлшем бірлігі | ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде шекті баға |
Ескертпе:
* Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес халықаралық патенттелмеген атау дәрілік заттың құрамында бірнеше заттар болған жағдайда қолданылмайды.
Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
Референттік елдерде дәрілік заттарға арналған бағалар жөніндегі уәкілетті органдар
Референттік ел | Бағалар бойынша уәкілетті органның (ресурстар) атауы | |
11 | Әзербайжан | Тарифтік кеңес |
22 | Беларусь | "БЕЛФАРМАЦИЯ" РУӨ; Реестры УП "Денсаулық сақтаудағы сараптау және сынақ орталығы" |
"Денсаулық сақтаудағы сараптау және сынақ орталығы" УӨ тізілімі | ||
33 | Болгария | Дәрілік заттардың бағалары және оларды өтеу жөніндегі ұлттық кеңес |
44 | Мажарстан | Мажарстанның ұлттық медициналық сақтандыру қоры |
55 | Греция | Денсаулық сақтау министрлігі |
66 | Латвия | Латвияның дәрілік заттар мемлекеттік агенттігі (State Agency of Medicines of Latvia) |
77 | Литва | Денсаулық сақтау министрлігі |
Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық медициналық сақтандыру қоры | ||
88 | Польша | Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық медициналық сақтандыру қоры |
99 | Ресей | Мемлекеттік тізілім |
110 | Румыния | Ұлттық медициналық сақтандыру қоры |
111 | Словакия | Денсаулық сақтау министрлігі |
112 | Словения | Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі агенттігі |
113 | Түркия | Түркия дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар жөніндегі агенттігі |
114 | Хорватия | Хорватия медициналық сақтандыру қоры |
115 | Чехия | Дәрі-дәрмекті бақылау мемлекеттік институты |
116 | Эстония | Эстония медициналық сақтандыру қоры |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2023 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық бұйымдардың (бұдан әрі – МБ шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 94) тармақшасына "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. МБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаларды қалыптастыру шарттық негізде мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дәрілік заттар (бұдан әрі – ДЗ) мен МБ айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы – дәрілік заттар мен МБ қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісі;
2) ДЗ мен МБ мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген ДЗ және МБ туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ДЗ мен МБ айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жеке қорғану құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбау немесе азайту, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін қызметкер пайдаланатын құралдар;
5) ИНКОТЕРМС 2010 – халықаралық сауда палатасы әзірлеген және айқындаған халықаралық сатып алу-сату шарттарының стандартты талаптарының халықаралық сауда термині;
6) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
7) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
8) коммерциялық ұсыныс – жинақтауыш бөлінісінде құны, сондай-ақ жеткізу, кепілдікті және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету (мерзімдері көрсетілген) және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын оқыту жағдайы туралы ақпарат көрсетілген өндірушінің МБ, жинақтауышы мен шығыс материалдары, саны, атауы, моделі туралы ақпаратты қамтитын құжат;
9) МБ – медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) және медициналық техника;
10) медициналық бұйымдардың жиынтығы (жиынтығы) – көрсетілген МБ тізбесін көрсете отырып, бірыңғай мақсаты және таңбалануы бар МБ жиынтығы;
11) медициналық бұйымдарға жиынтықтаушы – МБ немесе МБ-ға тиесілі болып табылмайтын бұйым, оның ішінде МБ өндіруші МБ-ның құрамында немесе МБ-мен бірлесіп қолдануға арналған бұйымның блоктары, бөліктері, элементтері, материалдары, қосалқы бөлшектері;
12) МБ-ның қосалқы бөлігі – МБ-ның жарамдылығын немесе жұмыс қабілеттілігін қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында пайдалануда болған дәл сондай бөлікті ауыстыруға арналған МБ-ның бір бөлігі;
13) МБ-ның құрамдас бөлігі – МБ-ның негізгі блогы (бөлігі), МБ тиесілілігі, жиынтықтаушы және МБ-ға шығыс материалы;
14) МБ-ның негізгі блогы (бөлігі) – МБ өндірушінің атынан айналысқа шығарылатын, МБ-ды жеткізу кезінде МБ-ның басқа негізгі блоктарымен (бөліктерімен) механикалық байланысы жоқ және МБ-ның мақсатына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, МБ-ға Шығыс материалдарынан басқа бұйым. МБ-ның негізгі блоктарына (бөліктеріне) МБ болып табылатын арнайы бағдарламалық қамтылым жатады, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналымға жіберілген, тіркелетін МБ өндірушінің құжаттамасына сәйкес оның мақсатына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған басқа да МБ-дар жатқызылуы мүмкін;
15) МБ-ға шығыс материалы – МБ-ның функционалдық мақсатына сәйкес манипуляциялар жүргізуді қамтамасыз ететін, МБ-ды пайдалану кезінде жұмсалатын бұйымдар мен материалдар;
16) ММБ – функционалдық мақсатына және өндірушінің нұсқаулығына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, ерітінділер, реагенттер, жиынтықтар, жинақтар;
17) ММБ бағасын талдау – референттік елдердегі жиынтықтылығын, түрін және үлгілік өлшемдегі қатарын ескере отырып, бір МБ-ның бір өндірушісінің DDP ИНКОТЕРМС 2010 шарттарына сәйкес өтінім беруші ұсынған Франко-Зауыт бағаларына негізделген ММБ сауда атауына және техникалық сипаттамасына референттік баға белгілеу жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына жеткізілімдердің нақты бағасы;
18) ММБ өлшем бірлігі – қаптаманы, толымдылықты немесе бастапқы қаптаманы ескере отырып, ММБ бір бірлігі;
19) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
20) медицинаық техника – функционалдық мақсатына және өндіруші белгілеген пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке немесе өзара үйлесімде қолданылатын аппараттар, аспаптар, жабдық, кешендер, жүйелер;
21) медициналық техниканың бағасын талдау – өндірушіден медициналық техниканың бағасын, жеткізуге байланысты шығыстарды және өткізу кезіндегі үстеме бағаны айқындауға негізделген медициналық техниканың сауда атауына және техникалық сипаттамасына баға белгілеуді талдау жүйесі;
22) медициналық техниканың өлшем бірлігі – медициналық техниканың бір үлгісі;
23) медициналық техниканың үлгісі – МБ өндіруші белгілі бір әріптік, цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгілеумен сәйкестендірген медициналық техниканың дербес бірлігі.
24) өтініш беруші – тіркеу куәлігін өндіруші, иеленуші немесе ұстаушы болып табылатын немесе тіркеу куәлігін өндірушінің, иеленушінің немесе ұстаушының уәкілетті өкілі болып табылатын МБ-ның бағасын тіркеу немесе тіркелген бағасын қайта тіркеу үшін өтініш, құжаттар мен материалдарды беруге құқылы жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ ДЗ немесе МБ айналысы саласындағы өзге де субъектілер;
25) өндірушінің уәкілетті өкілі – денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында МБ-ға қойылатын міндетті талаптарды орындау және МБ айналысы мәселелері бойынша жауап беретін және оның мүдделерін білдіретін МБ өндірушінің сенімхаты негізінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға;
26) референттік елдер – Халықаралық қайта құру және даму банкі кредиттейтін санаттан жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың бағалау деңгейі бойынша Дүниежүзілік банктің жіктемесіне сәйкес кірістерінің жоғары, орташа немесе орташа деңгейінен төмен елдер тобына жататын, Қазақстанмен макроэкономикалық салыстырмалы Еуропалық және Орталық Азия өңірінің елдері (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Мажарстан, Грекия, Латвия, Литва, Ресей, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Хорватия, Чехия, Эстония);
27) тиістілік – МБ болып табылмайтын, өндіруші бір немесе бірнеше МБ-мен бірге қолдануға арналған, олардың мақсатына сәйкес пайдалануға арналған бұйым;
28) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына арналған шекті баға – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде одан жоғары болса сатып алу жүргізілмейтін Қазақстан Республикасында тіркелген ММБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған баға;
29) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме баға – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына арналған шекті бағаны есептеу пайдаланылатын үстеме бағалардың регрессивті шкала бойынша ММБ қалыптастырылған бағасына үстеме;
30) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаның регрессивті шкаласы – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген ММБ бағасының шамасына байланысты пайыздық мәндегі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме баға шкаласы;
31) тіркеу куәлігі – мемлекеттік тіркеу нәтижелері бойынша берілетін, ММБ мен медициналық техниканы (МБ) өндіруге, әкелуге, әкетуге, өткізуге және медициналық қолдануға рұқсатты растайтын құжат;
32) референттік баға белгілеу порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекеттік сараптама ұйымының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
33) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
34) EXW – жүкті өзі алып кету шартымен жеткізу. Сатушының ең төмен міндеттері бар. Сатып алушы тауарды сатып ала отырып, оның жеткізілуін ұйымдастыруды толығымен өзіне алады – тауарды қабылдайды, қаптайды, сақтандырады, меншікті немесе жалдамалы көлікте керекті орнына дейін тасымалдайды, экспорттық және импорттық баждарды төлейді;
35) FCA – сатушы экспорттық баждардан тазартылған тауарды шартта көрсетілген жөнелту терминалына жеткізеді және сатып алушыны сатып алушыға/тасымалдаушыға береді;
36) FAS – сатушы тауарды тиеу портының айлағына жеткізеді және оны сатып алушы белгілеген кеменің бойына орналастырады. Осы жерде оның міндеттемелері аяқталады. Аралық портта тиеу мен ауыстырып тиеуді сатып алушы төлейді;
37) CFR – сатушы тауарды бірден кеме бортына жеткізуді жүзеге асырады. Бұл ретте ол жүкті межелі жерге жеткізу үшін барлық шығыстар мен жалдау ақысын төлейді, сондай-ақ жүкті кедендік тазартуды жүргізеді;
38) CPT – сатушы тауарды жеткізуді экспорттық баждарды қоса алғанда, келісілген нүктеге дейін толық төлейді дегенді білдіреді;
39) CIP – сатушы тауарды жеткізеді және тауарды аталған межелі жерге дейін тасымалдауға байланысты шығыстарды төлеуге міндетті;
40) CIF – сатушы тауарды жөнелту портында көлік құралына тиеген кезде жеткізуді орындады, ал сату бағасына тауардың құны, жалдау ақысы немесе көлік шығындары, сондай-ақ тасымалдау кезіндегі сақтандыру құны кіреді;
41) DAT – егер сатушы және сатып алушы тарап жүкті тасымалдау жөніндегі шығыстарды бірге көтеретін жағдайда пайдаланылады. Атап айтқанда, біріншісі тауарды келу терминалына – айлаққа, қоймаға, контейнерлік аулаға немесе авиакарго-терминалға дейін жеткізуді, сақтандыру алымдары мен экспорттық төлемдерді төлейді. Екіншісі – жүкті кедендік рәсімдеуге және оны баратын жеріне дейін одан әрі тасымалдауға байланысты шығындарды өзіне алады;
42) DAP – сатушы өнімді келісілген жерге дейін жеткізу үшін төлейді. Бұл ретте ол жүкті экспорттау кезінде кедендік формальдылықты орындауға тиіс, бірақ әкелу баждарын төлеуге және оны кеденде ресімдеуге міндетті емес;
43) DDP – сатып алушы тауарды импорттық тазартудан өткен, басқа салықтар мен баждардан босатылған, түсіруге және одан әрі сатуға дайын келісілген жерде алады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағаларын реттеу тәртібі
4. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МБ бағаларын мемлекеттік реттеу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды және үстеме бағаларды қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
5. МБ саудалық атауына шекті бағаларды техникалық сипаттамасын өзіне реттеу кезеңдері және (немесе) іс-шараларды қамтиды:
1) ММБ-ға:
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға тіркелген баға туралы қорытынды беруді;
ММБ үстеме бағасын қалыптастыруды;
ММБ-ның саудалық атауына шекті бағалар мен техникалық сипаттамасын қалыптастыруды;
заңды күшіне енген сот актілері негізінде және өтініш берушінің өтініші бойынша еркін нысанда жүзеге асырылатын ММБ-ға тіркелген бағаларды кері қайтарып алуды;
2) медициналық техникаға:
медициналық техниканың бағасын талдауды;
медициналық техниканың үстеме бағасын қалыптастыруды;
қорытынды беру;
заңды күшіне енген сот актілері негізінде және өтініш берушінің өтініші бойынша еркін нысанда жүзеге асырылатын медициналық техникаға тіркелген бағаларды кері қайтарып алуды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Бағалардың шетел валютасын айырбастау кезінде өндіруші зауыттың өтінішінде немесе прайс-парағында, сондай-ақ жеткізудің нақты бағасын растайтын құжаттарда инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмелерінде, сондай-ақ келісімшартта немесе МБ-ны сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініш беруінің алдындағы айда орташа алғанда шетел валюталарының ресми бағамдары (орташа айырбас бағамы) пайдаланылады.
"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген шетел валюталарының тізбесінде валюталардың ресми бағамы болмаған жағдайда референттік елдердегі баға туралы ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының қазынашылығы сайтта ұсынған алдыңғы айдағы операциялардың есептік бағамына сәйкес Америка Құрама Штаттарының долларымен беріледі https://treasury.un.org.
7. Өтініш берушінің баға қалыптастыру үшін берген ақпараты құпия болып табылады. Атқаратын лауазымы, жағдайы немесе міндеттемелерін орындауы салдарынан, оның ішінде аудит жүргізу кезінде құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалар оны сақтайды және қорғау шараларын қабылдайды.
3-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру тәртібі
1-параграф. Медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын қалыптастыру
8. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ бағалары өлшеп-орауды, жиынтықтылықты немесе бастапқы орауды (бұласыр, шприц, пакет, туба, жиынтық, жинақ, панель, кассета, картридж) ескере отырып,бір өлшем бірлігі үшін тіркеледі немесе қайта тіркеледі.
9. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына бағасын тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу үшін өтініш беруші мемлекеттік сараптама ұйымына өтініш береді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін ММБ үшін;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін ММБ үшін.
ММБ туралы мәліметтер өтініште Қазақстан Республикасының медициналық бұйымға қолданыстағы тіркеу куәлігімен көрсетіледі.
10. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ бағасын, сондай-ақ ММБ сауда атауына немесе техникалық сипаттамасына бекітілген шекті бағаларды тіркеу үшін дәйексіз деректер анықталған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы бұл туралы уәкілетті органды (еркін нысанда) хабардар етеді.
11. Егер бір тіркеу куәлігінің шеңберінде ММБ орындаудың бірнеше нұсқасы тіркелген жағдайда, өтініш беруші өлшем бірлігі үшін нұсқалардың әрқайсысы үшін жеке өтініш береді.
Бір тіркеу куәлігі шеңберінде ММБ-ны орындаудың барлық нұсқаларына қатысты жалпы ілеспе құжаттарды ұсынуға жол беріледі.
12. Өтініш беруші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік сараптама ұйымының кеңсесіне (көрсетілетін қызметті берушіге) не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады www.egov.kz (бұдан әрі – веб-портал) өтініш берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш және осы Қағидаларға 13-тармаққа және 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құжаттарды қоса береді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Өтінішті қабылдау күні, уақыты, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіле отырып, оның кеңседе тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген жағдайда, Жеке кабинетте мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. Қағидалар 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Әкелінетін ММБ-ға өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің референттік елдердегі Франко-Зауыт бағалары және нақты жеткізілімдер бағалары туралы ақпарат беру құқығын қоса алғанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаның тіркелуін немесе қайта тіркелуін жүзеге асыру құқығын растайтын апостиль қойылған сенімхат;
2) бағаны айқындау үшін әкелінетін ММБ үшін нақты жұмсалған шығыстар туралы ақпарат өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған өтініш берушінің ресми бланкісінде ұсынылады, бұл ретте шығыстардың жиынтық құны өндіруші зауыт бағасының 25%-нан аспайды және мыналарды қамтиды:
өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейін нақты шеккен көлік шығыстарының деректері (сақтандыру, УСҚ қоймасында сақтау);
кедендік құнын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кедендік шығыс деректері (кедендік төлемдер, брокерлік шығыстар);
сапаны бағалауға арналған шығындардың деректері;
3) Кодекстің 252-бабының 4) тармақшасында көзделген негіздерде әкелу жағдайларын қоспағанда, жеткізудің нақты бағасын көрсете отырып, соңғы 12 айдағы ММБ бағасын растайтын құжаттардың (инвойстардың (жүкқұжаттың), шот-фактураның немесе кедендік декларацияның көшірмелері) көшірмелері (нақты жеткізілімдер болған кезде) қоса беріледі.
Соңғы 12 айға нақты жеткізу болмаған жағдайда алдыңғы 12 ай кезеңі үшін құжаттардың көшірмесі ұсынылады.
Мемлекеттік сараптама ұйымы талдау кезінде сапаны бағалаудан өту үшін ұсынылған инвойстардың (жүкқұжаттардың) немесе шот-фактуралардың көшірмелерін де пайдаланады;
4) Өндіруші зауыттан ММБ сатып алу туралы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген жағдайда осы тармақта белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері электрондық форматта қоса беріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткен ММБ үшін сауда атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағалардың жобасын қалыптастыру үшін тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген нақты бағалар туралы тіркеу куәлігі қолданысының соңғы 12 айындағы Қазақстан Республикасына жеткізілімдер негізінде жүзеге асырылады.
Соңғы 12 айда нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының аумағына мәлімделетін ММБ тіркелгенге дейін 24 ай ішінде нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ММБ үшін Сауда атауы мен техникалық сипаттамасына баға ММБ сатып алу туралы келісімшарт немесе шарт негізінде тіркеледі немесе қайта тіркеледі, сондай-ақ ілеспе нақты шығындар туралы расталған ақпарат.
Бұл ретте Қазақстан Республикасында өндірілген ММБ үшін мәлімделген көлемнің болуы туралы құжаттар – өнімнің сәйкестік сертификатының көшірмесі, әкелінетін ММБ үшін – кедендік декларацияның көшірмесі ұсынылады.
15. Өтінішті мемлекеттік сараптама ұйымы тіркелген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарайды.
Қажетті ақпарат болмаған немесе ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда Порталда өтініш берушінің жеке кабинетінде жоғарыда аталған ескертулерді жою қажеттігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) орналастырылады.
Жаңадан ұсынылған құжаттарға қайталама ескертулер болған кезде сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге 15 жұмыс күні ішінде екінші хабарлама (еркін нысанда) жібереді.
Ұсынылған құжаттарды мемлекеттік сараптама ұйымы екінші хабарламадан кейін қарауды 10 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Өтініш беруші түзетілген құжаттарды сараптама жасау ұйымына хабарлама алған сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес сұрау салынған ақпаратты ұсыну мерзімі асып кеткен не құжаттарды толық көлемде және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайда ескертулерді жою туралы хабарламадан кейін мемлекеттік сараптама ұйымы өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
17. Осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларына және 13-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда порталда өтініш қалыптастырылмайды.
18. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасына әкелінетін ММБ сауда атауына және техникалық сипаттамасына бағасын талдау мынадай негізде жүзеге асырылады:
1) өтініш берушіден ММБ мәлімделген бағасы;
2) референттік елдердегі (бар болса) немесе өндіруші елдегі ММБ-ға Франко-Зауыттың бағасы, сондай-ақ өтініш берушіден өтініш берген күннің алдындағы соңғы 12 айдағы (бар болса) Қазақстан Республикасына жеткізілімдердің нақты бағасы туралы мәліметтер;
3) бағаны әкелу және тіркеу сәтіндегі теңге бағамдарының айырмасына сәйкес теңгемен валюталық түзетумен пайдаланылатын ММБ бағасын растайтын ММБ бағасын (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның көшірмесі) растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалар;
4) өндіруші зауыттан ММБ сатып алу туралы келісімшартта немесе шартта көрсетілген бағалар.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасында жүргізілетін ММБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасына бағаларды талдау өндірушіден немесе өтініш берушіден мәлімделген ММБ бағасы негізінде жүзеге асырылады.
19. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ММБ-ның саудалық атауының бағаларын және техникалық сипаттамасын талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы мынадай талаптарға сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МБ сауда атауына тіркелген баға туралы қорытынды беру:
1) өндірушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ММБ берілген бағасы өтініште берілген референттік елдер қатарынан Франко-Зауыттың ең төменгі үш бағасының ең жоғары мәнінен аспайды. Егер референттік елдердің саны үштен кем болған жағдайда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ММБ-ға өндірушінің бағасы референттік елдердің ұсынылған санының Франко-зауыты бағасының ең жоғары мәнінен аспайды. Референттік елдерде ММБ мемлекеттік тіркеуі болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өндіруші елдегі Франко-Зауыт бағасының мәнінен аспайды;
2) өндірушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) әкелінетін МӘМС жүйесінде берілген бағасы жеңілдікті шегергендегі соңғы әкелудің бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда (инвойстың (жүкқұжаттың) немесе шот-фактураның, кедендік декларацияның көшірмесі) көрсетілген өлшем бірлігі үшін бағалар мәнінен жоғары емес;
3) әкелінетін ММБ үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің берілген бағасы ММБ өндіруші зауытының келісімшартында немесе шартында бағаны растайтын ұсынылған құжаттарда көрсетілген өлшем бірлігі үшін бағалар мәнінен жоғары емес;
4) ММБ жеткізуге байланысты нақты шығыстар, өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік шығыстары (сақтандыру, УСҚ қоймасында сақтау), кедендік шығыстар (кедендік төлемдер, бракерлік шығыстар), өтініште көрсетілген қауіпсіздік пен сапаны бағалауға арналған шығыстар ТМККК шеңберінде өндірушінің баға мәнінен 25%-дан аспайды және (немесе) МӘМС жүйесінде.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген жағдайда осы тармақта белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелері электрондық форматта қоса беріледі.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген баға осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы осы Қағидаларға 3-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеуден немесе қайта тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19-1. МБ бағасын тіркеу осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес өтініш беру арқылы веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-3-қосымшада көзделген.
Ескерту. Қағидалар 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19-2. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылының операторын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
Ескерту. Қағидалар 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі үстеме бағалар бір өлшем бірлігі үшін үстеме бағалардың регрессивті шкаласына сәйкес сараланады және мыналарды құрайды:
1) құны 350 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 33 %;
2) құны 350 теңгеден астам және 500 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 32 %;
3) құны 500 теңгеден астам және 1000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 31 %;
4) құны 1 000 теңгеден астам және 3 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 30 %;
5) құны 3 000 теңгеден астам және 5 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 29 %;
6) құны 5 000 теңгеден астам және 10 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 28 %;
7) құны 10 000 теңгеден астам және 25 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 27 %;
8) құны 25 000 теңгеден астам және 50 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 26 %;
9) құны 50 000 теңгеден астам және 100 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 25 %;
10) құны 100 000 теңгеден астам және 250 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 24 %;
11) құны 250 000 теңгеден астам және 500 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 23 %;
12) құны 500 000 теңгеден астам және 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда ММБ үшін 22 %;
13) құны 1 000 000 теңгеден жоғары ММБ үшін 20 %.
21. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды қалыптастыру ММБ өлшем бірлігі үшін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаның шамасына қарай сараланған, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаға үстеме бағаны қосу арқылы жүргізіледі.
22. Аппараттарды, аспаптарды, жабдықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін жабдықтарды қоспағанда, диагностика үшін (in vitro) МБ-ға шекті бағалар мен үстеме бағалар белгіленбейді.
23. Шетел валюталарына қатысты теңгенің айырбастау бағамы ай сайын 10 пайызға немесе одан да астам өзгерген жағдайда және (немесе) нақты жылдық инфляция нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен 1,5 есе асатын жағдайда ММБ саудадағы атауларына арналған шекті бағалар өндірушінің бағасына уәкілетті орган ұсынатын пайыздық мәннің үсеме бағасы арқылы қалыптасады.
24. Теңгенің шетел валюталарына айырбастау бағамы 10 немесе одан да көп пайызға өзгерген және (немесе) нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасының нақты жылдық инфляциясы 1,5 еседен астам азайған жағдайда, шекті бағалар өндірушінің бағасынан уәкілетті орган ұсынатын пайыздық мәнді шегеру арқылы ММБ саудадағы атауы бойынша қалыптастырылады.
25. Мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті орган ұсынған тізбе негізінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағалардың жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік сараптама ұйымы 31 желтоқсаннан кешіктірмей берілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ тізбесіне шекті бағалар жобасын қалыптастыруды ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу туралы өтініштерге сәйкес жүзеге асырады.
26. ММБ техникалық сипаттамасына шекті бағалардың жобасын қалыптастыру кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ саудалық атауына шекті бағалардың орташа мәні қолданылады.
27. Мемлекеттік сараптама ұйымы Кодекстің 245-бабының 3-тармағына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ шекті бағалар жобасын 10 сәуірге дейінгі мерзімде уәкілетті органға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ тізбесіне шекті бағаларды бекіту үшін жібереді.
2-параграф. Медициналық техниканың құнын талдау
28. Медициналық техниканың бағасына талдау жүргізу үшін өтініш беруші мемлекеттік сараптама ұйымының сайтында (www.ndda.kz) өтінім мен құжаттарды қағаз жеткізгіште одан әрі ұсына отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған онлайн режимде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет көрсетуге өтініштің электрондық нысанын ресімдейді. Құжаттар қағаз жеткізгіште 20 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы сайтта (www.ndda.kz) берілген өтініштің күшін жояды.
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтініштер қағаз жеткізгіште өтініш пен құжаттарды ұсынбай қабылданады.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкелінетін медициналық техниканың бағасына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
2) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігіне сәйкес жинақтауыштарға бөле отырып, коммерциялық ұсыныс;
3) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық техниканың бағасына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі – құжаттар тізбесі).
Медициналық техникаға шекті бағаларды талдау тіркеу куәлігіне сәйкес тіркелген жиынтықтауыштар бөлінісінде бір өлшем бірлігі үшін (бір МТ моделі) жүргізіледі.
29. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, толықтығын және мазмұнын қамтамасыз етеді.
30. Осы Қағидалардың 5, 7-қосымшаларына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда порталда өтініш қалыптастырылмайды.
31. Өтінішті мемлекеттік сараптама ұйымы тіркелген күннен бастап 25 жұмыс күні ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде Порталда өтініш берушінің жеке кабинетінде ескертулерді жою қажеттілігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) орналастырылады.
Жаңадан ұсынылған құжаттарға қайталама ескертулер болған кезде сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге 20 жұмыс күні ішінде екінші хабарлама (еркін нысанда) жібереді.
Ұсынылған құжаттарды мемлекеттік сараптама ұйымы екінші хабарламадан кейін қарауды 15 жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Өтініш беруші түзетілген құжаттарды сараптама жасау ұйымына хабарлама алған сәттен бастап 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
32. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сұратылып отырған ақпаратты ұсыну мерзімі асып кеткен немесе құжаттар толық көлемде берілмеген және (немесе) оларда қамтылған мәліметтер толық болмаған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы екінші хабарламадан кейін өтініш берушіге медициналық техниканың бағасына талдау жүргізуден осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
33. Өтініш берушінің дәйексіз деректерді ұсынуы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканың бағасына талдау жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Медициналық техниканың бағасын, сондай-ақ медициналық техниканың сауда атауына және техникалық сипаттамасына бекітілген шекті бағаларды талдау үшін дәйексіз деректер анықталған жағдайда мемлекеттік сараптама ұйымы бұл туралы уәкілетті органды (еркін нысанда) хабардар етеді.
34. Әкелінетін медициналық техниканың бағасына талдау мыналардың негізінде жүргізіледі:
1) тіркеу куәлігіне сәйкес жиынтықтау бөлінісінде медициналық техниканың тіркелген құнын, жеткізу талаптарын, валютаны, шарттың қолданылу мерзімін, кепілдіктерді көрсете отырып, тиісті апостильденген сенімхаттар негізінде өндіруші зауыттың бағасы бойынша медициналық техниканы өткізуді жүзеге асыратын Өтініш беруші мен өндіруші зауыт арасындағы шарттың (келісімшарттың) немесе өзге де компаниялардың арасындағы шарттың (келісімшарттың).
2) құжаттың қолданылу мерзімін көрсете отырып, медициналық техниканы өткізу құқығымен өндіруші зауыттан өтініш берушіге апостиль қойылған сенімхат.
Егер өндіруші зауыт медициналық техниканы дербес сатпаған жағдайда, өндіруші зауыттан оның ресми дистрибьюторларына апостиль қойылған сенімхаттар және өтініш берушіге апостиль қойылған сенімхаттар ұсынылады. Бұл ретте, өндіруші зауыттың сенімхатында өндіруші зауыттың бағасы бойынша өткізу құқығы және қолданылу мерзімі бар үшінші тұлғаларға өкілеттіктерді қайта сеніп тапсыру құқығы көрсетіледі. Өтініш берушіге сенімхатта медициналық техниканы өткізу құқығы және оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
3) моделі мен жинақталуына қарамастан, мәлімделетін медициналық техникаға тіркеу куәлігіне сәйкес келетін өтініш беру сәтіндегі және талдау жүргізу кезеңіндегі соңғы 12 айдағы инвойстың (жүкқұжаттың), шот-фактураның және кедендік декларацияның көшірмесі. Бұл ретте кедендік құнын растайтын құжаттарды қоса беру қажет.
Соңғы 12 айда нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде мәлімделетін медициналық техника Қазақстан Республикасының аумағына тіркелгенге дейін 24 ай ішінде нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін медициналық техника үшін сауда атауына және техникалық сипаттамасына баға келісімшарт немесе сатып алу туралы шарт негізінде тіркеледі немесе қайта тіркеледі, сондай-ақ нақты шығындар туралы расталған ақпарат.
4) Өтініш берушінің коммерциялық ұсынысы.
Мемлекеттік сараптама ұйымы сондай-ақ талдау кезінде бір тіркеу куәлігі шеңберінде бұрын әкелінетін медициналық техниканың сапасын бағалаудан өту үшін соңғы 12 ай ішінде берілген инвойстардың (жүкқұжаттардың) немесе шот-фактуралардың көшірмелерін пайдаланады. Соңғы 12 айда нақты жеткізілімдер болмаған жағдайда, алдыңғы 12 ай кезеңіндегі құжаттардың көшірмелері талданады.
Сараптама ұйымының осындай саудалық атауына, медициналық техниканың моделі мен өндірушісіне және оның жиынтықтауыштарына қорытындылары болған кезде соңғы 12 айда бағаны мәлімделетін медициналық техникамен салыстыру жүргізіледі.
Бұл ретте осы Қағидалардың 6-тармағы бойынша жаңа өтініш берілген күнге валюталардың айырбастау бағамын ескере отырып, негізгі белгілері бірдей жекелеген жиынтықтауыштар бөлінісінде медициналық техниканың бағасы салыстырылады.
Жинақтауыштардың бағасын салыстыру процесінде медициналық техниканың бағасын растайтын барлық құжаттарда көрсетілген жеткізілетін жинақтауыштар бағасының ең аз мәні ескеріледі.
35. Егер медициналық техниканың құрамында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жиынтықтауыштар болған жағдайда, онда осы жинақтауыштардың бағасын талдау осы Қағидалардың 42-47-тармақтарына сәйкес жүргізіледі
36. Медициналық техниканың жинақтауыштарында немесе функционалдық жұмыс режимдерінде айырмашылық болған жағдайда баға айырмасы негізделген болып есептеледі.
37. Өндірушінің бағасына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін медициналық техниканы Тапсырыс берушіге дейін жеткізуге байланысты өнім берушінің шығыстары, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей енгізіледі:
өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейін нақты шеккен көлік шығыстарының деректері, оның ішінде сақтандыруға, УСҚ қоймасында сақтауға арналған шығыстар;
кедендік шығыстардың деректері (кедендік төлемдер, брокерлік шығыстар);
қауіпсіздік пен сапаны бағалауға арналған шығыстардың деректері;
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған шығыстардың деректері,
барлық көрсетілген шығыстардың жиынтық құны медициналық техниканы сатып алу бағасының 10% аспайды.
ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде медициналық техникаға мәлімделген бағаға медициналық техниканы сатып алу бағасынан 15%-дан аспайтын өнім берушінің үстеме бағасы (пайдасы) енгізіледі.
Медициналық техниканың бағасы формула бойынша есептеледі:
ЦМТ (ҚҚС жоқ)= (Ц * К) + Д+Н, мұндағы:
ЦМТ – МТ бағасы;
Ц – сатып алу бағасы (прайс-парақта және (немесе) шартта көрсетілген баға);
К – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбас бағамына сәйкес валюта бағамы;
Д – өнім берушінің кедендік, брокерлік шығыстарын, логистика құнын, сақтандыруды, УСҚ қоймасында сақтауды, сапаны бағалауға, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына, мамандарды оқытуға арналған шығындарды, медициналық техниканы Қазақстан Республикасына әкелу кезінде белгіленген кедендік бажды қамтитын жеткізуге арналған шығыстар, сатып алу бағасының 10%-нан аспайды жеткізу шарттары EXW, FCA, FAS, DPU, DAP.
CFR, CIF, CPT, CIP жеткізу шарттары кезінде Қазақстан Республикасының межелі пунктіне дейін 10 % енгізілмейді.
Н – сатып алу бағасының 15%-нан аспайтын мәлімделген медициналық техниканы өткізу кезінде өнім берушінің үстеме бағасы.
Формула есептеулерін сақтаған кезде мәмілеге қатысушылардың саны шектелмейді, сондай-ақ өтінім берушінің бағасын теңгемен айырбастау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініш бергенге дейінгі айына (орташа айырбас бағамы) шетел валюталарының ресми бағамдары пайдаланылады.
38. Қазақстан Республикасында бірыңғай кешен ретінде тіркелген жылжымалы медициналық кешеннің құнын талдау медициналық техниканың бағасын, атауларын, үлгілері мен өндірушілерін көрсете отырып, жиынтықтауыштар бөлінісінде жүргізіледі.
Жылжымалы медициналық кешеннің құрамына кіретін медициналық техникаға бағасын мыналарға сәйкес қалыптастырылады:
әкелінетін медициналық техникаға арналған 37-тармаққа;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген медициналық техника үшін 46-тармаққа.
Кепілдік қызмет көрсету шарттары жылжымалы медициналық кешеннің құрамына кіретін барлық медициналық техникаға, медициналық жиһазға қолданылады.
39. Медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету құнына шығыс материалдары мен керек-жарақтары қосылмайды.
40. Медициналық техниканың бағасына талдау жүргізу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
41. Әкелінетін медициналық техниканың бағасына талдау нәтижелері бойынша қорытындының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 12 айды құрайды.
42. Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін медициналық техниканың бағасын талдау осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тізбе негізінде, сондай-ақ осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаны айқындау үшін нақты жұмсалған шығындар туралы отандық өндірушінің бір бірлікке арналған ақпараты негізінде жүзеге асырылады.
43. Егер тіркеу куәлігіне сәйкес техникалық сипаттамалары өзгертілген медициналық техниканы жинақтауда соңғы 12 айда бағаны талдаудан өткен жиынтықтауыштар болса, онда олардың бағасы өзгеріссіз қалады.
44. Отандық тауар өндірушінің медициналық техникасының бағасы өзгерген жағдайда, бағаны талдау өтініш берушінің өтініші негізінде жүргізіледі.
45. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген медициналық техника үшін көрсетілген бағаға медициналық техниканы тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты шығыстар қосылады.
Медициналық техниканың бағасы
(ҚҚС-сыз) = Ц +Н, мұндағы:
Ц – отандық өндірушінің прайсінде көрсетілген мәлімделген баға және өндірістік өзіндік құнды, өткізу бойынша шығыстарды қамтиды;
Н – медициналық техника құнының 15 %-нан аспайтын мәлімделген медициналық техниканы өткізу кезінде отандық тауар өндірушінің үстеме бағасы.
46. Медициналық техниканың құнына пайдалануға берілген күннен бастап кемінде 37 ай сервистік қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі қосылады.
47. Медициналық техника үшін кепілдікті сервистік қызмет көрсету құнына шығыс материалдары мен керек-жарақтары қосылмайды.
48. Қазақстан Республикасында жүргізілетін медициналық техниканың бағасын талдау жүргізу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканың бағаларын талдау нәтижелері бойынша қорытынды ресімделеді.
49. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік сараптама ұйымы уәкілетті орган ұсынған тізбе (тізім) бойынша медициналық техниканың бағасына талдау нәтижелері бойынша берілген қорытындылар негізінде медициналық техниканың сауда атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағалардың жобаларын қалыптастырады.
50. Қазақстан Республикасында жүргізілетін медициналық техниканың бағасын талдау нәтижелері бойынша қорытындының қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап 12 айды құрайды.
51. Мемлекеттік сараптама ұйымы медициналық техниканың бағасын талдау нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады.
52. Медициналық техниканың бағаларын талдау бойынша бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алу құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. Қағидалар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
53. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
54. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйым үшін өтініш
Өндірушінің медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын талдау үшін ақпарат ұсынамын
1. Өтініш беруші
1.1 Өндіруші
Заңды тұлғаның атауы | |
Ел | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Телефон | |
Факс | |
Байланысатын тұлға | ТАӘ (бар болса) |
Лауазымы | |
Телефон | |
Факс | |
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі
Атауы | |
Ел | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Тел. | |
Факс | |
Басшының ТАӘ (бар болса) | |
Байланысатын тұлға | Бар болса |
Лауазымы | |
Телефон | |
Факс | |
Қазақстан Республикасында көтерме дистрибьюторлар үшін өткізу функциясы берілген құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал) болуы |
1.3 Өндірушінің уәкілетті өкілі не Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу рәсімі кезінде іс-әрекеттерді жүргізуге уәкілетті сенім білдірілген тұлға.
Атауы (немесе ТАӘ (бар болса)) | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Факс | ||
Басшының ТАӘ (бар болса) | ||
Сенімхат туралы деректер | Сенімхаттың № | |
Берілген күні | ||
Қолданыс мерзімі |
3. ММБ туралы ақпарат
1. | Медициналық бұйымның саудалық атауы | |||
2. | Тіркеу куәлігінің нөмірі, Қазақстан Республикасында берілген күні | |||
3. | Орындау нұсқасы | |||
4. | Өлшем бірлігі | |||
5. | Бір өлшем бірлігінің құрамдас бөліктері | |||
6. | Медициналық бұйым қауіпсіздік класына жатады (қажеттісін белгілеу) | 1-класс - қауіп дәрежесі төмен 2 а класс - орташа қауіп дәрежесі бар 2 б класс - қауіп дәрежесі жоғары 3 класс - жоғары қауіп дәрежесімен | ||
7. |
*Шетелдік өндірушілер үшін Франко-Зауыт бағасы (бар болса ) | |||
* Тіркеу үшін шетелдік өндірушілердің бағасы (келтірілген шығындарды ескере отырып) | ||||
8. | ММБ бағасы тіркелген басқа елдердегі өндірушінің бағасы туралы мәліметтер (бар болса) | |||
Ел | Саудалық атауы | Тіркелген күні | Өндіруші Франко-Зауыттың бағасы | |
Әзірбайжан | ||||
Беларусь | ||||
Болгария | ||||
Венгрия | ||||
Греция | ||||
Латвия | ||||
Литва | ||||
Ресей | ||||
Польша | ||||
Румыния | ||||
Словакия | ||||
Словения | ||||
Түркия | ||||
Хорватия | ||||
Чехия | ||||
Эстония | ||||
(үлестес ел) | ||||
(үлестес ел) | ||||
(үлестес ел) | ||||
(үлестес ел) | ||||
(Өндіруші ел)*** | ||||
9. | Жұмсалған шығыстар туралы деректер (бір өлшем бірлігі үшін): | |||
Атауы | теңге, (бір өлшем бірілігі үшін) | |||
Шекараға дейінгі көлік шығындары (сақтандыру, | ||||
Қауіпсіздік пен сапаны бағалау шығындары | ||||
Кедендік шығыстар (кедендік төлемдер, |
Ескертпе: *ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаларды қайта тіркеу және ММБ саудалық атауына және техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту теңгемен жүзеге асырылады. Өтініш берушінің бағасын теңгеге айырбастау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініш беруінің алдындағы айдағы орташа шетелдік валюталардың ресми бағамдары (орташа айырбас бағамы) пайдаланылады.
**Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде айырбастау бағамы болмаған кезде референттік баға туралы ақпарат Біріккен Ұлттар Ұйымының қазынашылығы сайтта ұсынған алдыңғы айдағы операциялардың есептік бағамына сәйкес Америка Құрама Штаттарының долларымен беріледі www.treasury.un.org.
*** Референттік елдерде тіркелу болмаған жағдайда
__________________ ________________ ____________________
өтініш беруші лауазымы қолы ТАӘ (бар болса)
Күні _____________
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйым үшін өтініш
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекенжайы | ||
Телефон | ||
Байланысатын тұлға | ТАӘ (бар болса) | |
Лауазымы | ||
Телефон | ||
ММБ саудалық атауы ____________________________________________
ТК №__________________________________________________________
Орындау нұсқасы________________________________________________
ММБ өлшем бірлігі______________________________________________
ММБ өлшемінің бір бірлігінің құрамдас____________________________
Қауіпсіздік класы________________________________________________
Өлшемі_________________________________________________________
Өндіруші және өндірушілер_______________________________________
Бір өлшем бірлігіне ММБ өндірушісінің ерте тіркелген бағасы
_______________________________________________________________
Бір өлшем бірлігіне ММБ өндірушісінің мәлімделген бағасы
_____________________________________________________________
Барлық келтірілген шығындарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында өндірілген ММБ бағасын тіркеуді сұраймын.
№ | Шығыстардың атауы | Құны, теңге |
1 | шикізатты және (немесе) жиынтықтауыштарды сатып алу | |
2 | шикізат және (немесе) жиынтықтауыштар логистикасы | |
3 | шикізатты және (немесе) жиынтықтауыштарды сақтандыру, кедендік төлемдер және кедендік ресімдеу | |
4 | жобалау | |
5 | әзірлеу | |
6 | дизайн | |
7 | технологиялар трансфері | |
8 | келісімшарттық өндіріс | |
9 | патенттеу | |
10 | өндірістік жабдықтарды сатып алу | |
11 | қызметкерлерді шетелде өндірістік алаңдарда оқыту | |
12 | халықаралық сапа стандарттарын енгізу | |
13 | тауардың шығу тегі туралы сертификатын алу | |
14 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы индустриялық сертификатын алу | |
15 | зертханалық сынақтар | |
16 | техникалық сынақтар | |
17 | клиникалық сынақтар | |
18 | зертханалық-клиникалық сынақтар | |
19 | мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу мақсатындағы сараптама | |
20 | қауіпсіздік пен сапаны бағалау | |
21 | медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу жүйесі | |
22 | маркетинг | |
23 | қызметкерлерді ұстау | |
Барлығы сома: |
Бірінші басшы
(немесе оның міндетін атқарушы тұлға) ____________ _________________________
қолы ТАӘ (бар болса)
(* қағаз нұсқасы өндірушінің ресми бланкінде ресімделеді)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйымдардың сауда атауына және техникалық сипаттамасына бағаларды талдау нәтижелері бойынша қорытынды
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өтініш беруші:
1.1. Өндіруші
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі және (немесе) ұстаушысы
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.3. Сенім білдірілген тұлға
Атауы (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Сенімхаттың деректері o | сенімхаттың № | |
Берілген күні | ||
Қолданылу мерзімі |
2. Медициналық мақсаттағы бұйым (бұдан әрі – ММБ) туралы ақпарат:
1. Саудалық атауы ММБ ________________________
2. Тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні ___________________________
3. Орындалу нұсқасы ___________________________________
4. Бір өлшем бірлігінің құрамдас бөліктері ________________
5. Қауіпсіздік сыныбы ____________________________________
* Өндіруші зауыттан түскен өтініште немесе прайс-парақта, сондай-ақ шот-фактураның (шот-фактураның) немесе шот-фактураның көшірмелерінде, сондай-ақ келісімшартта немесе келісімшартта шетел валютасының бағаларын айырбастау кезінде жеткізілімдердің нақты бағасын растайтын құжаттарда. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтініші (орташа айырбастау бағамы) берілгенге дейінгі орташа айдағы шетел валюталарының ресми бағамдары қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген шетел валюталарының тізбесінде валюталардың ресми бағамы болмаған жағдайда "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі баға туралы ақпарат. референттік елдерде Америка Құрама Штаттарының долларымен сайтта Біріккен Ұлттар Ұйымының қазынашылығы ұсынған өткен айдағы операциялардың болжамды бағамына сәйкес ұсынылады https://treasury.un.org.
ММБ-ның саудалық атауына және техникалық сипаттамасына бағаны тіркеу, қайта тіркеу бағасы мөлшерінде __________ бір өлшем бірлігі үшін теңге
маман құрылымдық бөлімшенің
_______________________________________________________ ___ қолы
Аты-жөні (болған жағдайда оның болған жағдайда)
басшы құрылымдық бөлімшенің
__________________________________________________________ ___ қолы
Аты-жөні (болған жағдайда оның болған жағдайда)
Ескерту. Қағидалар 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
___________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында бағаны тіркеу рәсімі кезінде іс-әрекеттерді жүргізуге уәкілетті өтініш берушіден сенім білдірілген тұлғаның немесе компанияның, өкілдіктің атауы
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) бағаны тіркеуден немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуден дәлелді бас тарту
Осымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) мынаны хабарлайды.
Медициналық бұйымға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үшін бағаны тіркеуге немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуге арналған өтініштерді қарау кезінде, атап айтқанда:
р/с | Баға белгілеу порталындағы бірегей код | Медициналық бұйымның саудалық атауы |
1 | ||
2 |
Сараптама ұйымының қызметкерлері мыналарды анықтады:
(қажеттісін белгілеу)
Ескертулерді жою туралы хабарламадан кейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттардың толық емес көлемде ұсынылуы және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің толық болмауы | |
Мемлекеттік сараптама ұйымы сұрау салған ақпаратты ұсыну мерзімі 10 жұмыс күнінен асады | |
Жалған мәліметтер беру | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйым (бұдан әрі – ММБ) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өтініште берілген референттік елдердің ішінен Франко-Зауыт бағаларының ең төменгі үш бағасының ең жоғары мәнінен асады | |
Қазақстан Республикасы үшін әкелінетін ММБ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өтініште берілген референттік елдер ішінен (Егер референттік елдер саны үштен кем болған жағдайда) Франко-Зауыт бағаларының ең жоғары мәнінен асады | |
Әкелінетін ММБ ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде өндірушінің бағасы өндіруші ел үшін Франко-Зауыт бағасының мәнінен асып түседі. (ММБ референттік елдерде мемлекеттік тіркеу болмаған жағдайда) | |
Өндірушінің ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде әкелінетін ММБ бағасы жеңілдік шегеріле отырып, қаражаттың ММБ бағасын растайтын ұсынылған құжаттарда және келісімшартта немесе ММБ сатып алу туралы шартта көрсетілген өлшем бірлігі үшін ең төменгі үш бағаның ең жоғары мәнінен асады; | |
Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, оның ішінде ММБ-ны тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты жоспарланатын, мыналарды қоса алғанда, бірақ шектелмей: жеткізушінің кедендік, брокерлік шығыстары, логистика құны, сақтандыру, УСҚ қоймасында сақтау, сапаны бағалауға арналған шығындар өндіруші бағасының (әкелінетін ММБ) мәнінен 25% - дан асады. |
Осы арқылы, Медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларының 10, 17, 19-тармағына сәйкес Сараптама ұйымы жоғарыда аталған медициналық бұйымдарға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тіркелген бағаны тіркеуден немесе қайта тіркеуден дәлелді бас тарту жібереді.
_________________ ______________ ________________________________
лауазымы қолы аты-жөні ТАӘ (бар болса)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымның сауда атауына және техникалық сипаттамасына бағаны тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш
Ескерту. Қағидалар 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Біз бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу туралы ақпаратты келесі шеңберде ұсынамыз медициналық мақсаттағы бұйымның (бұдан әрі – ММБ) саудалық атауына және техникалық сипаттамасына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде ______________________
1. 1. Өтініш беруші:
1.1. Өндіруші
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.2. Тіркеу куәлігінің иесі және (немесе) ұстаушысы
Заңды тұлғаның атауы | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Байланыс тұлғасы | Болған жағдайда | |
Лауазымы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімшенің (заңды тұлға, филиал және басқалар) болуы |
1.3. Сенім білдірілген тұлға
Атауы (бар болса) | ||
Ел | ||
Заңды мекенжайы | ||
Нақты мекен-жайы | ||
Телефоны | ||
Факс | ||
Басшы (бар болса) | ||
Сенімхаттың деректері | сенімхаттың № | |
Берілген күні | ||
Қолданылу мерзімі |
2. Туралы ақпарат ММБ:
1. Саудалық атауы ММБ ________________________
2. Тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні______________________________
3. Орындалу нұсқасы ___________________________________
4. Бір өлшем бірлігінің құрамдас бөліктері ________________
5. Қауіпсіздік сыныбы ____________________________________
Күні__________
Т.А.Ә (болған жағдайда) _______________ лауазымы ________ қолы ______
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу"
Ескерту. Қағидалар 3-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 20.08.2024 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу;
1)2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған медициналық бұйымдардың бағасын қайта тіркеу;
2)3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу;
3)4) Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық бұйымдардың бағасын қайта тіркеу;"
1 | Атауы көрсетілетін қызметті берушінің | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК) |
2 | Тәсілдері ұсыну мемлекеттік органның қызметтер |
1)Тікелей "Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығыен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК; |
3 | Мерзім көрсету мемлекеттік органның қызметтер | 15 жұмыс күні |
4. | Нысан көрсету мемлекеттік органның қызметтер | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Нәтиже көрсету мемлекеттік органның қызметтер |
1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде медициналық бұйымдардың бағасын тіркеу туралы мәліметтер. |
6 | Алынатын төлем мөлшері көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету кезінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ақылы негізде жеке және заңды түрде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің |
1) қызмет көрсетушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, Еңбек Кодексінің 63-бабына сәйкес және еңбек тәртіптемесінің қағидаларына сәйкес әрбір қызмет көрсетуші жұмыс берушімен жұмыс кестесі бекітіледі. |
8 | Құжаттар мен мәліметтер тізбесі, талап етілетін тұлғалардың у көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін |
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, әкелінетін медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін медициналық бұйымдардың бағасын тіркеуге, қайта тіркеуге өтініш: |
9 |
|
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Мемлекеттік сараптама ұйымының атауы ______________________________________________________ Медициналық техниканың құнына бағасын жүргізу бойынша қызмет көрсетуге өтінім __________________________________________________________________________ (Өтініш беруші ұйымның атауы)
Медициналық техниканың бағасын
шекті бағаларға талдау жүргізу үшін:
_____________________________________________________________
(медициналық техниканың атауы),
өндіріс _______________________________________________________
(өндіруші, өндіруші ел),
ҚР-МБ тіркеу куәлігінің нөмірі №_________________________________
__________________________________________________________ мақсатында
(тек отандық тауар өндірушілер үшін мақсатты көрсету)
Ақылы қызмет көрсету шарты № _________________ 20___ жылғы:
Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын.
Басшы _____________________ ________________________________
ТАӘ (бар болса) (қолы)
Әкелінетін медициналық техниканың шекті бағаларына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
р/с № | Құжаттың атауы | Ұсыну нысаны |
1 | 2 | 3 |
1 | Коммерциялық ұсыныс (6-қосымша) | түпнұсқа |
2 | Жеткізу шарттарын көрсете отырып, медициналық техниканы жинақтау бөлінісінде тиісті апостиль қойылған сенімхаттар негізінде өндіруші зауыттың бағалары бойынша медициналық техниканы өткізуді жүзеге асыратын өндіруші зауыттың немесе өзге компаниялардың шарты мен прайс-парағы. | нотариат куәландырған көшірмелер |
3 |
Өндіруші зауыттан өтініш берушіге апостиль қойылған сенімхат. | нотариат куәландырған көшірме |
4 | Инвойстарда және осы медициналық техниканы сатып алуды растайтын өзге де тауар-ілеспе құжаттарда көрсетілген кедендік құнды растайтын құжаттар, құжаттарда көрсетілген құн мен жинақтау бойынша (соңғы 12 айда әкелу фактісі кезінде) | Өтініш беруші куәландырған көшірмелер |
5 | Жеткізуге жалпы шығындары туралы хат | түпнұсқа |
Ескертпе: Құнын растайтын барлық құжаттар бойынша медициналық техниканы дайындаушы зауыттың қорытынды бағасын ұсыну. "Таныстыру мақсатында" және (немесе) "бұл міндетті ұсыныс ретінде қарастырылмауға тиіс" және осындай тұжырымдар медициналық техниканың қорытынды сомасына кепілдік бермейді және дұрыс баға белгілеуге әкеп соғады, сондай-ақ бағаны талдау нәтижелеріне теріс әсер етеді.
Фирмалық бланк Коммерциялық ұсыныс
Коммерциялық ұсыныс күні | |||||||
Жеткізу шарттары | DDP: Денсаулық сақтау ұйымының атауы. | ||||||
Кепілдік | Жабдықты орнату актісіне қол қойылған күннен бастап кемінде 37 ай. | ||||||
Табыс (пайда) | Өнім берушінің табысы (пайдасы) 15% - дан аспайды, құнына қосылған | ||||||
Жеткізу | Медициналық техниканы тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты шығыстардың жиынтық құны 10% - дан аспайды, құнына енгізілген | ||||||
Оқыту | Құнына қосылған | ||||||
Ұсыныстың қолданылу мерзімі | 20__ жылғы "__" _______ дейін | ||||||
Жеткізу мерзімі | шартқа қол қойылған сәттен бастап ___ күн | ||||||
Медициналық техниканы тіркеу туралы мәліметтер | Медициналық техниканың атауы _______ ҚР-МБ-________ Тіркеу күні_______ Мерзімі өткен күні _________ | ||||||
Жеткізушінің бірінші басшысы және медициналық техника бойынша байланыста болған адам | Лауазымы | ||||||
лауазымы, тел., e-mail | |||||||
Өнім берушінің деректемелері: |
Атауы: | ||||||
Каталог нөмірі | Медициналық техниканың атауы (тіркеу куәлігі бойынша) | Саны (өлш. бірл.) | Құны (теңге). | Сомасы (теңге). | Тіркеу туралы мәліметтер тіркеу туралы куәліктегі тармақтың № | ||
Негізгі блок: | |||||||
Қосымша жинақтауыштар | |||||||
Шығыс материалдары: | |||||||
Керек-жарақтар: | |||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету: | |||||||
Кепілдікті сервистік қызмет көрсету 37 ай | Медициналық техниканың құнына қосылған | ||||||
Жиыны сомасы: _____(жазумен) теңге |
Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдар мазмұнының дұрыстығына кепілдік беремін және оның толықтығына кепілдік беремін.
Басшы ____________________ _______________________
ТАӘ (бар болса) (қолы)
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін медициналық техниканың бағасына талдау жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
р/с № | Құжаттың атауы | Ұсыну нысаны |
1 | Отандық өндірушінің прайсы | түпнұсқа |
2 | Коммерциялық ұсыныс (6-қосымша) | түпнұсқа |
3 | Техникалық ерекшелігі бар шекті бағаларды талдаудың алдыңғы қорытындысының көшірмесі (бар болса) | көшірме |
4 | Бағаны айқындау үшін нақты келтірілген шығындар туралы отандық өндірушінің ақпараты (10-қосымша) | түпнұсқа |
Ескертпе: Прайс-парақ тіркеу куәлігіне сәйкес жиынтықтаушылар бөлінісінде ресімделеді және өндірушінің бірінші басшысы қол қояды және мөрмен (бар болса) бекітіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық техниканың бағасына талдау жүргізуден дәлелді бас тарту
Осымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мынаны хабарлайды.
Медициналық техникаға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үшін бағаны тіркеуге немесе тіркелген бағаны қайта тіркеуге арналған өтініштерді қарау кезінде, атап айтқанда:
р/с № | Баға белгілеу порталындағы бірегей код | Медициналық техниканың саудалық атауы |
1 | ||
2 |
Сараптама ұйымының қызметкерлері мыналарды анықтады:
(қажеттісін белгілеу)
Ескертулерді жою туралы екінші хабарламадан кейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттардың толық емес көлемде ұсынылуы және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің толық болмауы | |
Мемлекеттік сараптама ұйымы сұрау салған ақпаратты ұсыну мерзімі 10 жұмыс күнінен асады | |
Ескерту: |
Осы арқылы, Медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларының 32, 33-тармағына сәйкес Сараптама ұйымы ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық техниканың саудалық атауына және техникалық сипаттамасына жоғарыда аталған медициналық бұйымдарға шекті бағаларға талдау жүргізуден дәлелді бас тартуды жібереді.
________________ ______________ ___________________________
лауазымы қолы аты-жөні ТАӘ (бар болса)
Медициналық техниканың құнын талдау нәтижелері бойынша қорытынды
Бағаға талдау жүргізу үшін негіздеме | |
Өтінімді тіркеу күні | |
Өтініш беруші туралы мәліметтер (өтініш берушінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, БСН, басшының ТАӘ, (бар болса)) | |
МТ бағасын талдау пәні (атауы, моделі, өндірушісі) | |
Тіркеу куәлігі (нөмірі, қолданылу мерзімі) | |
Қорытындының қолданылу мерзімі |
Медициналық техниканың бағасын талдау нәтижелері бойынша қорытынды кіріспе, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.
Сарапшы қорытындысының зерттеу бөлігінде зерттеудің бүкіл процесі және оның нәтижелері баяндалады, белгіленген нақты деректер мен мән-жайларға негіздеме беріледі.
Қорытындыда жиынтықтаушылар бөлінісінде сараптама нысанасының ұсынылатын бағасы көрсетілген кесте түріндегі қосымша қамтылады.
Қорытынды:
Медициналық техниканың осы жиынтығының құны бір өлшем бірлігі үшін _____________ теңгені құрайды
__________________________ _____________________________
(қолы) ТАӘ (бар болса)
құрылымдық
бөлімшенің басшысы ________ ___________________________
(қолы) ТАӘ (бар болса)
Бағаны айқындау үшін нақты келтірілген шығындар туралы отандық өндірушінің ақпараты
Медициналық техника______________________________________
(медициналық техниканың атауы)
Тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-МБ -___ _ _ №___________
Қауіпсіздік класы ________
№ | Шығыстардың атауы | Құны, теңге |
1 | шикізатты және (немесе) жиынтықтауыштарды сатып алу | |
2 | шикізат және (немесе) жиынтықтауыштар логистикасы | |
3 | шикізатты және (немесе) жиынтықтауыштарды сақтандыру, кедендік төлемдер және кедендік ресімдеу | |
4 | жобалау | |
5 | әзірлеу | |
6 | дизайн | |
7 | технологиялар трансфері | |
8 | келісімшарттық өндіріс | |
9 | патенттеу | |
10 | өндірістік жабдықтарды сатып алу | |
11 | қызметкерлерді шетелде өндірістік алаңдарда оқыту | |
12 | халықаралық сапа стандарттарын енгізу | |
13 | тауардың шығу тегі туралы сертификатын алу | |
14 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы индустриялық сертификатын алу | |
15 | зертханалық сынақтар | |
16 | техникалық сынақтар | |
17 | клиникалық сынақтар | |
18 | зертханалық-клиникалық сынақтар | |
19 | мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу мақсатындағы сараптама | |
20 | сапаны бағалау | |
21 | медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу жүйесі | |
22 | маркетинг | |
23 | қызметкерлерді ұстау | |
24 | бағдарламалық қамтылымды әзірлеу және енгізу | |
25 | Медициналық техниканы тапсырыс берушіге жеткізу бойынша көлік шығыстары | |
26 | Сервистік қызмет көрсету 37 ай | |
Барлығы сома: |
Осымен ұсынылған құжаттар мен материалдардың дұрыстығына, толықтығына және мазмұнына кепілдік беремін және растаймын.
Басшы ____________________ ________________________________
(қолы) ТАӘ (бар болса)
Әкелінетін медициналық техниканы тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты шығыстар туралы деректер
Атауы | Тенге, (өлшем бірлігі үшін теңге.) |
Логистика құны | |
Кедендік шығыстар (кедендік төлемдер, брокерлік шығыстар) | |
Қауіпсіздік пен сапаны бағалауға арналған шығыстар | |
Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге арналған шығыстар | |
Сақтандыру | |
Уақытша сақтау қоймасында сақтау | |
Монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары | |
Мамандарды оқыту |
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың сауда атауына шекті бағалар
№ | Саудалық атауы | Техникалық сипаттамасы | Орындау нұсқасы | Өлшем бірлігі | Бір өлшем бірлігінің компоненттері | Тіркеу куәлігі | Шекті баға |